Файл: Емтихан сратарыЭкзаменационные вопросы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 325

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
.
30. Асфиксия

Тұншығу, асфиксия (грек. asphyxіa; a – жоқ және sphyxіs – тамыр соғуы) – қанда оттек жетіспеушілігінен көмірқышқыл газының көбеюінен болатын адам өміріне қауіпті патологиялық жағдайы.

Тұншығу әр түрлі жағдайларға байланысты, мысалы, жүрек, бронхы демікпесі кезінде, тыныс жолына бөгде заттар түскенде, электр тогымен зақымданғанда, т.б. пайда болады.

Сот медицинасында тұншығуды екі топқа бөледі:

  1. механикалық тұншығу;

  2. токсиндік тұншығу

Механикалық тұншығу[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Механикалық тұншығу - тыныс алу жолдары сырттан басылып қалғанда не іштен тығындалып қалғанда, мысалы, адам асылып өлгенде, адамды (өлтіру мақсатында) арнайы тұншықтырғанда немесе дифтерия ауруында тыныс жолдарының қабынуына байланысты қабықшалармен тығындалып қалғанда, адам суға батып кеткенде, наркоз кезінде тіл тыныс жолдарын бітеп тастағанда дамиды.

Токсиндік тұншығу[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Токсиндік тұншығу - тыныс алу ортасына әр түрлі улы заттар (стрихнин, кураре) әсер еткенде, тыныс алатын бұлшық еттер зақымданса, кейбір заттар қандағы оттекпен әрекеттескенде, ауадағы оттек мөлшері азайғанда (биіктікке көтерілгенде), т.б жағдайларда дамиды.

Тұншығудың ерекше бір түрі – нәресте асфиксиясы деп аталады. Іштегі нәрестенің тұншығуы анасының денсаулығына байланысты, анасы уланған, жарақаттанған не нәрестенің кіндік қан айналымының жұмысы бұзылған жағдайда дамиды.

Тұншығудың даму себептеріне байланысты алғашқы кезде тыныс алу жиіленеді, қан қысымы көтеріліп, жүрек соғуы күшейеді. Бұдан соң тіндерде оттек жетіспеушілігінен (Гипоксия) жүрек соғуы баяулап, қан қысымы төмендей бастайды, тыныс алу сиреп, адам тіпті бірнеше секундтан бірнеше мин-қа дейін дем ала алмай қалады (мұны терминальды тыныс алу деп атайды), рефлекстер жойылып, ауру есінен танады. Осы кезде науқасқа шұғыл дәрігерлік көмек көрсетілмесе өліп кетуі мүмкін. Тұншыққан адамның беті көгеріп, терісі бозарады, ерні кезеріп, жүзінде қорқыныш үрей пайда болады, суық тер шығады. Ішкі органдарға қан толады, өкпе ісініп, орталық жүйке жүйесінде ауыр дистрофиялық өзгерістер дамиды.

Алғашқы көмек көрсету[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тұншыққан адамға жедел түрде жәрдем көрсетіліп, жүрекке сырттай массаж жасап, “ауыз бен ауыз” не “ауызбен мұрын” арқылы тыныс алдыру қажет (Қолдан тыныс алдыру). Ауруханада интубация (кеңірдек арқылы ауа жіберу) жасалады. Тыныс алу жолдарын тығындап тастаған затты алу үшін трахеотомия әдісі қолданылады. Содан кейін организмнің жалпы оттек – сілтілік жағдайын, суэлектролиттік зат алмасуын реттеу қажет.
[1][2]

Нәрестенің тұншығуы[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Асфиксия - тұншығу, нәрестенің туылу сәтіндегі организмінде оттегі жетіспеушілігінен дамитын жағдай.

Гипоксиямен-тканьдердегі оттегі жетіспеушілігі, гиперкапниямен-қандағы СО2-нің көбеюі, ацидозбен-организмде шала тотыққан зат алмасу заттарының көбеюімен сипатталады. Асфиксия кезінде ОЖЖ-нің, жүрек қантамыр жүйесінің, бауырдың жұмысы зақымданады.

Тұншығудың себептері[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1.Кіндіктегі қан айналымының бұзылуы : баланың кіндігінің мойнына, денесіне оралып қалуы, кіндіктің түйілуі, түсіп кетуі т.б.

2.Баланың туылуының ауыр жағдайда өтуі: бала жолдасының ерте ажырауы, ұрыққасындағы судың ерте кетуі, жатырдағы су мөлшерінің шамадан тыс көп болуы, аз болуы,баланың дұрыс келмеуі, егіздік , туылудың ұзаққа созылуы т.б.

3.Анасының жүктілік кезіндегі зиянды әдеттері, инфекциялық аурулары, қан кетулер, әйел мықынының тар болуы, акушерлік қысқыштар қолдану т.б.

4.Нәрестенің туа біткен аурулары, ақаулары.

Біріншілік асфиксия- бала туылған кезде болады.

Екіншілік асфиксия- жатырсуымен аспирациядан соң, пневмония, ми жарақаты, жұлынның травмасы, жүрек және өкпе, ми ақауларында, біріншілік асфиксияда жәрдемнің дұрыс болмауында дамиды.

Оттегі жетіспеушілігінің ұзақтығына байланысты асфиксияның 3 дәрежесі[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1-ші дәрежесі немесе жеңіл асфиксия, Апгар шкаласы бойынша жағдайы-7 балл. ЖТБ-ның терісі аздап көкшіл, демалысы үзік, жүрек соғуы анық, біркелкі, минутына-100рет, бұлшықет ширақтылығы және физиологиялық рефлекстері жақсы.

2-ші дәрежесі немесе орташа асфиксия, көк асфиксия, Апгар шкаласы бойынша жағдайы 6-4 балл. Баланың жалпы жағдайы ауыр, терінің цианозы жоғары, жүрек тоны күңгірт, ритмді, сирек, тыныс алуы сирек, ретсіз. Бұлшықет тонусы төмен. Рефлекстері төмен.

3-ші дәрежесі немесе ауыр асфиксия, ақ асфиксия, Апгар шкаласы бойынша жағдайы 1-4 балл. Жалпы жағдайы өте ауыр, тері қабаты боз, ақшыл, шырышты қабаты цианозды, тыныс алуы жоқ, жүрек тоны күңгірт, баяу, ретсіз, бұлшықет тонусы төмен, немесе жоқ, физиологиялық рефлекстері жоқ.

Тірілту шаралары[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Асфиксиямен туылған балаға шұғыл түрде тірілту шараларын жүргізу қажет.

1-ші дәрежелі асфиксияда шырышты сорып,денесіне салқын су шашып немесе құйрықтан ұрған жеткілікті.



2-ші дәрежелі асфиксияда жоғарыда айтылған шараларға қосымша Минутына 30-40 рет қолдан дем беру, 120-130 рет сыртқы жүрек массажын жасау керек.

3-ші дәрежелі асфиксияда қосымша көк тамырға преднизалон, адреналин енгізіледі.

Асфиксиядан шығарылғаннан кейінгі бала күтімі[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1. Балаға барлық манипуляциялар төсекте өткізіледі.

2. 2-7 күн бойы анасына сауылған сүтпен қасық немесе зонд арқылы тамақтандырылады, емшекке еппен біртіндеп салынады.

3. Баланың дем алуын оңайлату үшін бос жөргектейді, бас жағын көтеріңкі жатқызады.

4. Оттегінің жетіспеушілігімен күресу үшін палатаны жиі желдетіп, балаға мезгіл-мезгіл Бобров аппараты арқылы оттегі беріп тұру керек, мүмкіндік болса баланы кювезге жатқызуға болады.

5. Өкпе қабынуының алдын алу үшін баланы төсекте жиі аударып, кеудесіне 2 мезгіл қыша қағазын қою керек.

6. Баланың терісін стерильді өсімдік майымен немесе «А» витаминінің майлы ерітіндісіменн майлап тұру керек.

7. Баланы күтетін медицина қызметкері әр уақытта маска киюі керек.
31. Стресс

Стресс-ағзаның тітіргендіргішке қайтаратын жауабы. Адамдар көбінесе стрессті ашуланғанда, аштықта, суықта, ыстықта, ауырғанда және жабайы жануарлармен күрескенде, олардан қашқанда алады. Бірақ жер бетінде тіршіліктің пайда болғанына мыңдаған, миллиондаған жылдар болса да адам ағзасының қиын және экстремальді жағдайларға жауап қайтаруы өзгермеген. Стресс биологиялық қабылдау және жауап қайтаруға бейімделген.

Стресті физикалық тұрғыда реакция бермеуіміз керек.

Жұмыстағы ұрыс-керісті, емтихан алдындағы үрейді, жолдағы жүргізушінің қажуын, әртістің сахнаға шығардағы қобалжуын еске түсірсек жеткілікті. Қажу мен демалудың арасындағы ритмнің бұзылуы әдетте көпке, 1жылға созылатын жанұядағы ұрыс керіс және басқа да жағымсыз тітіргендіргішке әсерінен адам ауруға шалдығады және биологиялық бейімделе алмайды. Тек қана бұл жағдайларда ғана емес басқа жағдайларда да стресс алуы мүмкін. Мысалы жалғыздық, іш пысу, изоляция кезінде болады.Дамыған индустриальді елдерде көбінесе негативті стресс кездеседі. Мысалы алсақ конвейерде жұмыс жасау, автоматтардың автоматизациялануын мұқият бақылауда сондай ақ, майда жұмыстарда яғни жүйке жүйесіне тиетін жұмыстарда стресс алады. Адам көп уақыт стрестік жағдайда жүрсе қауіпті ауруға шалдығуы мүмкін.Стресс бұл- тек ауру мен зақымдалу ғана емес ол жаттығу мен шынығу құралы болып табылады. Стресс адамның психикалық, физикалық тұрғыда денсаулығына зиян келтіреді.Стресс адамда ишемиялық аурулардың тууына әкеледі, мәселен жүрек ауруы, гипертониялық ауруы, диабет, асқазан жарасы және он елі ішек жарасы, язвалық колит, бронхиальді астма, тері аурулары, әртүрлі иммундық және аллергиялық бұзылыстар пайда болады.Адам организмінің адаптациялық мүмкіндігі шексіз емес.Стресс адамға қайғы мен ауру әкелгенімен қоса экономикалық және моральдық зиян келтіреді. Стресс және прогресс соңғы кездерде бірге айтылады. Әрбіріміздің өмірімізде өмірінің күрт өзгеріп, бірден қоршаған орта әділетсіз болған кездері болған шығар. Ондай кездерде адамдар өмірден түңіліп, әлденедей келеңсіз жағдайларға дейін баруы мүмкін. Стресс ең күшті және ең әлсіздердің жолында тұрады. Стресс кейбіреулерге қатты әсер етуі мүмкін, ал кейбіреулер онымен тіпті өмір сүреді.

32. Шок

Шок сөзі медицина саласында және көпшілік арасында әртүрлі қолданылады. Ол жағымсыз жаңалықтар алу сияқты стресстік жағдайларда туындайтын күшті эмоционалды реакцияны анықтау үшін қолданылады.
Бұл жағдайда шок деп қандағы оттегінің жоғалуын айтады, нәтижесінде жүрек соғу жиілігі жоғарылайды, абыржу немесе шаршағыштық пайда болады.

Шок - бұл жедел жарақат, ол ауыр жарақатқа, тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Сондықтан оны тез арада емдеу керек.

Себептер Неліктен шок күйі пайда болады?

Жасушалардың оттегі мен глюкозаның болуы өте маңызды екенін атап өту маңызды. Бұл олардың энергиясын өндіруге және өз жұмысын дұрыс орындауға мүмкіндік береді.

Оттегі ағзаға өкпе арқылы енеді. Осылардың ішінен оттегі қанға жетеді. Нақтырақ айтқанда, ол гемоглобин молекулаларымен байланысып, қызыл қан жасушаларында сақталады. Эритроциттер жүректің айдалуының арқасында бүкіл денеге таралады, жасушалар мен тіндерге оттегін жеткізеді.

Алайда, егер жасушаларда оттегі болмаса, аэробты метаболизмді пайдаланудың орнына (оттегімен) анаэробты метаболизмді пайдаланады (оттексіз). Бұл метаболизм жанама өнім ретінде сүт қышқылын жасайды.
Бұл қандағы қышқыл-сілтілік тепе-теңдіктің өзгеруіне әкеледі. Яғни, ол қышқыл болып, қан тамырларына әсер ететін токсиндерді шығара бастайды.

Соңында, анаэробты метаболизм жасушалардың өлуіне әкеліп соғады, бұл әртүрлі тіндер мен мүшелерді зақымдайды.

Кезеңдер

Шоктың белгілі үш кезеңі бар, олардың әрқайсысының белгілері әртүрлі.

I кезең

І сатысында (прогрессивті емес) организм қанның төмен ағынын анықтап, оған қарсы тұрудың белгілі бір тетіктерін қозғалысқа келтіреді.

Осылайша, жүрек тез соғып, қан тамырлары олардың диаметрін азайтады және бүйрек сұйықтықты ұстап тұруға тырысады. Осы кезеңде шоктың белгілері көп емес және жедел емдеу оны тоқтата алады.

II кезең

II сатысында (прогрессивті) жоғарыда аталған механизмдер сәтсіздікке ұшырайды және анықталатын белгілер біліне бастайды. Мысалы, пациент оттегінің жетіспеушілігінен абдырай бастайды.
III кезең

III сатысында (қайтымсыз) төмен қысым тіндерге және мүшелерге әсер етеді, жүрек зақымдала бастайды және бүйрек құлап кетеді. Бұл кезеңде өлімге әкелуі мүмкін елеулі зақым келеді.

Шоктың белгілері

Шоктың ең көп таралған белгілері:

- Төмен қан қысымы.


- суық және қатпарлы тері. Қолдар мен аяқтар бозғылт немесе көкшіл түсті болуы мүмкін.

- зардап шеккен адам тез және қиындықпен тыныс ала алады.

- жүрек соғу жылдамдығын жеделдету.

- жүрек айну.

- құсу

- зәрді азайту.

- шаршау.

- кеңейтілген оқушылар.

- Құрғақ ауыз.

- бас айналу

- Мазасыздық.

- тітіркену.

- абыржу мен ұйқышылдық.

- өзгерген психикалық жағдай, байқампаздықты төмендетеді. Бұл сана жоғалуына дейін өсуі мүмкін.

Түрлері

Шоктың пайда болу себептеріне байланысты әр түрлі түрлері бар:

Гиповолемиялық

Ол ағзадағы қанның аз мөлшерімен сипатталады. Дененің дұрыс жұмыс істеуі үшін эритроциттердің жеткілікті болуы қажет. Сонымен қатар, сұйықтық қан тамырлары арқылы қозғалуы үшін қанда су жеткілікті болуы керек. Іс жүзінде қанның 90% -ы су болып табылады.

Сусыздану болған кезде қан мөлшері жеткіліксіз болса да, эритроциттер жеткілікті болуы мүмкін. Бұл қан қысымының төмендеуіне әкеледі. Сондықтан, егер айдайтын қан аз болса, жүрек өндірісті ұстап тұру үшін жылдамдығын тездетуі керек.

Шоктың осы түрінің дамыған сатысында пациент жоғалтқан сұйықтықтың орнын толтыра алмайды, ал дене қан қысымын тұрақтандыра алмайды.

Бұл сонымен қатар ішкі қан кетуден (артерияның жарылуынан немесе мүшенің зақымдануынан) немесе сыртқы (мысалы, терең жарадан) болуы мүмкін. Мұны геморрагиялық шок деп те атауға болады.

Оның ең көп тараған себептері - асқазан-ішектен қан кету және әйелдердің жатырындағы қан кету. Екінші жағынан, бұл шок жағдайы онкологиялық ауруға шалдыққан адамдарда жиі кездеседі.

Себебі олардың қан кету қаупі жоғарылайды, өйткені олардың бауыры дұрыс ұюға жол бермейді. Қанды сұйылтатын дәрі-дәрмектерді қабылдайтын адамдар да қан кетуі мүмкін.

Гиповолемиялық шоктың басқа себептері дегидратация, күйік, жылу соққысы, құсу немесе созылмалы диарея болуы мүмкін, бұл қан көлемін жоғалтуға, сондай-ақ қан қысымының төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Бұл сондай-ақ артық зәр шығаруды тудыратын аурулармен байланысты (несеп). Олардың кейбіреулері қант диабеті және қант диабеті. Себебі қандағы қанттың шамадан тыс жоғарылауы зәрде артық судың бөлінуіне әкеледі.

Ұйқы безінің қабынуы, бүйрек жеткіліксіздігі немесе ағзадағы қатты қан кетулер де гиповолемиялық шокқа әкелуі мүмкін.