Файл: М.Озыбаев атындаы солтстік азастан мемлекеттік университеті к. Атыаева, Т. Ахметова, С. Жуанышпаева аза тілі (В1 дегей) пні бойынша.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 401

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Органикалық тауарларды тұтыну Одағының экологиялық ұйымдармен бірлесе отырып жұмыс жасауы генетикалық құрамы өзгертілген ауыл шаруашылық өнімдерінің нарықта пайда болуына қарсы күрес жүргізуіне мүмкіндік туғызды. Ал қазіргі кезде органикалық және агроөндірістің басқа да әдістерін нақты жолға қою қажеттілігі пайда болуда. «Био» сауда белгісі тұтынушыға өнімнің нақты белгіленген әдістерді қолдана отырып өндірілгендігін көрсетеді, яғни талаптарға сай келетінін бейнелейді. Бұл органикалық секторда өсірілетін өсімдік түрі мен сорты, мал, аң, құс тұқымы және балық түрлері дәстүрлі секторларда да өсірілетінін көрсетеді. Дегенмен органикалық өнімдердің тұтыну құндылығы дәстүрлі өнімдерге қарағанда ерекшеленеді. Мысалы, органикалық және дәстүрлі секторларда өсірілген, алманың элемент құрамы, түсі, көлемі бірдей болмайды, органикалық секторда өндірілген өнімде химиялық заттардың болмауы өнімнің тұтынушы үшін тартымдылығын көрсетеді.

Халқымыз «Ас – адамның арқауы» деп, қашаннан тамақтануға ерекше мән берген. Адамның тамақтану рационында ет, сүт, жеміс-жидек өнімдері алғашқы орындардың бірінде тұратыны белгілі. Дастарханымыздың әрін кіргізетін осы өнімдердің денсаулығымызға ешбір зиянсыз, сапалы болуын бәріміз қалаймыз. Бүгінгі таңда бәрімізді елеңсіз қалдырмайтын мәселе бұл – азық-түлік, яғни тамақ өнімдері сапасының сын көтермейтіндігі болып табылады.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып аударыңыздар, сөздік жасаңыздар;

2. «Экологиялық таза өнім» ұғымын кластер арқылы түсіндіріңіздер.

3. Сұрақтарға жауап беріңіздер:

- «Экологиялық таза өнім» ұғымы қай жылы қалыптасты?

- Кімнің теориялық негізденуімен?

- Сол кезде қандай қызметтер жүзеге асырыла бастады?

- Олар не жүзінде жүзеге асырыла бастады?

- Бұл идеялар кімнің бастамасымен және қай елдерде дами бастады?

- Қай жылдары?

4. Денсаулық және экологиялық таза өнім арасында байланыс бар ма?

5. Қорытынды.
6.2 Тағамтану, нутрициология (көне лат. nutrіtіo – тағам және logos – ілім). Адамдар мен жануарлар тағамын зерттейтін ғылым саласы. Қазақстанда тағамтанумен Тағамтану академиясы айналысады.

Ас, тағам дегеніміз тікелей қабылдауға жарамды (табиғи немесе өндірістік және аспазшылық өңдеуден өткізілген), азық-түлік өнімдері
 жиынтығы.

Қоректену - барлық тірі ағзаларға тән қасиеттердің бірі. Қоректену арқылы тірі ағзалар өседі дамиды және қалыпты тіршілік әрекетін жалғастырады. «Ас адамның арқауы», «Асты көрсең қадір тұт» деген сөздер тағамның қасиетін айқындап тұр. Ағзаға қажетті тағамдық заттар күнделікті пайдаланатын тағамнан алынады. Ағза қабылдаған тағам алдымен түрлі өзгірістерге ұшырап, денеге сіңіріледі. Онда тағамдық заттар қан және лимфа арқылы жасушаларға, ұлпаларға таралып, қалдық заттар сыртқа шығарылады. Тағамның құрамындағы ағзалық заттар ыдыраған кезде энергия бөлінеді. Бұл энергия жеке мүшелердің және жалпыы ағзаның қызметі үшін жұмсалады. Тағам ағза үшін энергия көзі және құрылыс материалы. Қазіргі кезде жер бетіндегі адамзатты тамақпеп камтамасыз ету-өзекті мәселелердің бірі. XX ғасырдың соңында дүние жүзіндебір миллиардтан астам адам ашаршылықты бастан кешіріп жатканы белгілі болып отыр. Сондықтан да адам баласын ашаршылықтан құтқару – Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі мәселелерінің бірі.

Адам өсімдіктекті және жануартекті тағамды пайдаланады. Адамның күнделікті пайдаланатын тағамының құрамында күрделі ағзалык заттар (ақуыздар, майлар және көмірсулар) бар. Бұл заттар сол калпында жасуша жарғакшасы аркылы өте алмайды. Жасуша жарғакшасы аркылы өту үшін карапайым заттарға ыдырау керек. Тағамдық заттар алдымен ерітінді күйге айналып, содан кейін қанға сіңіріледі. Қан аркылы ұлпалар мен жасушаларға жеткізіледі. Тағам құрамындағы минералдык заттар (тұздар), витаминдер және су ағзаға тікелей сіңіріледі.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып аударыңыздар, сөздік жасаңыздар;

2. «Ас, тағам» ұғымын кластер арқылы түсіндіріңіздер.

3. Сұрақтарға жауап беріңіздер:

- Тағамтану дегеніміз не?

- Ас дегеніміз не?

- Қоректену арқылы адам ағзасы не алады?

- Тағам ағза үшін қандай рөл атқарады?

- Адамның күнделікті пайдаланатын тағамының құрамында нелер бар?

4. Денсаулық және тамақтану арасында байланыс бар ма?

5. Қорытынды.
6.3 Адам ағзасында тағамдық заттар көптеген қызмет атқарады. Солардың ішінде екі түрлі кызметін ерекше атап өткен жөн. Біріншіден - тағамдық заттар адам ағзасындағы тіршілігін жойған жасуша құрылымдарының орнын басады. Оны тағамның құрылыстық қызметі дейді. Екіншіден - тағамдық заттар ағзадағы химиялық энергияның бірден-бір көзі болып саналады. 

Тағам құрамындағы күрделі ағзалық заттар ыдырағанда энергия бөлінеді де, энергияның басқа түріне (жылу, механикалық және т.б.) айналады. Мұны тағамдық заттардың энергетикалық қызметі дейді. Қорыта айтқанда, тағамдық заттар ағзаны үнемі құрылыс материалдарымен және энергиямен қамтамасыз етіп отырады.

Ақуыздар адам пайдаланатын көптеген тағамдардың кұрамында кездеседі. Олар адам ағзасында өздігінен түзілмейді, тек тағаммен бірге қабылданады. Адамның күнделікті қалыпты тіршілігі үшін тәулігіне орта есеппен 100-120 грамм нәруыз қажет. Нәруыз, әсіресе еттің, балықтың, жұмыртканың, асбұршактың, жаңғактың және т.б. тағамдардың құрамында мол болады. Адам ағзасы үшін нәрлі нәруыз жануартекті тағамдарда көптеп кездеседі.

Май да - адам ағзасы үшін қажетті ағзалык заттың бірі. Ол сүт өнімдерінің, жұмыртқаның және т.б. тағамдардың құрамында молынан кездеседі. Әсіресе, жануарлардың іш майында және майлы өсімдіктердің құрамында май өте көп болады. Басқа ағзалық заттармен салыстырғанда май ыдыраған кезде энергия екі еседей көп бөлінеді. Адам сүйық (өсімдік) майларды көбірек пайдалануы қажет, әйткені ол ағзаға тез әрі жеңіл сіңеді. Адам тәулігіне орта есеппен 70-100 г май пайдалануы керек.

Көмірсулар көбіне өсімдіктекті тағамдардың құрамында мол болады. Адам күнделікті пайдаланатын көмірсулар негізінен крахмал және қантКрахмал түрлі жармалардың, ұнның, картоптың құрамында көбірек кездеседі. Қант көбіне қант қызылшасында, сәбізде мол болады. Ағза үшін, негізінен, жемістердің құрамындағы қант өте пайдалы, өйткені ол тез сіңеді. Мұндай қант балдың, жеміс-жидектердің құрамында көп кездеседі. Адам денесіне жиналған артық көмірсулар бауырда, бұлшықеттерде қор ретінде жиналады.

Витаминдер (лат. «vіtа» - тіршілік, «аmin» - химиялық заттар) - тағамның құрамында болатын ағза үшін кажетті зат. Ағзаның өсуі, дамуы, тіршілігі үшін витаминдер (дәрумендер) аз мөлшерде болса да өте қажет. Оларды адам тағамның құрамынан алады, яғни витаминдердің көпшілігі ағзада өздігінен түзілмейді. Адам ағзасындағы витаминдер тапшылығы сан алуан ауруларға шалдықтырады.

Минералды тұздарды адам ағзасы жеген тағам мен ішкен суы арқылы қабылдайды. Адам пайдаланатын барлық табиғи тағамдардың құрамында тұздар кездеседі. Күнделікті тұрмыста ас тұзын табиғи қалпында пайдаланады. «Тұз - астың иманы» деген сөзде терең мағына бар. Тұзсыз астың дөмі татымайды. Адам тәулігіне 5-6 грамдай ас тұзын пайдаланса, жеткілікті.


Су адам ағзасы үшін өте қажет. Сусыз тіршілік ету мүмкін емес. Адам денесінде күрделі физиологиялық үдерістердің бәрі де судың катысуымен жүреді. Сонымен бірге суда көптеген минералдық тұздар ерітінді түрінде кездеседі. Адамның тіршілігі үшін тәулігіне 1,5-2,5 литр су қажет. Суды адам кейде сусын ретінде ішеді. Сонымен бірге күнделікті пайдаланған тағамның құрамында да болады. Судың аз-даған мөлшері ағзаның өзінде ағзалық заттардың ыдырауынан бөлінеді. Суды дұрыс пайдалана білу керек. Ағза үшін су тапшылығы да, суды артық пайдалану да зиян. Мысалы, суды шектен тыс көп пайдалану бүйрек қызметіне күш түсіріп, зиянды әсер етеді.


Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып аударыңыздар, сөздік жасаңыздар;

2. «Тағамдық заттар» ұғымын кластер арқылы түсіндіріңіздер.

3. Сұрақтарға жауап беріңіздер:

- Адам ағзасында тағамдық заттар қандай қызмет атқарады?

- Ақуыздардың қызметі.

- Көмірсулардың қызметі.

- Майлардың қызметі.

- Витаминдердің қызметі.

- Минералды тұздардың қызметі.

- Судың қызметі.

4. Денсаулық және тағамдық заттар арасында байланыс бар ма?

5. Қорытынды.


    1. Ұлттық тағам дегеніміз не? Әрбір халықтың ертеден пайдаланып келе жатқан ұлттық тағамдары бар. Сондықтан да «ұлттық тағам - ұлы байлық» деп бекер ай-тылмаған. Қазақстандық көрнекті ғалым, академик Төрегелді Шарманов көп жылдар бойы ұлттық тағамдардың адам ағзасына әсерін зерттеп келеді. Ғалымның зерттеуі бойынша ұлттық тағамдар - айран, қатық, құрт, ірімшікетқымызшұбатжент және т.б. қуаты мол әрі нәрлі. Қазақта «Ас адамның арқауы», «Асты көрсең қадір тұт» деген асыл сөздер бар. Олардың мағынасын қалай түсінесіздер?



Практикалық жұмыс 7.

    1. Тақырыбы: Саяхат және туризм

    2. Мақсаты:

1 Туған жерге саяхаттау;

2.Туған өлке, оның байлығы, табиғат көріністеріне шолу жасау.

3.Еліміздің туризм саласымен таныстыру.

Өткізу формасы: Деңгейлік тапсырмалар орындау/ZOOM платформасында сұхбаттасу (монолог, диалог)

Жалпы мәліметтер: мәтінмен жұмыс
7.1 Сапар шегу

Самолет солтүстік шығысқа қарай самғап келеді. Төбеде күн жарқырап тұр. Аспан көкпеңбек. Төменде телегей – теңіз ақ бұлттар көрінеді. Біресе олар сонау мұз мұхитындағы арасында балпаң басып ақ аю жүретін мұз тауларға ұқсайды. Біресе күзде Шымкенттің мая – мая етіп үйіп қойған ақ матасы сияқтанып кетеді. Кейде ақ бұлттар республикамыздың кең – байтақ даласында жайылып жатқан еті балдай, жүні жібектей отар - отар қойларды еске түсіреді.

Ақ лайнер ақ бұлттарды түйдек – түйдегімен артқа лақтырып, зулап келеді. Кейін қалған ақ бұлттар тұлпардың тұяғынан ұшқан шаңға ұқсайды. Самолетпен бірге жолаушылардың көңілі қоса самғайды. Ал, жерде, самолет қанатының астында, онымен, оның жолаушыларымен жарыса, олардың ойынан оза дүниедегі ең жүйріктің өзі - өмір самғап келеді.