Файл: азастан республикасы денсаулы сатау министрлігі марат оспанов атындаы батыс азастан медицина университеті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 243
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Вестибуляр аппараттының экспериментталды зерттеу әдісінде әртүрлі сынамалар қолданылады.
Горизонтальды жарты шеңбер каналының фистуласына (жыланкөз) күдік болғанда, сыртқы есту жолындағы ауаны қысу және азайту арқылы прессорлы сынама жасалады. Сыртқы есту жолындағы қысымды өзгерту үшін, дәрігер ауру жағындағы құлақ түйінін басады немесе Политцер баллон көмегімен жүзеге асырылады. Қысымды арттырған кезде, горизонтальды жарты шеңбер каналының жыланкөзі болса, эндолимфа ампула жағына бағытталады да, ауру жақ құлағында горизонталды нистагм пайда болады. Кейде жыланкөз аймағын зәйтүнмен қарағанда, фистулды симптом оң мәнді болады.
Айналдыру сынамасы науқасты Барани орындығына отырғызып, көзін жұмып, айналдыру арқылы жүргізіледі (25, 26суреттер). Науқасты 20 сек ішінде 10 рет айналдырады. Қалыпты жағдайда айналдырып болғаннан кейін,айналымға қарсы жағында ұзақтығы 20-30 сек созылатын нистагм пайда болады. Горизонтальді жарты шеңбер каналды зерттеу үшін, науқастың басын алға және төменге 300–пен иіп айналдырады. Айналдыруды тоқтатқан соң көзін ашып, нистагм пайда болатын жаққа қарауын (дәрігер саусағына) сұрайды. Сол жаққа қарай айналдыруды тоқтатқан соң, оң жақтан горизонтальды нистагм анықталады. Оң жаққа қарай айналдырудан кейін, сол жақ жарты шеңбер каналы тітіркенеді және айналдырудан кейінгі нистагм сол жақтан көрінеді. Лабиринт тітіркенгенде және тежелгенде айналдырудан кейінгі нистагм ұзақтығы азаяды немесе ұзарады.
25сурет– Барани креслосы 26 сурет – Айналдыру сынамасын орындау
Фронталды жарты шеңбер каналдарын зерттеу үшін науқастың денесін және басын 900 –қа еңкейтеді. Айналдырудан кейінгі нистагм ротаторлы (айналмалы) болады.
Сагитальды каналды зерттеу үшіннауқастың басын оң немесе сол иыққа қисайтады. Бұл кезде вертикалды нистагм анықталады. Айналдыру сынамасының кемшілігі екі құлақтағы жартылай шеңбер каналының бір уақытта, қаттыті тіркенуі (әсіресе, ауыр халдегі науқастар үшін) болып табылады.
Бұл кемшіліктер калориялық сынамада кездеспейді. Бұл сынаманы сыртқы есту жолына (науқастың басы 600 артқа қарай шалқайған) Жане шприцімен 100мл салқын (19-200) немесе жылы (43-450) суды енгізу арқылы жүргізіледі. Қалыпты жағдайда 25-30 секундтан кейін ұзақтығы 60-100 сек созылатын горизонталды нистагм байқалады.
Жылы сумен жуған кезде нистагм зерттеу жүргізілген құлақта, ал салқын су енгізгенде қарсы жағында анықталады.
Калориялық сынамаға қарсы көрсеткіш дабыл жарғағындағы құрғақ перфорация болып табылады.
Отолит аппаратының қызметін зерттеу үшін Барани орындығына науқасты отырғызып, көзін жұмып, денесін және басын 900-қа еңкейтіп, оңға немесе солға /10 сек ішінде 5 айналым/ айналдырады (Воячек сынамасы). Айналдыруды тоқтатқаннан кейін 5 сек соң науқастан көзін ашып, тік отыруын сұрайды. Қозғалыстан қорғанудың /ҚҚ/ (айналдырған жаққа денесі мен басының ауытқуы) үш реакциясы (әлсізден күштіге дейін, тепе-теңдікті жоғалту мен құлау) және үш дәрежедегі вегетативті реакция /ВР/ пайда болады.
ҚҚ және ВР үш дәрежесіне сипаттама:
-Отолитті реакциясының жәй /әлсіз/ дәрежесі (ҚҚ – I дәрежесі)
науқастың денесінің айналдыру жағына ауытқуы (50 дейін ауытқу);
- Орташа дәрежесі (ҚҚ – II дәрежесі) – денесінің 300 дейін ауытқуы;
-Күшті дәрежесі (ҚҚ – III дәрежесі) – науқастың орындықтан құлауы.
Вегетативті нерв жүйесінің симптомдары:
-I дәрежесі – бетінің бозаруы, тамыр соғысының өзгеруі;
-II дәрежесі – салқын тер, лоқсу;
-III дәрежесі – құсу, есінен тану.
2.8. Самай сүйегінің рентгенограмасын оқу
Самай сүйегін рентгенологиялық зерттеу басқа ЛОР-мүшелерінің рентгенодиагностикасымен салыстырғанда техникалық және әдістемелік тұрғыдан қиын және күрделі. Рентгенография және компьютерлік томография (КТ) жүргізудің көптеген әдістері бар. Самай сүйегінің рентгенографиясында бүйір, қиғаш және аксиальды проекциялар қолданылады. Стенверс (27 сурет), Шюллер (28 сурет) және Майер (29 сурет) тәсілдері оның анатомиялық құрылымы, ортаңғы және ішкі құлақтың элементтері - жасушалық жүйесінің, венозды синустардың және өте ұсақ каналдар мен тесіктердің ерекшеліктерінің нұсқасы туралы түсінік алуға мүмкіндік береді.
27сурет – Стенверс бойынша самай сүйегінің рентгенограммасы:
1 – ішкі есту жолы; 2 – есту сүйекшелері; 3 – емізік тәрізді өсінді жасушалары |
28 сурет - Шюллер бойынша самай сүйегінің рентгенограммасы: 1 - самай-төменгі жақ буыны; 2 – сыртқы есту жолы; 3 – ішкі есту жолы; 4 - антрум; 5 – периантральды ұяшықтар; 6 – емізік тәрізді өсінді ұшының ұяшықтары; 7 – пирамиданың алдыңғы бөлігі
29сурет– Майер бойынша самай сүйегінің рентгенограммасы:
1 – емізік тәрізді өсінді ұяшықтары; 2 - антрум; 3 – есту жолының алдыңғы қабырғасы; 4 - самай-төменгі жақ буыны; 5 – ішкі есту жолы; 6 – лабиринт ядросы; 7 – синустың шекарасы; 8 – емізік тәрізді өсіндінің ұшы.
Бас сүйегі негізінің құрамына кіретін самай сүйегінің анатомиялық орналасуы, оның құрылымының күрделілігі, көлемінің кіші болуы құлақ рентгенографиясы техникасының жоғары дәлділігін талап етеді. Бастың дұрыс орналаспауына байланысты пайда болған проекциялық қателіктер, осы әдістерді оңтайлы қолданғанда есту сүйекшелерінің тізбегіндегі, бет жүйкесінің каналындағы, ішкі есту жолының тесігіндегі, евстахий түтігіндегі, лабиринттегі және т.б. өте ұсақ патологиялық өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді.
Ортаңғы құлақтың жедел және жеделдеу ауруларында самай сүйегінің рентгенограммасында кілегей қабаттың ісінуі және сұйықтықтың болуына байланысты ауалық жасушаларда қараю белгілері анықталады. Мастоидитте емізік тәрізді өсінді ауалық жасушаларда іріңді процестің әсерінен
рентгенограммада остеопороз, жасуша аралық перделердің деструкциясы және субпериостальды абсцестің түзілуіне ықпал етеді.
Ортаңғы құлақтың созылмалы қабынуынан холестеатома түзіледі. Холестеатоманың рентгенограммадағы диаметрінің көлемі бірнеше миллиметрден 4-5 см-ге дейін болады. Оның анықталуы, интенсивтілігі қуыстың көлеміне, орналасуына тәуелді. Эпитимпанумда орналасқан кіші көлемдегі холестеатома рентгенодиагностикада қиындық тудырады. Аттикте (дабыл қуысының жоғары бөлігі) орналасқан кішкентай холестеатомаға күдіктенген кезде 2-3 проекцияда түсірілген самай сүйегінің рентгенографиясы (Шюллер мен Майер бойынша) және жиі томография жасалады.
Созылмалы эпитимпанитте Майер бойынша самай сүйегінің рентгенографиясы және артқы қиғаш проекциядағы томограммада аттиктің латералды қабырғасының кариесі анықталады.
Құлақтың қатерсіз және қатерлі ісіктерінің диагностикасында самай сүйегінің рентгенографиясы аса маңызды рөл атқарады. Қатерлі ісіктер рентгенограммасында остеопороз және үлкен көлемдегі сүйек деструкциясы айқындалады. Тұрмыстық және оқ жарақатында пайда болған самай сүйегінің ұзына бойғы және көлденең сынықтарында рентгенографиялық зерттеулер нақты нәтижелер береді.
Самай сүйектерінің қосымша рентгенологиялық зерттеу әдістеріне ортаңғы құлақ қуысы мен евстахий түтігін контрастау және ішкі құлақты, үзеңгі мен сопақша терезенінің томографиялық зерттеулері жатады.
2.9. Басында кертігі бар құлақ зәйтүніне мақтаны орау
Құлақты сүрту және құрғату үшін жіңішке зәйтүн (ұшында кертігі бар) қолданады. Зәйтүнге мақтаны тығыздап орау керек. Сыртқы есту жолының қабырғасын және дабыл жарғағын зақымдап алмас үшін зәйтүн ұшындағы мақта жұмсақ /үлпілдек/ болу керек. Құлақты тазалау алдында қолды сабынмен жуып, стерилді мақта қолданған жөн.
2.10. Құлақты тазарту
Сыртқы есту жолының жарылған фурункулы, шектелген және жайылған сыртқы отит, жедел және созылмалы іріңді отиттер кезінде сыртқы есту жолында іріңді бөлініс болса құлақ тазартылады. Құлақты тазартқанда сол қолмен құлақ оймышын ұстап, құлақ қалқанын артқа жоғарыға тартады, оң қолмен ұшына мақта оралған зәйтүнді 2,5 см тереңдікке немесе дабыл жарғағына дейін енгізіп, зәйтүнді айналдыра отырып, құлақты тазартады. Құлақты тазартуды мақта құрғақ болғанша жалғастырады.
2.11. Сыртқы және ортаңғы құлақтан жағынды алу
Сыртқы есту жолына және дабыл қуысына стерилді білтені /турунданы/ енгізеді және бөлінді білтеге сіңгенше күтеді. Содан соң білте алынады және стерилді шыны түтікке салынады. Бұл кезде білте шыны түтік қабырғасына тимеуі қажет. Шыны түтік жабылып, зертханаға жіберіледі.
Егер жағынды аз немесе құрғап қалған болса, онда сыртқы есту жолына білтені енгізер алдында физиологиялық ерітіндіге немесе дистиллденген суға малып алады.
2.12. Дәкелі білтені дәрі-дәрмектермен құлаққа енгізу техникасы
Жедел және созылмалы ортаңғы отитте, сыртқы есту жолының ауруларында, фурункулез, диффузды сыртқы отит, экзема кезінде қолданылады.
Сыртқы есту жолын түзету және кеңейту үшін сол қолмен құлақ қалқанын артқа жоғарыға тартады. Ұзындығы 5 см-ден кем емес жұқа дәкені имек пинцетпен ұстап, сыртқы есту жолына 2,5 см тереңдікке жәйлап енгізеді. Пинцетті шығарып, дәкелі білтенің ұшын 1-1,5 см қалдырып, дабыл жарғағына дейін жылжытады. Іріңнің шығуын қиындатпас үшін сыртқы есту жолына білтені тығыз салмайды.
2.13. Құлаққа дәрі тамызу
Құлаққа дәрілерді тамызу пипетка көмегімен жүргізіледі. Балаларға 5-6 тамшы, ересектерге 8-10 тамшы тамызады. Құлақта ірің болса, сыртқы есту жолын іріңнен тазарту қажет. Құлаққа тамшыны дене температурасына дейін жылытып, науқасқа сау құлағымен жатқан қалпында тамызады. Жылыту үшін қарапайым әдістерді қолдануға болады.
Сыртқы есту жолын түзету үшін құлақ қалқанын ересектерде жоғары және артқа, балаларда артқа төмен қарай тартады, кейін сыртқы есту жолының артқы-жоғарғы қабырғасына тамшыны тамызады. Дәрі кейін ақпас үшін науқас 10-15 минут жату қажет, содан соң құлағын стерилді мақтамен сүртеді.
2.14. Құлақты жуу
Созылмалы іріңді ортаңғы отитте дабыл қуысын іріңді бөліністерден тазарту үшін және құлақ құлығын, бөгде денелерді алу мақсатында жуу жүргізіледі. Құрғақ перфорация болса, онда жууға қарсы көрсеткіш.
Құлақты 100 мл құлақ шприцімен немесе резеңке баллон көмегімен жууға болады. Құлақ жылы дезинфекциялық ерітіндімен жуылады. Науқас бүйрек тәрізді ыдысты /лотокты/ мойынның бүйір бетіне тақап, қысып ұстайды.
Сыртқы есту жолын түзету үшін құлақ қалқанын ересектерде сол қолмен артқа және жоғары тартады, оң қолмен шприц немесе баллон ұшын 1 см дейін сыртқы есту тесігіне енгізеді. Сұйықтықтың ағынын асықпай сыртқы есту жолының артқы қабырғасына бағыттап жуады. Жуғаннан кейін, есту жолында қалған сұйықтықты шығару үшін, науқастың басын иығына қарай қисайтады. Құлақтағы антисептикалық ерітінділердің қалдығын зәйтүнге оралған мақта көмегімен құрғатады.