Файл: 1 блім. Компьютерлік жад жне апаратты лшем.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 372

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Қысқамерзімді жоспар


Бөлімі:

3-бөлім. «Электрондық кесте арқылы есеп шығару»

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

3.6 Кестелік деректерді графикалық түрде ұсыну

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.2.2.3 электрондық кестеде диаграммаларды жасау;

Сабақтың мақсаты

Барлықоқушыүшін:

Диаграмма түрлерін біледі, қарапайым диаграммалар құрастырады.

Құрылған диаграммалардың негізгі параметрлерін өзгертеді.

Бағалау критерийлері

Диаграмма түрлерін біледі, қарапайым диаграммалар құрастырады.

Құрылған диаграммалардың негізгі параметрлерін өзгертеді.

Тілдік мақсаттар



Пәндіклексикаментерминология:

Диаграмма, гистограмма, параметр:

  • диаграмма -диаграмма-diagram

  • мәндерқосу-добавитьзначения-addvalues

Диалогтерменжазуүшінпайдалысөзтіркестері:

  • «Сыныптардың сабаққа қатысу пайызына диаграмма жасау» тапсырмасын талқылаңдар.

  • Диаграмма түрлерін жазу.

  • Сандық ақпараттарды визуалды бағалауға ыңғайлы ететін қандай әдістерді білесіңдер? Мысалдар келтіріңдер.

  • Ақпаратты визуалды бағалаудың қажеттілігі неде деп ойлайсыңдар?

  • Электрондық кестедегі мәліметтерді диаграммаларға қалай салуға болады?

Оқушылар дайындаған жобаны сыныптастары алдында қорғайды. Қорғау барысында:

  • Электрондық кестелерде ұяшықтарды форматтауды дұрыс қолдануы;

  • Деректердің нақтылығы;

  • Шартты форматтау элементтерін қолдануы бойынша бағалау.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығы қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Математика.

Алдыңғы білім

Шартты форматтау.


Сабақтың барысы:

Сабақ- тың кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақ-тыңбасы

2 мин

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен амандасу.

  2. Оқушыларды түгелдеу.

  3. Психологиялық жағымды ахуал туғызу.

5. Сабақтың тақырыбы, мақсаты және критерийлерімен

таныстыру.

Топтастыру Фигуралар көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру.

I топ – «Үшбұрыштар». I I топ «Дөңгелектер».

III топ «Төртбұрыштар».




Фигуралар салынған конверт







5 мин

(Ұ) «Миға шабуыл»әдісі

Алдыңғы білім мен бүгінгі сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұраққа жауап береді.

Сұрақтар топтамасы интерактивті тақтадан көрсетіледі.

  • «Сыныптардың сабаққа қатысу пайызына диаграмма жасау» тапсырмасын талқылаңдар.

  • Диаграмма түрлерін жазу.

  • Сандық ақпараттарды визуалды бағалауға ыңғайлы ететін қандай әдістерді білесіңдер? Мысалдар келтіріңдер.

  • Ақпаратты визуалды бағалаудың қажеттілігі неде деп ойлайсыңдар?

  • Электрондық кестедегі мәліметтерді диаграммаларға қалай салуға болады?

Оқушылар дайындаған жобаны сыныптастары алдында қорғайды.

Қорғау барысында:

  • Электрондық кестелерде ұяшықтарды форматтауды дұрыс қолдануы;

  • Деректердің нақтылығы;

  • Шартты форматтау

элементтерін қолдануы бойынша бағалау.

Бағалау Мұғалім оқушыларды

«Екі жұлдыз,біртілек»әдісіарқылы бағалайды






Жаңа сабаққа кіріспе Оқулықтағымәтінмен жұмысЖаңа ақпаратты топта бірін-бірі үйретіп, түсіну үшін

«ДЖИГСО»әдісін

қолдану.

Білу кезеңі:

  • «Диаграмма» дегеніміз не? Ол не үшін қолданылады?

  • Оның қандай түрлері бар?

Дескриптор:

  • Оқулықта- ғы мәтінді оқиды.

  • Білу және Түсіну

деңгейінде- гі берілген








(Т) Білу кезеңі және түсіну кезеңінде төмендегі сұрақтарға жауап іздей отырып, жаңа білімді игеру.

  • Электрондық кестеде диаграммаларды қалай іске қосамыз?

  • Жасалған диаграмманы қалай түзетуге, қалай толықтыруға болады? Түсіну кезеңі:

  • Диаграммаларды қай салада жиі қолданады? Себебін түсіндір.

  • Диаграммалармен шартты форматтаудың өзара байланысын түсіндір.

  • Диаграммалардың шартты форматтауден екі

айырмашылығын көрсет.

сұрақтарға жауап жазады.

Бағалау: Топтағы оқушылар бір- бірін

«Екі жұлдыз,бір тілек»әдісі

арқылы бағалайды.




Сабақ-тыңортасы

16 мин







(Ж) Практикалық жұмыс
5-11 сынып оқушыларының бір күндік сабаққа қатысуы жайлы ақпарат берілген.

Осы сыныптардың сабаққа қатысу пайызы бойынша диаграмма жасаңдар.

Жұмысты орындау барысында оқушылардың ұяшықтарды дұрыс форматтауға, автотолтыру және шартты форматтау элементтерін дұрыс қолдануға үйрету.

Дескриптор:

  • Арнайы берілген ақпарат- пен танысады.

  • Осы ақпарат бойынша сыныптар- дың сабаққа қатысу пайызы бойынша диаграмма жасайды.

Бағалау: Мұғалім оқушыларды

«Екі жұлдыз,бір тілек»әдісіарқылы

бағалайды.

7-сынып оқулығы.

Компью- тер.



Сабақ-тыңсоңы



7 мин Рефлек- сия

Сабақты бекіту Диалогті ұйымдастыру ауызша немесе жазбаша тарату арқылы жүргізіледі.

Оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап беру керек:

  • Сабақ барысында көңіл күйің қандай болды?

  • Маған ... қызықты болды.

  • Маған түсінуге ... қиын болды.

  • Мен ... түсіндім.

  • Сабақ маған тұрмыстағы/техникадағы

... түсінуге мүмкіндік берді.

Бағалау: Мұғалім оқушыларды

«Екі жұлдыз,біртілек»әдісі

арқылы бағалайды.










  • Мен ... тақырыбында қосымша ізденуді

қаладым.










Үй тапсырмасы. 5-тапсырма. Сұранысқа ие мамандықтар Алдағы 10 жылда елімізде өндірісті автоматтандыру саласында- ғы келесі мамандықтарға сұраныс көбейеді. Кестедегі деректерді

пайдаланып, мамандарға сұраныстың өсу диаграммасын құр.

ҚМЖ-ға ҚОСЫМША

Қысқамерзімді жоспар сабақтың бастапқы кезеңінен соңғы кезеңіне дейін оқушылардың жас ерекшелігі, оқу мақсаты ескеріле отырып, сараланып жасалды.

Тапсырмаларды орындау барысында дербес (жеке-дара), жұппен, топпен жұмыс жасалады. Тапсырмаларды орындау сабақтың ортаңғы кезеңіне жоспарланды. Осы кезеңде саралаудың

«Қорытынды», «Диалог және қолдау көрсету», «Бағалау», «Тапсырма», «Қарқын» тәсілдері қолданылады. Бұл сабақтағы барлық тапсырмада оқушылар бірдей тапсырма орындағанымен нәтижелері оқушының деңгейіне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан мұғалім дұрыс жауапқа бағыттап, соңғы шешімін беріп отырады. Бұл саралаудың

«Қорытынды» тәсілі. Сонымен қатар оқушылар әр тапсырманы орындау кезінде үнемі қалыптастырушы бағалаудың әдістерімен бағаланып отырады. Тапсырманы қандай деңгейде орындағанын, сабаққа қатысу белсенділігін көрсетеді. Бағалау оқушының іс-әрекетінің жақсаруына оң ықпалын тигізеді. Бұл саралаудың «Бағалау» тәсілі. Сабақта оқушылар жаңа теориялық ақпаратпен танысып, практикалық, талдау, жинақтау, бағалау тапсырмаларын орындау арқылы өз білімдерін толықтыру жоспарланды. Бұл саралаудың «Тапсырма» тәсілі. Сонымен қатар жоспарланған тапсырмаларды орындау барысында оқушының білім дағдысына, деңгейіне қарай қарқыны жылдам және баяу оқушылар кездесуі әбден мүмкін деген болжаммен оқулықта қосымша тапсырмалар беру жоспарланды. Бұл саралаудың «Қарқын» тәсілі.

Құндылықтарға баулудағы мақсатымыз: «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша

«Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбек етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдылары қалыптасады.

Психологиялық жағымды ахуал орнатудағы басты мақсат: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастыру, көңіл -күйін көтеру, бауырмалдығын ояту.

Топтастырудағы мақсатымыз: Топтық жұмыс барысында жылулық қарым-қатынастар дамиды, ынтымақтастық, тыңдау дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады. Өзгелердің идеялары мен ойларын тыңдап, құрметтейді, яғни академиялық адалдық принциптерін сақтайды. Бұл жерде саралаудың «Жіктеу»тәсілі қолданылады.

«Миғашабуыл»әдісінқолдану мақсаты: Бұл әдіс ұжымдық жұмыс түрінде яғни оқушылардың барлығын жұмылдыра қатыстырып, сабақтың бастапқы кезеңінде ғана қолданылады. Себебі оқушылардың сабаққа дайындығын, өткен және жаңа тақырып бойынша алдыңғы білімін тексеру мақсатында ой қозғау сұрақтары беріледі.

Рефлексия: Бұл сабақтың соңғы кезеңіне жоспарланды. Өйткені сабақтың бастапқы кезеңінен соңына дейін оқушының нені оқып меңгергенін білу мақсатында және сабақты бекіту, қорытындылау үшін «Диалогтік әңгіме» әдісі арқылы оқушы өзінің қысқаша қорытынды ойын айтады.

Үйге тапсырма беру мақсаты: Үйде мұғалімнің көмегінсіз өтілген сабақты өздігінен орындап, тақырыпты пысықтайды. Бұл оқушының өздігінен үздіксіз оқып-үйренуіне, білім алуына бағытталады.