Файл: Жауаптары Алашы адамдарды ксібі.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 315

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

2.Қазақ жеріне жасалған монғол және жоңғар шапқыншылығының себептері, ондағы ортақ ұқсастықтарды талдаңыз.

Қазақ жеріне монғол шапқыншылығының себептері:Монғол мемлекеті құрылғаннан кейін соғыс әскери олжа ретінде, жаңа жайылымдар алу мақсатында байлыққа ие болу құралы, сонымен бірге монғол қоғамын біріктіру құралы ретінде қызмет етті. Бұл саясатта Қазақстан мен Орта Азия жеріне жорық, жоспарланған басқыншылықтың жалпы үрдісіндегі бір бөлік қана болды. Шыңғысханның жоспары бүкіл Азия мен Шығыс Еуропаны жаулап алу болды. Ол өзінің үлкен ұлы Жошының үлесіне «Монғол атының тұяқтары тиетін» Ертістен батысқа дейінгі әлі бағындырылмаған елдер мен барлық жерді алдын-ала берді. Қазақ жеріне жоңғарлардың қызығу себептері: Қазақтың кең-байтақ даласындағы шұрайлы мал жайылымы мен оңтүстік, оңтүстік- шығыстағы сауда-қолөнер орталықтары қызықтырды. Қазақстанды жаулап алу арқылы, өз хандығының шекарасын нығайту, бағынған халықтан қосымша алым-салық алу көзделді және қазақтарды құл етіп ұстаудың мүмкіндігін де қарастырды. Қазақ жерін жаулап алу арқылы Еділ мен Жайық аралығында көшіп-қонып жүрген қандас тайпалары құба қалмақтармен кедергісіз тікелей байланыс орнатып, қарым- қатынас жасауына жағдай туғызатын еді. Ақыр соңында, Қытай сияқты алып империяның қыспағына түскенін айта кету керек. Қазақ жеріне жасалған монғол және жоңғар шапқыншылығының себептеріндегі ортақ ұқсастықтар: Экономикалық мүдде, Орталық Азияны басып өтетін керуендік сауда жолдарын өз бақылауында ұстап, одан түсетін олжаға ие болу. Шыңғысхан үшін бүкіл Орталық Азияны жаулап алу Иран, Ауғанстан, Алдыңғы Азия, Шығыс Еуропа елдеріне жол ашатын еді және де солай болды да.Ал, жоңғарлар Жетісу мен Сырдария өңірін басып алу арқылы, Ресей,Сібір, Орта Азиямен байланыстыратын сауда жолдарын бақылауда ұстауды көздеді, одан әрі Ауғанстан, Иран мен Закавказьеге жол ашылады деп үміттенді. Екеуі де жаңа жайылымдар басып алуды көздеді, сонымен бірге өз мемлекеттерін нығайту, билік ауқымын ұлғайту, күшейту саясатын қосуға болады.
3.Әбілқайыр хандығының жер аумағын картадан белгілеп, маңызын түсіндіріңіз.

ХV ғасырдың 20-жылдарында Ақ Орданың ыдырауына байланысты Жошы әулетінің арасында феодалдық қырқыс басталады. Қазақстанның орталық,батыс және солтүстік-батыс аудандарында тәуелсіз иеліктер пайда болады. Осы тәуелсіз иеліктер тайпаларының билеушілерінен қолдау тапқан Әбілқайыр тартыста жеңіп шығып, 1428жылы хан сайланады. Әбілқайыр-Жошы ханның бесінші ұлы Шайбани ханның ұрпағы. Шайбани ханның ұлысы Батый ханның тұсында құрылған. Жазба деректерде Батый ханның Шығыс Еуропаға жасаған жеті жылдық жорығы кезінде Шайбани да онымен бірге болған. Жорықта көрсеткен жақсы қызметі ушін Батый хан Шайбани ханға қосшы етіп, найман, бұйрық және қарлұқ тайпаларын берген. Олар Орал тауының бөктеріндегі Тобыл, Ырғыз, Жайық өзендерінің аралығындағы кең-байтақ жерлерді жайласа, ал қыста Арал теңізі өңірінде, Шу, Сарысу өзендерінің бойында, Сырдарияның төменгі ағысында қыстаған. Осы көрсетілген жерлерде Шайбани ұлысы өмір сүрген. Осы ұлыстың билігі Әбілқайырдың қолына тигеннен бастап хандықтың саяси беделі көтеріледі. Әбілқайыр жастайынан жетім қалып, Жұмадық ханның қолында өскен. Хан оны жас кезінен жорықтарға өзімен бірге алып жүрген. Жұмадық хан маңғыттарға шабуыл кезінде қ жорықта ерлігімен көзге түскен Әбілқайырды 17 жасында, 1428 жылы екі жүзден астам ақсүйек-шонжарлар хан сайлайды. Тарихи жазба деректерде бұл жаңа құрылған хандықтың аты "Өзбек ұлысы", "Өзбек хандығы", немесе "Шайбани ұлысы", "Әбілқайыр ұлысы"-деп аталады. Ал ұлыстың алып жатқан жері мен халқының басым көпшілігі қыпшақтар болғандықтан оны "Қыпшақ хандығы" деп те атаған. Алайда Әбілқайырдың қырық жылдан астам хан болуы "Әбілқайыр хандығы" деген атауды қалыптастырған. Әбілқайыр хандығы батысында – Жайық (Орал), шығысында – Балқаш, оңтүстігінде – Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысы, солтүстігінде –Тобыл және Ертіс өзендерінің орта саласы аралығын алып жатты.



20- Билет

1. Патшалық Ресейдің жер мәселесіндегі отаршылдық саясаты.

2. Көне тарихты кезеңдеудің –археологиялық және геологиялық тәсілдерін салыстыра сипаттап, сәйкестендіріңіз.

3. Оғыз мемлекетінің жер аумағын картаға белгілеңіз.
Жауабы:

1.Патшалық Ресейдің жер мәселесіндегі отаршылдық саясаты. XVIII ғасырдың 50-60-жылдары патшалық Ресей үкіметі Қазақстанды тәуелді ете түсу үшін әр қилы шараларды іске асыруға тырысты. Жайық, Сібір, Орынбор казак әскерлерінің ұйымдастырылуынан Ертіс, Есіл және Жайық бойындағы ғасырлар бойы көшпенді мал шаруашылығының өрісі болған өңірлерге казақтардың көз алартуы орыс-қазақ байланыстарын шиеленістіре түсті. Ресейдің билеуші топтарының көздеген мақсаты шұрайлы, суы мол жерден қазақтарды ығыстыру, біртіндеп казактарды осы аудандарға орналастыру еді. Петербург билеуші топтарының арнайы нұсқауларында патша үкіметінің отарлау саясаты ашық жарияланды. 1756 жылы қыркүйек айында қабылданған шешімде Жайық жағасына жақын жерде қазақтардың малын жаюға алғаш рет ресми шек қойылды. Ал 1757 жылғы желтоқсан айының аяғында Кіші жүз ханы Нұралыға тапсырылған орыс үкіметінің шешімімен қазақтарға Жайық өзенінен мал айдап өтуіне тыйым салынды. Ертіс пен Жайық жағасына мал жаю үшін қазақ феодалдарының орыс әкімшілігіне аманат тапсыруы міндеттелді. Сөйтіп қазақ феодалдары ғасырлар бойғы жайылымдарын пайдалану құқығынан айырылды. Осындай ауыр жағдайға жол ашқан бір себеп - ресейлік отаршыл- әкімшіліктің жекелеген қазақ ақсүйектерінің арасындағы алауыздықты пайдаланып керек болған жағдайда ахуалды өршітіп отыруы болды. Кіші жүз ханы Нұралы мен Батыр сұлтан арасындағы келіспеушілік нәтижесінде Петербург билеушілері Каспий теңізі мен Жайық өңіріндегі шұрайлы жерді казактарға оп-оңай тартып әперді. Ең құнарлы жер орыс помещиктері князь Юсупов пен граф Безбородконың қолында қалды. Жайық казактары Еділ мен Жайықтың аралығындағы жерге қазақтардың бұрынғыдай көшіп- қонуына мейлінше қарсылық білдірді. Олар қазактардың малы Жайықтан Еділге қарай өткенде шепті басып, жайпап кетеді дегенді сылтау етті. Патша әкімшілігінің Орынбор өлкесіндегі өкілдері де қазақтардың өз жерін еркінше пайдалануына жасанды шек қойылып отырғандығын мойындады. Алайда 1757 - 1758 жылдары Орынбор өлкесін басқарған П.И.Рычков пен А.И.Тевкелев Жайық бойында қазақтардың мал жаюға шек қойған

үкімет талабын ресми түрде іске асырудың орынсыз екенін түсінді және аманат алу арқылы қазақтарға Жайықтың оң жағасына өтуіне рұқсат берді. Ал Орынбор губернаторы А.Г.Давыдов қысым көрсетуден таймады. Далалық және құмды аудандарға ығыстырылған қазақтардың жағдайы ауырлап кетті, жұт пен қыстың суық айлары Кіші жүз қазақтарының шаруашылығы мен күнделікті өміріне бақытсыздық әкелді.Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарындағы қазақтардың жағдайы да ауырлады. Ертістің оң жағасындағы шұрайлы жерді Сібір губерниялық басқармасының қолдауымен өздеріне қаратып алған бекініс коменданттары әр түрлі айламен Орта жүз феодалдарын бір-



біріне қарсы қойып, құнарлы, суы мол жерге казақтардың мал жаюына қарсылық білдіріп отырды. Ресей бекіністерінен алғашында 10 шақырым кейіннен 50 шақырым жерге дейін қазақтардың мал жаюына тыйым салған патша үкіметі жергілікті халықтың иелігін өз қалауынша пайдалануға тырысты. Орыс-казактардың санын көбейту үшін осы өңірге Ресейдің әр түкпірінен қылмыскерлерді, жерсіз шаруаларды, тіпті алыстағы Доннан, Башқұрт жерінен 1760 жылы казактарды әкеліп қоныстандырды. Тек 1799 жылғы қараша айында император I Павелдің жарлығына сай Орта жүз қазақтарына 45 000 отбасын өз иеліктеріне - Ертістің оң жағасына қайтадан қоныстандыруға және олардың мал жаюына рұқсат етілді. Сонымен XVIII ғасырдың орта шеніндегі Қазақстанның саяси- экономикалық дамуында бірқатар жаңа өзгерістер қалыптасты. Патша 70 үкіметінің отарлау саясатына қарамастан қазақ-орыс сауда байланыстары дамыды. Қазақстанның шет елдермен қатынастары өзара тиімді жағдайда өркендеді. Алайда патша үкіметінің қазақтардың өз жерін пайдалануына шек қоюы орыс-казак шаруаларын қоныстандыра бастауы олардың жерін басып алу шараларының бастамасы болатын. 2.Көне тарихты кезеңдеудің –археологиялық және геологиялық тәсілдерін салыстыра сипаттап, сәйкестендіріңіз. Көне тарихты кезеңдеудің бірнеше түрі бар.Оның ішінде ең көп қолданылатыны- археологиялық және геологиялық тәсілдер арқылы кезеңдеу. Жер және адамзат тарихын геологиялық кезеңге бөлу бойынша шамамен 67 млн. жылдай бұрын кайназой дәуірі басталды. Осы дәуірде жер бетінде сүтқоректі жануарлар, құстар, өсімдіктер пайда болды. Кайназой дәуірі үштік және төрттік кезеңдерге бөлінеді. Адамзат баласының тарихы осы төрттік кезеңмен байланысты. Төрттік кезеңді кейде антропоген яғни адамзат баласы пайда болған кезең деп те атайды. Төрттік кезең екі дәуірге бөлінеді.

1. Плейстоцен -жер бетін мұз басқанға дейінгі және мұз басқан дәуір.

2. Голоцен –жер бетін басқан мұз біртіндеп еріп қайтқан дәуір. Археологиялық дәуірлеу бойынша адамзаттың ежелгі тарихы үш дәуірге бөлінеді – тас, қола, темір. Тас дәуірі- б.з.б. 3млн немесе 2,6 млн - 3мың жылдық. Палеолит- 3 немесе 2,6млн -12мың жылдық. Палеолит екі кезеңнен тұрады: ерте палеолит (б.з.б. 3 немесе 2,6 млн.- 40мың жылдық) және кейінгі палеолит( б.з.б. 40-12мың жылдық). Ерте палеолит үш кезеңге бөлінеді: олдувай (б.з.б. 3 немесе 2,6 млн.-40мың жылдық), ашель (б.з.б.800-140мыңжылдық), мустье (б.з.б.140- 40мыңжылдық). Мезолит- б.з.б.12-5 мың жылдық, неолит-б.з.б.5-3 мың жылдық. Өтпелі кезең(энеолит) -б.з.б.3000-1800ж. Қола дәуірі - б.з.б.2- 1 мыңжылдық.Ерте темір дәуірі -б.з.б.VІІІғ.-б.з.VІ ғ.аралығын қамтиды. Геологиялық дәуірлеу бойынша плейстоцен толығымен –палеолит және жартылай мезолитке сәйкес келеді. Ал голоцен-неолит заманына сәйкес келеді.

3. Оғыз мемлекетінің жер аумағын картаға белгілеңіз.

IX ғасырдың аяғы X ғасырдың басында Сырдарияның орта және төменгі ағысында Оғыз мемлекеті құрылды. Орталығы осы өзеннің бойындағы Янгикент жаңа Гузия қаласы болды. Түрік-тілдес оғыз тайпалары ерте орта ғасырларда Орталық

Азияда өмір сүрген. VII ғасырда Батыс Жетісуды мекендеген оғыз тайпалары түрік қағандығын құрамында болған. Батыс Түрік және Түркеш қағанаттары құлап Жетісуда Қарлұқ қағанаты құрылғаннан кейін оғыздар Сыр бойында ығысқан. Алғаш оғыздар бұл аймаққа келіп орналасып бастағанда жергілікті печенегтердің қарсылығына тап болады. Ақыр аяғында олар жеңіліп, батысқа қарай жылжуға мәжбүр болған. Ал Махмуд Қашғаридің сөздігінде оғыздардың Жетісу және Ыстық көл мен Шу өзеннін аралығында басқа да түрік тілдес тайпалармен қатар тұрғандығы жазылған. Тек қарлұқтардың күшеюіне байланысты олардың қысымына шыдамаған оғыздар Сырдарияның бойына барып қоныстанған.

21- Билет

1. Абылай ханның Ресей және Қытаймен қарым-қатынасы.

2. Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттарын салыстырыңыз.

3. Үйсін тайпаларының қоныстанған аумағын картаға белгілеңіз.
Жауабы:

1.Абылай ханның Ресей және Қытаймен қарым-қатынасы.

Географиялық жағынан екі ірі мемлекеттің қыспағында болған Қазақ хандығының билеушісі Абылайдың басты мақсаты – мемлекет дербестігін қалай да сақтап қалу еді. Дипломатиялық шаралардың шебері Абылай, хан болып сайлануға дейін де, Тарбағатай таулары, Алтай сеңгірі, Зайсан көлінің шығысына қарай жатқан тарихи қазақ жерін қайтаруда қыруар күш-жігер жұмсады. Жоңғария тарихи сахнадан мүлде жоғалып, оның жерін басып қалған Маньчжур-Цин билеушілері Абылаймен келісе отырып жаңа шекара белгіледі. 1760 жылы қытайлар Тарбағатай тауы маңында көшіп-қонып жүрген қазақ руларын батысқа қарай ығыстырып тастауға күш салды. Осындай жағдайда Абылай Цин әулеті билеушілерімен арадағы қайшылықтарды өзара тиімді нәтижелермен шешуге күш салып отырды.1757-1760 жылдары казақ елінің дербестігін, жер аумағының бірлігін қамтамасыз ету мақсатында Абылай Пекинде Қытайдың да билігін мойындайды. Бір жағынан Абылай 1740 -1742 жылдары Ресейге ант берумен қатар Қытайдың билігін қабылдауын дипломатиялық шешім деп бағалады. Абылай сонымен қатар Орта Азия елдерімен байланысын дамытуға да кепіл болді. XVIII ғасырдың

70-жылдарының басында Абылай бірқатар соғыстарда Ходжент әміршісіне, Ташкент бегіне соққы берді. Қазақтар жоңғарлармен соғысып жүргенде өзбек бектеріне ауып кеткен Түркістан, Сайрам, Шымкент, Созақ және басқа бірнеше қалаларды Абылай күшпен қайырып алып, қазақтардың билігіне қаратты. Олар тиесілі алым- салығын төлеп тұруға міндеттелді. Қазақстанның халықаралық жағдайы жақсара бастады. 1771 жылы Орта жүздің ханы Әбілмәмбет дүние салды. Қазақ хандығында қалыптасқан дәстүр бойынша өлген билеушінің ұлы Әбілпайызды емес, халық арасында зор беделге ие Абылайды ақ киізге көтеріп, хан сайлады. Белгілі саяси қайраткерді үш жүздің өкілдері Орта жүздің ханы ғана емес, барлық қазақтың билеушісі деп тануы оның Жоңғарияға қарсы азаттық күрестегі, халықтың басын біріктірудегі рөлін, Ресей және Қытай мемлекеттерімен дұрыс дипломатиялық қатынас орнатып, іс жүзінде елдің дербестігін сақтап қалғандығын мойындауы еді. Дегенмен, Ресей үкіметі біріккен Қазақ мемлекетінің өркендеп-дамуына құштар болмаса да, 1778 жылдың 24 мамырында Орта жүздің ханы етіп Абылайды бекітті. Абылай өзіне берілуге тиісті ханға лайықты символды қабылдауға Орынбор немесе Троицк қалаларына барудан бас тартты. II Екатерина оны Орта жүздің ханы етіп бекіту туралы грамотасын патша өкілдері арқылы ханның туған ауылына жеткізді. Абылай хан қазақ хандығын билеуде бірқатар жаңа өзгерістерді заңдастырды. "Есім ханның ескі жолында", "Қасым ханның қасқа жолында", атақты даналар Қазыбек және Төле билердің қатысуымен қабылданған Тәуке ханның "Жеті жарғы" заңдарында хан билігіне қойылған шектеулерді Абылай мойындамады. Ірі ұлыстарды билеуге хан өзіне жақын сұлтандарды тағайындады. Сот істерін шариғат ережелеріне сай жүргізетін билер қызметіне Абылай шек койды. Өз сарайында топтасқан халық батырларының қолдауына сүйеніп, Абылай ойлаған жоспарын қиындықсыз іске асырып отырды. Өзіне қарсы тұрғандарды ханның қатыгездікпен басып тастағандығы да айғақ. Хан сонымен қатар қазақ елінің шаруашылық құрылымына да өзгерістер енгізуге тырысты. Қазақтардың Ертіс пен Есілдің бойында, Көкшетау, Тарбағатай өңірлерінде егін шаруашылығын дамытуын қолдады. 1761 жылы императрица II Екатеринаға жолдаған хаттарының бірінде ағаштан үй тұрғызу үшін бірнеше ұста және 200- 300 пұт астық жіберуді сұраған. Петропавлға жақын жерде, Көкшетауда, Ертіс өңірінде, кейінірек Ақтөбе маңайында, Ой (Уйская) шебіне іргелес ауданда қыстақтары болған Абылай қазақтар үшін егін шаруашылығымен айналысудың да маңыздылығын жете түсініп, қазақ халқының дәстүрін, мәдениетін дамытуға тұрақты көңіл бөлді. 2.Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттарын салыстырыңыз. Түрік қағанаты 603 жылы Шығыс (Монғолия) және Батыс (Орталық Азия мен Қазақстан) болып екіге бөлінді. Батыс Түрік қағанаты 603 жылы ежелгі үйсін мемлекетінің жерінде құрылды. Батыс қағанаттың орталығы Шу аңғарындағы Суяб қаласы болды. Аумағы: Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жер, Алтай, Сібір, Әмудария, Еділ, Жайық өзенінің төменгі ағысы аралықтарын қамтыған. Құрамына Шығыс Түркістан, Самарқанд, Кеш, Бұқара сияқты отырықшы-егінші аймақтар да енді. Шығыс Түрік қағанаты (Екінші Түрік қағанаты) 682 (683) жылы Қытаймен күресте өздерінің тәуелсіздіктерін Монғолия жерінде қалпына келтірді. Екінші Түрік қағанатын құрушыларды «түркі- қыпшақ» деп атады. Сол кездегі ескерткіштердегі жазуда «түркі-қыпшақ елу жыл ел биледі» дейді. Мемлекеттің орталығы – Ханғай таулары. Батыс шекарасы Алтай тауларымен шектесті. Батыс Түрік қағанатының Шығыс Түрік қағанатынан айырмашылығы екіншісінің халқы, негізінен көшпелі, жартылай көшпелі болатын. Ал, Батыс Түрік қағанатының көпшілік халқы отырықшы,егін егумен, қолөнер, саудамен айналысты. Сондықтан, әлеуметтік құрылымы күрделі, Шығыс Түрік қағанатымен салыстырғанда қоғамдық-экономикалық қатынастардың дамығандығымен ерекшеленеді. Мысалы, Батыс Түрік қағанатында мемлекеттің ең жоғарғы билеушісі қағаннан бастап ру-тайпа басшыларына дейін 28 дәрежелі лауазым иелері болған. Қағаннан кейін екінші адам ұлық болды.Үшінші билік қаған руынан шыққан –шад, одан кейінгілеріне -тегін, елтебер деген лауазымдар берілген. Бұл лауазымдар мұрагерлікпен беріліп отырды. Шығыс Түрік қағанатының жұрты «көк түрік», Батыс Түрік қағанатының жұрты «он оқ бұдын» -«он оқ елі» деп аталды. «Он оқ бұдын» елінің оң қанаты (5 нушиби) мен сол қанаты(5 дулу) арасындағы 16 жылға созылған билік үшін күрес қағандықтың іргесін шайқалтты.Бұған 657 жылы Жетісуда өз билігін орнатуға тырысқан Қытай экспансиясы қосылды.Таң империясының басқаруы ширек ғасырдан астам уақытқа созылды. Көк түріктер құрған Екінші Түрік қағанатын 744-745 жылдары Орхон ұйғырлары мен қарлұқтар талқандады.