Файл: Асхат лімов интербелсенді дістерді жоАРы оу орындарында олдану оу ралы Алматы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 1183

Скачиваний: 21

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


  1. Мұғалім рөліндегі студент лекция бөлігі аяқталғаннан кейін лекцияда айтылғанды қасындағыларға қорытындылап шығады;

  2. Одан кейін мұғалім рөліндегі студент қасындағы студенттерге лекция мазмұны бойынша екі-үш сұрақ қояды, оның бұл жерде студенттер арасында кішігірім пікірталас тудыруы да ықтимал;

  3. Мұғалім рөліндегі студент өз тобындағы студенттердің туындаған сұрақтарына жауап беріп, лекцияның қиын жерлерін түсіндіреді;

  4. Соңында мұғалім рөліндегі студент лекцияның келесі бөлігі не туралы болатындығы туралы өз болжамын қасындағыларға келтіреді.

Лекцияның келесі бөлігінде мұғалім рөлін енді басқа студент орындап, келтірілген әрекеттерді ретімен орындайды.

(Бұл тәсіл A.Brown, B.Armbruster, A.M.Palincsar.Instructing Comprehension-Fostering Activites in Interactive Learning Situations. NJ: Earlbaym, 1984. кітабында келтірілген).
Қос жазба күнделігі – лекция мазмұнына студенттердің зейінін аударып, өз қатысын, қабылдауы мен түсінігін келтіре алатын кесте.

Лекция оқылғанда студент қағазды екі бөлімге бөліп, сол жағын «Үзінділер» (немесе «Цитаталар») деп атап, оған лекцияда өзінің назарын тоқтатқан, немесе ерекше толғандырған (келісетін, келісе алмайтын, қызықтырған, т.б.) үзінділерді жазады. Үзінділер жеке сөздер, сөз тіркестері, фразалар немесе қысқаша сөйлемдер түрінде келтірілуі мүмкін. Бұл жерде лекция мәтінін көлемді түрде көшірудің қажеті жоқ.

Қағаздың оң жағы «Түсіндірме» (немесе (Комментарий») деп аталады. Мұнда студент сол жақта келтірген жазбаларының түсіндірмесін келтіреді: неліктен ол бұл үзінділерді жазы алды, оның себебі қандай? Осы арқылы ол лекция хақында өз ойларын, түсінігін, пайымдыу мен уәждерін, дәлелдерін жария етеді. Бұл баған сол жақтағыға қарағанда маңыздырақ болғандықтан, көлемді түрде тұтас сөйлемдерден тұруы керек.

Лекция бөліктері арасындағы үзілістерде студенттер жұптасып, жазғандарымен бөлісіп, талқылайды,пікірлеседі. Оқытушы әр үзілісте бір-екі студентті жазбаларын бүкіл аудиторияға оқып беруін сұрағаны дұрыс.
Кесте №46



Үзінділер



Түсіндірмелер/Комментарий


Білім әрбір төрт жылда ескіріп отырады...


Адам миының көлемі шектеулі...


Сонда біз жоғары оқу орнын аяқтағанда, көп біліміміз ескіріп кетеді екенғой!.. Біз ақпаратты жаттамай, сол мәліметті игеретін тәсілдерді үйренуіміз керек деп ағайдың айтқаны расболып шықпай ма?
Бұл жерде мен «Сонда адам өз миында не сақтауы керек?» деген сұрақ төңірегінде ойланып қалдым. Біздің миымыз кей жағдайда қоқыр-қоқыс салынған себетке ұқсамай ма: оның ішінде нендей нәрсе жоқ екен? Аннан-мыннан жиналған арасында еш байланысы мен біріктіретін жүйесі жоқ түрлі-түрлі ақпараттар мен ұғымдар. Ал олардың қайсысы өмірде нақты түрде қажетті болар екен?

Кім білер екен?..





(Бұл тәсіл A. Berthoff. The Making of Meaning.Portsmouth, 1981. кітабында келтірілген).
Білемін, білгім келеді, білдім – бұл тәсіл Жұптағы ой қозғауға ұқсас.

Бұл тәсілдің алғашқы екі тапсырмасы сабақтың бастапқы бөлімінде орындалады. Оқытушы сабақ басында студенттердің жаңа тақырып бойынша білгендерін жазбаша айқындауын сұрайды: студенттер алдымен жекеше, содан кейін жұптасып білгендерін келтіреді. Студенттердің жазбалары талқыланғаннан кейін, оларға «Осы тақырып бойынша не білгіңіз келетінді жазыңыздар!» деген келесі жазба тапсырмасы беріледі. Бұл тапсырма да осының алдындағыдай орындалады.

Сабақ барысында студенттер жазғандарын лекция мазмұнымен салыстырып, «Менің сабаққа дейін білгенім дұрыс/бұрыс па екен? Менің білейін дегенім сабақта қарастырылды ма?» деген сұраққа жауап беріп отырады.

Лекция аяқталысымен студенттер «Мен не білдім?» деген сұраққа жазбаша жауап береді, жауаптарын жұптасып немесе топ ішінде талқылайды. Оқытушы бүкіл аудиторияның пікірін білгені дұрыс. Егерде студенттердің білейін деген сұрақтары сабақта қарастырылмаса, оқытушы оларды бұл мәселелерді өздігімен игеруін сұрауы мүмкін.

Студенттер сонымен сабақ барысында келесідей кестені толтырып шығуы қажет (оның оң жағына олар өз ойларын келтіреді):
Кесте №47


Білемін





Білгім келеді





Білдім





Сабақ барысында оқытушы тақтада студенттердің кейбір жауаптарын келтіре, бүкіл аудиторияға ортақ кесте толтыруына болады.

(Бұл тәсіл D.Ogle. K-W-L: A Teaching Model That DevelopsActive Reading of Expository Text. The Reading Teacher, 39, 1986. мақаласында келтірілген).

Бұл кестені сабақ соңында «Тағы да не білгім келеді?» деген сауалмен толықтырған да тиімді. Студенттер тақырып бойынша өздігімен ізденетін білімнің тізімін келтіріп, өз мұқтаждарының ауқымын анықтайды.
Кесте №46


Білемін





Білгім келеді





Білдім





Тағы да білгім келеді








Белгі қойып оқу немесе INSERT (Interactive Noting System for Effective Reading and Thinking тиімді ойлау мен оқуға арналған белгілеудің интербелсенді жүйесі) – жаңа мәліметті игерудің интербелсенді тәсілі.

Студенттер лекцияны тыңдағанда немесе мәтінді оқығанда жекелей келесідей кестені толтырып отыруы керек:
Кесте №47



v


+


-


?



«Бұрыннан білемін»

Мұнда студенттер

лекцияда (мәтінде) кездескен бұрыннан

білетін мәліметтерді келтіреді



«Жаңа ақпарат»

Бұл жерде

студенттер осы

лекцияда (мәтінде)

жаңадан білгенін

жазады


«Менің ойлағаныма қайшы, кереғар»
Мұнда студенттер

бұрынғы білімдеріне

қарама-қайшы лекцияда (мәтінде)келтірілген мәліметтерді

келтіреді («мен бұрын басқаша ойлайтынмын, сөйтсем олай болмай шықты...»)


«Келісе алмаймын. Білгім келеді»
Бұл бағанда

студенттер өздері

келіспейтін немесе түсініксіз болған, тағы да білгісі

келетін лекцияның (мәтіннің) тұстарын жазады




Бірінші («қанатша») бағанға студенттер лекцияда (мәтінде) кездестірген өздерінің бұрыннан білетін таныс мәліметтерді келтіреді.

Екінші («плюс») бағанға студенттер осы лекцияда өздері үшін жаңа болып табылатын ақпаратты жазады.

Үшінші («минус») бағанға осы лекцияда келтірілген қандай ақпараттың олардың бұрыннан білетініне қайшы келгенін жазады.

Төртінші бағанда студенттер лекцияда келтірілген қандай мәліметпен келіспейтіндігін жазады, бұған қоса мұнда лекцияның түсініксіз жақтары да келтіріліп, тақырып бойынша студенттің тағы да не білгісі келетіндігі айқындалады.

Лекцияның әр бөлігінен кейін студенттердің өз кестелерін салыстырып, өзара талқылау жүргізіп отырғандығы орынды.

Кестені толтырғанда студенттер лекцияның басты мазмұны мен идеяларын жеке сөз, сөз тіркестері, тезистер, фразалар немесе қысқа сөйлемдер арқылы (оқытушының талабына сәйкес) келтірулеріне болады. (Бұл тәсіл Th.Estes, J.Vaughn. Reading and Reasoning Beyond the Primary Grades. Boston,1986. келтірілген).

Оқытушы бұл тәсілді шығармашылық тұрғыдан қарастырып, оған өзгертулер енгізуіне болады. Оның, мәселен, бағандардың (тапсырмалардың) санын қысқартып немесе басқа да тапсырмаларды енгізуіне болады: мысалы,
«көп нүкте» (...) тапсырмасы студенттен лекцияда ары қарай не туралы болатындығы туралы болжауын сұраса, «икс» (х) тапсырмасы келтірілген мәліметтердің жасырын астарын анықтауды талап етеді, «мен» тапсырмасы тақырып немесе мәтіннің студентке қалай септік тигізіп, қандай пайда келтіретіндігі жайлы болмақ, т.с.с.
Жигсо – көлемді мәліметтер мен мағлұматтарды студенттердің өздігімен игеруге және бірін-бірі оқытуға бағытталған тиімді тәсіл.

«Жигсо» деп ХХ-ғасырдың елуінші жылдары балаларға арналып шыққан құрастырмалы (конструкторлық) ойыншықты атаған: әр бөлігін өз орнына қойғанда ғана ойыншық бүтін болып шыққан. Бұл тәсілдің басқаша да атауларын кездестіру ықтимал. Мәселен Ресейде шығатын әдістемелік және дидактикалық әдебиетте оны «Зигзаг», «Ажурная пила», «Мозаика» деп те атайды.

Бұл тәсілдің орындалу тәртібі (алгоритмі) келесідей.

1) Студенттер көлемді мәтінді әрқайсысы жеке-жеке шағын топ («бастапқы топ») ішінде оқып шығуы керек.

2) Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, құрамында әр бастапқы топтан бір студент бар жаңа топтар («сарапшылар тобы») құрылады.

Сарапшылар тобында студенттер мәтіннің белгілі бір бөлігін ғана жан-жақты талқылайды. Бұл жерде олар тақырыптың мазмұнын бірлесе игеру (қиын жерлерін талқылап, бір-біріне түсіндіру арқылы) жұмысымен ғана айналыспай, бастапқы топтарына оралғанда басқаларды мәтіннің өз бөліміне қалай үйретуге болатындығын ортаға салады. Осы кезде студенттердің өздерін ұстаз рөлінде сезінуі керек.

Енді олардың осы бөлік бойынша білімі басқалармен салыстырғанда анағұрлым жоғары болғандықтан, олар аталмыш бөлімнің «сарапшысы» атанады.

3) Осыдан кейін сарапшылар бастапқы топтарына қайта оралып, өзге студенттерді кезекпен (алдымен №1-ден бастап, әрі қарай жалғастыра) өз бөлімдеріне үйретеді.
Бастапқы топтар Сарапшылар топтары Бастапқы топтар

(құрамында №1, → (құрамында тек № 1 → (құрамында №1,

2, №3, №4 студенттер бар) №2, №3, №4

студенттер бар) студенттер бар)
(Бұл тәсіл R.Slavin. Cooperative Learning. Baltimore, 1991. келтірілген).
3. Түсінікті дамыту немесе Ой-толғаныс

кезеңінде қолданатын тәсілдер
Бұл кезеңде оқытушы студенттердің жаңа мағлұмат бойынша ойланып, ол жөнінде өзара пікір алмасу мен талқылауды ұйымдастырады. Студенттер осы сабақта білгендері мен үйренгенін тұжырымдайды, олардың қолданысы туралы пікірлесіп, проблема шешуде қолданады.


Бұл кезеңде студент «Не білдім/үйрендім?», «Бұл не үшін керек?», «Оның қолданысы қандай?», «Бұл білімді ары қарай қалай дамытамын/ жалғастырамын?», «Тағы да не білгім келеді?» бағалау деген сұрақтарына жауап беруі керек.
Эссе – студенттің сабақта қарастырылған тақырып жөнінде өз ойлары мен түсініктерін, идеялары мен пайымдауларын келтіретін бағалау тәсілі.

Әдетте сабақта эссе 5-10 минуттік уақыт аралығында жазылады. Бұл алайда эссенің шағын көлемді жұмыс екендігін аңғартпайды: бірнеше беттен тұратын көлемді эссе үй тапсырмасы немесе өздік жұмысының үлгісі ретінде берілуі де ықтимал.

Эсседе бірінші мезетте студенттің өзіндік «Мені» көрініп тұруы керек. Эссе арқылы оқытушы студенттің ойлау деңгейі мен сабақта қалай жұмыс жасағандығын бағалайды.

Эссе – ағымдағы бақылаудың тиімді тәсілі. Ол студенттердің әр сабақта болған-болмағандығын тексерусіз айқындайтын құрал (сабақтың аяғында студент эссені жазып, оқытушыға тапсырса ғана сабақта болды деп есептелінеді), студенттердің сабаққа белсенді түрде қатыстырудың тиімді құралы (басқа жағдайда студенттің сабақта талқыланған тақырып пен проблема бойынша өз ойларын эсседе келтіруі екіталай).

Эссені төменде көрсетілгендей түрлендіруге де болады.
Эссенің модификациялары
1) Көршінің сұрағына жауап.

Сабақ аяғында студенттер параққа бір сұрақ жазып, парақты оң жағында отырған серігіне береді, бұл сұраққа жазбаша жауапты серігі береді. Жазып болған соң, студенттердің өз сұрақтары мен жауаптарын жұптасып талқылағаны тиімді.

2) Сұрақтан басталып, сұрақпен аяқталатын эссе.

Эссе студенттің тақырып бойынша бір сұрағымен басталып, басқа сұрағымен аяқталуы мүмкін. Бұл жерде сұрақтардың адресаттары сан-алуан болу мүмкіндігін ескертіп кеткен жөн: сұрақтарды өзіңе, көршіңе, бүкіл аудиторияға, жеке адамға, оқытушыға, авторға, т.б. қоюға болады. Сұрақтар тіпті ешкімге де бағышталмауы мүмкін (риторикалық сұрақтар).

3) «Үшбу хат».

Эссенің сабақта қарастырған шығарма (идея, теорема, формула, кітап, т.б.) авторына хат формасында жазылуы да орынды. Хатты бүгінгі сабақ тақырыбы төңірегінде оқытушыға немесе аудиториядағы басқа бір студентке де жазуға болады.