Файл: Асхат лімов интербелсенді дістерді жоАРы оу орындарында олдану оу ралы Алматы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 1181

Скачиваний: 21

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Студенттердің алған білімдерін жинақтау мен тиянақтаудың тиімді тәсілдіеріне түрлі кестелерді құрастыру жатады.

Сабақ аяғында (немесе басында да болады) шағын топ ішінде орындалады. Кестелердің негізінде салыстыру жатыр. Мәселен, кестелерде бүтіннің құрамдас бөліктерін немесе жеке объектілерді нышандары, ерекшеліктері мен қасиеттері тұрғысынан салғастыруға болады.
Кесте №48

Көркем шығарманың

бөлімдерін салыстыруға арналған кесте



Ерекшеліктері

Бөлімдері


Кейіпкер-лері, олар-дың сурет-телуі


Сюжет-тік ерек-шеліктері


Сөз қолданы-сындағы ерек-шеліктер



Тақырып-тық ерекшелік-

тері


Негізгі идеяны

ашудағы рөлі


Бірінші бөлім

(оған атау беріңіз)


















Екінші бөлім

(оған атау беріңіз)


















Үшінші бөлім

(оған атау беріңіз)


















Әдебиет сабағында келтірілген кестеде студенттер шығарманың (әңгіме, поэма, өлең, повесть, роман, т.б.) құрамдас бөліктерін әртүрлі тұрғыдан салыстырып, шығарманың біртұтас идеясы мен стилінде олардың алатын орны мен қызметтері жайлы өз түсініктерін келтіруге болады.
Үлкен шеңбер – топ ішінде бірлесе жұмыс жасаудың тиімді үлгісі.

Бұл тәсіл бойынша студенттердің жұмысы үш кезеңде өтеді.

1) Топ аудитория ішінде үлкен шеңбер құрып отырады. Оқытушы талқыланатын тақырып бойынша қандай да бір проблеманы айқындайды.

2) Белгілі бір уақыт ішінде (2-7 минут) әрбір студент жеке жұмыс жасайды: берілген проблема төңірегінде ойланып, дәптеріне аталмыш проблеманы шешудің өзі ұсынған шараларын жазады.

3) Шеңбер бойынша әрбір студент кезекпен өз ұсыныстарын оқиды. Топ әр студентті оның сөзін бөлмей, сын айтпай мұқият тыңдайды. Содан кейін айтылған әрбір ұсыныс талқыланады (бұл жерде сын емей, пікір айтылады: студенттер бір-бірінің көзқарасын сыйлау керектігін әрқашанда ескеріп отырады) және олар дауысқа салынады. Маңыздылығы тұрғысынан таңдалып алынған ұсыныстар бүкіл топтың ортақ пікірін білдіретін тізім қатарына енгізіледі. Бұл тізімді тақтаға оқытушы немесе студенттердің біреуі жазып тұрады.

«Үлкен шеңбер» тәсілін мәселені шешудің жолдарын тез анықтау керек кезде қолдануға тиімді.

Аквариум – студенттердің қандай да болмасын проблеманы «көрермендер» немесе «жұртшылық» алдында диалог үрдісінде талдау мүмкіншілігін беретін тәсіл.

Шағын топ ішінде (4-6 адам) студенттер проблеманы шешу жолдарын талқылайды. Талқылауды топ ішіндегі бір студент (немесе екі студент те болады) жүргізеді: ол басқаларға сөз беріп, олардың пікір алмасуын ұйымдастырады, топты ортақ мәмлеге келуге бағыттайды. Аудиториядағы басқа студенттер көрермендер сияқты жаңағы топты қаумалай қоршап тұрады: олар топ ішіндегі студенттердің проблеманы қалайша шешетіндігіне, олардың диалог құруына көңіл қояды. Алайда олар диалогқа араласа алмайды, олар тек топ ішіндегі атқарылып жатқан жұмысты өздерінің осындай шағын топ ішіндегі әрекеттерімен салыстырады.

Шағын топтағы студенттер осылайша сырт назарында болады: олар құдды аквариум ішінде отырған сияқты.

Бұл тәсіл студенттерге өз жолдастарының қалайша қарым-қатынас құратындығын, басқаның пікірін қалайша қабылдайтындығын, өз ойларын қалайша дәлелдейтіндігін, пайда бола бастаған кикілжіңдерді қалайша болдырмай тастайтындығын көріп, оларды талдап, белгілі бір қорытындыға келтіру мүмкіндігін береді.
Қос шеңбер – студенттер екі шеңбер құрап отыруы керек: ішкі және сыртқы. Мұнда ішкі шеңбер тұрақты болады да, сыртқы шеңбер құрамы оқытушының айтуымен ауысып отырады (мәселен, әрбір 1-2 минут өткен соң сағат тілі бойынша бір орынға). Шеңберлердегі студенттер саны бірдей болған орынды. Осылайша студенттер талқыланатын мәселе бойынша бірнеше жолдасымен әңгіме құрып, пікірлесіп, тіпті басқаларды өзінің көзқарасына иландыру мүмкіндігіне ие болады.

Сыртқы шеңбердегі студенттердің қолында сұрақтар жазылған қағаздары бар, олар орын ауыстыру кезінде бұл мәселелер бойынша ақпарат, пікір, дәлел жинаумен айналысады. Жұмыс соңында студенттер талқылаудың қорытындысын аудиторияға жария қылады.
Галереяны шарлау – студенттердің жазба немесе графикалық жұмыстарын қабырғаға іліп, барлық қатысушылардың олармен танысып, өз пікірлерін ауызша немесе жазбаша келтіруі. Жазбаша пікірлер жұмыстардың өзіне (парақ, плакаттарға) немесе бөлек қағаздарға (стикерлерге) жазылып, жапсырылады.

(Бұл тәсіл Темпл Ч., Стилл Дж., Мередит К. Бірлескен оқу. «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасы үшін әзірленген №5 оқу құралы. - Алматы, 1998. - кітабында келтірілген).
Броундық қозғалыс

– студенттер аудиторияны шарлап, талқыланатын мәселе бойынша ақпарат жинап, басқалармен пікірлеседі. Бұл тәсілді қолданғанда студенттерге партаға отыру болмайтындығы ескертіледі.
Позиция таңдау – қандай да бір тұжырым оқылып, студенттер «ИӘ» және «ЖОҚ» деп жазылған плакаттарда өздерінің қай көзқарасты таңдағанын көрсетеді. Олар өз ұстанымдарын ауызша дәлелдеп беруі керек.
Нөмірленіп ауысу - топ құрамдарын ауыстыра отырып, студенттердің көбірек мағлұмат, пікір, түсінік, дәлелдер жинауына мүмкіншілік береді.

Мәселен, егер топтар төрт студенттен тұратын болса (олар рет сандары бойынша нөмірленіп алуы керек), олар проблеманы талқылап алғаннан кейін, олардың құрамын келесідей ауыстыруға болады:

- №1 студент өз орнында қалады, №2 студент келесі партаға көшеді, №3 студент үшінші партаға отырады, ал №4 студент одан келесі партаға көшеді;

- осы құрамда студенттер проблеманы талқылап алғаннан кейін (2-3 минут), олардың орнын тағы да ауыстыруға болады;

- талқылау аяғында студенттер өз орындарына қайтып келіп, жиған-тергендерімен топтың басқа мүшелерімен бөлісуі керек.

(Бұл тәсіл Темпл Ч., Стилл Дж., Мередит К. Бірлескен оқу. «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасы үшін әзірленген №5 оқу құралы. - Алматы, 1998. - кітабында келтірілген).
Кесте №49

Интербелсенді тәсілдердің сабақ кезеңдерінде қолдануы



Кезеңдер


Қолдануға тиімді тәсілдер



І – кезең.
Мотивация

немесе Қызығушылықты

ояту


Ой қозғау, Т-кестесі, Болжау, Кластерлер, Оңай және қиын сұрақтар кестесі, Ойлан,жұптас, пікірлес, Алдын-ала берілген атаулар, Үлкен шеңбер, Атаулар туралы үш сұрақ, Еркін жазу, Білемін, білгім келеді, білдім, Дөңгелек үстел, Үш қадамды сұхбат, Топтық зерттеу, Венн диаграммасы, Бестармақ




ІІ - кезең.
Білім құрастыру

немесе

Мағынаны

ажырату



Ой қозғау, Графикалық органайзерлер, Т-кестесі, Болжау, Кластерлер, Оңай және қиын сұрақтар кестесі, Ойлан, жұптас, пікірлес, Кең ауқымды лекция, Сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою, Бірін-бірі оқыту, Қос жазба күнделігі, Үш жазба күнделігі, INSERT, Жигсо, Жигсо-2, Үш қадамды сұхбат, Топтық зерттеу




ІІІ - кезең.
Түсінікті дамыту

немесе

Ой-толғаныс




Ой қозғау, Т-кестесі, Болжау, Кластерлер, Оңай және қиын сұрақтар кестесі, Ойлан,жұптас, пікірлес, Еркін жазу, Білемін, білгім келеді, білдім, Дөңгелек үстел, Үш қадамды сұхбат, Пікірталастар (Торлы талқылау, Академиялық дау-дамай, Бұрыштар), Топтық зерттеу, Эссе, Үлкен шеңбер, Аквариум, Бестармақ, Жеңілдетілген анықтама/ түсіндірме, Галереяны шарлау, Қос шеңбер.





VІІ.Интербелсенді әдістердің түрлері
Бүгінде интербелсенді оқу/оқыту әдістерін жіктеудің көптеген варианттары бар. Бұл жіктеулер интербелсенді әдістерді әртүрлі тұрғыдан түрлендіреді: мазмұндық, қолдану тұрғысынан, технологиялық сипаттары бойынша, т.б. Біз интербелсенді әдістерді түрге бөлудің негізіне М.Новиктің жіктеуін жатқыздық.
Кесте №50

Оқытудың интербелсенді әдістерінің жіктелуі

(М.Новик бойынша)



Имитациялық_емес'>Тектері


Түрлері


Имитациялық емес


Проблемалық лекциялар

Проблемалық семинарлар

Тақырыптық топтық пікірталастар

Ой қозғау (breinstorming)

Дөңгелек үстел

Педагогикалық ойын жаттығулары

Стажировка

Имитациялық

а) Ойын түрінде емес


Нақты ситуацияларды талдау (кейс-стади)

Имитациялық жаттығулар

Тренингтер


ә) Ойын түрінде


Рөлдік ойындар



Іскерлік ойындар

1) Оқу ойындары

- блиц-ойындар

- мини-ойындар

- компьютерде өткізілетін ойын сабақтары


2) Өндірістік ойындар

- проблемалық-іскерлік ойындар


3) Зерттеу ойындары

- проблемалық-іскерлік ойындар


Ойын түрінде жобалау



Сонымен интербелсенді оқудың/оқытудың келесідей әдістеріне тоқталуды жөн көрдік: жоғарыда көрсетілген интербелсенді лекциялар мен семинар сабақтары (практикалық сабақтар), пікірталастар, рөлдік және іскерлік ойындар, case-study, тренингтер, компьютерлік оқу/оқыту.
1. Пікірталас
Пікірталас – студенттердің аудиторияда немесе шағын топ ішінде нақты бір өміршеңді проблема бойынша өзіндік көзқарастары мен пікірлерімен алмасып, оларды дәлелдеп, өзге позициялармен толықтыру әрекеттері.


Қандай да болмасын дамудың негізінде пікірлердің тоғысуы мен олардың қарама-қайшылықтары, олар туғызатын қақтығыс пен даудамай жатады – бұл диалектика заңдылығы. Бұл заңдылық әсіресе қоғамның әлеуметтік, саяси дамуы мен жеке адамның рухани және кәсіби өсуіне жан-жақты ықпал жасайды.

Пікірталас - оқу/оқытудың тиімді тәсілдерінің бірі, өйткені студенттер қандай да бір өміршеңді мәселе немесе проблеманы жан-жақты қарастыру және талқылауда өздерінің теориялық және практикалық білімдерін жинақтап, оларды қолдана отырып, өз көзқарасын пайымдау мен түйіндеуге, өзге пікірлерді ескеруге және оларды өз қажетіне пайдалануға үйренеді.

Студенттер пікірталаста еркін қарым-қатынаста болып, өз позицияларын қалыптастыру және қорғау, оларды өзге пікірлермен салыстыру әрекеттерімен айналысады. Сол арқылы олар демократиялық қоғамның басты ерекшелігі болып табылатын идеологиялардың қақтығысуына белсенді түрде араласады. Пікірталас студенттік аудиторияға өмірдің шынайы проблемаларын әкеліп, оларды әртүрлі көзқарас тұрғысынан қарастырады, ең тиімді шешімдерін табуға бағыттайды.
Лирикалық шегініс

Баяғыда Үргеніш ханы Сырым батырды мұқату мақсатында кенеттен оған мынандай сауал қойған екен: «Дау мұраты не? Сауда мұраты не? Қыз мұраты не?»

Сонда Сырым жұлып алғандай: «Дау мұраты – біту, сауда мұраты – ұту, қыз мұраты – кету!» деп жауап қатқан екен.
Пікірталастың мақсаты жеңу емей, ортақ бір мәмілеге келу, қарастырылған проблеманы шешу. Пікірталаста қатысушылар жаңалық ашуға ұмтылмайды, олар өздері үшін маңызды бір пікір қабылдайды. Ал бұл пікір басқа пікірлер мен көзқарастардың тоғысуы мен қақтығысынан пайда болады. Алғашында қандай да болмасын сипатта болған үйренушілердің пікірі талас пен сайыста келтірілген өзге тұжырымдардың ықпалымен өзгереді, яғни олардың қасиеттерін белгілі бір дәрежеде қабылдайды, өзіне сіңіреді.

Пікірталастың басты мақсаты - әр үйренушінің қарастырылған проблема бойынша өзіндік пікір, көзқарасты қабылдауы, бір байлам мен шешімге тоқтауы. Мұндай проблеманың ғылымда, теория мен практикада нақты шешімі бар болғандықтан, оны үйренушілер аудиторияда тек өздері үшін ғана қабылдайды.

Әрине, оқытушы үшін бұл проблеманың шешімі әу бастан белгілі, алайда ұстаз студенттерді шешім қабылдауға әкелетін ізденіс процесімен таныстыруды мақсат тұтады, оларды аяққы нәтижеге бағыттап, сол мәреге жетуге бағыттайды. Пікірталастың өту барысы оқытушы тарапынан алдын-ала жоспарлануы ықтимал, алайда оның нәтижесі алдын-ала белгіленуі міндетті емес, өйткені пікір алмасу процесінде әр үйренушінің қандай тоқтамға келетіндігі беймәлім, уақытынан бұрын жоспарлануы мүмкін емес нәрсе.