Файл: Жауаптары Алашы адамдарды ксібі.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 317

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

кірген облыстарды карта бойынша белгілеңіз және бұл реформалардың зардаптарын анықтаңыз.

1867ж. 11-шілде «Жетісу, Сырдария облыстарын басқару туралы Уақытша ереже», 1868ж.21-қазан «Торғай, Орал, Ақмола ,Семей облыстарын басқару туралы «Уақытша ереже» бекітілді. «Уақытша ережелер» бойынша Қазақстан жері үш генерал-губернаторлыққа бағындырылды. Олар- Батыс-Сібір (орталығы – Омбы қаласы), Орынбор (орталығы- Орынбор қаласы), Түркістан (орталығы – Ташкент қаласы) генерал-губернаторлықтары. Батыс-Сібір генерал- губернаторлығына - Ақмола, Семей облыстары, Орынбор генерал- губернаторлығына - Орал, Торғай облыстары, Түркістан генерал- губернаторлығына – Жетісу, Сырдария облыстары кірді. 1870ж. Маңғыстау приставтығы -Кавказ әскери округына, ал 1872ж. Бөкей ордасы- Астрахан губерниясына қарады. Зардаптары: 1867-1868жж. ережелер бойынша бүкіл қазақ жерін қамтитын реформалар (аумақтық, басқару, сот, салық) арқылы қазақ халқын саяси тәуелсіздіктен толық айырып, отарға айналдырды. Қазақтарды метрополиядан бөлек арнайы даярланған заңдар бойынша (1867, 1868) басқарды. Бұл заңдар қазақтарды ең негізгі құқықтарынан айырды, біртіндеп орыс тіліне, христиан дініне, салт- дәстүріне көшуге мәжбүрледі. Қазақ қоғамындағы барлық сословиелер (сұлтан, қожа, би т.б.) село тұрғындарына теңестірілді. Қазақ ауылында мешіт салу үшін генерал-губернатордың рұқсаты керек болса, шіркеулер тұрғызуға мемлекеттің өзі мүдделілік танытып,қолдау көрсетіп отырды.
1. Патша үкіметі қазақтардың дәстүрлі қоғамын күйретті. Болыстар мен уездерді құру кезінде рулық ерекшеліктер ескерілмеді.

2. Қазақ даласын билеуге жіберілген генерал-губернаторларды патшаның өзі бекітті және ол шексіз билікті иеленді. Қазақтар оларды

«жарым патша» деп атады. Сұлтан тобын басқару жүйесінің орта және жоғарғы буынынан толық ығыстырып шығару қазақ халқын құқық атаулыдан жұрдай тобырға айналдырды. Қазақтарға болыс, ауыл старшыны сияқты ең төменгі қызметтер тиді. Олардың уезд бастығы, әскери губернатор, генерал-губернатор сияқты жоғары лауазымды әкімшілік қызметтерге барар жолы заң жүзінде біржола жабылды. Төменгі биліктегі болыстардың сайланып қойылуы Қазақстанның бүкіл аумағын руаралық кескілескен қақтығыстар сахнасына айналдырып жіберді. Сайлауда дауысты сатып алу кең тарады және болашақ болыстар орыс үкіметіне жалтақтап, олрадың қолшоқпарына айналды.


3. Дәстүрлі билер сотының құқықтары елеулі түрде қысқартылып, тек төменгі буындағы жүйелерде қызмет етті, оның өзінде шектеулі түрде.

4. Патша үкіметі заң тұрғысынан алғаш рет 1868 жылғы «Уақытша ережеде» қазақ жерін Ресей мемлекетінің меншігі деп жариялады,

сөйтіп қазақ халқын жер пайдалану құқынан айырды Нәтижесінде, қазақ жерін көптеп тартып алып, құнарлы жерлер қоныс

аударушыларға берілді. Қазақстанды Ресей экономикасының қосалқы арзан шикізат көзіне айналдырды.

5. Жаңа міндеттер мен алым-салық түрлерінің еселеп енгізілуі қазақтардың мате риалдық жағдайын нашарлатып жіберді. Түтін салығы бұрынғы1 сом 50 тиыннан 3 сомға көтерілді. Әр түрлі қажеттерге жұмсау үшін «қара шығын» деп аталатын қосымша салық салынды.


15-Билет

1. Түркеш қағанатының саяси жағдайы.

2. 1979 жылғы «Целиноград оқиғасы» мен 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасының» себептері мен нәтижелерін салыстырыңыз.

3. ХІІІ –ХV ғғ. салық түрлерінің мағынасын кестеге толтырыңыз.

Тағар

Құшыр

Қалан

Зекет
Жауабы:

1.Түркеш қағанатының саяси жағдайы. Саяси билік қаған қолында болды. Қағанат жиырма әкімшілік аймаққа бөлінді. Аймақтар 7 ыңнан әскер жинады. Үшлік өзін қаған етіп жариялаған күннен бастап елдің саяси - әкімшілік басқару ісіне ерекше назар аударған. Қаған 706 жылы қаза болды. Билік үшін сары және қара түргеш тайпаларының арасында талас – тартыс басталды. Оны Шығыс Түрік қағанатының қағаны Қапаған пайдалануға тырысты. Сұлу қаған (715 – 738 ж.) билікке келгеннен кейін түргештер қайта күшейеді. Екі тайпаның арасындағы тартыста қара түргештер жеңіске жетіп, Сұлу қаған орданы Талас қаласына көшіреді.Сұлу қаған шығыстағы жағдайын әскери келісімшарт жасаумен қатар, құдандалық арқылы да дұрыс жолға қоюға тырысқан. Осы жолда қағанның 717 жылы Тан империясына барып қайтуы сәтті сапар болды. Ол шығыстағы өзіне қауіп төндіріп отырған Шығыс Түрік қағаны Білгенің қызына үйленеді. Сөйтіп қаған шығыстағы саяси жағдайын күшейтеді. Ендігі мәселе, батыстағы басты жау арабтар еді. Қаған арабтарға қарсы Орта Азиядағы халықтардың күресін пайдаланып, оларды қолдап, жәрдем беруге тырысты. Мәселен, Самарқан, Бұхара тұрғындарымен күш біріктіріп, бұл қалалардан арабтарды қуып шыққан . Қаған Тоқарстандағы арабтарды да біржолата талқандау үшін 737 жылы ондағы қарлұқтармен бірлесе отырып, арабтарға ойсырата соққы берді. Алайда жеңіске қуанған тоқарлықтар мен түргеш әскерлері ертерек тарап кеткен еді. Мұны пайдаланған арабтар шағын әскерімен қалған Сұлу қағанға күтпеген жерден шабуыл жасап, жеңіліске ұшыратады. Еліне оралған Сұлу қаған Навакет қаласында өз қолбасшысы Баға тарханның опасыздығынан қаза болған. Оның шайқастарға тікелей қатысуына әрі ылғи жеңіске жетуіне байланысты арабтар оған «сүзеген», «мүйізді қаған» деп ат қойса керек. Сондықтан арабтар Сұлу қағанмен ашық майданда соғысудан сескенген. Ал Сұлудың әскербасысы Кули шор 720-721 жылдары Соғды жеріндегі арабтарды қуып шығып, жеңіске жеткен. Сұлудың орнына оның баласы Тұқарсан Құтшар қаған болған. Оның билігі бар болғаны бір – екі жылға созылған. Бұл кезде сары және қара түргештердің арасындағы күрес 20 жылға созылып, қағандықтың саяси және әкімшілік жағдайы мүлде әлсірейді. Қағандықтың мұндай жағдайын біліп отырған Қытай империясы Куш қаласындағы (Шығыс Түркістан) әскерлерін Жетісуға аттандырып, 748 жылы Суябты жаулап алады. Одан соң Шашты (Ташкент) алып, оның әмірін өлтіреді. Шаш әмірінің баласы арабтарды көмекке шақырады. 751 жылы Таразға жақын жердегі Атлах қаласында көмекке келген араб әскерлерімен түргештер бірлесе отырып, қытай әскерлеріне күйрете соққы берді. Аман қалған қытайлар Жетісудан біржолата кетуге мәжбүр болды. Мұндай шайқастардан кейінгі ел ішіндегі қиын жағдайды өз пайдасына шешуге әрекет жасаған қара түргештердің тарханы Жыпыр 749 – 753 жылдары қағандықты өз қолына алды. Бірақ оның билік құрған кезінде де жағдай жақсара қоймады. Жікке бөлінушілік тоқтамайды, бұрынғыдан да ушыға түседі. Талас-тартыс жылдан – жылға шиеленісіп, Түргеш қағандығы біржолата әлсірейді. Бұл сәтті Атлах шайқасына қатысқан қарлұқ тайпасының көсемдері пайдаланып, 756 жылы Түргеш қағандығын құлатып, билікті өз қолдарына алды.


2.1979 жылғы «Целиноград оқиғасы» мен 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасының» себептері мен нәтижелерін салыстырыңыз.

Ерекшеліктері: 1979 жылғы 16-19 маусымдағы Целиноград оқиғасы – Қазақстанда (Қарағанды, Көкшетау, Павлодар обл. аумағы) неміс автономиясын құруға қарсы ереуіл. 1986 жылғы 16-18 Желтоқсан көтерілісі –Кеңес Одағында тоталитарлық жүйенің ыдырауын бастап берген, сондай-ақ Қазақстан халқының мемлекеттік тәуелсіздігін батыл көтерген оқиға. Целиноградтағы шеруге 16-маусымда бірнеше жүздеген адам қатысса, 19 -маусымда бірнеше мыңнан асты деп есептеуге болады. Желтоқсан көтерілісінде 17 желтоқсан кешке қарай жиналғандардың саны 20-30 мыңға жетті. Мақсаты жағынан,Целиноградтағы шеруге қатысушылар-«Қазақстан біртұтас!», «Неміс автономиясына жол жоқ!» деген ұрандар көтеру арқылы, қазақ жерінің бірлігін, тұтастығын сақтауға ұмтылысын көрсетті.1986 жылғы Желтоқсанда бейбіт шеруге шыққандардың- «Ұлт саясатының лениндік принциптерін сақтауды талап етеміз!», «Ешқандай ұлтқа артықшылық берілмесін!», «Әр республикаға – өзінің басшысы!» т.б. осы мазмұндағы ұрандары тоталитарлық жүйе жағдайында өз пікірін ашық айтудан қалған халықтың саяси еркіндікке, сондай-ақ мемлекеттік дербестікке ұмтылысын айғақтады. Целиноград оқиғасы, Целиноград қаласы мен облыстың басқа да елді мекендерін қамтыды. Өрескел құқық бұзушылыққа жол берілген жоқ. Шеруге қатысушылардың кейбіреулері әкімшілік жолмен жазаланды. Желтоқсан көтерілісі кезінде өрескел құқық бұзушылық пен әділетсіз, қатаң жазалау орын алды. Алматы (8,5 мың адам ұсталып, 2401- уақытша қамау орындарына жеткізіліп, қалғандары қала сыртына апарып тасталды,1,7 мыңнан аса адам дене жарақатын алды, сот үкімімен 99 адам түрлі мерзімге, екі адам өлім жазасына кесілді) қаласынан басқа, Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, Көкшетау, Арқалық, Жамбыл, Шымкент, Талдықорған қалаларында, Шамалған, Сарыөзек елді мекендерінде бой көрсетулер болып өтті. Оларға 2,5 мыңнан астам адам қатысып, 281-і ұсталып, 20-дан астамы түрлі мерзімдерге сотталды. Целиноградтағы оқиға 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің алғышарты болды.
3.ХІІІ –ХV ғғ. салық түрлерінің мағынасын кестеге толтырыңыз.


Тағар Әскерлерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін жиналатын салық

Құшыр Мал өсірушілерден жиналатын негізгі салық.

Қалан Жер көлеміне байланысты салық

Зекет Мал салығы
16-Билет

1. Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресі.

2. «Андронов» мәдениеті мен «Беғазы-Дәндібай» мәдениетін салыстыра отырып, талдау жасаңыз.

3. Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.

Жауабы:

1.Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресі. 1725 жылы шабуылын үдеткен жоңғарлар Түркістан мен Ташкентті басып алды. Оңтүстік ауданның елді мекендері мен дәстүрлі керуен саудасына нұқсан келді. Қазақ жерінің ұзақ жылдар бойы жоңғар қолында қалып қою қаупі төнді. Осындай жағдайда халық арасынан шыққан батырлар туған өлкені азат етуге шақырған жалынды үндеу тастады. Жан-жаққа алып қашқан рулардың басын біріктіріп, жоңғарларға қарсы біртұтас әскер ұйымдастыруда әсіресе қанжығалы Бөгенбай батыр ерекше көзге түсті. Қазақтың үш жүз жасақтарының басқыншыларға қарсы 1726 жылдан бастап біріккен қазақ жасақтары тізе қосып кимылдауға кірісті. 1726 жылы (кейбір деректерде 1728 жылы) Торғай даласында Сарысудың орта ағысы алқабында, Бұланты өзенінің жағасында біріккен қазақ жасағы жоңғарларға ойсырата соққы берді. Зеңбіректермен және мылтықпен қаруланған жоңғардың қалың қолы қазақ батырларының біріккен күшіне төтеп бере алмады. "Қара сиыр" деген жерде болған қанды шайқас қазақ-қырғыз және басқа халықтардың 60 мыңдық қолының толық жеңісімен аяқталды. Қалмақ жасақтары тас - талқан болған сол жер кейіннен "Қалмақ қырылған" деп аталып кетті. Бұл жеңістің қазақ халкының рухын көтеруде орасан зор маңызы болды. Жеңіске жігерленген қазақ руларының үш жүз біріккенде ғана жоңғар қаупінен құтылу мүмкіндігіне сенімі күшейді. Ендігі мақсат - қазақ жерін түгел жаудан тазартып, елдің тәуелсіздігін толық қалпына келтіру еді. "Қалмақ қырылған" шайқасы, негізінен, Қазақстанның солтүстік-батыс өңірін азат етті. Елдің бірқатар аудандарында, соның ішінде Жетісу өңірінде әлі де жоңғарлар үстем болатын. Қауіп-қатер әлі де жойылмады. Қазақ жерінің шетел басқыншыларынан түбегейлі тазаруы үшін әлі де болса табанды күрес қажет еді. Қазақ билеушілерінің шешімімен жоңғарларға қарсы шайқасқа қолбасшылык жасау Әбілқайырға жүктелді. Көрнекті ұйымдастырушы хан халыққа бас болып, белді батырларды өз туының астына шоғырландыра білді. Қазақстанның оңтүстігіндегі Ордабасы тауының етегіне барлық қазақ жасақтары жиналды. Осы жер жау қолындағы Жетісуды азат етуге аттануға жақын еді. Бұл мәліметтерге қарағанда, қазақ жасақтары жүздік негізінде ұйымдастырылған сияқты. 1730 жылдың көктемінде Балқаш көлінің оңтүстігінде, Аңырақай түбінде (калмақтардың аңырауы, боздауы), Әбілқайырдың басшылығымен үш жүздің ортақ әскері қалмақтарға күйрете соққы берді. Осы қырғын ұрысқа Әбілқайырдың қарсыластары Әбілмәмбет пен Барақ сұлтандар да белсене қатысты. Қазақ қолы үлкен жеңіске жетті.Тарихта "Аңырақай шайқасы" деп аталып кеткен бұл тарихи оқиға - қазақ халқының шеттен келген басқыншыларға қарсы күресінде ерекше орын алады. Қазақ әскерінің тегеурініне шыдамаған жоңғарлар Іле өзенін бойлап, еліне қарай шегінеді. Алайда осындай халық тағдырының жауапты кезеңінде қазақ хандары арасында туған алауыздық жоңғарларды толығынан талқандауға кері әсерін тигізді. Ұлы жүздің ханы Болаттың өлімінен кейін Әбілқайыр мен Сәмеке аға хан деген атаққа таласып, жаңа ғана түбірлі жеңіске жеткен халық жасағының ішінде іріткі туғызды. Әбілқайыр Кіші жүздің әскерін бастап Қазакстанның солтүстік-батысына қайтып оралса, Сәмеке Орта жүздің жасағын бөліп әкетті. Сырдария алқабына шегінген Ұлы жүздің әскері қайтып оралған жоңғардың жаңа қолына қарсылық көрсете алмады. Оңтүстік Қазақстанның осы өңірі уақытша жоңғар өктемдігінде қалып қойды. Сөйтіп, ірі феодалдардың арасындағы бақталастық жоңғар тепкісінен толық құтылуды кешеуілдетті. Халықтың бостандық үшін күресі аяғына дейін орындалмады. Әйтсе де қазақ елі өзінің дербестігін сақтап қала алды. Жоңғар қаупінің жойылмауы, ел билеушілерінен қазақ жерін сыртқы қауіптен құтқаратын басқа да дипломатиялық, саяси жолдарды іздеуді талап етті.


2.«Андронов» мәдениеті мен «Беғазы-Дәндібай» мәдениетін салыстыра отырып,талдау жасаңыз.

Қола дәуірінде Қазақстан жерінде бірінен соң бірі жалғасып келетін екі мәдениет болған. Оның көнесі –Андронов әдениеті (б.з.б.ХVІІІ-ХІІғғ.). Ал б.з.б. ХІІ-VІІІғғ. яғни соңғы қола дәуірінде Беғазы-Дәндібай мәдениеті қалыптасты. Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштерінің ең көп таралған және жақсы зерттелген аймағы – Орталық Қазақстан. Ә.Х.Марғұланның езеңдеуі бойынша Орталық Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштері екі мәдениетке - Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттеріне жатады. Андронов мәдениеті екі кезеңге бөлінеді: а) алдыңғысы –Нұра кезеңі; ә)кейінгісі –Атасу кезеңі. Нұра, Атасу өзендері атымен аталады. Андронов мәдениеті алғашқы ескерткіші Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласының маңындағы Андроново селосынан табылған, сондықтан осы селоның атымен аталады. Беғазы-Дәндібай мәдениеті: Орталық Қазақстандағы Беғазы және Дәндібай мекеніндегі обаларға байланысты қойылған.Андронов мәдениетіндегі жерлеу орындары: а) Нұра кезеңінің жерлеу орындары кішігірім қазандай жалпақ тастарды жерге жартылай батырып орнатқан қоршау түрінде болып келеді. Қоршау пішімі әртүрлі- дөңгелек, тік төртбұрышты, шаршы түрінде кездеседі. Қабір қабырғалары кішігірім жалпақ тастардан қаланған тас сандық сияқты, тас сандықты –циста деп атайды. ә)Атасу кезеңінің жерлеу орындары да Нұранікіндей дөңгелек, төрт бұрышты қоршаулар болып келеді. Қабірлері, негізінен, үлкен қақпатастардан салынған, тас сандықтар-циста жоқ. Кейде жер қабір, кейде ағаш рама түрінде де кездеседі. Бұл кезеңде қос қабір(бір қоршау ішіне) немесе көп адамды бір зиратқа жерлеу кездеседі. Беғазы-Дәндібай мәдениетінің жерлеу орындары: үйлердің, жерлеу орындарының құрылыстары өте ірілігімен, тас қашау, тас қалау өнерінің жетілгендігімен ерекшеленеді. Қабырғаларына екі қатар болып қаланған тастар бір-бірімен иленген балшық арқылы байланыстырылып, ішкі, сыртқы жақтарына тастың тегіс бетін қаратып қалаған. Андронов мәдениетіндегі адамды жерлеу ғұрпы: а) Нұра кезеңінде көбінесе адамның сүйегін жартылай өртеп қойған, кейбір зираттарда адамды өртемей қою ғұрпы да кездеседі.ә) Атасу кезеңінде адамды сол күйінде жерлеген, өртеу ғұрпы сирек кездеседі. Беғазы-Дәндібай мәдениетінің адамды жерлеу ғұрпы: үлкен патриархалды отбасыларға арналған, көп адам жерленген зираттардың орнына бір-ақ адам жерленген үлкен жерлеу құрылыстары кездеседі. Бұл- осы кезеңдегі ру, тайпа көсемдерінің, беделді бай адамдардың зираты. Ыдыс жасау ерекшеліктері: Андронов мәдениетінің Нұра кезеңі қыш ыдыстарының иіні дөңгеленіп келсе, Атасу кезеңі ыдыстарының мойнынан бүйіріне ауысар тұсы тіктеу болып келеді. Нұра кезеңі ыдыстарындағы өрнек мойнынан бүйіріне дейін біртұтас, Атасу кезеңі ыдыстарында өрнек мойнында, ортан белінде, кейде түп жағына да бедерленген. Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ыдыс жасау ерекшеліктері:ернеуі тік, бүйірі шар тәріздес