ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.12.2023
Просмотров: 108
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бүгінгі таңда арт – терапияда көптеген тәсілдер бар. Олардың ішінде психодинамикалық, трансперсоналды, феноменологиялық, гуманистік көзқарасты атап өткен жөн. Жақында инновациялық бағыттар ретінде көпмәдениетті, интегративті, феминистік бағыттар қарастырылады.
Арт – терапия, зерттеу және қолдану саласы ретінде, көптеген ғалымдар бұл әдісті зерттеуде. Осыған байланысты, арт-терапия қандай да бір себептермен ауызша әдіс мүмкін емес немесе қиын болатын жағдайларда өте қажет. Яғни, арт – терапия арқылы баланың айтқысы келгенін, айтар ойы мен оның белгілі бір дүниеге деген көзқарастарын білуге болады [49, 27-34 б.].
Сонымен, арт – терапияның ерекшеліктерін қарастыра отырып, оның мынадай негізгі түрлерін ұсынамыз (Сурет 4):
Сурет 4 – Арт – терапияның түрлері
Изотерапия – бейнелеу өнері арқылы емдеу. Бүгінгі таңда бұл әдіс ең танымал заманауи әдістердің бірі болып табылады. Сурет салу адамға терең қақтығыстармен күресуге, ашуланшақтықты, агрессияны және көңілсіздікті жоюға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сурет салу өнімдері баланың өзін – өзі бағалауының, өзіне деген сенімділігінің дамуына ықпал етеді. Адам жасаған картиналар немесе басқа өнер туындылары әлеуметтік мақұлдауға, оқшаулану мен жан – жақтылықты жеңуге көмектеседі. Изотерапия өнімдері шығармашылық бағыттан бөлек психологиялық мәні арқылы да кеңінен танымал. Психолог мамандар қажет болған жағдайда балалардың психологиялық күйін, олардың бойындағы негізгі қиындықтарын оңай анықтай алады. «Изотерапия» терминінің мағынасы тек қана керемет туындылар ғана емес, сонымен қатар, нәрестелердің саусақтарымен салған туындылары да осы салаға жатқызылады. Яғни, бұл өнер саласы балалардың ұсақ моторикасын дамыту құралы да бола алады [50, 34-37 б.].
Изотерапияны қорытар болсақ, оның қолданыс аясы педагогика, психология, медицина және әлеуметтік ғылымдар саласында кеңінен қолданылады.
Ертегі терапиясы. Көптеген ата – аналар балаларға арналған арт – терапияның қандай түрлері бар екеніне қызығушылық танытады. Ертегі терапиясы тек қана ертегіні тыңдау ғана емес, сонымен қатар, тәрбие мен шығармашылықты дамыту құралы ретінде де қарастырылады. Ертегі терапиясын қолдану кезінде маман балаға дамыту мақсатына сай белгілі бір ертегіні оқи отырып, оның бойында негізгі дағдылар мен қажеттік өмірлік біліктерді қалыптастырады. Атап айтқанда, ертегі терапиясы арқылы балалардың даму саласын тек қана қызықты емес, сонымен қатар өнімді етіп дамыта алады [51, 315 б.].
Музыкалық терапия. Белгілі бір дыбыстар адамның жүйке жүйесіне тікелей әсер етеді, белгілі бір физиологиялық реакцияларды, сондай – ақ эмоцияларды тудырады. Мысалы, бір музыкалық композиция жүрек соғу жиілігін және тыныс алуды жылдамдатады, қуанышты көңіл – күй тудырады, ал екіншісі адамға толық демалуға көмектеседі. Музыкалық терапия қолданыс аясы бойынша жеке немесе топтық тәсіл болуы мүмкін. Музыкалық терапия жеке тәсіл ретінде балалардың психологиялық саласын, шығармашылығын және сөйлеу тілін дамыту әдісі ретінде қолданылады. Ал, топтық әдіс өнер саласында, шығармашылық дағдыларды дамыту барысында және коммуникативті дағдыларды дамыту құралы ретінде қолданылады.
Жоғарыда қарастырылған арт – терапияның барлық түрлеріне ортақ функцияның бар екендігін Т.Колошин айта келе, оларды мына сипатта қарастырған болатын (Сурет 5) [52, 293 б.]:
Сурет 5 – Арт - терапия функциялары (Т.Колошин бойынша)
Т.Колошиннің қағидасы бойынша арт – терапия және оның құрамдас бөліктері адамның бойында болатын кез – келген тұлғалық және психологиялық мәселелерді шеше алады деп есептейді. Себебі, арт – терапияның құрамдас бөліктері адамдарда болатын стресстік жағдайларды, күйзеліс кезеңдерін және психологиялық қорқыныш пен үрей жағдайларын шешуде түзету бағдарламасының бөлігі ретінде қарастырылады деп тұжырымдаған болатын.
Сонымен қатар, Н.Сакович, Е.Медведев, И.Левченко, Л.Комиссарова еңбектерінде педагогикада «арт – терапияның базалық функциялары» деп аталатын функциялар тізімі де қарастырылады (Сурет 6) [53, 248 б.]:
Сурет 6 – Арт терапияның базалық функциялары
6 – суретке сай авторлардың арт – терапияның өмірлік дағдыларды дамыту қасиеті туралы да айтқан болатын. Бұл кезде «өмірлік дағдылар» түсінігінің аясы қарым – қатынас пен тұлғааралық қатынастармен ғана шектелетін. Десе де, өмірлік дағдыларды арт – терапия арқылы дамыту қажеттілігінің алғышарттар жоғарыда аталған авторлардың жұмысынан басталды деп айта аламыз.
Сонымен, арт – терапиядағы танымал екі функцияны қарастыра отырып, оның қолданыс аясының мақсатты түрде өнер саласын дамыту емес, педагогика мен өнерді ұштастыра отырып, шығармашылық мәдениет пен жан – жақты даму парадигмаларын қарастырады деп айта аламыз. Ал педагогика мен өнердің тоғысында дамып келе жатқан арт – педагогикада көркемдік мәдениетті дамытуға және көркемдік іс – әрекеттің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды сәтті игеру тәсілін табуға көмектесуге ғана емес, сонымен бірге жалпы адамзаттық құндылықтарға өзінің ішкі тәжірибесі арқылы, жеке эмоционалды тәжірибе арқылы, шығармашылық процеске жеке қатысу арқылы қосылуға баса назар аударылады [54, 248 б.]:
Осылайша, арт – педагогиканың қолданыс аясын нақтылай отырып, оның сәтті қолданылуын білдіретін белгілер қатарын ұсынады. Ал, оларға О.М. Корженко мен Е.А. Заргарьян ұсынған мына белгілерді жатқызуға болады (Сурет 7) [55, 95-97 б.]:
Сурет 7 – Арт терапияның сәтті қолданысының белгілері
Мартинсоне К. және т.б авторлар арт – терапияның қолданыс аясының негізгі ортасы ретінде білім беру процесінде ұнамды – эстетикалық тәрбиені қалыптастыру мен тұлғаны дамыту бағыты деп санайды.
Мұнда біз өнер педагогикасының басты сипаттамасымен, оның даму және тәрбиелеу әлеуеті бар өнер мен көркемдік – шығармашылық қызмет құралдарына негізделгендігімен санасуымыз керек. Біздің ойымызша, бұл әлеует әсіресе қоғамдық ортадағы жағымсыз құбылыстардың алдын – алу жұмыстарында – нашақорлықтың, алкоголизмнің, мінез – құлықтың ауытқуының, депрессияның, стресстің алдын – алу жұмыстарында сұранысқа ие [56, 352 б.]:
Шет ел авторларынан бөлек арт – терапияның қолданыс аясы бойынша Е.Шахабозова ұсынған арт – терапияның мына принциптерін де келтіруге болады:
Тұтастық: адам тұтас жүйе: оның жаны – тәні мен сезімдері. Осы тұтастықтың бір бөлігінде немесе бірнешеуінде болатын өзгерістер тұлға дамуына кері ықпал етеді. Осы сәтте тұтастықты қалыптастыру құралы ретінде арт – терапияны қолдану оңтайлы болып табылады.
Үш жақты қарым – қатынас: арт – терапия арқылы жұмысты ұйымдастыру оқушы – ата – ана мен педагог арасында жүретін құбылыс болып табылады. Аталған үш тараптың кешенді жұмысы дамыту жұмысының нәтижелелігін арттырады. Олардың бірінің жұмыстағы пассивті рөлі үрдістің ұйымдастырылуына кері әсер етеді.
Әлем туралы бейнені кеңейту: адамның әлем туралы түсініктері, ойлары мен көзқарасы тарылған кезде баланың бойында белгілі бір қиындықтар туындайды. бұл ең әуелі баланың әлеуметтік ортадан алшақтауы нәтижесінде туындайды. Дәл осы сәтті арт – терапия арқылы балының қоғаммен байланысын дамытып, оның қоршаған ортамен байланысын тиімді дамыта аламыз.
Құзыреттіліктер компоненті: баланың өзіне – өзі деген сенімділігін, өзін – өзі анықтауын дамыту саласы да баланың тұлғалық дамуында өзекті тақырып болып табылады. Осы сәтті арт – терапияның құрамдас бөліктерін қолдану баланың бойындағы ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамытады.
Үздіксіз үрдіс: Белгіленген тақырыпқа параллель жүретін процестерге тиісті назар аудару әдетте, бұл ағымдар негізгі мақсатқа тікелей байланысты, бірақ қазіргі уақытта маңызды болуы мүмкін [57]:
Арт-терапияны білім беру мекемелерінде қолданудың келесі артықшылыктары бар:
1. Арт-терапия баланың өзін-өзі бағалауын және басқа да тұлғалық ерекшеліктерін ескеретін шығармашылық іс-әрекет.
2. Арт-терапия баланың психологиялык және соматикалық дамуы барысында оның барлық қажеттіліктеріне сай келеді, адамның қандай да бір бөлігін немесе мүшесін ғана емес, оны толықтай көруге мүкіндік береді.
3. Арт-терапия ең бірінші кезекте адамның ішкі потенциалға сай келетін денсаулығы мен күш-жігеріне, шығармашылық іс-әрекет барысында пайда болатын ойлауына, сезімдері мен көңіл күйіне, адамды бар болмысымен қабылдауға негізделеді. Бала тұлғасы дамуының әркелкілігі заңы әр адамның бір жас кезеңінде әр түрлі даму деңгейінде болатындығын көрсетеді.
1. Коррекциялық-педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты мен міндеттерін анықтауда жеткіншектің даму деңгейіне болжам жасаған дурыс, көбіне эмоционалды мінез-құлық бұзылыстарының сол сәттегі көрінісіне ғана мән береміз. Алдын алу шараларын уақытылы колдану арқылы баланың эмоциясы мен мінез-құлқындағы қиындықтарды жоюга болады, сондықтан бала тұлғасының үйлесімді дамуы үшін қолайлы жағдай туғызған дұрыс.
2. Диагностикалау мен коррекциялаудығ бірлігі принципі біртұтас педагогикалық процестің жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Коррекциялык жұмысты нәтижелі жүргізу үшін баланың мінез-құлқы мен қарым-қатынасынын ерекшелігі туралы мәліметтер қажет. Коррекциялык-педагогикалык процесс өзгерістерді тіркеуді, коррекция нәтижесі мен барысын жүйелі бақылауды және диагностикалауда коррекциялық-педагогикалық іс-әрекеттің барлық кезеңдерін (мақсат, міндет, әдіс, тәсіл, нәтиже) қамтуды талап етеді.
[Бақтыбаева Ж.Ш. Білім берудегі арт-технологиялар: оқу құралы / Ж.Ш. Бақтыбева, Ұ.Б.Төлешова, Ж.Әбдіқадырқызы. – Алматы: Қазақ университеті, 2020. – 31-32 бб.]
Теориялық еңбектерге жүргізілген талдау жұмысының нәтижесінде арт – терапиясының педагогика мен психология үшін үлкен рөлі бар екендігін негіздей алдық. Атап айтқанда, әрбір онжылдық сайын арт – терапияның рөлі дамып, үлкен әдістемелік кешені бар технологияға айналды.
1.3 Арт терапия арқылы окушылардың өмірлік дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік алғышарттары
Шығармашылықты тек қана ермек емес, арнайы дамыту құралы ретінде қарастыру ХХ ғасырдан басталып, психоанатлитикалық талдау жұмысы арқылы түсіндірілді.
Арт – терапия табиғатты, оның заңдылықтарын, қағидаларын, даму механизмдерін, өнерге деген талпыныс пен қолдауды зерттейтін педагогиканың ерекше саласы ретінде дамыды. Сонымен қатар, бүгінгі таңда арт – терапия арқылы оқушылардың өмірлік дағдыларын қалыптастыруы жөнінде де әдістемелік әдебиеттер ұсынылған болатын [58, 340 б.].
Өмірлік дағдыларды дамытудағы арт – терапияның міндеттері төмендегілерді құрайды (Сурет 8):
Сурет 8 – Өмірлік дағдыларды дамытудағы арт – терапияның міндеттері
Арт-терапияда шығармашылық үрдіс басты терапиялық механизм болып табылады, ол айрықша символикалық түрде шиеленіскен жарақаттаушы жағдаяттардан шығуға, оның шешімін табуға мүмкіндік береді. Сурет, ертегі, ойындар арқылы арт-терапия ішкі шиеленістерден және күшті эмоциялардан шығуға, өз сезімдері мен толғаныстарын ұғынуға көмектеседі, өзіндік бағалаудың артуына, босаңсуға, еркінсуге және күштенулерді, қысымды түсіруге мүмкіндік жасайды, шығармашылық қабілеттердің дамуына да игі ықпалын тигізеді. Арт-терапиялық әдістер қорқыныш мәселесімен жұмыс жасауда тиімді. Қорқыныш суретін салғызу тапсырмасының өзі балаларды өз қорқыныштарымен жұмыс жасауға жұмылдырады. Әрине, қорқынышты суреттеу оңайға соқпайды. Балаға бұл тапсырманы орындау үшін бірнеше күндер қажет етіледі. Осылайша, ішкі психологиялық кедергі – қорқыныштың қорқынышы жеңіледі. Сурет салуға бел байлау – өз қорқынышымен тікелей қақтығысу, онымен бетпе бет жүздесу және оның бейнесін суретке салып бітпегенше мақсатты түрде ерік күшін жұмсап, есте ұстап тұру – жарақаттаушы нәрселердің өздігінен азаюына мүмкіндік береді. Сурет салу үрдісінде қорқыныш объектісі санада қатып қалған психикалық түзілімді көрсетпейді, себебі ол көркемдік бейне ретінде шығармашылық тұрғыда қайта бейнеленеді. Сурет салу кезінде байқалатын қызығушылықтар қорқыныш эмоциясын біртіндеп бәсеңдетіп, оны орындап жатқан тапсырмаға ерік күшімен шоғырлануға және оған қанағаттануға алмастырады. Арт – терапия үрдісі балаға өз проблемаларын жандандыруға және оны түсінуге, сонымен қатар оны шешу жолдарын көруіне көмектеседі. Сурет салу – бала қиялын, ойлау орамдығын дамыту үшін табиғи мүмкіндік болып табылады. Шындығында сурет салуды ұнататын балалар ерекше фантазиясымен, сезімдерін тікелей жеткізе алуымен және ой-пікірлерінің орамдығымен ерекшеленеді. Олар өздерін суреттегі адамның немесе кейіпкердің орнына қоя біледі және оған деген өз қатынасын білдіре алады. Бала сурет сала отырып, өз сезімдері мен толғаныстарын, әсерлерін, қалаулары мен арманын көрсете алады, өзін қорқытатын жағымсыз, зақым келтіруші бейнелермен ешбір ауыртпалықсыз байланыса алады