Файл: Дріс тезистері дріс Девиантты жне суицидті мінезлы психологиясы туралы теориялыдістемелік тсінік.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 239

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Лабильдік тип. Бұл тип болжауға келмейтін ауыспалы көңіл-күйімен сипатталады, мінез-құлқы аяқ асты өзгеріп отырады. Ұйқысы, тәбеті, жұмысқа деген қабілеттілігі, қатынасы, жағдайы – осының барлығы оның көңіл-күйіне байланысты. Оған деген қатынасы терең, махаббатқа толы адамдарға мейірімділік және ерекше ыстық ықыласын білдіреді. Көшбасшылық қатынастан бет бұрады, өзін-өзі барабар бағалайды. Астеноневротикалық тип. Тез ашуланады, шаршауы жоғары, көңіл-күйі құбылмалы, ипохондрияға бейім – денсаулығына шектен тыс назар аударады. Күмәнданғыштық, мазасыздық сезімдерге ие, емтихандық және сайыстық сынақтардан қашады. Шаршау, төзу жағдайда жиі болғандықтан аффективті қалыпқа жиі ұшырайды. Сенситивтік тип. Бұл тип жоғары және аса жоғары сезімталдығымен сипатталады. Өзін-өзі бағалауы төмен ерекше мінез-құлқы моральдық және жігер-күшке қатысты болса. Бейтаныс адамдармен қарым-қатынасқа түскенде ұялшақтық, тұйықтық жақтарын айқын байқатады. Өзіне өте таныс жақын адамдар арасында өз-өзін өте еркін ашық түрде ұстайды. Психоастеникалық тип. Бұл типтегілер қайратты емес, болымсыз ойға бейім, өзінің болашағына және өзінің жақындарына деген қорқыныш сезімі жоғары. Өз-өзін терең талдауға және бұлдыр ойлармен уайым-қайғы жағдайларды жиі ойлайды. Өзінің істеген ісіне, әрекеттеріне жауап беруге қабілетсіз. Шизоидты тип – бұл типтегілер мінезінің тұйықтылығымен және басқа адамдардың жағдайын түсіне алмайтынымен сипатталады. Көбіне өзімен-өзі, басқа адамдарға түсініксіз ішкі әлеміне үңіледі, қиялшылдықпен өмір сүреді. Оларға тұрақты, небір күшті қызығушылық тән. Эпилептоидтық тип. Бұл типті адам ашушаң, өте қызғаншақ, агрессивті, аффективті-жарылғыш мінезімен сипатталады. Қатал тәртіпке мүлтіксіз бағынатын және қоласты жұмысшыларды жазалауға мүмкіндік алатын көшбасшылыққа ұмтылғыш. Ойлауы селқос, салғырт, тақуа ұқыпты, тындырымдылығы жоғары, бұйрықтарды мүлтіксіз орындайды. Истероидты тип. Бұл типтегілерде өзіне деген сүйіспеншілігі өте жоғары, өзіне назар аударғанды жақсы көреді, айналасындағылардың өзіне жанашырлығын білдіріп, назар аударғанын ұнатады. Өзін өркөкіректі қылып және жақсы көрсетуге бейім болады. Тұрақсыз тип. Бұл типке жоғары деңгейдегі адал еңбек етуге ұмтылысы жоқ адамдар жатады. Мейрамдарда, ойын-сауықтарда көңіл көтеріп рахаттануге бейім. Басқаларға бағынуды және олардың бақылауын ұнатпайды. Жігерсіз, мықты көшбасшыларға бағынуға бейім. Келешекке селқостық байқатады, біркүндік өмірдің қызықты сәттерімен қанағаттанады, қиындықтардан бас тартады. Өз-өзіндік бағалауы адекватты емес.
Комфортты тип. Сыртқы әсерлерге тым әсершіл. Оларды қоршағандардың барлығы қандай, сондай болуға талпыныстары жоғары, себебі, бір жағынан керек емес мәселелерден қашуға болады, ал екіншісі – орын алған жағдайаттан өзіндік пайда көру. Өзінің мінез-құлқына сынсыздық, немқұрайлық білдіреді және қоршағандардың сынауын қабылдамайды. Көзқарасы консервативті: жаңашыл өзгерістерді ұнатпайды, «бейтаныс» адамдарды жеккөреді.

Жоғарыда сипатталған типтерден басқа, шынайы өмірде көптеген жағдайдаларда кездесетін әртүрлі мінез акцентуациясын біріктіретін аралас типтер де байқаймыз. Аралас типтердің көрініс беруі ең алды эндогендік, ерекше генетикалық факторлардың заңдылықтарымен түсіндіріледі.


10-тақырып бойынша сұрақтар:

1. «Қиын» және «тәрбиелеуге қиын балалардың психологиясы.

2. Ғалымдардың қылмыстық терминдерді ажыратуы, түсіндіруі.

3. Қылмыс түрлерімен мінез акцентуацияның өзара байланысы.

Дәріс 11. Ерте және жаңа замандағы суицид мәселелері

Жоспары:
1. Ежелгі дәуірдегі суицид

2. Орта ғасырдағы суицид

3. Жаңа замандағы суицид
1. Суицид деген ұғым ХVІІ ғасырда пайда болған, ал термин ретінде ең алғаш рет дәрігер және философ Томас Браун «Религия врача» (Thomas Brown «Religio Medici» 1642 жылы), атты кітабында қолданды, «суицид» ұғымын ашып көрсетті. Итальян психологы Г. Дэзэ 1947 жылы «суицид» (лат. «Sui» – өзін, caedere – өлтіру) ұғымының мәнін ашып, оны өз-өзіне қол жұмсау деп қарастырып, өз еркімен өмірін қию деп түсіндірді.

Әлемге демократия сыйлаған ежелгі Грекияда өз еркімен өлу құқығы кейбір жағдайларда ғана рұқсат берілген. Өлім жазасына кесілгендер өзін-өзі өлтіру түрін таңдай алған, мысалы, Сократ у ішкен. Афина мен Фивада биліктің рұқсатынсыз өзін-өзі өлтірушілерді қорлап, қолдарын кесіп бөлек көмген. Афинада және басқа да қалаларда цикутаның (у) артық қоры сақталынған. Сол замандағы заңға сәйкес келесі ережелерде: «Кімде-кім өмір сүргісі келмесе, оның дәлелін айтып, рұқсатын алып бұл өмірмен қоштаса берсін», – деп жазылған. Пифагор және пифагоршылардың ойынша, өзін-өзі өлтіру әлемге кедергісін тигізіп, өмір тыныштығын бұзады. Аристотельдің пікірінше, «Өзіне қол жұмсау қорқақтық пен сужүректің белгісі, тіпті ол кедейшіліктен, жауапсыз махаббаттан, жан және дене кемістігінен құтқарса да, ажал өз уақытында келуі тиіс».

Платонның ойынша, адамға сана-сезім қайғы-қасіретке толы өмірден батыл өту үшін берілген деп санайды. Эпикурейцтер мен стойктар үшін өзін-өзі өлтіру құптарлық іс емес деп санаған, ал Кіші Плинийдің пікірінше адамның құдайдан артықшылығы осыда деуі. Рим құқығының Юстиан «Дигестасында» өзін-өзі «себепсіз өлтіру – өзін аямайтын, өзгені де аямайды» деген пікірмен жалғасады. Тарквиний Триске императоры тұсында өзін-өзі өлтірушінің денесін қорлап жабайы аңдарға тастаған, ал Андрианның басшылығында өзін-өзі өлтіру қылмыс ретінде саналып, оның мүлкі тәлкіленіп, денесін көмуге рұқсат етілмеген. Рим императоры жердегі құдай болып саналғандықтан, оның бұйрығымен өзін-өзі өлтірген азаматтар да кездеседі. Мысалы, Нейронның бұйрығымен Сенека еш қарсылықсыз ыстық ваннада тамырын кесіп дүние салған, ұлы философтың соңғы сөздерін құлдары жазып үлгерген.


Еврейлер өзін-өзі өлтіруге қарсы болды. Бастапқыда құдай адамға өз шешімімен жүруге еркіндік берді. Еврейлер өмірді ең жоғары құндылық деп санап, ерекше өмірді бағалап, одан ешқашан бас тартпаған, олар «түңілме, себебі құдай қиындықтан өзі алып шығады, септігін тигізеді», – деген пікірде болған.

2. Орта ғасырдағы суицид мәселелері

Ең үлкен өзгерістер христиан дінінің келуімен тығыз байланыстырылады. Дәлірек айтқанда, бұл кезең Рим империясының ресми діні болып кең етек жайған кездері еді. Өлім – ол «әркімнің маңдайына жазылған» тағдыр, яғни барлығы жаратушының қолында деген қағида орын алған. Шіркеу қызметкерлері өзін-өзі өлтірушілерге қарсы күрес жүргізді. Арль шіркеуінде (452 жылы) өзін-өзі өлтірушілерге «жын-шайтандар» деген қара күйе тағылды, ал 533 жылы Орлеан шіркеуінде өзін-өзі өлтіруге барып жазадан қашқан қылмыскерлерді көмуден бас тартқан. Осы іспеттес оқиғалар Бража шіркеуінде де кездескен: 563 жылы барлық өзін-өзі өлтірушілерге қарсы шығып, олардың жаназасымен жерлеу рәсімдерін өткізуге тыйым салған, ал 653 жылдан бастап өзін-өзі өлтіруші ғана емес, өзін өлтіруге әрекет жасағандарды да шіркеуден алыстатқан.

Еуропада өзін-өзі өлтірушілерге қарсы нағыз қарсылық соғыс басталған. Мысалы, аіғылшын королі Эдуард ХІ-нің «Канондарында» өзін-өзі өлтірушілерді ұры қарақшыларға теңеген. Данияда өзін-өзі өлтірушінің мәйітін есіктен шығаруға тыйым салынып, оны терезеден шығарған, тозақтағы отта мәңгі жанады деген сеніммен өртеп жіберген. Бордода өзін-өзі өлтірушіні аяғынан асып жұрт көзіне іліп қойса, Аббервилде бетімен жерді тіреп, көше бойымен сүйреген. Қасиетті Людовиктің заңдарында өзін-өзі өлтірушінің дүние мүлкін тәркілеп, егер ол ақсүйек болса, елтаңбасын сындырып, сарайын қиратып, қалғанын қазына қорына өткізген. Көбіне өзін-өзі өлтірушілердің жаны көкте тыныштық таппай жерді кезіп, тірілерді қорқытады деп ойлағандықтан, жүрегіне ағаш қадап жол торабына көмген. Өзін-өзі өлтірді деген күдікпен зиратын қазып, денесін жұрт көзіне ілу оқиғасы жиі кездескен.

Мұндай жағдайлар Ресейде де орын алған. Петр І-нің әскери-теңіз бөлімінде былай делінген: «Егер кімде-кім өзін-өзі өлтіретін болса, оның өлік денесін ат құйрығына байлап көше бойымен сүйреп, аяғынан іліп қойсын, мұны көргендер осындай бассыздыққа бармас үшін». Мемлекет тарапынан мұндай қатаң заң қабылданғаннан соң өзін-өзі өлтіруші саны азая бастады. Уақыт өте келе Ренесанс мезгілі келіп, гуманизм мәселесі өзгеріс туындатты.


3. Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша өз-өзіне қол жұмсау мәселесі қоғамды дүр сілкіндірген жағдайдың бірі. Жылдан жылға өлім мәселесі арта түсуде, оның себептерін анықтау барысында келесі жағдаяттарға көңіл бөлу жөн болар: отбасында туындаған дағдарыстық жағдайлар, мемлекетте және дүние жүзінде туындаған экономикалық тепе-теңсіздік мәселесі, қоғамдық өмірде кездесетін ішімдікке салыну, нашақорлық, зорлық-зомбылық, бәсекелестік т.с.с.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) барлық елдерді суицид көрсеткіштері бойынша үш топқа бөледі: өз-өзін өлтірулердің төмен деңгейі (100 мың адам санына жылына 10 адамнан) – Грекия, Италия, Гватемала, Филиппиндер, Албания, Доминика Республикасы, Армения. Өз-өзін өлтірудің ең төменгі деңгейі Мысыр елінде тіркелген: өз-өзіне қол жұмсаудың орташа деңгейі (100 мың адам санына жылына 10-нан 20-ға дейін). Өзін-өзі өлтірудің жоғары және өте жоғары деңгейі: Венгрия, ФРГ, Австрия, АҚШ, Ресей, Латвия, Литва, Эстония. Бүгінгі күні ДДҰ әлеуметтік мониторинг зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша Қазақстан мемлекетінде өз-өзіне қол жұмсау деңгейі жоғары екенін бәрімізге мәлім. Сонымен қатар, зерттеуші Эмиль Дюркгейм (1858 – 1917) «Өз-өзіне қол жұмсау» («Самоубийство») кітабында суицидтің табиғатын ашып, ол бұл ұғымды жәбірленушінің өз қолымен жасаған оң немесе теріс әрекеттерінің тікелей немесе жанама нәтижесі болатын өлім оқиғасы ретінде түсіндірді.

Демократиялық және экономиканың қайта өрлеу дәуірінде адам санасы да түбегейлі өзгерістерге ұшырайтынын заманауи Ресей ғалымы Г.В. Старшенбаум өзінің «Суицидология и кризисная психотерапия» атты еңбегінде жан-жақты көрсетіп, сипаттайды. Зерттеушінің айтуынша, «әлемде бір күннің ішінде 2300 адам өз-өзін өлтіреді, ал бір жылда – 800 мың адам өмірмен қоштасады. Әртүрлі мәліметтер бойынша 8-ден 30 миллиондай адамдардың суицидтік әрекеттері сәтсіз аяқталады екен».

Суицидалды мінез-құлық – адамның саналы түрде өзін-өзі өлтіргісі келетін тұлғаның мінез-құлқының бір түрі деп анықталынады. Өзін-өзі өлтіру мәселесіне қатысты кейбір елдердің жағдайларын қарастырсақ,1950 жылдан бастап әлемдегі суицид оқиғасы 60 пайызға өскенін байқатады. Ең жоғарғы суицид көрсеткіші ФРГ, ГДР, Австралия, Швейцария, Венгрия, Чехославакияда болса, ал ең төменгі көрсеткіш Болгарияда, Ирландияда және Индияда орын алған.
11-тақырып бойынша сұрақтар:

1. «Суицид ұғымының алғаш рет пайда болуы, мән-мағынасы.

2. Зерттеуші