Файл: азастан республикасы денсаулы сатау министрлігі марат оспанов атындаы батыс азастан медицина университеті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 236

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Отомикроскопия:

  • кенеттен қысымның ауытқуынан болған жарақаттарды

(жарғақтың жарылуы);

  • дабыл жарғағындағы перфорацияны;

  • дабыл жарғағындағы және ортаңғы құлақтағы қабынуды анықтауға мүмкіндік береді.

ЛОР ауруларында микроскопиямен және эндоскопияның соңғы технологиясын қолдану, тек аурулардың өзің анықтауды жеңілдетіп қоймай, сондай-ақ науқасқа патологияға қатысты видеожазбаны көрсету арқылы толықтай түсініктеме береді.
2.3. Акуметрия

Акуметрия дегеніміз сыбырлап, дауыстап сөйлеп арқылы және камертон көмегімен есту қабілетін зерттеу. Есту қабілетін тексеру алдында анамнез жинау, сыртқы қарау және отоскопия жүргізілуі тиіс. Есту қабілетін зерттеу: сөйлеу, камертон және аудиометр арқылы жүргізеді.

Есту қабілетін зерттеу тыныш бөлмеде өткізеді, дәрігер мен пациент арасындағы қашықтық - 6 метр. Зерттеуді әрбір құлаққа жеке жүргізеді, ал сыбырлап сөйлеу арқылы тексергенде, екінші құлақты толықтай жабады, ал дауыстап сөйлеп зерттегенде, естуді болдырмас үшін құлаққа Барани сылдырмағын енгізеді (11 сурет). Есту қабілетін зерттеу үшін екі қатарлы сандарды пайдаланады (мысалы: 21-ден 99-ға дейінгі сандар).

11 сурет – Барани сылдырмағы 1-ұшы /олива/, 2-бастау батырмасы, 3-қорабы, 4-кілт.

Зерттеуді максималды қашықтықтан бастайды, науқас дұрыс жауап бергенше ара қашықтықты жақындатады /азайтады/.

Есту қабілетін камертондармен тексеру қарапайым тәсіл, зерттеуді тыныш бөлмеде жүргізеді.  

Амбулаторлы жағдайда тербеліс жиілігі 128 гц және 2048 гц екі камертон қолданылады. Бұл зерттеу әдісі дыбыс өткізу және дыбыс қабылдау аппараттарының қалыптық жағдайын және зақымданудың қай жерде орналасқанын анықтауға мүмкіндік береді.

Саусақпен камертонның аяқшасынан ұстау керек (оның тербелісіне кедергі жасамас үшін). Ауалық өткізгіштікті тексергенде камертонды сыртқы есту жолының кіре берісіне жақындатады. Камертонның екі браншасы сыртқы есту жолының тұсында, бір жазықтықта (фронталды) орналасуы тиіс (12 сурет). Сүйек өткізгіштігін зерттеуде камертонның аяқшасын емізікше өсіндінің ұшына орналастырады.



12 сурет–сүйектік және ауалық өткізгіштікті зерттеудегі камертонның орналасуы
Есту қабілетінің бейімделуі мен шаршауын болдырмау үшін әрбір 4-5 сек сайын, камертонды құлақтан алыстатып, қайта жақындату керек. Камертонға тербеліс беру сол қолдың I және II саусақтарымен төмен жиіліктегі камертон (С128) браншаларын жанасқанға дейін жақындатып, одан кейін бірден босатады. II саусақтың тырнақ фалангасымен соғу арқылы жоғары жиілікті камертонды (С2048) тербеліске келтіреді.

Камертондардың көмегімен есту қабілетінің сандық және сапалық көрсеткіштерін анықтайды. 

Сандық зерттеуде пациенттің камертонның дыбысын естуі секундпен есептеледі. Зерттеу алдында камертонның паспортын, яғни сау құлақтың камертон дыбысының қабылдау ұзақтығын білу қажет. Есту анализаторының дыбыс өткізгіш және дыбыс қабылдағыш аппаратын сапалы зерттеуінде Рине, Вебер, Швабах және Желе сынамалары С128камертонымен жүргізіледі.

Рине сынамаcында (1885) науқастың ауалық және сүйектік өткізгіштігін салыстырады (13 сурет). Қалыпты жағдайда ауалық өткізгіштік, сүйекті өткізгіштіктен басым болады (онда Рине сынамасы оң мәнді болып белгіленеді).


13 сурет – Рине сынамасы
Дыбыс қабылдау аппараты зақымданғанда ауалық өткізгіштігі сүйектік өткізгіштіктен басым болады, екеуіде қалыпты жағдаймен /көрсеткіштермен/ салыстырғанда қысқарған (Рине сынамасы қысқарған оң мәнді).

Дыбыс өткізгіш қызметі бұзылғанда сүйектік өткізгіштік, ауалық өткізгіштіктен басым (Рине сынамасы теріс мәнді) болып келеді.

Вебер сынамасы (1834) кезінде тербелістегі камертонды зерттелушінің төбесіне қояды (14 сурет). Қалыпты жағдайда дыбысты екі жақ құлақта естиді. Дыбыс өткізгіш аппараты зақымданған болса дыбыс ауру немесе нашар еститін құлаққа беріледі. Дыбыс қабылдау аппараты зақымданғанда дыбыс сау құлаққа немесе жақсы еститін құлаққа беріледі.


14 сурет – Вебер сынамасын орындаудадыбыстың ауру құлаққа және сау

құлаққа берілу механизмі

Швабах тәжірибесінде (1885)дыбыс шығарып тұрған камертонды зерттелушінің емізікше өсіндісінің ұшына орналастырады. Дыбыс қабылдау аяқталғаннан кейін салыстыру үшін, камертонды дәрігер өзінің төбесіне қояды, тербеліс естілмесе есту қабілеті қалыпты болған. Дыбыс өткізгіш аппараты зақымданса сүйектік өткізгіштік салыстырмалы түрде ұзарады. Дыбыс қабылдағыш аппараты зақымданса сүйекті өткізгіштік науқаста төмендейді.



Желе сынамасында(1881) үзеңгінің қозғалғышты анықталады. Тәжірибені жүргізу үшін С128камертоны және Политцер баллоны қажет. Баллонның ұшы сыртқы есту жолына тығыз енгізіледі. Толықтай жабу мүмкін болмаса баллонның ұшына резеңке түтік кигізіледі, С128камертон емізікше тәрізді өсіндіге орналастырылады. Баллон көмегімен сыртқы есту жолындағы қысымды арттырады немесе азайтады. Бұл кезде сау адам емізікше өсіндісі арқылы дыбыстың тербелістерінің азайғанын немесе қайтып қалпына келгенін сезеді, ал отосклерозда дыбыс бір қалыпта болады (15 сурет).



15 сурет - Желе сынамасы
Оң жақты кондуктивті құлақ мүкістігінің есту паспорты

Оң жақ құлақ(AD)

Тестілер

Сол жақ құлақ (AS)

+

СШ

-

1 м

СС

6 м

5 м

ДС

>6 м

35 с

С128 (ауалы өткізгіштік=90с)

90 с

52 с

С128 (сүйекті өткізгіштік=90с)

50 с

23 с

С2048(40 с)

37 с

- (теріс)

Ринне сынамасы (R)

+ (оң)



Вебер сынамасы (W)




Қажетті жағдайда есту паспортына Желе (G), Федеричи (F) т.б. сынамаларының нәтижелері енгізіледі.


2.4. Аудиометр арқылы есту қабілетін зерттеу

Аудиометр (16 сурет) - ауа және сүйек арқылы салыстырмалы таза дыбыстарды (тондарды) беруге мүмкіндік беретін шамдық дыбыс генераторы. Барлық тон бойынша есту табалдырығын зерттейді (көбінесе, 8000 Гц дейін). Аттенюатор арқылы дыбыстарды кез-келген қарқындылықта беруге болады (төменгі табалдырықтан қысымды сезінуге дейін). Әдетте, қарқындылық 5 децибел (дБ) сатыларымен реттеледі. Сыртқы есту жолы мен емізіктәрізді өсінді арқылы ауалық және сүйектік телефондар көмегімен аудиометр аппаратымен әр құлақтың жеке-жеке есту қабілетін тексереді.


16 сурет – Аудиометр
Заманауи аудиометр қалыпты естумен салыстырғанда есту қабілетінің төмендеуін децибелмен анықтайды. Қалыпты жағдайда ауалық және сүйектік өткізгіштіктің барлық жиіліктегі дыбыстардың есту табалдырығы нөл сызық бойында орналасады. Әрбір жиіліктегі есту қабілетінің табалдырығын анықтау үшін алдымен әлсіз дыбыс беріледі де, аттенюатор арқылы есту сезімі пайда болғанға дейін күшейтеді. Берілген дыбыстың күші дауысты реттегіштің (аттенюатор) шкаласындағы көрсеткішпен сәйкес келеді. Берілген дыбыс бойынша зерттелушінің есту қабілетінің төмендеуі шкалада децибелмен көрсетіледі.

Есту қабілетін зерттеу шудан оқшауланған бөлмеде, ал егер мүмкін болса, арнайы жабдықталған камерада жүргізілуі тиіс. Ауалық және сүйектік өткізгіштіктер бойынша алынған мәліметтер арнайы бланк—аудиограммаға тіркеледі (17 сурет).



17 сурет – Аудиограмма бланкасы
Абсцисс осінде 125 – тен 8000 Гц дейінгі жиіліктер, ордината осінде децибелмен ауалық және сүйектік өткізгіштіктің қалыпты табалдырығы көрсетілген.

Ауалық және сүйектік өткізгіштік бойынша әрбір жиіліктің есту табалдырығы оң құлақ үшін дөңгелекшемен, сол құлақ үшін крестпен белгіленеді. Осы нүктелерді жалғаған кезде барлық тон бойынша естудің төмендеуін сипаттайтын сызықтар (тұтас сызықпен ауа арқылы, үзілмелі сызықпен – сүйек арқылы дыбыс қабылдау белгіленеді) алынады.

Дыбыс өткізгіш аппарат зақымданған кезде сүйектік өткізгіштік сызығы, әдетте, нөлмен сәйкес келеді немесе сәл төмен орналасады, ал ауалық өткізгіштіктің есту табалдырығы аз немесе көп дәрежеде жоғарлайды (18 сурет). Дыбыс қабылдағыш аппарат зақымданғанда ауалық және сүйектік өткізгіштіктің сызықтары, әсіресе жоғары жиіліктер аймағында есту табалдырығының жоғарылауын көрсетеді (19 сурет).



Оң жақ құлақ Сол жақ құлақ

_______ ауалы өткізгіштік

.............сүйекті өткізгіштік

18 сурет–Екі жақты кондуктивті құлақ мүкістігінің аудиограммасы



19 сурет– Сенсоневралды құлақ мүкістігінің аудиограммасы.
Дыбыс өткізгіш аппараты зақымданғанда, сүйектік және ауалық өткізгіштік сызығы аралығындағы алшақтық (интервал) сақталады, ал дыбыс қабылдау аппаратының зақымдануында бұл сызықтар бір-біріне қатарлас орналасады. 

Аралас құлақ мүкістігінде (20 сурет) ауалық және сүйектік өткізгіштік сызықтарының арасындағы алшақтық аз дәрежеде сақталады, бірақ жоғары жиіліктегі дыбыстарға екі сызықта сәл төмендейді.


20 сурет – Аралас типті құлақ мүкістігінің аудиограммасы.
Тоналды (табалдырықты) аудиометриямен қатар табалдырық үсті аудиометриясы маңызды– диагностикалық мәнге ие. Бұл зерттеудің ерекшелігі кортиев мүшесінің тек түкті жасушаларының зақымдануында ғана байқалатын дыбыс қаттылығының жылдам өсу феномені (ДҚЖӨФ) болып табылады. Бұл ретте берілген дыбыстың күшеюі (яғни қарқындылықтың децибел бойынша артуы) науқаста қалыпты есту қабілеті бар адаммен немесе дыбыс өткізгіштік құлақ мүкістігі бар (дыбыс қаттылығының үдеуі) науқастармен салыстырғанда дыбысты қатты сезеді.

Бұл құбылыс нәтижесінде ауру құлақпен өте қатты дыбыстар (90-100 дБ) сау құлақтағы сияқты (дыбыс қаттылығының теңесуі) қабылданады
2.4.1. Сөйлеу аудиометриясы

Қарапайым тәсілдермен салыстырғанда, стандартты түрде мәтінді, дикцияны, дауыс қаттылығын (дыбыс жазу кезінде) пайдалану арқылы, есту қабілетінің жоғалуын децибелдермен анықтауға, дыбыс қаттылығына байланысты сөйлеуді ажыратуға және т.б. қолдануға мүмкіндік береді.

Сөйлеу аудиометриясына арналған құрылғы дыбысты децибелмен реттейтін, аттенюаторға қосылған магнитофоннан және дыбыс шығарғыштан (телефон) тұрады. Зерттелушінің айтылған сөздердің 50%-ын қайталап айтуы, естудегі сөзді ажыратудың табалдырығы болып саналады, сөздердің қарқындылығы сөйлеу диапазонында (300-3000 гц) есту табалдырығынан 35дб-ден аспауы керек. Қалыпты жағдайда дыбыс күші 45 дб болатын естіген сөздердің 90-100%-ын дұрыс қайталау, сөйлеуді ажыратудың ең жоғарғы деңгейі болып саналады.