Файл: Сахна жне актер маман Байсеркенов айта терген Есмакова Жанерке Алы сз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 1140

Скачиваний: 25

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ұшар басын дауыл шайқаған шынар ағаш пен бүк түсіп дамылдап жатқан ұйқыдағы тауда да қимыл-қозғалыс бар. Жел теңселткен шынар да, ұйқыдағы тау да әсем. Өйткені, оларда тіршілік, өмір бар. Оларда магнит өрісінен атқылаған энергиялық зарядтың мол қуаты бар. Сол асып-төгіліп жатқан аста-төк энергия көзін табиғаттың өзі еш ысырапсыз орын-орнымен ретке салып отырады. Онда орынсыз шашылып жатқан ысырап деген болмайды. Қара жерді өз кіндігінен ұдайы шыр айналдырып тұру үшін қанша қуат қажет болса, соншама қуат жұмсалмақ. Табиғат — есебінен жаңылмақ емес. Оның тылсым есеп шотында — бітім мен пішіннің, кескін мен келісімділіктің, көрік пен көркемдіктің, әсемдік пен әуезділіктің, сән мен сананың, рух пен дененің, кеңістік пен кемістіктің, ауыр мен жеңілдің—үйлесімдік әрі үнемдік, сабақтастық әрі салаластық сияқты бұлжымайтын таңғажайып тепе-теңдік өз заңдылығы бар. Осы заңдылық арнасында артық-кем, жарамды-жарамсыз деген ұғым болмақ емес. Бірде асырып жіберу, бірде кем пішу, бірде сүйкімді, бірде сұрықсыз болу — адамға ғана тән құбылыс. Табиғат тудырған сана мен саралық, қимыл мен қозғалыс заңдылықтарын бұзатын тек адам. Жаратылыс тарту еткен әдемі қимыл көркіне, козғалыс әсемдігіне ие бола алмайтын да адамның өзі. Қимыл-іс сұлулығының негізі — пластика заңдылығына бағынбайтын да адам. Олай болса, актердің күллі бұлшық ет әм қимыл-іс еркіндігі әлгі айтылған күш-қуат көзін дұрыс басшылыққа алуына байланысты. Кез келген қимыл-қозғалысқа жұмсалатын күш-қуат сол қимылдың шама-шарқына сай не артық, не кем болмауы. тиіс.

Ендеше, бұлшық ет пен қимыл-іс еркіндігінің қайнар көзі —адамның өз бойындағы қуат-күші. Қуат-күш — сұлулық пен әсемдіктің бастау-бұлақ негізі. Анасы — табиғат. Кеңістік пен сахна алаңында қажыр мен қайрат үйлесімдігін үйлестіре білу — адам тәні мен тұлғасының көріктілігін бейнелейтін пластика заңдылығы болып табылады.

К. С. Станиславскийдің пайымды пікіріне құлақ ассақ, шынайы творчестволық процесс табиғаттың органикалық өз заңдылығын дұрыс сақтап, оны дәл пайдаланған жағдайда ғана өзінің негізгі өлшемінен табылмақ. Сол себепті де «жүйені» өмірге әкелген ұлы реформаторға «Ешқандай Станиславский жүйесі деген жоқ,— мызғымайтын бір-ақ қана жүйе бар — ол табиғаттың өз жүйесі» деген ақиқатты айтқызды. Шындық солай болғанда, қимыл-іс еркіндігі табиғат жарасымдылығынан жарастық тауып, табиғаттан нәр алмақ. Сусындайтын суаты да сол. Адамның қимыл-іс аппаратын мінсіз басшылыққа алатын өз табиғаты. Адам табиғаты алдында ойлау жүйесінің биік сатысы — сана парасаты да, әбден шыңдалған актер техникасы да қауқарсыз.


«Артистке, әлі емшектен шықпаған сәби сияқты: көре білуге, жүре білуге, сөйлей білуге әуел бастан дағдыланған абзал. Ал өмірде, біз осылардың бәрін де істей аламыз. Алайда, ен, өкініштісі, көпшілік жағдайда табиғаттың өзі үйлестіргендей етіп оңдырып істей алмаймыз. Сахна алаңында сөйлеген сөзді,жүрген жүрісті, қараған қарасты өмірдегіден өзгеше, қалыпты жағдайда табиғатқа жанастырып, керікті етіп көрсете білу керек: себебі, біріншіден, рампаның өткір сәулесі астында көзге түскен кемшіліктер онан сайын бадырайы көрінсе, екіншіден, әлгі байқалған кемшіліктер сахна алаңындағы актердің күллі жан дүниесіне кері әсерін тигізеді» (К. С. Станиславский, Сочинения,т. 2, стр. 137) деп К. С. Станнславский актердің қимыл-іс қызметіне табиғат заңдылығы қожалық ететінін айтады.

Сөйтіп, актер творчествосының аса маңызды кезеңінің тағы бір басты аксиомасы — бұлшық еттің босаңсу процесін (о процессе освобождения мышц) егжей-тегжейлі зерттеп игеру проблемасы болып табылады.

Дененің құрысып-тырысып (телесные зажимы) қалуы мен бұлшық еттің түйіліп қалуы (мышечная судорога)

актер творчествосында жиі кездесетін ірі індет. Әсіресе, олар актердің дауыс пен тыныс жолдарында пайда болса, тіпті қауіпті. Ашық үнді, әсем дауысты актердің өзі қырылдап, сырылдап сөз сөйлеуден қалады. Ал, егер алда-жалда актердің аяғының бұлшық еттері кенеттен түйіліп қалса, онда ол, аяғына жем түскен аттың күйін кешеді. Сахнада — сал болған адамдай сіресіп қатып қалады. Сондай-ақ қолдары қарысып қалса, дене жансызданып, қақайған ағашқа айналады. Қақаю мен құрысу, тырысу мен сіресу дененің әр жерінде: аяқ-қолдың буын-буынында, мойын омыртқа мен жон омыртқада, топшы мен төс сүйектерінде жиі кездеседі. Бұлар актер творчествосының негіздерінің негізі болып саналатын — қимыл-іс еркіндігінің қас жауы. Аталмыш кінәрат — актерді сахнадан кембағал ғып көрсетіп оның айшықты ойын-өрнегіне нұқсан келтіреді. Ең жаманы, беттің бұлшық еттерінің түйілуі. Мұндай індет кезінде адамның беті қисайып, реңі бұзылады. Қөздері ұясынан шыға бақырайып, бет-әлпеті өзгереді. Жан сарайының небір қылдай нәзік тылсым тебіреністерінің айдай айнасы — ым (мимика) жарасымдылығының сүйкімді сұлу сипаттары өзінің табиғи әсемділігінен айрылады. Кескін-келбеттің: көркі қашып, ажарлы жүзге әжім түседі. Әсіресе, дем мен тыныс органдарының бұлшық еттерінің түйілуі аса қатерлі. Ондайда актер булығып, қылғынып демікпеге ұшырайды. Тынысы тарылып, демі бітіп, сөйлеген сөзі көрермендерге естілмей қалады. Нәтижесінде, актердің сахнада қалыпты өмір сүріп, іс істеуіне кейіпкер бейнесін кескіндеп көркем дүние тудыруына аталмыш кінараттар зор бөгет болады. Көркемдік емес, кемтарлық кереге кереді.



Қимыл-іс процесінде болатын сіресу кінәраты біздің күллі творчествомыз бен белсенділігімізді буып тастаса, бұлшық еттің түйілу індеті тіршілігіміздің психикалық әрекетіне тұсау салады. Мәселен, К. С. Станиславскийдің тәжірибеден өткізген эксперименті бойынша, шамадан тыс ауыр жүк көтеріп тұрып ән айтуға, болмаса монолог оқуға мүмкін емес екен. Ол үшін ауырлықтан құтылып, бұлшық еттің сіресіп, қақаюынан ажырау керек. Олай болса, бұлшық еттер мен буын-буындағы қырыс- тырыстан арылудың жолдарын іздестірген жөн. Олардың ауыр зардабы кейіпкермен қосылып өмір сүруге, іштей тебіреніс күй кешуге мүмкіншілік бермейді. Сондықтан да образ сомдау үшін, ең алдымен бұлшық ет қызметін жөнге салу жағын қарастыру абзал. Өйткені, табиғат заңдылықтарын мансұқ етіп, әрекет еркіндігіне тұзақ салып, шеберлікті шідерлеуге болмайды. К. С. Станиславскийдің ұлағаты бойынша, ол табиғатқа жасалған зорлық, өктемдікпен парапар құбылыс. Актердің қалыпты жағдайда дұрыс жұмыс жасауына бұлшық еттің қатты түйілуі тұрмақ, кейбір буындарда кездейсоқ іркіліс туғызатын болымсыз сіресудің өзі де кедергі болады екен.

Атап айтсақ, адамның он екі мүшесін түгел жайлап алатын індеттер аз емес. Тақымның тартылуы, тамақтың түйілуі, қолдардың қарысып қалуы, сегіз көздің сырқырауы, белдің сіресуі, сіңірлердің тартылып қалуы, желкенің кекжиюі, бұлшық еттердің түйілуі, буындардың қақаюы, өне бойдың тырысуы, беттің жыбырлауы, саусақтардың сереюі— айта беретін еңкею, қаңқаю, бырысқақ, тырысқақ ауруларып туғызады. Егер осы аталған дерттердің ең болмағанда біреуі актермен ілесіп сахнаға шықса, не болары белгілі шығар.

Онда, біз көркемдікті емес, кемтарлықты көрер едік.

Сын-сымбаты мен сыр-сипатын жоғалтқан сұрықсыздықты көріп, жабырқар едік.

Сахна сәні — сұлулық десек, келісімін тапқан кербез қимыл емес, кирелеңдеген күй кешер едік.

Қисық-қыңыр кембағалдың өзі болып шығар едік.

Әлгі дерт тамаққа түссе, тамаққа тас тығылғандай — тіліміз кесіліп, үніміз өшіп қалар едік.

Сөз — сазынан, ән — әуенінен айрылып, сыбырлап қалар едік.

Белге түссе — еңкейе алмай, қаңқая алмай қалбалақтап қалар едік.

Буынға түссе —бүгіле алмай бүгежектеп қалар едік.

Аяққа түссе — тұсаулы аттай кібіртіктер едік.

Мойын омыртқаға түссе — көкке қарап кекжиіп қалар едік.

Сегізкөзден ұстаса сіресіп, серейіп қалар едік.

Қолдардың қарын қармаса,— қанаты сынған құстай қалбаңдар едік.

Жон омыртқадан қармаса,— отырсақ опақ, тұрсақ сопақ болып, мешелге айналар едік.


Қарап отырсақ, әсемдік көзі — пластика заңдылықтарына тәуелді қимыл-қозғалыс арсеналдарымыз кемшіліктер мен кемістіктерден сау емес екен.

Сонда не істеу керек?

Құрысу мен тырысу, қақаю мен сіресуден құтылудың жолы бар ма?

Бар. Ол үшін К. С. Станиславский өзіне-өзі бақылау қою (контролер) жүйесін мықтап жетілдіруді ұсынады.

«Жүйкесі жұқарғап адамдарда бұлшық еттің тырысып қалуы үнемі болып тұрмақ.

Адам болған соң, көпшілік алдында ойын көрсеткей сәтте бұлшық еттің тырысып қалатыны актерлерде де болып тұрады. Белдің сірескенін жазсаң — топшыңа келіп жабысады, одан құтылуың мұң екен — тынысыңнан ала түседі. Сөйтіп, бұлшық еттің түйілігі қалуы біресе ана жеріңнен, біресе мына жеріңнен қайта-қайта қайталап ұстай береді. Сондықтан да аталмыш кінәраттармен жалықпастан, үзбей күрес жүргізе беру керек. Індеттен құтылу қиын, алайда күресе беру керек. Күресудің мәнісі өзіңе-өзің бақылау қоюды күшейту.

Бақылау қоюдың ролі оңай емес: өмірде болсын, мейлі сахнада болсын шамадан тыс құрысу, тырысу, бұлшық еттердің түйілуі болмау үшін бақылау қоюдан бір сәт көз жазбау қажет. Сіресу пайда бола қалса, әлгі бақылаушы оны жойып жіберуі тиіс. Пайдасыз тырысқақты жойып жіберуші және сақтану процестер, механикалық, санасыз машық дәрежесіне дейінгі шеберлік шегіне жеткізілуі тиіс. Бұл аздық қылса— әлгі процесті рольдің тек байсалды тұстарында ғана емес, қимыл-іс кезеңіндегі ең қиын жүйке жұқартатын күрт өрлеу тұстарында да шынайы пайдасы тиетін күнделікті әдетке аймалдыру жағын қарастыру керек» (там же, стр. 135) деп К. С. Станиславский бақылау қоюдың ролі зор екенін жазады.

Бұл — мәселенің бір жағы ғана.

«Әрине, механикалық әдетке әбден төселіп алғанша бақылау қоюды және оны әрекетке бағыттау туралы көп ойлауға тура келеді, ал мұның өзі творчество жасау кезінде алаңдату туғызады. Бірақ, кейін бұлшық еттің құрысын жазуға немесе соған ниет қылғанда тебіреніс сәті өзінің қалыпты сипатына ие болады. Осындай әдетке төселудің өзі класта немесе үйде жаттығулар жасаумен шектеліп қалмай, күнделікті өмірде, сахнадан тыс кезде, адам жатқанда, тұрғанда, ас ішкенде, серуенге шыққанда ат құрғатпай істеліне беруі тиіс. Бұлшық ет бақылауын қимыл-іс табиғатына біржола сіңістіріп, оны өзіңнің екінші тұлғаңа айналдыруың керек. Сонда ғана бұлшық ет бақылаушысы творчество туғызуға жәрдем бере алады» (там же, стр. 135) деп зор талап қояды К.С. Станиславский, өнер адамдарының алдына.


Сахна алаңында қимыл-іс кезінде өзіңнің бұлшық ет әрекетіңде кездесетін жоғарыда айтылған кереғар шырғалаңдарға шырмалып, шатасып қалмауың үшін үнемі жаттығулар жасап, дене шынықтырумен де айналысуың керек.

Актер тұлғасын баптап, күтіп ұстауға арналған «Станиславский жүйесінде»—«Гимнастика, акробатика, би билеу», «Пластика», «Тренинг әм муштра», «Этюдтер мен жаттығулар» дейтін арнаулы тараулар, бөлімдер бар. Сын-сынақтан өткен, дене тәрбиесіне бағышталған аталмыш жаттығулар актер денесінің сымбатты әрі мүсінді болуына, қимыл-қозғалысының кербез де көрікті болуына, сөйтіп, сахнада көркем образ сомдауына баулиды.

Ал, мінсіз мүсін, сұлу сымбат, көрікті қимыл әдемілігін тудыратын тағы бір қозғалыс көзі — адамның қалпы (поза). Мұның өзі — көрермен қауымы алдында талқыға түсетін актердің кескін-кейіп болмысы. Қалпылық қимылдың негізгі қызметі — иіліп бүгілетін дене мүшелерінің барлық буындарына байланысты. Қалпының ағаш құсап қақайып қатып қалуынан құтқаратын мынандай үш жолы барын айтады К. С. Станиславский.

Біріншісі — ойын үстінде тебіреністе тұрып, сыртқы пішіннің жиі-жиі өзгеруіне байланысты сәтте керексіз сіресуден арылу.

Екіншісі — бақылаушының көмегі арқылы керексіз сіресуден механикалық түрде босану арқылы арылу.

Үшіншісі — егер пішін жеке-дара артистің сезімін тудыра алмаса, онда сол пішіннің өз негізіне сүйене отырып, дәлел арқылы арылу.

Қимыл-іс еркіндігі заңдылығының өзегінде — с і р е су, босаңсу және дәлелдеу процестері өмір сүреді. Ендеше, сіресуден —босануға, босаңсудан — дәлелдеуге ұмтылыс жасау керек. Сахнада сіресіп жүріп, кейіпкер бейнесін кескіндеу мүмкін емес. Сіресуден — сезім, тырысудан — толғаныс тумайды. «Ондай актерлердің қақайған қолдары қандай болса, жаны сондай»,— дейді К. С. Станиславский.

Италияның актер техникасына аса жетік трагик актері Джироламо Годзиден дәріс алған атақты Ваграм Папазян: «Годзи мені сан қилы нюанстар арқылы көз жасымды көлдетіп тұрып жылауға үйретті. Жарықты ұтымды пайдалана отырып, актер өзінің шебер ойын өрнегі арқылы көз жасын сахнада ойната алса, ол актер үшін үлкен артықшылық болмақ.

Мен адамзат баласыныц гаммаға бай күлкісін — ең бақытты сәті бүкіл жан дүниесімен ақ жарылып ақтарыла күлуінен бастап, ішек-сілесі қатып шиқылдағанға дейін немесе есі ауыс адамның мырс-мырс етіп күлетініне дейін аудармай салуды үйрендім.Тіпті жан дүниесінің кейбір қиын кезеңдерін тек бет-әлпеттің ымымен ғана емес, дененің кескін-кейпімен салып беруді үйрендім. Менің ойымша, адамның қолдары да тіліміз сияқты сөйлей білегін ділмәр болу керек. Қолдың немесе саусақтың қимылдары арқылы кейіпкердің көңіл күйін айтып жеткізуді де үйреніп алдым.Қажет болған тұстарда арқаның, иықтың немесе тізенің әрқилы көмегімен сахнада біресе биік болып, біресе сұмырай болып, біресе орта бойлы болып көрінуді меңгердім. Сондай-ақ актер өнерінің техникасына жататын осы тектес көптеген қулықтарды үйрендім. Осылардың бәрінің түкке керегі жоқ деп есептейтін актерлер бар, одан да сорақысы осылай ойлайтын актерлерді оқытып жүрген оқытушылар да бар. Бәрі бекершілік. Осындай байлықтардан мақұрым қалғандардың нағыз актер болып шықпайтынын тәжірибе әлдеқашан дәлелдеп берген» (Ваграм Папазян, Жизнь артиста, Москва — Ленинград, 1965, стр. 61) деп В. Папазян актер техникасының аса маңызды ролін бақайшағына дейін шағып айтса, К. С. Станиславский: «қолымыздың саусағы — денеміздің жарқыраған жанары» деген сөзді айтқан. Қос