Файл: Жамбыл облысы кімдігі білім басармасыны ОУдістемелік кабинеті 6сынып аза тілі мен дебиеті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 701
Скачиваний: 7
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
[1]
Оқылым
Мәтіндерді мұқият оқып шығыңыз.
1-мәтін
Астана- мәдениет пен өнер ордасы
Бүгінде Астана Еуразияның да мәдени орталығына айналып келе жатыр.
Қазіргі уақытта Астанада мәдениет мекемелері көп шоғырланған. Олар: Мемлекеттік филармония, Конгресс-Холл, Заманауи өнер мұражайы, С.Сейфуллин атындағы мұражай, «Жастар» кешен орталығы, М.Горький атындағы орыс драматургиялық театры, Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театры, «Қазақстан картасы - «Атамекен» этно-мемориалдық комплексі және басқа да мәдени ойын-сауық орталықтары.
2013 жылы «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры ашылды. Сонымен қатар, Астана қаласында республикалық маңызы бар көптеген мәдени орындар баршылық , К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры, Президенттік мәдени орталық. Әлемдегі президенттік орталықтарына ұқсастырылып салынған ғимарат - мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті Елбасының кітапханасы. http://presidentlibrary.kz/kk/content/astana-elimizdin-kelesheginin-ordasy
2-мәтін
Менің туған өлкем!
Туған өлке! Осы бір сөзді айтқанда көз алдыңа балалық шағыңның куәсі болған, ата-ананың ыстық құшағындай қымбат мекен елестейді. Туған өлкем- Отанымның бір бөлшегі. Қазақ үшін Отан жалғыз, Ту жалғыз!
Отан! Бұл сөз біздің қай-қайсымыз үшін де айрықша ыстық. Отан – кіндік кескен жеріміз ғана емес, баршамыздың кең, байтақ, ғажайып өлкеміз. Біздің өлкеміз – туысқандық салтанат құрған еркін Халықтардың елі, сондықтан мен өз өлкемді шексіз сүйіп мақтан етемін!.
«Отан отбасынан басталады» - деп бекер айтылмаса керек. Міне, егер әр бала осы махабатты көріп өссе, ер жеткен уақытында нағыз патриот болып қалыптасады. Өлкені сүйетін кім? Ата-анасының саналы тәрбиесін көрген білімді бала.
https://infourok.ru/meni-tuan-lkem-turali-shiarma-1466054.html
6-тапсырма. Мәтіндерді салыстырыңыз.
1-мәтін | | 2-мәтін |
| Мәтіннің тақырыбы | |
| Мәтіннің түрі | |
[2]
7-тапсырма. 1 - мәтіннен негізгі және жанама ақпараттарды табыңыз.
Негізгі ақпарат | Жанама ақпарат |
1. | 1. |
2. | 2. |
3 | 3. |
[1]
8-тапсырма. 2-мәтіннен үйренген сөздеріңізді қатыстырып, сөйлем құраңыз.
_____ ___________________________________________________________________________________________________________________________________ [1]
9-тапсырма. 2- мәтінде берілген негізгі ойды 1 сөйлеммен тұжырымдаңыз.
___________________________________________________________
[1]
Жазылым
10-тапсырма. Тақырыптардың біріне 50-60 сөзден тұратын эссе жазыңыз. Тақырып желісінен шықпай, әрбір абзацты жүйелі құрастырып, мазмұнын ашыңыз. Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді сөйлеу тілінің мақсатына қарай қойыңыз. Эссе жазуда өздік, болымсыздық, белгісіздік, жалпылау есімдіктерін қолданыңыз.
1.Қуат көзін үнемдеудің қандай жолдары бар? Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
2. Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада.
3.Астана- мәдениет пен өнер ордасы
[10]
_____________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Айтылым
11-тапсырма. Жұп арасында диалог құрастырыңыз. Диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын сақтаңыз. Диалог құрауда лепті сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріңіз. Ойыңызды әсерлі, мазмұнды жеткізу үшін тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді қолданыңыз.
Ұсынылатын тақырыптар: 1.«Қазақстан қорықтары туралы не білеміз? 2.Қорықтардың маңыздылығы 3.Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада 4.Астана- мәдениет пен өнер ордасы 5. Қуат көзін үнемдеудің жолдары [10]
Балл қою кестесі
Тыңдалым
Әр дұрыс жауапқа 1 балл беріледі.
№ | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат | Жалпы балл |
1 | С | 1 | | 5 |
2 | А | 1 | | |
3 | Сөйлемде берілген ойды шынайы өмірмен байланыстырады | 1 | Оқушы жауабы ескеріледі. | |
4 | Негізгі ойды анықтайтын 3 тірек сөз жазады | 1 | | |
5 | Жаңа сөздерді тауып, мағынасын ашады. | 1 | Оқушы жауабы ескеріледі. |
Оқылым
Әр дұрыс жауапқа 1 балл беріледі.
№ | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат | Жалпы балл |
1 | 1.Мәдениет, өнер ошағы-Астана, туған өлке құдіреті 2.Баяндау, сипаттау | 1 1 | | 5 |
2 | 1-мәтіннен негізгі және жанама ақпараттар табады. | 1 | Оқушы жауабы ескеріледі. | |
3 | 2-мәтіннен үйренген сөздері бойынша сөйлем құрайды. | 1 | Оқушы жауабы ескеріледі. | |
4 | 2-мәтінде берілген негізгі ойды 1 сөйлем- мен тұжырымдайды. | 1 | Оқушы жауабы ескеріледі. |
Жазылым
Балл | Мазмұны мен тіл сапасы |
9-10 | Тақырып желісінен шықпай, әрбір абзацты жүйелі құрастырады. Мәтін мазмұнын жан-жақты ашады. Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді сөйлеу тілінің мақсатына қарай қолданады. Эссе жазуда өздік, болымсыздық, белгісіздік, жалпылау есімдіктерін жүйелі қолдана алады. |
7-8 | Тақырып желісінен шықпай, әрбір абзацты құрастырады. Мәтін мазмұнын ашады. Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді сөйлеу тілінің мақсатына қарай қолданады. Эссе жазуда өздік, болымсыздық, белгісіздік, жалпылау есімдіктерін қолдана алады. |
5-6 | Тақырып желісін сақтап, әрбір абзацты құрастыруда, мәтін мазмұнын ашуда ауытқулар кездеседі. Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді сөйлеу тілінің мақсатына қарай қолдануда қателіктер жібереді. Эссе жазуда өздік, болымсыздық, белгісіздік, жалпылау есімдіктерін қолдануда қателіктер жібереді. |
3-4 | Тақырып желісін сақтамайды, әрбір абзацты құрастыруда, мәтін мазмұнын ашуда ауытқулар жиі кездеседі. Ойын толық жеткізе алмайды. Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді сөйлеу тілінің мақсатына қарай қолдануда қателіктер жібереді. Эссе жазуда өздік, болымсыздық, белгісіздік, жалпылау есімдіктерін толық қолдана алмайды . Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда өрескел қателер көп. |
1-2 | Тақырып желісін сақтамайды, әрбір абзацты құрастыруда, мәтін мазмұнын ашуда ауытқулар жиі кездеседі. Ойын жеткізе алмайды. Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді сөйлеу тілінің мақсатына қарай қолдануда қателіктерді жиі жібереді. Эссе жазуда өздік, болымсыздық, белгісіздік, жалпылау есімдіктерін қолдана алмайды . Сөз қайталаулар өте көп кездеседі. Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда өрескел қателер көп болғандықтан, ойды түсіну өте қиын. |
Айтылым
Балл | Негізгі ойды ашуы және сөз қолданысы |
9-10 | Тақырыпты түсінеді. Қойылған тосын сұрақтарға жауабы тез әрі жүйелі. Диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын сақтайды. Диалог құрауда лепті сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескереді. Ойын әсерлі, мазмұнды жеткізу үшін тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді жүйелі қолданады. Орфоэпиялық нормаларды дұрыс түсінеді. |
7-8 | Тақырыпты түсінеді. Сұрақтарға жауап береді. Диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын сақтай алады. Диалог құрауда лепті сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескереді. Ойын әсерлі, мазмұнды жеткізу үшін тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді қолданады. Орфоэпиялық нормаларды түсінеді. |
5-6 | Тақырыпты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі жүйелі. Диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын сақтауда қателер жібереді. Диалог құрауда лепті сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескереді. Ойын әсерлі, мазмұнды жеткізу үшін тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді қолданады. Орфоэпиялық нормаларды түсінеді. |
3-4 | Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауап беруде қолдауды қажет етеді. Диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын сақтамайды. Диалог құрауда лепті сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескере бермейді. Ойын әсерлі, мазмұнды жеткізу үшін тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді қолдануда қателіктер жібереді. Ойын жеткізуде өрескел ауытқулар кездеседі. |
1-2 | Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауап беруде қолдауды үнемі қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел көп ауытқулар кездеседі. Диалог құрауда лепті сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескермейді. Ойын әсерлі, мазмұнды жеткізу үшін тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді қолдануда қателіктерді жиі жібереді. |
3-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ