Файл: Сахна жне актер маман Байсеркенов айта терген Есмакова Жанерке Алы сз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 1145

Скачиваний: 25

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
, бір-біріне бағынбай бей-берекет күйге түседі. Міне, сол кезде шашылған моншақтарды бір-бірлеп теріп, бір жіпке тізеді. Жіпке тізілген моншақ алқаға айналып, мүлік болады. Әрекет арқауы — сол жіп. Шашылған моншақтарда мазмұн болмайды. Ал, алқа күйінде мағына бар. Ендеше, ішкі байланысы үзілген пьесаның магынасы жогалады, идеялық қисын мен сабақтастық тұтастыгы- на ақау түседі. Ой мен мазмұн арқауы- кесілген процесс, өріске шықпайды. Кез келген шығарманың идеялық өзегі мен оқиға желісі —«ұзын арқау, кең тұсау» өрісіне көгенделеді. Арқауы мықты творчествоның өмірі ұзақ. Олай болса, әрекет арқауының атқаратын сахналық қызметі осындай.

Актердің сахнада өмір сүруі мен оның сезім процесі өнердің өзі сияқты табиғи қалыпта тіршілік сатылылығы мен сабақтастық дамуын қалайды. Ал, көкейкесті мақсат пен әрекет арқауы осы тіршіліктің қалыптық сипатын реттеуші ролін атқарады. Олар жазушының, режиссердің, артистің творчествосын бүтіндей басшылыққа ала отырып, туындының тұтастығын сақтайды. Егер шығарма желісінде көкейкесті мақсат пен әрекет арқауынан бір сәт ауытқушылық пайда болса, онда шығарманың арқауына ақау түсіп, сылбырлық, ұзақтық белең алады. «Әрекет арқауы» деген атының өзі әрекетшілдік, белсенділік, арқауы мықты дегенге саяды. Көкейкесті мақсат пен әрекет арқауы бірлесе отырып, творчестволық өмір сүру процесін өмірге әкеледі.

Солай десек, өмір сүру процесі рольдің партитуралық сомдалуы мен көкейкесті мақсаттан және әрекет арқауының белсенді түрде атсалысуынан пайда болмақ. Сахнаға пьеса авторының творчестволық толғақты ойы
мен артистіц психикалық тіршілігінің ішкі жан дүниесін қозғалысқа салатын көкейкесті мақсат ауадай қажет. Басқаша айтқанда, көкейкесті мақсат құбылысын рольден ғана емес, артистің өз жан сарайынан да іздеген абзал. Субъективсіз, өзінің дара қасиетінсіз өмір сүру процесі қызықсыз болады. Адам тіршілігінің ғажайып қасиеті — даралығында. Даралық деген сөздің астарында актердің өмір тәжірибесінен жинақталған білім, парасат байлығы әм табиғи ой қазынасының қайнары жатады. Ендеше, көкейкесті мақсат — творчестволық ой тебіренісінен, ақыл-парасат биігінен саналы түрде өріс алады. Біздің рухани әм қимыл-іс жаратылысымыздың ішкі әлем-тапырық толғақ процесін бір арнаға бағыттап, оған басшылық ететін де сол. К. С. Сганиславскийдің анықтауы бойынша, көкейкесті мақсат — сана (сознательная), тебіреніс (эмоциональная), қажыр (волевая) болып үшке бөлінеді. Творчество сәтінде осы үшеуі бірдей қызмет атқарады.


Саналы көкейкесті мақсат — спектакльдің шешімі болса, тебіреністік көкейкесті мақсат — актердің күллі рухани әм қимыл-іс қызметін творчестволық жұмысқа жегетін, ал, қажырлық көкейкесті мақсат—аталмыш екі процестің қарқындылығын, суымауын басқаратын қызу құбылыс.

Алайда көкейкесті мақсатты іздеудің, анықтаудың, табудың К. С. Станиславский ұсынған жолдары бар. Ол кісі спектакльдің немесе рольдің көкейкесті мақсатын анықтаудың бірақ жолы бар, ол жол — етістіктің сұраулары арқылы іздеу дейді.

Мәселен, Гамлеттің көкейкесті мақсатын қарастырып көрейік. Егер, «әке есімін ардақ тұтқым келеді» десек, онда әйгілі трагедия үйішілік драмаға айналып кетер еді. Ал, «болмыстың сыр-құпиясын танып-білгім келеді» деп анықтасақ, мистикалық трагедия табиғаты сұранып тұр. Алайда, трагедияның идеялық желісінде осылардың екеуі де бар. Спектакль шешімін бірінші анықтаумен де, екінші анықтаумен де қоюға болады. Бірақ, Шекспирдің бүкіл адамзат баласының алдына көлденең тартқан әлеуметтік проблемасын жалаңаштап шешіп беруге аталмыш екі мақсат әлсіздік танытқан болар еді. Атақты режиссер Гордон Крэг екінші анықтама бойынша қоямын деп Гамлетті құлатқаны белгілі. Сондықтан К. С. Станиславский әйгілі трагедияның көкейкесті мақсатын: «адамзат баласын апаттан құтқарғым келеді» деп әлемдік тұрғыдан шешіп, әлеуметтік маңыз берген.

Демек, сахналық шығарманың көкейкесті мақсатын анықтағанда оның әлеуметтік үніне, қоғамдық жүгіне баса назар аударған абзал. К. С. Станиславский: «Жазушының шығармасын дүниеге әкелетін көкейкесті мақсат десек, артист творчествосы да сол көкейкесті мақсатқа қарай бағытталуы тиіс» (там же, с. 338) деп жазса, аталмыш элементтің атқаратын сахналық ролі өлшеусіз. Көкейкесті мақсат — драмалық шығарманың әлеуметтік, қоғамдық, көркемдік жүгі мен идеялық желісін адастырмайтын Темірқазық іспеттес құбылыс. Көкейкесті мақсат — пьесаны жан-жақты зерттеп, терең талдау арқылы не үшін? Қандай мақсат үшін? жазылды деген сұраулар арқылы анықталады. Мақсаты дұрыс табылмаған сахналық қойылым — сәтсіздік кепілі. Бұл қағиданы режиссер мен актер естен шығармау керек.

Біз жоғарыда көкейкесті мақсат пен әрекет арқауының көркемдік критерийі кіндіктес деген пікір айттық. Көкейкесті мақсат —су аяғы айдын болғанда, әрекет арқауы — сол айдынға құятын ұлы ағыс. Айдын аясын ағыс толтырады. Сахналық шығарманың идеялық өзегі мен оқиға желісі таудан құлаған өзен сияқты. Арнасы мен аңғарын балауса мен баққа бөлеп, арындап аққан өзен алқабын гүлжазира масатыға айналдырмай ма? Шалғын шабындық пен жалқын жапырақ гүл атып, мәуесін төгіп тұрмай ма? Әрекет арқауы да пьесаның арнасын аралап, жарып өтетін құбылыс. К.С. Станиславский айтқандай, ол: «пьесаның ішкі психикалық тіршілігінің белсенді қозғаушы күші». Ал, «ішкі психикалық тіршіліктің қозғаушы күші» артистің ақыл-ес, қажыры мен сезімінен қуат алады.



Егер әрекет арқауының желісі үзілсе, арнасынан айрылған үзік-үзік шорқынды қара су сияқты құбылысқа айналады. «Ұсынылған тосын жағдай», «қарым-қатынас», «мақсат пен бөлшек», «амал-айла», «шындық пен шынайылық», «сенім мен сезімнің» арқауы ыдырап, быт- шыты шығары хақ. Сондықтан осы сахналық элементтерді бытыратпай, жіпке тізіп, тізгініне ие болатын элемент — әрекет арқауы.

«Егер де сіз ойын өрнегін әрекет арқауынсыз өрбітпек болуға тырыссаңыз, онда, сіз сахнада киелі күш «егер де» мен «ұсынылған тосын жағдай» арқылы әрекет өтпеген болып шығасыз»; яғни, сіз творчествоңызға өз табиғатыңыз бен түйсігіңізді қатыстырмаған болып шығасыз. Сөйтіп, өнеріміздің басты бағыты мен көкейкесті мақсаты «адамның рухани тіршілігін» сомдай алмайсыз»(там же, с. 339) деп, әрекет арқауының сахна өнеріндегі айрықша ролі мен маңызын ерекше атайды. Тіпті «онсыз «жүйе» де болмайды»— деп тұжырып айтады.

Сайып келгенде, ұлы адамдардың өмірлік ұлы мақсаттары болады. Өзіміз айтып отырған К. С. Станиславскийдің өмір бойғы армандаған ұлы мақсаты — сахна өнерінің ережесін жасау еді. Сол сияқты Шекспирдің де, Гетенің де, Пушкиннің де, Чеховтың да алдарына қойған ұлы мақсаттары болған. Міне, сондай ұлы мақсатты

К. С. Станиславский көкейкесті мақсат (сверх-сверхзадача) деп, ал әрекет арқауындағы биік мұратты көкейкесті әрекет арқауы (сверх-сквозное действие) деп атаған. Көкейкесті мақсат — ұлы арман болса, көкейкесті әрекет арқауы — оның іске асуы, орындалуы болмақ.

Демек, актер әр спектакль ойнаған сайын кейіпкерінің қандай көкейкесті мақсат үшін әрекет ететінін анық білу керек. Өйткені, көкейкесті мақсат суреткер атаулының өмірлік позициясы әм көркемдік концепциясы. Аталмыш элементтің ерекше құндылығы туралы белгілі режиссер Ю. Завадский: «Станиславский енерді өмірлік әйдік миссия ретінде бағалап, өмірдің ісі деп түсінді. Ол өз жүйесін құлдырауға ұшыраған буржуазия театрымен күресу үстінде өмірге әкелді. Орыстың демократиялық өнеріне сүйене отырып, бүкіл адамзат баласының санасына игі әсер етуге үндейтін театр қабырғасын қалап шығарды. Ол өнерді өмірдің ұстазы еткісі келді.

Ал, өмірдің ұстазы болу үшін, өнерге өмірдің ілгерілеуінен көз жазбау керек болды. Осы тұрғыдан келгенде де Станиславский — суреткер қасымыздан табыла білді, ол өзінің кемеңгерлік түйсігі арқасында заманынан озып кетті, өйткені, ол адамзат баласының ертеңіне мықтап сенген болатын. Оның өзі де творчестволық тәжірибелерге терең сенім артқан табиғатынан суреткер, материалист әрі диалектик, мол шұғылалы оптимист адам болатын. Оның кемеңгерлігі тарих бен уақыт лебін таңқаларлықтай сезіне білуінде еді. Ол әлеуметтік соны шындыққа —ұлттық шындыққа оның толық хұқылы құрылысшысы ретінде еркін енді. Ол жүйенің тарихи процесс ретінде орнауына талас тудырмайтын, құдіретті ғажайып шындық, бұл болашақ реалистік өнеріміздің гүлденуі деп түсініп, зор сенім артты.


Міне, сол себепті де «көкейкесті мақсат» терминінің астары нені тұспалдап отырғанын түсінбейінше, оның зор мақсаты — суреткердің халық үшін өнер жасайтынын терең сезінбейінше, Станиславскийді де түсіну мүмкін емес. Аталмыш мақсат суреткерден шындықты ұғынуды талап етеді. Ал, Станиславский болса, өз түйсігінің құдірет күші арқасында өмірді де оқи алатын еді» (Ю. Завадский, Об искусстве театра, ВТО, Москва, 1956, с. 41) деп жазса, заманымыздың тағы бір ірі тұлғасы Г. Товстоногов: «Станиславский жүйесіндегі басты нәрсе — негізгі мақсат (сверхзадача) туралы ілім. Пьесаның негізгі ойы мен идеясын Сганиславский осылай атаған. Сенімді әм әсершіл негізгі мақсатты іздеу, сол табылған негізгі мақсатқа күллі спектакльді бағындыру қойылым мен жұмыс жасау кезіндегі Констангин Сергеевичтің ең басты қамы болатын. Алайда, Станиславский негізгі мақсатты театр құлшынысының жеңісі деп есептеген жоқ. «Көкейкесті мақсат» («сверх — сверхзадача») терминін ұсыну арқылы негізгі мақсат (сверхзадача) ұғымын кеңейтті. Ал, көкейкесті мақсат ұғымын ол, артистің, режиссердің, драматургтің күллі творчествосына билік жүргізетін идея ретінде, суреткер — адамның (человека — художника) өмір мұраты ретінде түсіндірді.

Станиславскийдің пайымдауы бойынша, көкейкесті мақсат адамдарға бүгінгі күнге аса қажет ең маңызды, ең асыл нәрселерді айтуға тиіс. Көкейкесті мақсат сахнадан көрермендер залына тартылған өткел ретінде кез келген классикалық көне пьесаны бүгінгіше сөйлетуге көндіріп, артист пен көрерменнің сезімі мен ой тасқынын байланыстырады» (Г. Товстоногов, Зеркало сцены, 1-том, Ленинград, «Искусство»—1980, с. 40) деп жазады.

Көкейкесті мақсат К. С. Станиславскийдің азаматтық пафосы әм идеалы. Кейіпкердің терең психологиялық әрі көркемдік шындығын өнерге өрім етіп қана қоймай, бүкіл адамзат баласының аңсаған мәңгілік мұратын жырлайтын аталмыш ілімнің сахналық маңызы әлеуметтік масштабпен безбенделеді. Өйткені, сахна суреткерінің дарыны мен талантын оның өмірлік көзқарасынан бөліп қарауға болмайды. Көкейкесті мақсаттың көздеген концепциясының өзі сол.

Орыс тіліндегі «задача» сөзінің қазақша баламасы — мақсат, «сверхзадача»— негізгі мақсат, «сверх — сверхзадача»— түпкі мақсат болып келеді. Біз «сверх — сверхзадача»— суреткердің мәңгілік мұраты мен өмірлік асыл арманын бейнелейтің биік мақсат болғандықтан әдейі «көкейкесті мақсат» деп алдық. «Көкейкесті мақсат»—

К. С. Станиславский межелеген көркемдік идеяға, әлеуметтік әуенге дәл жауап береді әрі оның сахналық сипаты да салмақты.


ЖЕТІНШІ ТЕЗИС
Әдеп