Файл: азастан аумаындаы тас асырына атысты археологиялы ескерткіштерді ашылуы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 353
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Территориясы. Қарлұқ тайпаларынын негізгі мекені - Алтай тауынан Балқаш көліне дейін. VIII ғ. бастап қарлұқтар Жетісуға қоныс аударады. Қарлұқтардың арқасында 751 ж. арабтар Талас бойында түріктермен болған шайқасты жеңеді. Осы кезден бастап қарлұқ тайпалары күшейіп, олардың патшасы өз билігін Алтайда орнатады. 755 ж. қарлұқтар Жетісуда түргештерді женеді. Түргештердің жартысы қарлұқтарға бағынады, ал қалғаны шығысқа таман көшуге мәжбүр болды.VIII-X ғғ. Қарлұқ тайпалары Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдың орта ағысына дейінгі көсіліп жатқан территорияны қоныс етеді. Балқаш пен Ыстықкөл арасы, Шу, Іле, Талас өзендері бойында, Отырарға дейін көшіп жүреді. Олардың билеушісі джабғу, 840 жылдан бастап каған атағын алды. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жер ғана емес, қала орталықтары да болды. Қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған. Олардың ішінде Тараз, Құлан, Мерке, Атлалық, Тұзын, Балық, Барысқан және т.б. Қарлұқ қалалары Ұлы Жібек жолы бойында орналасты.
Этникалық және тайпалық құрамы. Қарлұқ тайпаларының құрылуы мен ертедегі қарлұқ этникалық топтары қалыптасуының алғашғы кезендері Ішкі Азия аумағында түрік және теле (оғыз) тайпаларының қоршауында өтті. Этникалық үрдістің одан кейінгі даму кезеңі үш тайпалы қарлұқ конфедерациясының құрылуымен байланысты болды, ол кейіннен сан және сапа жағынан Жетісу шегінде қарлұқ халқыньщ қалыптасу сатысына ұласты. Алайда орта ғасырлар дәуірінде бұл үрдіс аяқталған жоқ.
20 20. Сырдария бойындағы жабғу мемлекеті.
Оғыз Жабғу мемлекеті (766 жыл – 1055 жыл) — ЫХ ғасырдың ортасында Сырдарияның орта және төменгі ағысында, сонымен қатар Батыс Қазақстанды да қосып алатын территориясында оғыз тайпаларының саяси бірлестігі құрылды. «Оғыз» деген терминнің этимологиясы әлі де анықталмаған. Алайда "оғыз" сөзінің пайда болуы туралы әр түрлі пікірлер жоқ емес. Кейбір ғалымдар "уыз" сөзінен шықты десе, екінші біреулері "садақтың оғы" деген сөзден пайда болған дейді. Ал үшінші бір ғалымдар "өгіз" деген тотемдік сөзден пайда болды деп дәлелдеуге тырысады. Махмуд Қашқари, әл-Марвази еңбектерінде, оғыздарға жататын руларды атап кеткен: қынық, баят, язғыр, имур, қарабулақ, тутырка, т.б. Оғыздар 2 экзогамды фрактриядан құрылған.
Оғыз мемлекетінің құрылуы. Оғыз тайпасының бастапқы мекендеген аумағы Жетісудың батысы болды. Түркештер мұрасы үшін болған қарлұқ пен оғыз тайпаларының арасындағы күрес нәтижесінде Жетісуда билікке қарлұқтар келіп (756 жылы), оғыз тайпалары батысқа Сырдарияға қарай қоныс аударды. Бұл кезде Сырдарияның орта, төменгі ағыстары мен Арал теңізі аралығында араб деректеріндегі Сырдарияның Кангар атауымен аталған кангар тайпалары мекендеген еді.
Этникалық және тайпалық құрамы.
Ертедегі оғыз тобының орныға бастауы Батыс Жетісумен байланысты. Оғыздардың тарихи аңыздары да осы пікірді қуаттайды, оларда оғыздардың алғашқы ата-бабаларының бірінін Ыстықкөл маңында болғаны айтылады. Бұл арада жетісулық (ежелгі оғыздық) рулық-тайпалық бөліністер еске алынып отырса керек, олар кейін калыптасқан оғыз тайпалар одағына кірген болатын. Атақты Оғыз ханның Таластан Еділге дейінгі аралықтағы жерлерді жаулап алғаны туралы тарихи аңыздарда, онын әскерлерінде өздерін «октуғра-оғызбыз» деп атайтын бірнеше мың үйдің болғаны айтылады90. Бұл атаудағы «оқ» деген термин назар аудартады, ол «жебе», «ру», «тайпа» деген ұғымдарды білдірген. Айтарлықтай бір жай сол, неғұрлым кейінгі кезде жебе белгісі ұшұктардың — оғыз әскерінің сол қанатына жататын бір фратрияның эмблемасы болды.
Шаруашылығы.
• Жартылай көшпелі, жартылай отырықшы мал шаруашылығы
• Егін шаруашылығы
• Кәсіпшілік пен қолөнер
Астанасы: Жанкент
Ірі қалалары: Жент, Сығанақ
Тіл(дер)і: Оғыз тілі
Діні: Тәңіршілдік,
кейін оғыз тайпалары исламды қабылдады.
Аумағы: 1,000,000км²
Халқы: Оғыздар, Қимақтар, Құмандар, Бұлғарлар, Хазарлар, Қыпшақтар, Қарлұқтар
21. Қимақтардың мемлекеттік құрылымындағы ежелгі түркі әлеуметтік-саяси дәстүрлерінің сабақтастығы.
Қимақ (Кимек) қағанаты - Шығыс және Орталық Қазақстанда ЫХ ғасырдың ақыры – ХЫ ғасырдың басында болған ертедегі мемлекет.Мемлекеттің орталығы Ертістің орта алабында болған. Қимақтар ВЫЫ ғасырда Алтайдың солтүстігіне, Ертіс жағалауына орналасып, Батыс Түркі қағанатының құрамына кірген. Олардың батыс шекарасы Оңтүстік Оралдың шығыс бөлігі мен Арал жағалауларына дейін жетті. Х ғасырдың ортасында қимақтар шығыстан батысқа қарай ойысты. Олар Оңтүстік Орал тауының оңтүстік және оңтүстік-батыс бөктерінде, Каспий жағалауында көшіп-қонып жүрді. Х ғасырдың ақырында қимақтардың бір тобы Сырдария жағалауына қарай жылжып, Түркістанның мұсылман облыстарымен араласты. Махмұт Қашқаридың имақтар (қимақтар) туралы деректері осы уақытқа саяды. «Диуани лұғат ат-түркте» берілген картада имақтар өздері бір тұтас топ болып тұрған Ертістің жағалауындағы жерлерде ғана көрсетілген.
Қимақ қоғамының тайпадан мемлекеттік құрылымға дейінгі әлеуметтік және саяси даму дәрежесіне қарай оның басшыларының атақтары да билік сатысының бойымен төменгі басқыштан (шад-түтік) жоғары басқышқа (қаған) қарай біртіндеп көтерілгенін байқаймыз. Салыстырмалы түрде алғанда көне түріктердің ақсүйектеріне мынадай: шад, ябғу (ұлы шад), кіші қаған, ұлы қаған атақтары тән болған. Қаған өз мемлекетінің аумағы шегінде тайпа, ақсүйектерінің өкілдері арасынан таңдай отырып, билеушілерді (үлес иелерін) тағайындай алатын. Билікті мұрагерлік жолмен беру институты қаған отбасы мен хан әулетінің ішінде ғана емес, тайпа, ақсүйектерінде-де байқалды. Мәселен, қимақ қағанының 11 басқарушысының үлестері осы басқарушылардың балаларына мұрагерлік жолымен беріліп отырды.
Этникалық және тайпалық құрамы. Деректемелерде қимақтардың этникалық және тілі жағынан түріктерге жататындығына тікелей еш күмән келтірілмейді. Керісінше, олар туралы жазғандардың бәрі қимақтардың бір ауыздан негізгі түрік тайпаларының қатарына жатқызған.
Жазуы. Қимақтарда жазу болған деп топшылауға дәлел бар. Мұны Әбу Дулафтың мына сөзінен көреміз: «Оларда қамыс өседі, бұл қамыспен олар жазады». Тегі қимақтар қамыс қаламмен жазып, мұнда ежелгі түрік әліппесін пайдаланған болуы керек. Мұны Ертіс бойынан, Тарбағатай тауларынан табылған заттар — мезгілі ЫХ—Х ғасырларға қатысты түрік жазулары бар қола айналар да көрсетеді.
Шаруашылығы. Қимақтар, негізінен, мал шаруашылығымен айналысты. Олар мұнымен қатар егіншілікпен де шұғылданды, балық, аң аулады, тайғалық аймақтарда қымбат аң терілерін дайындады. Қимақтар арасында қолөнері де дамыды, мата тоқып, киім тікті, металл бұйымдар шығарды, темір, күміс, алтын өндіріп, металл құйды.
22. Ортағасырлық Қазақстан аумағындағы Қараханидтер.
Қарахан мемлекеті (942–1212) — Орталық Азиядағы ортағасырлық мемлекет.
Қарахан қағанаты Шығыс Түркістан, Жетісу, Сырдария, Талас, Шу өңірін құтты қоныс етті. Оның құрылуы 940 жылдан басталады. Қағанаттың орталық астанасы Шу өзені бойындағы Баласағұн, кейінірек Ордакент (Тараз) қаласы. Қарахан мемлекеті Үзген, Мерке, Құлан сияқты қалаларында ірі алыпсатар алпауыттар мен қолөнершілер мекендеген.
Қарахан әулетінің негізін салушы Сатұқ Боғрахан (915–955жж.) болып есептелінеді. Ол Қарлұқ хандығының іргесін көтеріп, мәртебесін асырушылардың бірі – Білге құл Қадыр ханның немересі. Сатұқ Тараз және Қашғар қалаларын өзіне қаратып, 942 жылы Баласағұндағы билеушіні құлатып, өзін жоғары қаған деп жариялайды
Астанасы:
Баласағұн (940–1130)
Қашқар (940–1042; 1130–1211)
Самарқанд (1040–1212)
Өзген (1141–1212)
Тіл(дер)і:
парсы тілі
қараханид тілі
Діні: тәңіршілдік, 960 жылдан бастап суннит Ислам
Аумағы: 3 000 000 км²
Халқы: иран халықтары, қара-моңғолдар, түркі тайпалары, соның ішінен көбінесе қарлұқтар
Династиясы: Қарахандықтар
Қаған: 840–893Білге Күл Қадыр-хан (тұңғышы) - 1205–1212Мұхаммед, Боғра хан (соңғысы)
Х ғасырдың орта шенінде Жетісу мен Шығыс Түркістан аймағында Қарахан мемлекеті құрылды. Орталығы Баласағұн қаласы болды. Қарахан әулетінің негізін салушы-Сатұқ Боғра хан. Боғра хан елді түрік кезеңінде басқарды. Қарахандар әулеті Яғма тайпасының өкілдерінен болды. Қарахан мемлекетінің этникалық құрамына жікіл, яғма, қарлұқ, оғыз, қаңлы, үйсін, сияқты түрік тілдес тайпалар кірген. Қарахан мемлекетінің құрылуын тездеткен жағдайлардың бірі - қарлұқ қағанатының ыдырауы болатын. Қарахан мемлекетінде жер иеленуді “Иқта”, ал иеленушілерді “иқтадар” (парсы сөзі) деп атаған. Арабша жерді иеленушілерді “муқта” деп атаған. ХІ ғасырдың 30-жылдарында Қара-хандықтар мемлекеті шығыс және батыс бөліктерге бөлінді. Батыс бөлікке-Мауреннахр, Ходжент жерлері кірді. Астанасы Бұхара қаласы болды. (кейін Самарқантқа ауысты). Шығыс бөлікке Жетісу, Шығыс Түркістан жерлері, Тараз, Испиджаб, Шаш қалалары кірді. Орталығы Баласағұн, кейіннен Қашғар қаласы болды.
Қарахан мемлекетінің негізі үлесті жүйеде қаланып, билік екі тайпалық топ – жігіл және яғма ақсүйектері арасында бөлініп, мемлекет Шығыс және Батыс деген екі иеліктен (хандықтан) тұрды. Оларды өз қағандары басқарды.
23.Қыпшақтардың шығу тегі мен этникалық тарихы
Қыпшақтардың шығу тегі
«Қыпшық» сөзінің шығуы жайында əр алуан жорамал, аңыздар бар. Ал этнонимнің қалыптасу төркінін дəл анықтаудың тақырыпқа берері көп. Оны жаңа қырынан ашып, бар болмысымен жарқырауына жол ашады.
Кезінде араб, еуропа саяхатшылары «қыбчақ», «қыпшақ» деп жазғанымен, ол сөздің байыбына бармаған.
«Қыпшақ» сөзінің этимологиясына əлсіз меңзеу алғаш рет «Оғыз-намеге» түскен. Оғыз туралы аңыз б.ж.д. мыңжылдықтарға иек артатын өте көне аңыз. Ал бізге жеткен «Оғыз-наме», нұсқасы — оқиғалық желісі, тайпалық құрылымы, жəдігерліктің тілдік ерекшелігіне қарағанда X ғасырда қайта құрастырылған нұсқасы деп шамалауымызға болады. Яки қыпшақ қауымы айдай əлемге белгілі болған кезде хатталған. «Оғыз-наме» қыпшақ есімін ағашпен байланыстырған..
Қыпшақтар туралы екінші жазба дерек Рашид-ад-Диннің «Джами ат-Тауарихында» кезігеді. Кітап 1300–1311 жылдар аралығында түзілген. Онда қыпшақтардың шығу тегіне меңзейтін екі дерек
бар. Бірінде қыпшақ атты ұлдың өзеннен ағаш салмен өтіп жатқанда туғаны баяндалады да, Репозиторий КарГУ екіншісінде Итбарақ еліне сəтсіз шабуылдан қайтып оралар жолда қыпшақты ағаштың қуысынан тауып алған. Шежіреде «қыпшақ» сөзіне төмендегідей түсінік берілген.
Этникалық тарихы
XI ғасырдың бірінші жартысынан XIII ғасырдың басына дейін қыпшақ этникалық қауымдастығының қалыптасуы дамудың сапалық жаңа кезеңіне аяқ басады, мұның өзі ең алдымен олардың жерінде - Шығыс Дешті Қыпшақта қыпшақ хандары күш-қуатының артуына байланысты еді, ал олардың билігін өз мемлекеті шеңберінде күшті әулеттік елбөрілі руы зандастырды.
XI ғасырдың орта шенінде қыпшақ жөне куман тайпалары батысқа қарай қозғала бастады. XI ғасырдың екінші жартысында оңтүстік орыс далалары шегінде болған саяси және этнографиялық өзгерістерді парсы тарихшысы Хамдаллах Казвини атап өткен, оның мәліметтері бойынша, Дешті Қыпшақ деген Дешті Хазардың нақ өзі. X ғасырда оңтүстік орыс далалары Дешті Хазар ретінде белгілі болған. Кумандар 1055 жылдан бастап ертедегі орыс жылнамаларында айнытпай аударылған «половец»