Файл: азастан аумаындаы тас асырына атысты археологиялы ескерткіштерді ашылуы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 358

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

28 сұрақ

Шыңғысханның Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алуы 

 

Шыңғысханның негізгі мақсаты батыс елдерін Орта Азия мен иранды Таяу шығыс  пен кавказды Шығыс европаны басып алу болды. Батыста Монголдар  1211 жылы алғаш рет Жетісу жеріне келгенімен ұзақ тұрақтай алмады.бұл жылы монгол әскерін Жетісуға Шыңғыс ханның қолбасшыларының бәрі Құбылай бастап келген болатын. 1216 жылыШыңғыс ханөзінің үлкен ұлы Жошыны қыпшақ даласында көшіп қонып жүрген меркіттерді біржолаға талқандауға аттандырды. Жошы Торғайдаласында қыпшақтарға қарсы 60 мың әскерімен жорыққа шыққан хорезмшах Мұхаммедтің қолымен кездесіп қалды. Екі жақкүні бойы шайқасты ал түнде монголдар жаққан оттарын қалдырған күйі кері шегініп кетті.

Монголдардың батысқа қарай жылжуы 1218 жылықайта басталды. Осы жылы қаңлы найман және керей тайпалары жайлаған жетісу жеріне алғашқы соққы берілді.Бұл кезде Жетісуды наймандардың Күшлік ханыбилеп тұрған еді.Оған қарсы Шыңғысхан өзініңтаңдаулы қолбасшыларының бірі жебені жіберді. Монголдар жергілікті халыққа ислам дінін жария түрдеұстауға рұқсат етіп Күшліктің мұсылмандарды қудалауына байланысты халықтың наразылығын тиімді пайдаланды. Сонымен қатар Жетісу халқын өз жағына тартуүшін Шыңғыс ханбұл өлкеде тонаушылық пен қырғынға тиым салды. Көптеген елді мекендер соның ішінде Баласағұн қаласы ұрыссыз берілді. Ал күшлікті монголдар Бадахшанда ұстап өлтірді. 

Шығыс Түркістан мен Жетісудыбасып алғаннанкейн монголдарга Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Бұл өңірге басып кіруге «Отырар апаты» деп аталатын оқиға сылтауболды. 1218 жылы жазда Шыңғысханның тапсырмасымен құрамында көпестері мен монгол барлаушылары бар барлыгы 450 адамнан тұратын 500 түйеге теңделген жүгі бар керуен Отырарға аттанды. Отырар билеушісі Қайыр  хан көпестері жансыздар деп күдіктеніп оларды өлтіруге бұйырады.керуен тоналады. Бұған шамданған Шыңғысхан оның қарымтасы ретінде хорезмшах Мұхамедтен қайыр ханды  ұстап беруді талап етіп елшілерін жібереді.ал хорезмшахтың келген елшілерді өлтіруі соғысқа сылтау болды.

Шыңғысхан Орта Азияны бағындыруға өз вассалдарының жасақтарымен қоса жалпы саны 150 мың адамы бар  қалың қол жіберілді. Әскери жорық 1219 жылы қыркүйекте Ертіс жағалауынан басталды. Отырар қаласы қоршауға алынды.     

29 сұрақ

Алтын орданың Еуразиясы империясы ретінде құрылуы


1227 ж. Шыңғысхан қайтыс болды. Ол өлгеннен кейін1235 ж. Қарақорымда өткен монғол ақсүйектерініңқұрылтай жиналысы Шығыс Еуропаға жаңа жорықжасауға шешім қабылдады. Монғол әскерлерінШыңғысханның мұрагер немересі, Жошының екінші ұлыБату басқаратын болды. Бату әскері 1236 жылы Камадағыбұлғарларды, мордваларды талқандап, 1237 ж. орысмекендеріне келіп шүйлікті. Рязань, Мәскеу, Владимир түбінде монғол әскерлерімен кескілескен ұрыстар жүрді. 1239 ж. басында монғол әскерлері Еділ өзенінің ту сыртынан орыс жеріне екінші жорыққа аттанды. Қызуұрыстар жүргізе отырып, монғолдар Перяславльқаласын, онан кейін Чернигов қаласын алып, оны өртепкүлге айналдырды. 1240 ж. күзінде Бату Киевтіталқандады, олар Польша, Венгрия, Чехияны және басқада елдерді басып алды. Батудың екпінді жорығыбарысында монғолдар кең байтақ жерге ие болды. Оныңшегі батыста - Днестрге, шығыста - Ертіске, Солтүстікте- Батыс Сібір ойпатына, Оңтүстікте - Солтүстік Кавказғадейін жетті. Бату иеліктерінің құрамына оңтүстік-шығыста Солтүстік Хорезм мен Сырдарияның төменгіжағындағы жерлер енді. Оңтүстік орыс княздіктері де Батуға тәуелді болды. Осындай аса зор мемлекет шығысдеректемелерінде Көк Орда, ал орыс жылнамаларындаАлтын Орда деп аталды. Астанасы алғашындаЕділ бойындағы Сарай Батуда болса, Кейін Сарай Беркегекөшірілді. Алғашында Алтын Орда деген ұғым болмаған. Бұл атау орыс деректерінде тек XVI ғ. аяғында пайдаболған. Өтеміс қажының «Шыңғыснама» шежіресіндебұл туралы аңыз бар. Территориялық аймағы – Шығыс Дешті Қыпшақ яғни Обь пен Ертістің жоғарғы жағынан, Еділ мен Амударияның төменгі бойларына дейінгі жері, Хорезм мен Батыс Сібірдің бір бөлігі, жаңадан жаулапалынған жерлер енді. Бату -1243-1255 жж., Берке -1257-1266 жж., Мөңке-Темір -1266-1280 жж., Төле Мөңке- 1280-1287 жж., Төле-Бұқа -1287-1291 жж., Тоқа-Темір-1291-1312 жж., Өзбек 1312-1342 жж., Жәнібек- 1342-1357 жж., тұсында қуатты кемеліне келіп, билігімейлінше күшейе түсті. Егер Жошы мен Бату Монғолиядағы ұлы ханға белгілі бір дәрежедебағынышты болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандарыөздерін тәуелсізбіз деп есептеді. Ол БатысЕуропамен, Мысырмен, Кіші
Азиямен, Үндістанмен, Қытаймен сауда-саттық жүргізді, әр түрлі кәсіпшілікпен айналысып, қолөнерді дамытты. Беркенің кезінде Алтын Орда мен Египет сұлтаныБейбарыс арасында байланыс күшейе түсті. 1262 ж. Бейбарыс Алтын Орда ханы Беркемен өзара достыққарым қатынас орнату үшін өз елшісін жіберді. Мұнанкейін екі ел арасында әскери, сауда, діни, мәденибайланыстар орнады. Берке хан тұсында Алтын Ордағаене бастаған ислам діні кейін Өзбек хан тұсында үстемдінге айналды. 1312ж. Өзбек хан исламды Алтын Орданың мемлекеттік діні деп жариялады. Алтын Орданың гүлденген мезгілі осы Өзбек хан (1312-1342жж.) мен оның баласы Жәнібек ханның (1342-1357жж.) билік еткен тұстары болды. Өзбек хан қалаларда медресе салдырып, мұсылмен дінініңтаралуына септігін тигізді.  


 30 сұрақ

Ақ Орда - феодалдық мемлекет жылы Дешті Қыпшақ аумағында болған XIII ғасырдың ортасы- XV ғасырдың бірінші үштен бірі. Ақ Орда территориясы Алтын Ордаға тәуелділігі әлсірегендіктен бірте-бірте қалыптасты. Ақ Орда кіреді Шығыс шет Жушы ұлысы (сол қанат), Жетісудан, Жайық өзенінің шығысында және Арал теңізінің солтүстігінде және Сырдариядан басқа қазіргі Қазақстанның кең-байтақ аумағын қамтиды. Ақ Орданы Бату хан мен оның мұрагерлері басқарды. Батудың үлкен інісі Орда-Ежен әкесі Жошы-Көк Орданың Ертістің жоғарғы ағысында Алакөл көлінің маңында орналасқан резиденциясын алды. XIV ғасырдағы Ақ Орданың астанасы. Сығнақ қаласы болды.

Ақ Орданы түркі тілдес тайпалар мекендеген. Бұл аумақта қыпшақтармен қатар наймандар, үйсіндер, қарлықтар, керейттер, қоңыраттар, маңғыттар, арғындар, т.б.

Ақ Орданың бірінші ханы Сасы-Бұқаның сұлтаны болды, ол қайтыс болғаннан кейін оның ұлы Ерзен хан болды. Олармен бірге саяси тарих Ақ Орда Шығыс Дешті Қыпшақ территориясын Алтын Орда билігінен азат ету жолындағы күреспен сипатталады. XIV ғасырдың екінші жартысы мен XV ғасырдың бірінші жартысында. Ақ Орда хандары күшті көршілерімен соғысуға мәжбүр болды.

Моғолстан. 50-жылдардың аяғында. 14 ғасыр Шағатай ұлысы батыс және шығыс бөліктерге бөлініп, тәуелсіз мемлекеттерге айналды. Шығыс бөлігі Моғолстан деп аталды. Моғолстанға Шығыс Түркістанның бір бөлігі кірді. Айта кету керек, Моғолстанның шекарасы тұрақты болған жоқ. Шығыс Түркістан не Тимуридтер мемлекетінің құрамында болды, не қайтадан Моғолстан билеушілерінің қол астына өтті. Мырза Мұхаммед Хайдардың «Тарих-и Рашиди» кітабында Моғолстанның шекарасы былай болған: «Шығыс шеттері қалмақтардың жерімен шектеседі... Солтүстікте оның шекарасы Көкше-Тәңір (Балқаш), Бум және Қаратал бойымен өтеді. ; батыста Моғолстан Түркістан және Ташкентпен шектеседі; оңтүстігінде Ферғана, Қашқар, Ақсу, Чалыш, Тұрфан вилаяттарымен.

Моғолстан экономикасының негізі және халқының негізгі кәсібі көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы және жартылай отырықшы егіншілік болды.

Моғолстан жергілікті түркі және түріктенген моңғол тайпаларының мемлекеттік-саяси бірлестігі болды, олар жергілікті халықпен қосылып, этносаяси қауымдастық – «моғолдар» («моғол») құрады.Оларға дулат, барлас, бұлғағи, т.б. .

Ақ Орда 14 ғасырдың екінші ширегінен бастап Алтын Ордадан біржолата бөліне бастады. 14 ғасырдың екінші жартысынан бастап Алтын Ордада аласапыран төңкеріс басталды. 60-жылдары Сарай қаласында бір жылдың ішінде 4 хан ауысқан. Осы тартысты пайдаланған Ұрұс хан билікті қолына алып, мемлекетті нығайтты. Әмір Темір Тоқтамысты пайдаланып, Ақ Орда мен Алтын Орданы басып алуға тырысады. Ұрұс хан мен баласы Тоқтақия қайтыс болғаннан кейін Әмір Темір Тоқтамысты Ақ Орда тағына отырғызды. 1395 жылы Әмір Темір Тоқтамыстың орнына Ақ Орда тағына Қойыршақ оғланды (Ұрұстың баласы) хан етіп қойды.



Ақ Орда ханы Барақ Сырдария бойындағы қалаларды қайтару үшін әрекеттер жасады. Әбілхайыр Шайбани Ақ Орданың біраз жерін жаулап алып, өз хандығын құрды. Ал Ұрұс хан ұрпақтары 15 ғасырда Ақ Орда жерінде Қазақ мемлекетін құрды.

Ақ Орданың құрылуы.

Алтын Орда саяси дербестік алған бірнеше хандықтарға бөліне бастаған уақытта Қазақстан жерінде Ақ Орда деп аталатын жаңа мемлекет пайда болды. Ақ Орда – Қазақстан аумағында монғолдардан кейінгі құрылған алғашқы мемлекет. Орталығы – Сырдария өзенінің орта ағысы бойына орналасқан Сығанақ қаласы болды. 

 Жер аумағы.

1242 ж. Батый ханның Еуропаға жасаған 7 жылдық жаулап алу жорықтарына қатысып, монғол күштерінің сол қанатын басқарған Орда Ежен Алтын Орда мемлекетінің шығыс бөлігін Алтай таулары мен Ертіс, Жайық өзендерін, Балқаш көлін, Сырдария алқабы мен Арал теңізінің солтүстігіне дейінгі ұлан байтақ өңірді өз үлесіне алды. 

Этникалық құрамы.

Ақ Орданың этникалық негізі бірыңғай еді. Оны құраған халық сол өңірде ежелден тұрып келе жатқан қыпшақтар, қоңырат, арғын, алшын, қаңлы, керей, үйсін, найман тайпалары.

Ішкі-сыртқы саяси жағдайы.

Батыс, Түрік, Түркеш, Қимақ, Қыпшақ дәуірінен басталған қазақ халқының өз алдына халық болып қалыптасуы осы Ақ Орда дәуірінде үздіксіз дамыды. Монғол шапқыншылығы аса ауыр зардаптар әкелгенімен халықтың дамуын тоқтатқан жоқ. Қайта қазақ тайпаларының бытыраңқылығын, өзара қырқысын толассыз қан төгісті жойып, оларды бір мемлекет Ақ Орданың қоластына топтастырды. Ақ Орда 240 жыл өмір сүрді.

 XIV ғасырдың екінші жартысы.

Алтын Ордада аласапыран төңкеріс басталады. 60 жж. өзінде мемлекет астанасы Сарайда бір жыл ішінде 4 хан ауысады. Талас-тартысты пайдаланған Ұрұс хан Ақ Орда билігін өз қолына алады.

Ерзен хан тұсында Ақ Орданың қалалық мәдениеті дами түсті. Отырар, Сауран, Жент, Баршыкент сияқты қалаларда мешіт, медреселер салдырып, Сығанақ қаласын Орта Азия мен Шығыс Дешті қыпшақтың арасындағы басты сауда орталығына айналды.

Шаруашылығы.

Сығанақ қаласы тұрғындары жер диқаншылықпен, жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Көшпелі және жартылай көшпелі мал өсіруде Алтай, Ұлытау, Орал тауларының бөктерлері жазғы жайылым ретінде пайдаланылды.

31 сұрақ

Моғолстан атауы моңғол деген сөздің түркішепарсыша атауы болып табылады.

1415 ғғ. Моғолстан құрамына Түркістан, оңтүстік-шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір аумақтары кірді. Оған кіретін тайпалар: 
дұғлаттарқаңлыларкерейттерарғындарбарластар кірді. Орталығы — Алмалық қаласы.

Бұрынғы Шағатай ұлысының жерін толық билеуді көздеген Тоғылық Темір Мәуереннахрды Шыңғыс әулеті Денішмендінің атынан билеп отырған Қазағанның көзін құртуды, сол арқылы бұл өңірді Моғолстанға қосып алуды ойлады. Сөйтіп, ол 1358 ж. Қазаған әмірді өлтіртті. Бір жылдан кейін Қазағанның мұрагері Абдолла да қаза болды. Осыдан кейін Мәуереннахр тәуелсіз ұлыстарға бөлінді. Оны пайдалану үшін Тоғлық Темір жанталасты.

Ал Осы кезде Ақсақ Темір өзінің шағын әскерімен Кеш қаласының әміріне қызмет етіп жүрді. Тоғылық әскерлері Кешті алады. Темір Тоғылық Темірге қызметке кіреді.

1361 ж. Мәуереннахрға екінші рет шабуылға аттанып, оны бағындырған Тоғылық темір баласы Ілияс қожаны оған билеуші етіп қалдырды. Бұл жолы ол Темірді Кеш қаласының бастығы етіп тағайындады.

1362 ж. Тоғылық Темір қаза тауып, Моғолстанда билік Ілияс қожаға көшкенде Мәуереннахрға билеуші болып Қазағанның немересі Хұсайн тағайындалды. Ақсақ Темір онымен бірге Моғолстанға қарсы шығып, Мәуереннахрды өздерінің қол астына біріктіруге кірісті. Ақсақ Темір мен Хұсайн Моғолстан әскерлерін талқандады.

Енді Хұсайн мен Ақсақ Темір арасында билік үшін күрес басталды. Осындай шайқастардың бірінде Темір Балқықаласында Хұсайнды өлтіріп, Мәуереннахрға ие болды.

14 ғ. ортасына қарай Шағатай ұлысы ыдырап, Шағатай ұлысының шығыс бөлігі – Оңтүстік-шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағында Моғолстан мемлекеті құрылады. Ал ұлыстың келесі бөлігі – Мауараннахрдың батысында Әмір Темір мемлекеті құрылған. Моғолстан аталу себебі, Шығыс деректерінде «моңғол» сөзіндегі «н» әрпі түсіп қалып, «моғол» немесе «моғолстан» сөзі қалыптасып кеткен.

Мемлекетті кезінде Шағатай ханға адал қызмет еткен дулат тайпасының әмірі Поладшы басқарған. Әмір Поладшы бастаған дулат ақсүйектері Поладшының хан болуға құқығы болмағандықтан, өздерін таңдайтын, Шағатай ұрпағы Дува ханның немересі, он алты жасар Тоғылық-Темірді 1348 жылы Моғолстан ханы етіп сайлайды. Ал негізгі саяси билік осы Әмір Поладшының қолында болған. Әмір Поладшы Моғолстанды Мауараннахрдан біржола бөліп алып, тәуелсіз, жеке хандық құруға бар күшін салды. Дулат тайпасы шонжарларының жаңа құрылған бұл өкіметте беделдері бұрынғыдан да күшейген. Жалпы, дулаттардың беделі Шағатай ханның кезінен белгілі. Атақшы тарихшы Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша, Шағатай хан өз мемлекетін үлестерге бөлгенде, өзіне адал қызмет еткен дулат әмірі Поладшыға Маңлай-Сүбе жерін берген. Маңлай-Сүбе Шығыс Түркістаннан Ферғанаға дейінгі кең-байтақ жерді алып жатқан. Осы аумақта Шағатай кезінен бері өз биліктерін жүргізіп келген дулат тайпасының өкілдері Моғолстан хандығының құрылуына да белсене араласқан.


«Тарих-и Рашиди» еңбегінде былай деп көрсетілген: «… қазіргі Моғолстан деп аталатын аумақтың ұзындығы мен көлденеңі 7-8 айшылық жол. Шығыс шеті (Моғолстанның) қалмақтардың жерімен шектеседі және Барыскөл, Емел және Ертісті өзіне қосады. Солтүстігінде оның шекарасы Көкшетеңіз (Балқаш), Түркістанмен және Ташкентпен шектеседі, оңтүстігінде Ферғана уәлаятымен, Қашғар, Ақсу, Шалыш және Тұрфанмен шектеседі». Моғол мемлекетіне қазақстанның Оңтүстік және Жетісу аймақтары жа кірген.

Моғол хандығының тағына негізінен Шығыс тұқымдары мен моңғол ақсүйектері отырған. Әрине, моңғол шапқыншылығы кезінде келген арлат, чорас, калучи сияқты тайпалар алғашқы кезінде өздерінің басымдылығын көрсеткенмен, уақыт өткен сайын жергілікті түркі тілдес тайпалар басымдылық алып, моңғолдарды өздеріне сіңіре бастаған. Ал қалғандары Шығыс Түркістанға, ұйғырларға қоныс аударып, соларға араласып, өздерінің моңғол атынан мүлдем айырылған.

Жоғарыда көрсетілгендей, Жетісу аймағы Моғолстанның солтүстік-шығыс жағын алып жатты. Ал бұл аймақтағы түркі тілдес үйсін, қаңлы тайпаларының біздің дәуірімізге дейінгі III – II ғасырлардан өмір сүріп келе жатқандығын білесіңдер. Одан кейін V-VI ғасырларда да бұл аймаққа түркі тілдес тайпалар келіп қоныстанды. Сондықтан да орта ғасырдан дамыған кезінде құрылған Моғолстанның негізгі халқы түркі тілдес тайпалар: дулат, қаңлы, үйсін, арғын, баарын, барлас, бұлғашы, т.б. ертеден осы өңірде өмір сүрген тайпалар еді. Бұлардың қатарында осы жергілікті халықтармен араласып, түркіленіп кеткен моңғол тайпалары да болды. Мемлекеттің ұлттық құрамы онда қазіргі қазақ халқының негізін құрап отырған ру-тайпалардың басым болғанын, сөйтіп бұл мемлекеттің қазақ халқының мемлекеттілігінің бастауында тұрған елдердің бірі екендігін көрсетеді.

32 сұрақ

16ғаяғында Әмір Темір Моғолстан жеріне бас көтертпей, дүркін-дүркін жорықтар жасайды. Алғашқы жорығы 1371-1372 жылдары болған. Бұл жорықта Алмалық қаласынадейін жетеді, бірақ қалаға кірмейді. Жол бойындағы елдімекендерді тонап, халықтың мал-мүлкін талан-таражғаұшыратып, көптеген тұтқын алып қайтады. Екінші жорықта1375-1377 жылдары оңтүстік Қазақстан арқылы жүріп, жетісудің Шарын өзеніне дейін жетеді. Моғол ұлысыныңбасшысы Қамар ад-динмен шайқасып, оны жеңеді. Қамарад-дин Шығыс Түркістанға, Үш Тұрфанға қарай қашыпқұтылады. Әмір Темір Моғолстанға 1380-1390 жылдары да бірнеше рет жорық жасаған. Бұл жолғы жорықтыңжойқындығы соншалықты, Әмір Темір өзінің балаларыныңқолындағы әскерлермен қосқанда 120 мың адаммен атанған.