Файл: М.Озыбаев атындаы солтстік азастан мемлекеттік университеті к. Атыаева, Т. Ахметова, С. Жуанышпаева аза тілі (В1 дегей) пні бойынша.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 405

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Біріккен Ұлттар Ұйымы – Ұлттар Лигасы болып табылады. Ұлттар Лигасы бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталысымен құрылды. Бастапқыда оған 42 мүше болса, кейін олардың саны 57-ге жетті. Лиганың құрылуына Франция, Оңтүстік Америка, Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттарының халықаралық бейбітшілікті сақтау мен Европада 191–1918 жылдары болған соғыс сұмдықтарының қайталануынан негіз болды. Алайда, екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы- Лиганың өзінің негізгі мақсаты – бейбітшілікті сақтауды қамтамасыз ете алмағандығын көрсетті. Ұзақ уақыттар бойы өз еркімен әрекет етіп үйренген, мемлекеттердің мұндай жаңа ұйымға бағынуы өте қиынға соқты. Соның нәтижесінде Ұлттар Лигасы өз қызметін тоқтатты. Екінші дүниежүзілік соғыс қызу жүріп жатқан кездің өзінде баспасөз бен қоғамдық пікірдің қатты әсерін сезіне отырып, Ұлыбритания, Қытай, АҚШ және КСРО соғыстан кейін бүкіл әлемдік ұйым құру мәселесін жан-жақты талқылады. Аталған елдердің өкілдері халықаралық ұйымның жобасын жасау үшін 1944 жылы Вашингтонда бас қосты. Соғыстың соңына қарай халықаралық ынтымақтастықтың негізі болатын құжаттың түпкілікті мәтінін жасау үшін Сан - Францискоға 50 елдің өкілі жиналды. 1945 жылдың 26 маусымында 50 ел қол қойған бұл құжат – Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы еді. 1945 жылдың 24 қазанында БҰҰ-ның Жарғысы бекітіліп, Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылды. Содан бері бұл күн бүкіл әлемде БҰҰ-ның ресми құрылған кұні ретінде аталып өтіледі. 1955 жылдың наурызына дейін БҰҰ-на 185 ел мүше болды. Қазақстан 1992 жылдың 2 наурызында БҰҰ- ның мүшелігіне қабылданды.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз.

2. Мына сөздердің мағынасын түсіндіріңіз: бастамашылдық, әріптестік, қызығушылық, қауіпсіздік, тұрақтылық, тұтастық, мызғымастық, ынтымақтастық, бейбітшілік, дүниежүзілік, қоғамдық, орталық.

3. Қазақстан қандай мемлекеттермен шектеседі? Қазақстан мен шектесетін мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастар жайылы ақпарат беріңіз (географиялық жағдайлары, ауыл шаруашылығы секторы, өнеркәсіп түрлері, шикізат әлеуеті, қорытынды).

4. Қысқартылған атаулардың толық нұсқасын жазыңыз: ТМД, ИҚҰ, ЕҚЫҰ, АБСШК. Ұйымдар жайлы толық ақпарат беріңіздер (атауы, штаб-пәтері, мақсаты, қызметы, Қазақстанның орны мен рөлі).

5. БАҚ –та «Экономикалық келіссөздер-тұрақтылық кепілі» тақырыпта жазылған материалдар тауып, оқу, аудару.

Практикалық жұмыс 23.


    1. Тақырыбы: Әлем назарындағы Қазақстан

    2. Мақсаты:

1.Еліміздің ұзақ мерзімді даму бағдарламалары, оларды жүзеге асыру жолдарын анықтау.

2. «Қазақстан - 2030», «Қазақстан - 2050» стратегиялары: қабылдануы және маңызы туралы ақпарат беру.

Өткізу формасы: Деңгейлік тапсырмалар орындау/ZOOM платформасында сұхбаттасу (монолог, диалог)

Жалпы мәліметтер: мәтінмен жұмыс

Қазақстан - 2030  Стратегиясы – ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы 1 қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған.

Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:

Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт – ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттіліктің сақталуы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші ретінде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен жәрдемін пайдалану қажеттігі атап көрсетілді.

Мұның өзі халықаралық қоғамдастық тарапынан Қазақстанға қолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, Қазақстан азаматтарының өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысындағы сөзсіз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршілерімен және дүние жүзінің жетекші елдерімен өзара тиімді қатынастар қалыптастыруға саяды.

Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: бірлік – қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этникалық топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды.

Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық 

нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу.

Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күшті әлеум. саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда қатынасын орнату, энергетикалық және табиғи қорды өндіруді одан әрі жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау.

Қазақстандықтардың денсаулығы , білім алуы және игілігі: 

азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экологиялық ортаны жақсарту.

- Сырқаттардың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды.

Энергетикалық қорлар: тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалаық қорды тиімді пайдалану.

Бұл стратегия: таңдаулы халықаралық технологияларды, коммерциялық құпия және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшін басты халықаралық мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар желісінің жүйесін жасау, отын қорын пайдалану қызметінде дүниежүзілік қоғамдастықтағы ірі елдердің Қазақстанға және оның әлемдік отын берушілік рөліне ынтасын ояту бағытын ұстау, ішкі энергетикалық инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсіз болу мәселелерін шешуді қамтиды.

Инфрақұрылым (көлік және байланыс): ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экономикалық өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникациялық кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған.

Кәсіпқой мемлекет: іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемлекеттік қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау. Бұл саладағы міндет осы заманға сай тиімді мемлекеттік қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды іске асыруға қабілетті Үкіметті жасақтау, ұлттық мүдделердің сақшысы болатын мемлекет орнату.


Президенттің жолдауында бүкіл күш-жігерді осы бағыттарға жұмылдырудың, мүмкіндіктерді шоғырландырудың және үйлестірудің келелі идеялары айқын тұжырымдалған, басқару жүйесіндегі реформаларды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін түбірімен қайта қарау қажеттілігі атап көрсетілген. Бұл қысқа және ұзақ мерзімді негізгі бағыттарды іске асыру барысында, ең алдымен, еліміздің барлық азаматтарының бостандығына кепілдік беруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және ертеңгі күнге деген сенімін нығайтуға бағытталған бірден-бір бағдарламалық-стратегиялық ресми құжат болып табылады.

Қазақстан осы стратегиялық міндеттерді орындай отырып, 2030 жылға қарай дамыған елдердің деңгейіне жетуге, дүние жүзінің ең дамыған жиырма елінің қатарына қосылуды көздейді. Реформалар стратегиясында экон. және саяси құрамдағы ырықтандырудың өзара ажырамайтын байланыста болатындығы ескерілген. Бәсекелестік қабілеті ашық та риясыз жағдайда қалыптасқан қоғам орнату одан әрі демократияландыру арқылы өтеді, ол, түптеп келгенде, сайлауды әділ өткізуге, саяси партиялардың, парламенттің рөлін, үкіметтің мүмкіндігін күшейтуге, сот жүйесін реформалауға, БАҚ-қа еркіндік беруге, әйелдердің қоғамдағы рөлін күшейтуге саяды.


Тапсырмалар:

1.Стратегияда қандай бағыттар көрсетілгенін атаңыз. Әр бағыт бойынша кластер құру, сөздік жасау, қорытындылау.

2. Сөз тіркестердің қазақ тіліндегі баламасын жазыңыз, 5 сөйлем көлемінде ақпарат беріңіз:

  1. Равные права

  2. Богатый Казахстан

  3. Гарантия развития

  4. Этнические группы

  5. Социальные проблемы

  6. Устойчивость политики

  7. Концентрация общества

  8. Либерализация цен

  9. Активная роль государства

  10. Ограничение вмешательства

  11. Защита иностранных инвестиций

  12. Обеспечение экономического развития

  13. Ведение сильной социальной политики

  14. Оздоровление реального сектора экономики

  15. Установление долгосрочного партнерства

3. "Қазақстан-2050" Стратегиясы - 2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.

ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері/глобальные вызовы

  1. Бірінші сын-қатер - тарихи уақыттың жеделдеуі

  2. Екінші сын-қатер - жаһандық демографиялық теңгерімсіздік

  3. Үшінші сын-қатер - жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер

  4. Төртінші сын-қатер - судың тым тапшылығы

  5. Бесінші сын-қатер - жаһандық энергетикалық қауіпсіздік

  6. Алтыншы сын-қатер - табиғи ресурстардың сарқылуы

  7. Жетінші сын-қатер - Үшінші индустриялық революция

  8. Сегізінші сын-қатер - үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық

  9. Тоғызыншы сын-қатер - өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы

  10. Оныншы сын-қатер - жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі

  1. Сын-қатердің мазмұнын ашатын сөз тіркестерін жазып алу. Қорытындылау.

Бірінші сын-қатер – тарихи уақыттың жеделдеуі. Тарихи уақыт аса жеделдей түсуде. Әлем қарқынды түрде өзгеруде және болып жатқан өзгерістердің жылдамдығы адамды таң қалдырады. Соңғы 60 жылда Жер тұрғындарының саны үш есе көбейді, ол 2050 жылға қарай 9 млрд. адамға жетеді. Осы кезең ішінде әлемдік ішкі жалпы өнім 11 есе өсті. Бүкіл әлемдік тарихи үдерістің жеделдеуі қай кезде де мемлекеттер алдында жаңа шектеусіз мүмкіндіктер ашады, ал оларды толығымен пайдаланғанымызды мен мақтан тұтамын. Соңғы 20 жылдан астам уақытта біз қоғам өмірінің барлық салаларына өте жоғары қарқынмен жаңғырту жүргіздік. Көптеген басқа елдерге 100, тіпті 150 жыл керек болған нәрселерді атқардық. Дегенмен осы уақытқа дейін жалпы жаңғырту үдерісіне кірікпеген әлеуметтік топтар бар. Оның объективті себептері де бар. Қоғамда адамдардың моральдық жай-күйі мен қоғамдық аңсар-үмітіне әсер ететін бірқатар теңгерімсіздік әлі де орын алуда. Біз осы теңгерімсіздікті жойып, қоғамның барлық жіктеріне қоғамдық жаңғырту үдерісіне кірігу мүмкіндігін беруіміз керек. Олар қоғамда өзінің лайықты орнын тауып, Жаңа саяси бағыт ұынған мүмкіндіктерді толық пайдалануға тиіс.