Файл: йде оытылатын балаларды жалпы білім беру мектебіні Оу бадарламаларымен оыту бойынша дістемелік сынымдар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 210

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

 

6-сынып, Информатика

Кіріспе. Ақпарат және ақпараттық үдерістер (3 сағат):

техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру; әлемнің ақпараттық бейнесі,

ақпарат қасиеті, ақпаратты қорғау, вирусқа қарсы программалар, ақпаратты сығу,

мұрағаттау программалары.

Компьютер – ақпаратты өңдеу құралы (1

сағат): есептеу техникасының даму тарихы, электронды-есептеуіш машиналардың

кезеңдері, компьютерлік техниканың даму үрдісі.

Алгоритмдеу және модельдеу (4 сағат): алгоритм және

оның атқарушылары, алгоритмді жазу пішімі, блок-схемалар, алгоритм типтері

(сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер); модель, нақты объектің

қасиеттерін бейне ретінде көрсетеді, модельдер түрлері.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (7 сағат):

мәтіндік процессоры жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі, құжаттарды құру

және сақтау, мәтінді пішімдеудің негізгі әдіс-тәсілдері; қаріп, абзацтар,

шегіністер мен аралықтар; нөмірленген және маркерлеген тізімдер; бағандар,

беттердің параметрлері, жиек, алдын ала қарау, құжатты баспадан шығару;

кестелер, кестелер құру, кестелерді редакциялау, кесте ішіндегілерін енгізу

және пішімдеу; графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру,

суреттер мен жазуларды пішімдеу; программа интерфейсімен танысу,

презентациялар; мультимедиялық презентациялардың конструкторы; презентацияларды

құру, безендіру шаблондары, мәтінді құру, кестелерді, суреттерді, бейнені және

дыбысты кірістіру; анимация әсерлерін баптау, презентацияларды көрсету.

Телекоммуникациялар (1 сағат): компьютерлік байланыстың

негізгі түрлері, ауқымды ақпараттық желілер, интернет, интернетте ақпаратты

іздеу, электрондық пошта.

Жобалық іс-әрекет (1 сағат).

7-сынып, Алгебра

7-сыныптағы алгебра пәнінің базалық мазмұны «Натурал және

бүтін көрсеткіштік дәреже», «Бірмүше мен көпмүше», «Қысқаша көбейту формулалары»,

«Рационал бөлшектер және оларға амалдар қолдану», «Жуықтап есептеу элементтері»

тараулары бойынша теориялық материалдардан тұрады. Сонымен қатар базалық

мазмұнға оқу жылының басында 5-6-сыныптардағы математика курсын және соңында

7-сыныптағы алгебра курсын қайталау кіреді.

7-сыныпта оқытудың міндеттері: рационал сандарға

арифметикалық амалдарды қолдану біліктігі мен дағдысын пысықтау, координаталық

түзу мен координаталық жазықтықта нүктенің координаталарын табу, координаталары


бойынша нүктелерді салу біліктерін пысықтау; қосылғыштарды теңдеудің бір

жағынан екінші жағына көшіру, жақшаны ашу ережелерін қолдану арқылы теңдеулерді

шешу біліктігін пысықтау, бір айнымалысы бар теңсіздіктерді және олардың

жүйелерін; айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар

сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу біліктігін бекіту, сызықтық

функцияның графигін салу, графигі бойынша функцияның қасиеттерін атау

біліктілігін жетілдіру, екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шығару

біліктілігін жетілдіру, мәтінді есептерді шығару біліктілігін жетілдіру;

натурал көрсеткішті дәреже, көрсеткіші нөлге тең дәреже ұғымын қалыптастыру,

бүтін көрсеткішті дәреже ұғымын қалыптастыру, рационал бөлшек, бөлшек-рационал

өрнек ұғымдарын қалыптастыру; «бірмүше» және «көпмүше» ұғымдарымен, олардың

дәрежелері және стандарт түрлерімен таныстыру, жуықтап есептеулермен таныстыру;

натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін, бүтін көрсеткішті дәреженің

қасиеттерін, қысқаша көбейту формулаларын, рационал бөлшектің негізгі қасиетін

игеру; көпмүшелерге арифметикалық амалдарды қолдану, көпмүшені көбейткіштерге

жіктеу, қысқаша көбейту формулаларын қолдану, рационал бөлшектерге амалдар

қолдану, бөлшек-рационал өрнектерді тепе-тең түрлендірулерді орындау,

тепе-теңдіктерді дәлелдеу, абсолют және салыстырмалы қателіктерді табу

біліктігін қалыптастыру.

 

22-кесте.7-сынып

алгебра курсын үлгілік тақырыптық жоспарлау 

аптасына 2 сағат



Тақырыптың

атауы

Сағат саны

5-6-сыныптардағы математика

курсын қайталау

2

І тарау.  Натурал көрсеткішіті және бүтін көрсеткішіті дәреже

10 

1.

Натурал көрсеткішті дәреже

және оның қасиеттері.



2.

Бүтін көрсеткішті дәреже

және оның қасиеттері.

3

3.

k

y = ax2 және y = ax3 түріндегі

функциялар. y = функциясы және оның x

графигі

3

 

Бақылау жұмысы

1

ІІ тарау.  Бірмүше және көпмүше

10

4.

Бірмүше. Бірмүшенің

стандарт түр.

2

5.

Көпмүше және көпмүшелерге

амалдар қолдану.

3

6.

Көпмүшелерді

көбейткіштерге жіктеу.

4

 

Бақылау жұмысы

1

ІІІ тарау.  Қысқаша көбейту формулалары

17

7.

Екі өрнектің

квадраттарының айырымының формулалары

3

8.

Екі өрнектің қосындысының

квадраты және айырымының квадратының формулалары.

3

9.

Екі өрнектің қосындысының

кубы және айырымының кубы формулалары.

3

10.        

Екі өрнектің кубтардың

қосындысы және кубтардың айырымының формулалары.

3

11.        

Өрнектерді тепе-тең

түрлендіру

4

 

Бақылау жұмысы

1

ІV тарау.  Рационал бөлшектер және оларға амалдар қолдану

18

12.        

Рационал бөлшек және оның

негізгі қасиеті. Бөлшектерді қысқарту.

3

13.        

Рационал бөлшектерді қосу

және азайту.

5

14.        

Рационал бөлшектерді

көбейту, бөлу және дәрежеге шығару.

4

15.        

Бөлшек-рационал өрнектерді

тепе-тең түрлендіру.

5

 

Бақылау жұмысы

1

V тарау.  Жуықтап есептеу

элементтері

3

16.        

Жуық сандардың шығу

тарихы. Абсолюттік қателік. Жуық шаманың салыстырмалы қателігі. Жуық сандарға

амалдар қолдану. 

3

7-сыныптағы алгебра курсын

қайталау

8

Барлығы

68


 

7-сынып, Геометрия

7-сынып геометрия курсында оқушыларгеометриялық

фигуралармен, олардың қасиеттерімен (нүкте, түзу, сәуле, кесінді, бұрыш,

жазықтық, үшбұрыш, шеңбер); геометриялық қатынастармен (тиістілік, қиылысу,

параллельдік, перпендикулярлық, теңдік); геометриялық шамалармен (кесіндінің

ұзындығы, бұрыштың өлшемі) танысады.

7-сыныпта геометрияны оқытуда сызбалар кеңінен

пайдаланылады, оқушылар геометриялық фигуралар мен қатынастардың қасиеттерін

оқып біледі, есептер шығарады, теоремаларды дәлелдейді, циркуль және сызғыштың

көмегімен негізгі салуларды орындайды, сызбаларды орындау дағдылары

геометриялық түсініктерді қалыптастырумен қатар дамиды.

 

23-кесте. 7-сынып

геометрия курсын үлгілік тақырыптық жоспарлау 

аптасына 1 сағат



Оқу материалының мазмұны

Сағат саны

 

1.

Геометрияның алғашқы ұғымдары

7

1

Геометрияның негізгі

ұғымдары. Геометриялық фигура ұғымы. Нүкте, түзу, сәуле (жартытүзу), кесінді,

жазықтық және олардың өзара орналасуы.

1

2

Геометриялық фигураларға

мысалдар: көпбұрыштар, көпжақтар (куб, тікбұрышты параллелепипед, пирамида).

1

3

Фигуралардың теңдігі.

Кесінділерді өлшеу. 

1

4

Бұрыш, бұрыштың градустық

өлшемі және оның қасиеттері. Бұрыштың биссектрисасы. 

1

5

Геометрияның аксиомалары.

Теорема және теореманы дәлелдеу.

1

6

Сыбайлас және вертикаль

бұрыштар және олардың қасиеттері.

1

 

Бақылау жұмысы

1

 

2.

Үшбұрыштар

8

1

Үшбұрыш және оның түрлері.

Бізді қоршаған әлемдегі үшбұрыштар. Үшбұрыштың медианалары, биссектрисалары

және биіктіктері.

1

2

Үшбұрыштың сыртқы бұрышы.

1

3

Үшбұрыштардың теңдігі.

Үшбұрыштар теңдігінің белгілері.

1

4

Теңбүйірлі үшбұрыштың

қасиеттері мен белгілері.

1

5

Перпендикуляр түзулер.

Перпендикуляр және көлбеу. Нүктеден түзуге дейінгі қашықтық.

1

6

Тікбұрышты үшбұрыш.

Тікбұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілері. Сүйір бұрышы 30º және 45º болатын

тікбұрышты үшбұрыштардың қасиеттері.

1

7

Үшбұрыштың қабырғалары мен

бұрыштарының арасындағы қатыстар. Үшбұрыштың теңсіздігі.

1

 

Бақылау жұмысы

1

 

3.

Жазықтықтағы түзулердің өзара орналасуы 

5

1

Қиылысқан түзулер.

Параллель түзулер.

1

2

Түзулердің

параллельдік  белгілері. Бізді қоршаған

әлемдегі параллель

1

 

түзулер. Параллель

түзулердің қасиеттері.

 

3

Үшбұрыштың бұрыштарының

қосындысы.

1

4

Параллель түзулердің

арақашықтығы. Есептерді шешу

1

 

Бақылау жұмысы

1

 

4.

Шеңбер. Геометриялық салулар

9

1

Шеңбер және оның

элементтері: хорда, диаметр, радиус, доға.

1

2

Диаметр мен хорданың

перпендикулярлығы туралы теоремалар.

1

3

Шеңберге жанама және оның

қасиеттері. Түзу мен шеңбердің өзара орналасуы.

1

4

Екі шеңбердің өзара

орналасуы.

1

5

Центрлік бұрыштар. Доғаның

градустық өлшемі.

1

6

Жазықтықтағы нүктелердің

геометриялық орны: орта перпендикуляр және бұрыштың биссектрисасы.

1

7

Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер. Үшбұрышқа іштей сызылған

шеңбер.

1

8

Салу есептері. Салу

есептерін шешу кезеңдері.

1

 

Бақылау жұмысы

1

 

5.

Қайталау. Есептер шығару

5

 

Барлығы

68


 

7-сынып, Информатика

Кіріспе. Ақпарат және ақпараттық

үдерістер (2 сағат): 

техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру,

компьютерде ақпараттарды ұсыну тәсілдері; сандық, мәтіндік және графиктік

ақпараттарды кодтау, кодтан шығару.

Компьютер – ақпаратты өңдеу құралы (2

сағат): компьютердің аппараттық қамтамасыз етуі, жады, операциялық жүйелердің

жіктелуі және функциялары.

Алгоритмдеу және программалау (5 сағат): программалау

– алгоритмді формальды жазу тәсілі, алфавит, программалау тілінің синтаксисі;

айнымалылар типтері, арифметикалық өрнектерді жазу ережесі, сызықтық алгоритмдерді

программалау, енгізу және шығару операторлары, меншіктеу операторы.

Ақпараттық модельдеу (1 сағат): модельдерді сипаттау

әдістері, модельдер қасиеті, әртүрлі білім салаларының мысалдарында модельдерді

зерттеу.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (6 сағат):

компьютерлік графика түрлері; векторлық және растрлық графиктерді құру және

өңдеу бойынша программалары, графикалық файлдардың пішімі; векторлық графика,

векторлық графиканы өңдеу бойынша программасының интерфейсі; фигураларды салу,

векторлық объектілермен қарапайым амалдар, қисықтарды редакциялау, мәтін,

мәтіндік блоктар құру; растрлық графика, растрлық графиканы өңдеу бойынша

программа интерфейсі, растрлық бейнелердің параметрлері, растрлық бейнелермен

жалпы жұмыс жасау тәсілдері, түстер, салу құралдары, аймақтарды ерекшелеу,

ерекшеленген аймақтармен жұмыс, қабаттар, мәтінмен жұмыс.

Жобалық іс-әрекет (1 сағат). 

8-сынып, Алгебра

8-сыныптағы алгебра пәнінің базалық мазмұны «Квадрат

түбір», «Квадрат теңдеулер», «Квадраттық функция», «Теңсіздіктер»,

«Ықтималдықтар теориясы туралы алғашқы мағлұматтар және математикалық

статистика» тараулары бойынша теориялық материалдардан тұрады. Сонымен қатар

базалық мазмұнға

оқу жылының басында

5-6-сыныптардағы математика курсы мен 7-сыныптағы алгебра курсын және соңында

8-сыныптағы алгебра курсын қайталау кіреді.

8-сыныпта

оқытудың міндеттері рационал сандармен арифметикалық амалдар орындауда есептеу

біліктігін пысықтау; натурал көрсеткішті дәреже мен бүтін көрсеткішті дәреженің

қасиеттерін қолдану біліктілігін пысықтау; рационал бөлшектерге арифметикалық


амалдарды қолдану білікігін пысықтау; рационал өрнектерді тепе-тең түрлендіруді

орындау білікігін пысықтау; мәтінді есептерді шығару біліктілігін пысықтау; бір

айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу біліктігін жетілдіру;  сызықтық функцияның графигін салу біліктігін

жетілдіру; графигі бойынша функцияның қасиеттерін атау біліктілігін жетілдіру;

екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шығару біліктігін жетілдіру; айнымалысы

модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымаласы бар сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктерді

шешу біліктігін бекіту; өрнектерді түрлендіру, тепе-теңдіктерді дәлелдеу

біліктігін бекіту; көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу, өрнектерді түрлендіруде

қысқаша көбейту формулаларын қолдану біліктігін бекіту; иррационал және нақты

сандар, квадрат түбір ұғымдарын қалыптастыру; y=x функциясымен, квадраттық функциямен,

олардың қасиеттері және графиктерімен таныстыру; интервалдар әдісімен

таныстыру; оқиғаның жиілігі мен ықтималдығымен таныстыру; құрамында квадрат

түбірі бар өрнектерді тепе-тең түрлендіру біліктігін қалыптастыру; квадрат және

рационал теңдеулерді шығару біліктігін қалыптастыру; квадрат теңсіздіктерді

квадраттық функцияның графигі арқылы шығару біліктігін қалыптастыру; рационал

теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шығару біліктілігін қалыптастыру.

 

24-кесте. 8-сынып

алгебра курсын үлгілік тақырыптық жоспарлау 

аптасына 2 сағат



Тақырыптың

атауы

Сағат

саны

5-6-сыныптардағы математика

курсын және 7-сыныптағы алгебра курсын қайталау

2

І тарау. Квадрат түбір

15

1.          

Нақты сандар туралы ұғым

Квадрат түбір. Квадрат түбірдің жуық мәні.

2

2.          

Арифметикалық квадрат

түбірінің қасиеттері.

4

3.          

Құрамында квадрат түбірі

бар өрнектерді тепе-тең түрлендіру.

5

4.          

у = x функциясы, оның қасиеттері және

графигі.

2

 

Бақылау жұмысы

1

ІІ тарау. Квадрат теңдеулер

22

5.          

Квадрат теңдеу. Квадрат

теңдеудің түрлері.

2

6.          

Квадрат теңдеу

түбірлерінің формулалары.

5

7.          

Виет теоремасы.

3

8.          

Рационал теңдеу.

4

9.          

Квадрат теңдеуге

келтірілетін теңдеулер.

3

10.        

Мәтінді есептерді квадрат

теңдеулер арқылы шығару. 

4

 

Бақылау жұмысы

1

ІІІ тарау. Квадраттық функция

10

11.        

Квадрат үшмүше. Квадрат

үшмүшені көбейткіштерге жіктеу.

4

12.        

Квадраттық функция. у = ах2 + п  және 

у = а(хт)2 функциялары және

2