Файл: Сахна жне актер маман Байсеркенов айта терген Есмакова Жанерке Алы сз.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 1144
Скачиваний: 25
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
(Этика)
Этика (лат. etnica
Этика — тәлім-тәрбие туралы ілім. Сөздің қазақша баламасы — әдеп. Әдеп — адамдардың арақатынасын қалыптастырып, олардың руханн дүниесін азып-тозудан, азғындаудан арашалайтын мөлдірлік, тазалық ұғымы.
К. С. Станиславскийдің этикалық программасының іргетас негізін аса маңызды қоғамдық және эстетикалық мұраттардан тамыр тартқан реалистік өнер функциясы қалайды. Театр мұраты — көрермендер көңілін аулайтын сайқымазақ дүние тудыру емес, оларды тәлім-тәрбиеге баулитын, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелейтін, еңбекке шабыттандыратын рухани қазынасы мол өнер туындысын сомдап шығару. Театр өнеріне әдептілік, қоғамдық, әлеуметтік, азаматтық көзқарас тұрғысынан зер салу — К. С. Станиславский этикасының программалық позициясының басты бағытын анықтайды. Сахна өнерінің қоғамдағы орны, атқаратын қызметінің әлеуметтік мазмұны, алдына қойған көркемдік мақсат-мұраты — К. С. Станиславский басшылық еткен театр коллективінің күллі ішкі творчестволық ауа райы, труппа құрамының структуралық ерекшелігі, репертуар саясаты сияқты этикалық платформа негізіне қазықталған.
Әлеуметтік әдеп тұрғысынан алып қарағанда К. С. Станиславский театр өнеріне аса зор тарихи жүк артты. Оның зерделеуінше дүние жүзі халықтарының басын қосып, достыққа, туысқандыққа үндейтін әлемдік мекеме — театр болып саналады. Сондықтан да Шекспир, Шиллер, Мольер, Ибсен, Метерлинк шығармаларыи сахнаға қойып, репертуар аясын халықаралық аренаға шығарып, өзінің этикалық мұраттарына сай әлемдік театларды достыққа тартты.
Қоғамдық этика тұрғысынан реалистік өнердің демократиялық, бұқаралық тенденциясын — қоғамдық құрылысымыздың негізі деп уағыздады.
Азаматтық әдеп тұрғысынан көз салғанда, театр — коллективтік өнер: «Актеру нужна солдатская дисциплина» деп, этика жалауын сахна реформаторы аталмыш қанатты сөзді алтын әріппен ойып жазып кетті.
К. С. Станиславскийдің әлеуметтік, қоғамдық, азаматтық зтикасының идеялық пафосын осындай мөлдір принциптермен безбендеген абзал. Театрдың алдыңғы қатардағы саяси-көркемдік позициясын, қоғамдық орнын белгілеу этиканың атқаратын роліне саяды. Ендеше, күллі театр қызметіне басшылық ететін қоғамдық-саяси орган — Станиславский этикасы.
Театр —жер жүзі ұлыларының тудырған ұлы шығармаларын қауым мен қоғам алдында терең талдап, түсіндіріп беретін әлеуметтік аудитория. Әлемдік алыптардың қауырсын қаламынан қашалып өмірге келген кейіпкерлердің кемел ойы мен асыл арманын жырлайтын көркемдік мекеме.
Театр — жақсылық пен жалғандық жалғасқан майдан алаңы. Абзал ойдың алыптары атыс салған күрес даласы. Эсхил мен Софокл, Шекспир мен Шиллер, Пушкин мен Гоголь күш сынасқан шеберлік аренасы. Оның сайын сахнасында Т. Сальвини, Э. Дузе, С. Бернар, Дж. Гилгуд, М. Дальский, М. Емолова, В. Качалов, М. Чехов кіндіктерін кескен. Сол сырлы сахнадан сұлу саз бен шерменденің шері шырқалған.
Сондықтан К. С. Станиславский: Театр — ғимарат, Артист — абыз деген.
«Театрға бас сұқпас бұрын қақырынып-түкірініп ал. Ал, ішіне кірген соң, бұрыш-бұрышына түкірмейтін бол. Алайда көпшілік жағдайда актерлер өз театрына: өсек, өштік, қастық, жала, қызғаныш, майда-шүйде жалған намыс сияқты әр турлі тұрмыстық жексұрын нәрселерді ілестіре келеді. Соның нәтижесінде, театр — өнер ғимараты емес, түкіретін, қоқыр-соқыр мен жуынды төгетін жерге айналады» (К. С. Станиславский, Сочинения, том 3. с. 243) деп жазған да сол кісі.
Театрдың коллективтік роль атқаратыны әлмисақтан белгілі. Коллективтік өнер гармониялық тұтастықты тілейді. Ол әр тараптан бас қосқан: драматург, режиссер артис те, суретші, композитор, мүсінші, әнші, биші сияқты гармониялық үйлесімін тапқан сахналық бірліктің топтасқан ұйымы. Осындай бірлік тауып, қоғамдасқан үлкен топты театр тілінде «ансамбль» деп атайтыны көпшілікке тағы аян. Осы «ансамбльді» ыдыратып алмай, ие болу — театрдың басты борышы саналады. Аталмыш миссия театр адамдарына ортақ үлес есептелініп, негізгі жауапкершілік жүгі сол мекеменің басшыларына жүктеледі. Алайда, театр қызметін дұрыс басшылыққа алу үшін әмбеге бірдей ортақ заң керек. Ол заң — театрдың қоғамдық, моральдық, творчестволық сипатын демократиялық жолмен жүзеге асыра алатын саяси әрі көркемдік әділ орган болу керек.
Міне, сондай заң К. С. Станиславский тұңғыш рет өз қолымен қадасын қаққан «Әдеп» ілімі болып табылады.
Әдеп — қоғамдық, моральдық, творчестволық болып әлеуметтік үш тарауға бөлінеді.
-
Қоғамдық әдеп
Театр — мемлекеттік мекеме болғандықтан қоғамға қызмет етеді. Актер — қоғам азаматы!
К. С. Станиславский: «Актер — слуга народа» десе, Театр да, Актер да — қоғамның құлы!
Театр — қоғамның моральдық сипаты болса, Актер — театрдың моральдық сипаты. Екеуі де қоғам үшін еңбек етеді. Қоғам — театрдың моральдық тазалығын әлеуметтік басшылыққа алса, Театр — қоғамға кір жұқтырмау жағын қадағалайды. Қоғам мен Театрдың мемлекеттік міндеті — демократиялық социализмнің сара саясатын сахна арқылы терең талдап, бейнелеп беру.
Олай болса, театрдың творчестволық ауа райы (атмосфера) дұрыс қалыптасып, еркін қанат қағу үшін қоғамға төмендегідей жауапкершілік жүктеледі:
а) актер әл-ауқаты келгенше дұрыс тамақтану керек,
б) ол үшін театрда тамағы жұғымды асханасы немесе дәмді астары мол жақсы жабдықталған буфеті болу шарт,
Актердің уақытында дұрыс тамақтануы, оның творчестволық көңіл күйінің әсерлі болуына, рухының биік болып асқақ ой ойлауына, өнімді еңбек етуіне игі әсер етеді.
в) актерлер үзбей жаттығулар жасап тұруға тиіс,
г) ол үшін театрда жаттығулар (акробатика, би) өткізетін арнайы орын: кіші зал, шеберхана (мастерская) сияқты спорт құралдарымен жабдықталған бөлмелер болу керек.
Мұндай гигиеналық шаралар: актердің қимыл-іс еркіндігі мен тән сұлулығын көркемдікке баулитын пластикалық тәрбие үшін қажет.
а) актер көркемдік әсер бұлағынан жиі сусындап тұру керек,
б) ол үшін театрдың өз музейі, кітапханасы болса өте жақсы.
Көркемдік әсер алу үшін, актерлерге творчестволық командировкаға шығып тұруға, шетелге саяхат шегуге, көпгеген театрлармен тәжірибе алмасып тұруға жағдай туғызған абзал. Әлемдік музейлер мен галереяларды аралап көру, көрмелерге қатынасу, көне ескерткіштермен танысу, әр түрлі адамдармен араласып, олардың мінез- құлқын, психологиясын зерттеу творчество адамына зор санаткерлік азық береді.
Актер ғылыми танымдық мәселесіне де мықтап ден қою керек, оларға:
а) табиғатпен тілдесу (зерттеу), әр түрлі адамдардың тілін, дінін, жаны мен тәнін, күллі өмірін, тарих пен этнографиясын, тұрмыс-салтын зерттеп-білу,
б) дүние жүзі халықтарының әдебиеті мен мәдениетін, тарихы мен шежіресін, ән-күйі мен киім-кешегін зерттеу жатады.
Міне, осындай ауадай қажет творчестволық шараларды іске асыру үшін актерлерге қоғамның қамқорлығы қажет.
«Артистің қоғамдық хал-ахуалы мәз емес. Оның ролі мен маңызын өмірде түсінетіндер өте санаулы. Артист қызметінің сырт жағдайы аса қиын.
Артист жұрттың бәрі демалып жатқанда, күндіз де, кеште де жұмыс істеп жатады.
Күндізгі уақыттың көпшілігін артист қараңғы жерде, кулистің сасық ауасы мен шаңының ішінде өткізеді.
Артист жарық пен ауа тұрмақ, мезгілімен ішетін асы мен түнгі демалысынан да жиі қағылады, өйткені жүйкеге тиетін жұмыс, зорығу ұйқысын қашырады.
Кезбе тіршілік (ұзақ жүретін гастрольді айтады. М. Б.), материалдық жағынан жетіспеушілік пен діңкеге тиетін жұмыс, адам организмінің әл-қуаты мен қадір- қасиетін әлсіретіп, артистің онсыз да ауыр тұрмыс жағдайын одан сайын нашарлатып жібереді.
Әманда «тәні саудың — жаны сау». Тән мен жан саулығы артист творчествосы үшін өте-мөте қажет. Артистің ауыр тұрмысы таланттың қанат жаюына кері әсер етеді» (там же, с. 424—425) деп К. С. Станиславский актер қауымының «ауыр тұрмысын» ашып айтса, оларды материалдық әм моральдық жағынан қамтамасыз ету де қоғамға жүктеледі.
Артист қызметінің қиындығы мен жағдайсыздығы артистерді әр түрлі жағдайларға кіріптар етуге, творчестволық позициясынан айрылып қалуға, кез-келген ымырашылдыққа көне кетуге, кездейсоқ қателіктерге ұрынуға, жалтақтыққа салынуға, жігерсіздікке баруға, жағымпаздыққа үйір болуға, арын айырбастауға, ішкілікке салынуға, нәтижесінде — өзінің артист атағынан, көркемдік идеалынан айрылып қалуға мәжбүр етеді.
Осыларды сарапқа салып, Театрдың ішкі, сыртқы моральдық ауа райын жіті қадағалап отыру — қоғамды қ э т и к а ғ а жатады.
ІІ. Моральдық әдеп
Әдеп — өнегелікке, тәлімгерлікке баулитын ілім. Ол — сахна өнерінің моральдық сипаты,— адамның рухани дүниесін азып-тозудан, ластанып-бұзылудан сақтандырып, жалпы адамдар арасындағы қарым-қатынастарды қалыптастыратын өнегелі тазалық желісіне негізделген тәлім-тәрбие жүйесі.
Артист барлық азаматтар сияқты қоғамдық этиканың заңдылықтарын терең түсініп, оған мүлтіксіз бағынуы тиіс.
Артист этикасы — сахна санаткерлерінің әдептілік, тәлімдік қасиетін белгілейтін профессионалдық тар арналы сипатына жатады. Іргетасы негізгі коғамдық әдеппен тамырлас. Жалғыз ғана өзгешелігі: сахна өнерінің ерекшеліктеріне сай икемделген. Ал, сахна ерекшелігі күрделі әрі сан қилы.
Біз сахна өнері — коллективтік өнер екенін айттық. Кез келген коллектив мүшесі өз алдына дара өнер жасаушы бола тұра көркемдік гармония заңдылықтарына сай, олар өзара бір-бірімен тығыз творчестволық байланыста болады. Бірін-бірі сыйлау, қас-қабақпен түсінісу, еңбегін құрметтеу — ішкі ережеге саяды. Осындай өнеріміздің жағдайына қарай икемделген тәлімдік көріністер артист этикасын тудырады.
Жалпы коллективтік өнерге қойылар көркемдік талап көзі творчествоның өз психологиясы мен физиологиялық ерекшеліктерінен арна алады. Бұл жерде творчестволық жігер мен талант басты роль ойнайды. Сондықтан да артист этикасы творчестволық жігер мен талант табиғаты онын характері сияқты ерекшеліктерімен үндес болу болғандықтан, артист этикасының басты мақсаты — құш керек. Талант пен творчестволық жігерге тән нәрсе: құштарлық, құмарлық әм творчестволық іс-әрекетке құлшыну тарлық, құмарлық, әсерлік талаптарына бөгет болатын себеп-салдардың жолын кесу. Өйткені, артист іс жүзінде творчествосының қадамын аштырмайтын не сан бөгесін мен бөгеттердің неше түрлі қиындықтарын бастан кешуге мәжбүр болады.
Адалын айтқанда, көпшілік жағдайда бір-біріне кедергі жасайтын артистердің өзі. Кейбіреулері сахна өнерінің биік мақсат-мұраттары мен оның психологиялық әм физиологиялық ерекшеліктерін жете түсінбеуден, қателіктен бөгет жасаса, ал кейбіреулері қызғаныштан эгоистік тұрғыдан саналы түрде әдейі жасайды. Ондайлар сахналас серігінің творчестволық жетістігін көре алмай іші күйеді. Оны кекетіп, мұқатып, жасытып, жабырқатуга күш салады. Ол үшін әзіл мен қалжың түрлерін қару қылып пайдаланады. Мұндай жағдайлар, әсіресе, жолдасының ойнаған ролінде кеткен кем-кетік кемшіліктерді келемеждеу арқылы істелінеді. Сырттан қарағанда зілсіз болып көрінетін әзіл мен мысқылдың залалы мен зардаптары актер творчествосына кері әсер етеді.
Ащы әжуа, мірдей мысқыл, қаскүнем қалжың — өнердің қас жауы. Удай кекесін, зәрлі келемеж актердің творчестволық жігерін жасытып, өнерге деген құштарлық құлшынысын, мейір мен меселін тойтарады. Қысылу, қымтырылу, ұялу, қызару белең алады. Аталмыш қас- күнемдік кесепат, таланттың тереңдеп тамыр жаюына құрылған тор, шиеленген шідер.
Мұндай кер кеткен кері құбылысқа режиссер болып, көркемдік кеңес болып, театрдың кәсіподағы болып тізе қосып, тыйым салу— моральдық әдепке жатады.
Коллективтік творчество саласында жиі кездесетін келесі бір үлкен апат—жұмыс процесі кезіндегі немқұрайлылық, жайбарақаттық. Репетиция үстіндегі бір актердің сүлесоқ әрекеті күллі коллективке жайылып, қажырлы жұмыстың берекесін қашыруға себеп болады. Аталмыш індет-өнер практикасында ең қауіпті, ең азапты құбылыс. Мұның өзі сахналық өнер — коллективтік өнер екенін ескермеуден туатын қорытынды.
Театр тарихында орын тепкен тағы бір кесел — атаққұмарлық пен даңққұмарлық. Өзін-өзі жарнамалау. Даңқ пен дақпыртқа құмартып, мақтанның, соңына түсу.
Жалынып, жағынып жүріп сахна сымшыларына өзі туралы мақтау мақалалар жазғызу. Арын сатып атақ алу. Талантты адамдарды сырттан жамандап, оның қыр соңына түсу. Өзін-өзі зор тұтып, басқаларды қор тұту. Өзгелерден өзін биік ұстау. Сәл артықшылығын сезсе, мұрнын шүйіріп дандайсу. Басқалардың пайдалы пікірі мен достық сынын елемеу. Жалған табыстан бас айналу сияқты мансапқорлық театрдың творчестволық ауа райын ластап, өнер мен таланттың аяғына тұсау салады. Солай десек, Станиславскийдің этикалық программасының іргетас негізінде өнерге деген тұнықтық, эстетикалық тазалық мұраттарынан желі тартқан ізгі идеялық мөлдір ілім бар. Өнер адамдарына Станиславский әдебін моральдық жолбасшылыққа алу парызы жүктелген. Театрдың міндеті — көрермен қауымының көңілін көтеретін ойын-сауық базарын ұйымдастыру емес, олардың рухын көтеру, ізгілікке тәрбиелеу. Актердің де атқарар міндеті — сол.