Файл: Жауаптары Алашы адамдарды ксібі.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 318

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
болып томпайып келген, түбі тегіс. Құмыра өрнектері –тарақ жүзді, үзік сызықты үш бұрышты, ұштаған таяқшамен салынған және батырып салынған таға сияқты, моншақ, түйін өрнектер кездеседі.

3.Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.

Бұл суретте Арал теңізінің проблемасы бейнеленген.Арал теңізі суының тартылуы тек Қазақстанға ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңіріне үлкен экологиялық апат әкелді. Арал теңізінің суы үш есе азайып, бұрынғы жағалаудан кей жерлерде 80 шақырымға дейін ысырылып, деңгейі 49 метрлік белгіге дейін төмендеді. Теңіздің құрғап қалған табанының өзі 30 мың шаршы шақырымға жетті. Одан ұшып жатқан тұзды боран мыңдаған шақырымға дейінгі жер бетін басып, қоршаған ортаны әбден бүлдірді, мұздықтарды ерітті, даланың шөбін, егінді тұздандырды. Оның құрамында минерал тыңайтқыштардан қалған химиялық ұлы заттар да мол болды. Арал өңірінің шаруашылығы да қатты зардап шекті. Бұрын балық шаруашылығымен айналысып келген мыңдаған адамдар жұмыстан айырылды. Елді мекендер каңырап бос жатты. Халық тұрмысы мейлінше нашарлады. Соның салдарынан адамдардың денсаулығына катты зиян келді. Өкпе, ентікпе аурулары бірден көбейіп, балалар өлімі күрт жоғарылады.


17-Билет

1. XVIII ғ. екінші жартысындағы Қазақ-орыс сауда байланыстары.

2. Мезолит пен неолит шаруашылығындағы айырмашылықтары.

3. Көшпелі мал шаруашылығының шығуына әсер еткен негізгі себептерді кесте бойынша толтырыңыз. Көшпелі мал шаруашылығы Себептері
Жауаптары

1. XVIII ғ. екінші жартысындағы Қазақ-орыс сауда байланыстары.

XVIII ғасырдың ортасында Ресейде болған сарай төңкерістері және шаруа қозғалыстары елдің көрші мемлекеттерімен сауда байланыстарын әлсіреткендігі анық. Солай бола тұрса да қазақ-орыс шаруашылық байланыстары, әсіресе керуен саудасы өзінің дамуында бірқатар нәтижелерге жетті. Орынбор қаласы осы кездегі белгілі бір дәрежедегі сауда айналымының орталығы болды. Анықталған мәліметтерге қарағанда, 1745 - 1759 жылдары қазақ даласы арқылы Орынборға жеткізілген мал басының жалпы құны 1 миллион сомның шамасында бағаланған. Орынбор қазақ-орыс саудасының дамуына бірқатар жағдайлардың кері әсер еткендігі де белгілі: патшалы Ресейдің казақ жерін біртіндеп басып алуының барысында жайылымның тарылуы, Ресей билігіндегі Еділ калмақтарының, Сібір, Жайық казактарының күш көрсетіп, қазақтардың малын айдап әкетіп отыруы, бірқатар казақ руларының, соның ішінде Кіші жүз руларының алыста жатқан Қытай мемлекетімен сауда жасауға ұмтылуы; Кіші жүз сұлтандарының бір бөлігінің (Орта жүзді айтпағанда) әлі де болса Ресей билігін мойындауға қарсы болуы; қазақтардың ақша- тауар қатынастарымен шала таныстығын пайдаланған орыс көпестерінің қазақ малшыларының тауарларын төмен бағалауы, тағы басқалар. XVIII ғасырдың екінші жартысында қазақ-орыс саудасының біршама белгілі орталықтары – Жәміш, Железинск, Омбы, Семей, Өскемен, Бұқтырма бекіністері болды. Қазақстанды отарлауда Ресейдің әскери тірегі ретінде қалыптасқан Ертіс бойындағы, Шығыс Қазақстандағы бекіністер біртіндеп әскери сипатын жоғалтып, сауда орталықтарына айнала бастады. Бұл, әсіресе Жоңғария құлағаннан кейін ерекше, айқын сипат алды. XVIII ғасырдың ортасында Ертіс бойындағы бекіністерде керуен сарайларының салынуы, баж салығын тексеретін, жинайтын арнайы мекемелердің ұйымдастырылуы, саудагер мейманханаларының ашылуы, казақ даласында біршама тыныштық орнауы Қазақстанның Орта Азия хандықтарымен, Ресеймен сауда көлемінің өсуіне, тауардың түр-түрінің көбеюіне мүмкіндік жасады. Қазақтардың жиі саудалайтын тауарлары: мал, малдың терісі, киіз, т.б. болды. Жылдан-жылға саудамен арнайы айналысатын қазақ саудагерлерінің де саны өсе берді. Айырбас саудасының ірі орталықтарының бірі - Семейде XVIII ғасырдың 60-жылдарының соңы - 70- жылдарының басында 330-ға жуық казақ көпестері сауда жасап тұрған. Ал Жәміш бекінісінде бір ғана 1765 жылы 350 қазақ, соның ішінде Қаз дауысты Қазыбек пен Абылай жіберген 158 саудагер болған.Қазақтармен сауданың тиімділігіне көңіл аударған орыс үкіметі бекіністерде мешіттер салғызды. Бұхар, Қоқан қазақ саудагерлерінің сұрауымен айырбас сарайларын кеңейтті. Ресейдің ішкі губернияларынан және Сібір қалаларынан айырбасқа әкелінетін басты орыс тауарлары: шойын және темір қазан, шелек, шұға, барқыт, қалайы, қант, нан, т.б. сияқты көшпенділердің күнделікті өмір қажеттеріндегі тауарлар болды. Орта Азия көпестерінің айырбастайтын басты заттары да қазақтарға баяғыдан таныс дүниелер: алаша, барқыт, кыжым, қамқа, жылтыр мата, әр түрлі жемістер, т.б. еді. Ташкент, Бұхар, Қоқан және Қашқар көпестері жиі келетін сауда орталығы - Қызылжар (Петропавл) қаласы. Осы қала Екатеринбург, Түмен, Тара, Курск, Қазан, т.б. қалалардан келетін көпестердің ірі сауда-саттық орталығына айналды. 2.Мезолит пен неолит шаруашылығындағы айырмашылықтары. Қазақстан аумағындағы мезолит дәуіріндегі алғашқы тұрақты 1948 жылы археолог А.А.Формозов ашты. Кейінірек 1970-1980жж. Ғалымдар В.Ф.Зайберт, В.Н.Логвин, А.Ю.Гиндиндер археологиялық зертеулер жүргізді. Бүгінгі күнге дейін мезолит дәуірінің жиырма ескерткіші табылған. Мезолит тұрақтары санының аздығы, адамдардың тұрмысы мен өмірлерінің өзгеруімен байланысты. Мезолит дәуірінде ауа-райы өзгеріп, мұздықтар еріп, күн жылынды. Баяу қозғалатын жануарлар жойылып, жылдам жүгіретін, ұсақ аңдар пайда болды, адам саны да көбейді. Палеолитте адамдар бір орында ұзақ тұрса, мезолитте олар мекен еткен жерлерін үнемі ауыстырып отырады. Адамдар бір тұрақта бір немесе екі маусым тұрақтайтын. Сонымен қатар б.з.б. 8 мыңжылдықта климаттың бірден жылуы басталды, ұзақ уақытқа тұрақтау үшін жылы үйлер салудың қажеті болмай қалды. Қазақстаннан неолит кезеңінің шамамен 600 (800) ескертіші белгілі. Олардың көбінің мәдени қабаты жоқ, бұлар адамдардың уақытша тұрақтары.Негізгі


белгілері бойынша неолит ескерткіштері бір-біріне өте ұқсас және бір мәдени-тарихи топқа жатады. Дегенмен, табылған құралдардың, керамикалық ыдыстардың түрлеріне, олардың жасалу техникасының кейбір ерекшеліктеріне, аруашылықты жүргізу сипатына қарай Қазақстанның неолиттік мәдениетін ғалымдар бірнеше аймақтық топтарға бөліп көрсетеді.Олар: Солтүстік-батыс Қазақстандағы неолиттік мәдениеттің ерекшелігі- пластикалық тас өндірісінің басым болуы және ыдысты әшекейлеуде геометриялық өрнектер көбірек болды. Арал, Шығыс және Оңтүстік-шығыс Қазақстанның ерекшелігі – әр түрлі құралдардың көп табылуы, геометриялық өрнектер кездеспейтіндігі, керамика- Оңтүстік-Орал (Ресей) және Андронов мәдениетіне ұқсас келеді. Балқаштың солтүстігі мен Бетпақдала аймағының ерекшелігі-онда кремнийден жасаған ұсақ құралдар көп кездеседі, геометриялық формадағы құралдар өте аз, керамика мүлдем жоқ. Орталық Қазақстанның солтүстік аймақтар тобының ерекшелігі – тұрақтары мен кремний құралдар солтүстік Қазақстан аймағына ұқсас, кескіш құралдар өте аз, шаруашылықтың негізгі түрі-аңшылық. Жезқазған өңірінің ерекшелігі- 150 тұрақ, көне қорымдар мен обалар табылды. Шығыс-Қазақстан аймақтық тобының ерекшелігі- қоныстар құралдарға өте бай, олар көбіне еңбек құралдары және құрамалы құралдар. Керамикалық бұйымдар мен қырғыштар оймышты өрнектермен көмкерілген. Мезолит пен неолит шаруашылықтарының айырмашылығы: мезолитте- жеке аңшылық пайда болды, малды қолға үйрету мен дәнді- дақылдарды егу басталды.Неолитте- мал шаруашылығы мен егіншілік қалыптасты, сонымен қатар-тоқымашылық, киім тігу, қыш ыдыс жасау (керамика) пайда болды, тас құралдарды өңдеу жоғары деңгейге көтерілді.
3.Көшпелі мал шаруашылығының шығуына әсер еткен негізгі себептерді кесте бойынша толтырыңыз.

Көшпелі мал шаруашылығы Табиғатта құрғақшылық болып, жауын-шашын азайды. Егіншілік пен шұғылдану қиындады. Металл ауыздықтың шығуы жылқы малын міну үшін көбірек үйретуге жағдай жасады. Мал басының өсуі, оның үстіне қыста да тебіндеп жайылатын жылқы мен қой санының көбеюі жайылым ауыстырып, көшіп отыруды қажет етті.


18- Билет

1. «Қазақ» атауының шығуына байланысты пікірлер.

2. Тұңғыш қазақ хандығының негізін қалаушылар – Керей және Жәнібек пен тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті

Н.Назарбаевтың орны мен қызметі арасындағы сабақтастықты көрсетіңіз.

3. Ноғай Ордасының аумағын картадан белгілеп, маңызын түсіндіріңіз. Себептері
Жауабы:

1.«Қазақ» атауының шығуына байланысты пікірлер.

«Қазақ » сөзінің шығу төркіні туралы алуан түрлі ғылыми болжамдар мен көзқарастар бар. Бірақ әлі де нақтылы, толық дәлелденген пікір айтыла қойған жоқ. Дегенмен ол пікірлер мен болжамдардың кейбірі көңіл аударуға тұрарлықтай. Көне түрік тіліндегі деректерге қарағанда, «Қазақ» деген атау Орхон, Енисей жазбаларындағы «қазақ» сөзі «мықты», «берік» алып мағынасын береді. Шығыс Дешті Қыпшақта «қазақ» атауы 1X – X ғасырларда әлеуметтік мағынада қолданылса, XI – XІІ ғасырларда осы аттас этникалық әлеуметтік топтардың болғандығы байқалады. XIІІ ғасырдың басында жасалған мәмлүктік Египет мемлекетінің «араб –қыпшақ» сөздігінде «қазақ» сөзіне «еркін» , «кезбе» деген түсіндірме берілген. Бұл

аймақта «қазақ» сөзі Алтын Орда мен Египеттің арасындағ байланыс кезінде қыпшақтардың келуіне байланысты пайда болуы мүмкін. «Қазақ» сөзі XIV ғасырдағы хорасан түркімендері арасында да кездеседі. Тарихшы Б.Е. Көмековтың айтуы бойынша, «қазақ» сөзі бұлардың арасында этникалық сипатта қолданылған тәрізді. Сырдарияның орта бойындағы оғыздар мен қыпшақтардың арасындағы өзара байланыс X ғасырдан басталады. Демек, түркімен жеріне қыпшақтардың «қазақ» болып барған кездері шамамен XI ғасырдан басталуы мүмкін. XIІІ ғасырға дейін олардың этникалық сипат алуы да ғажап емес. Сонымен «Қазақ» сөзі көне түрік дәуірінде пайда болып, XIII ғасырларға дейін бостандық сүйгіш еркін адамдар деген мағынада қолданылып келген. Жоғарыда жазылғандай, оның мағынасы өзінің ханына немесе қожасына риза болмай, басқа жерге ауып кетіп, өз еркімен жүрген, бастары бос, ерікті адамдарды білдірген. Бұл сөз XIVғасырдан бастап этникалық мағынаға ие бола бастайды. Оны Рузбиханның өзбек ұлысында үш халықтың болғандығы, оның ішінде

ең көбі, ержүректері қазақтар екені жайлы хабарынан байқауға болады. Ақыр соңында Өзбек үлысынан немесе Әбілқайыр хандығынан Жәнібек пен Керей сұлтандар қазақ аталып жүрген тайпаларымен бөлініп көшкенде, оларға алғаш "өзбек-қазақ" деген ат тағылған еді. Кейіннен XV ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының құрылуына байланысты "қазақ" атауы біржола этникалық сипатқа ие болды.

2.Тұңғыш қазақ хандығының негізін қалаушылар – Керей және Жәнібек пен тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың орны мен қызметі арасындағы сабақтастықты көрсетіңіз.

Қазақ жерінде ежелгі дәуірден бастап- сақ, ғұн, үйсін, қаңлы сияқты мемлекеттіліктер, орта ғасырларда- Түрік, Батыс Түрік, Түркеш, Қарлұқ, Қимақ, Қыпшақ т.б., монғол шапқыншылығынан кейінгі кезеңдерде Ақ Орда, Моғолстан, Ноғай Ордасы болды. Ал, Қазақ хандығының құрылуы – «жаңа мемлекеттік жүйенің» басталуы болды. Қазақ халқы қалыптасуға бет бұрған кезеңде халықтың тұрақты өмірі мен тіршілігін, атамекеннің тұтастығын, дамуға деген талпынысын қамтамасыз ете алатын жалғыз фактор – мемлекет тұтастығының болуы еді. Мұндай қоғамдық сұранысты дер кезінде түсінген Керей мен Жәнібек сұлтандар болды. Яғни, олар тұңғыш қазақ мемлекетінің негізін қалаушылар. ХІХ ғасырда қазақ елі өзінің тәуелсіздігінен айырылып қалды, ХХ ғасырдың басынан кеңес өкіметінің теперішін көрді. Шын мәніндегі тәуелсіздікті

қалпына келтіру тек 1991 жылы ғана мүмкін болды. Екі ғасыр бодандықтан кейінгі жас тәуелсіз мемлекеттің басында тұңғыш президент -Н.Ә Назарбаев тұрды. Керей мен Жәнібек хандарға жаңа мемлекеттің негізін қалау мен оны дамыту міндеті тисе, Н.Назарбаевқа тәуелсіздік алған жас мемлекеттің іргетасын қалап, оны сақтау, дамыту міндеттері тұрды. ХVғ. Қазақ мемлекеті мен ХХғ. Қазақ мемлекетінің және олардың басшыларының алдында алдымен, шекараны нығайту, халықтың әлеуметік-экономикалық жағдайын қамтамасыз ету мен дамыту, ел ішінде тұрақтылықты сақтау, оңтайлы ішкі және сыртқы саясатты жүргізу сияқты ортақ, ұқсас саясат пен тарихи мақсат, міндеттер тұрды. Президенттің бүгінгі ел алдына қойған мақсаты - Қазақстан мемлекеттігін нығайту мен әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену. Бұл «2050 – Стратегиясын» орындауға бастар жол. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, күшті мемлекет, дамыған және либералды қоғам қалыптасуы үшін елдің алға қарай 40-50 жыл бойы тұрақты қозғалысы қажет» деуі, қазақстандық қоғам үшін түбегейлі өзгерістер уақыты келіп тұрғанын көрсетеді.
3.Ноғай Ордасының аумағын картадан белгілеп, маңызын түсіндіріңіз.

Алтын Орданың ыдырауы, Ақ Орданың әлсіреуі барысында Қазақстанның солтүстік–батысында Ноғай Ордасы мемлекеттік бірлестігі құрылды. Орданың алғашқы алып жатқан жері Еділ мен Жайық өзендерінің жазық алқабы болды. Ноғайлар солтүстік- шығысында Батыс Сібір ойпатына дейін, солтүстік-батысында Қазан қаласына, ал оңтүстік-батысында Арал мен Каспий теңізіне дейін көшіп-қонып жүрген.Орданың орталығы Жайық бойындағы Сарайшық қаласы болған.Қаланың іргесі Х ғасырда қаланған. Алтын Орда дәуірінде Сарайшық қаласы Кавказ бен Қырымды Қарақорым, Қытаймен байланыстырған. Қала ХІІІ-ХV ғасырларда дәуірленген. Кейін Алтын Орда күйреп, қала әлсірегнімен Ноғай Ордасының астанасына айналып, қайта көркейді. Қасым хан тұсында Қазақ хандығының біраз жылдар бойы астанасы болды. 1580 жылы Дон, Еділ казактарының Жайық бойына шапқыншылық жасу салдарынан Сарайшық қаласы біржолата қирады. Сарайшықта Алтын Орданың, қазақ және ноғай хандары жерленген.


19- Билет

1. Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясының қабылдануы.

2. Қазақ жеріне жасалған монғол және жоңғар шапқыншылығының себептері, ондағы ортақ ұқсастықтарды талдаңыз.

3. Әбілқайыр хандығының жер аумағын картадан белгілеп, маңызын түсіндіріңіз.
Жауабы:

1.Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясының қабылдануы.

1990 жылдары Қазақстанда күн өткен сайын мемлекеттік егемендікті жариялауды талап етушілер күшейе бастады. Қоғамдық қозғалыстар 1990 жылғы қазан айында айрықша белсенділік көрсетті. Күн сайын Жоғарғы Кеңес үйінің алдында таңертеңнен кешке дейін саяси митингілер өтіп жатты. Ал Алматы қалалық партия комитеті үйінің алдында жастар пикет ұйымдастырып, аштық жариялады.Олар Қазақстанның тәуелсіз ел болуын, жастарға қатысты әлеуметтік мәселелердің дереу шешілуін, Кеңес Армиясын тез арада реформалауды талап етті. Республикадағы саяси жағдайдың шиеленісуіне Қазақстанның әр түрлі аудандарында құрыла бастаған казачество ұйымдарының қазақ халқының намысын қорлайтын әрекет ретінде бағаланып, оған қоғамдық қозғалыстардың бірлесе соққы беруі үлкен түрткі болды. Осындай жағдайда Жоғарғы Кеңестің сессиясындағы бірқатар айтыс-тартыстардан кейін, бұрынғы кеңестік республикалардың соңғыларының бірі болып «егемендік шеруіне» Қазақстан да қосылды. 1990 жылғы 25 қазанда Жоғарғы Кеңес «Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» қабылады. Мемлекетте егемендіктің жариялануы- республика өміріндегі аса маңызды саяси оқиға болды. Егемендік туралы құжатта Қазақстанның алдағы уақытта ұстанатын бағыттары белгіленді. Орналасқан аумағына, қойнауына, суына, басқа да табиғи ресурстарына республика ерекше меншік құқығын жариялады. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері көрсетілді. Халықаралық қатынастардағы мәселелерді шешуді республиканың дербестік танытатыны айқындалды. Сонымен қоса,бұл құжаттың шын мәніндегі мемлекеттік егемендікке толық жауап бере алмайтын жақтары да болды. Олар ең алдымен декларациядағы “одақты сақтауға ” қатысты баптардан көрініс тапты. Ол кезде қалыптасқан саяси жағдайында Орталық билік органдарының өкілдері бұрынғы одақтас республикалардың егемендік шеруіне салқын, қарады. Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдануының тарихи маңызы зор болды. Бұл республиканы толық тәуелсіздікке бастап апаратын шынайы қадам еді. Бұл кезде республиканың өз ішінде мемлекеттік билік органдарының құрылымдарында өзгерістер болды. Жоғарғы Кеңес жергілікті өзін-өзі басқару туралы, заң қабылдады.Республиканың қаржыландыру, материалдық-техникалық және сыртқы экономикалық қызмет саласындағы әрекет мүмкіндіктері молайды. Одақтас республикалармен тікелей байланыстар жүзеге асырыла бастады. Тұтас парламенттік аппарат құрылды. Егемендік Қазақстан Президентіне еркін қимылдауға жол ашты. Экономика саласында орталықтың рұқсатынсыз шетелдермен тікелей байланыс жасала бастады. Халықаралық қатынаста Семей атом полигоны жабылуының маңызы зор болды. Қазақстан Президенті Қазақ КСР-нің Қауіпсіздік кеңесін құру жөнінде, Одақтық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды Қазақстан үкіметінің құзырына беру туралы, Қазақ КСР-нің алтын және алмас қорын құру жөнінде, Казақ КСР-нің сыртқы экономикалық қызметінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету жөнінде жарлықтар шығарды. Бұл әрекеттер, жалпы алғанда, одақтық министрліктердің үстемдігін жойып, республиканың шын мәніндегі тәуелсіздігіне жол ашты. Егемендік жариялаған бұрынғы одақтас республикалар енді өзара тікелей байланыстарға шыға бастады. Қазақстан 1990-1991 жылдар ішінде Беларуспен, Әзірбайжанмен, Қырғызстанмен, Өзбекстанмен, Ресеймен, Украина елдерімен экономикалық шарттар жасасып, өзара достық және ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды