Файл: Методические рекомендации по обучению детей на дому по учебным программам общеобразовательной школы.docx
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 409
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
− үйдегі сабақтардың уақытында өткізілуін, үйде оқытылатын балаларды есепке алу журналын жүргізуді қадағалау;
− үйдегі оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ету үшін мұғалімдер мен мамандарды уақытылы таңдау;
27
− үйде оқытуды ұйымдастыру мәселелері бойынша шешімдерді уақытында қабылдау.
Баланы үйде оқыту – отбасыдағы психологиялық ахуал, ата-аналардың педагогпен әрекеттесуге құлшынысы өте маңызды болып табылатын көпаспектілі процесс. Отбасының тәрбиелік рөлі ерекше зор, себебі бұл топтағы балалардың байланыс орнату мүмкіндіктері біршама шектелген. Балаларды оқыту мен оңалту процесіне отбасы мүшелерін қосу үшін оларға психологиялық-педагогикалық біліктілігін арттыруда көмек көрсету қажет. Отбасыға барып жүрген педагог ондағы тәрбиенің басым түрін анықтай алуы керек. Отбасылық психология мен педагогика саласындағы мамандар отбасылық тәрбиенің келесі түрлерін бөледі [9]:
− құптаушылық гиперпротекция, отбасының бар назары балада болады. отбасы мүшелері оның барлық қажеттіліктерін барынша қанағаттандыруға ұмтылады. Шектен тыс қамқорлықтан ата-анасы баланың бастамашылдығын шектейді. Сонымен қоса олар баланың болмашы жетістіктеріне, табысына қуанады. Сол кезде бала да өз өзін жоғары бағалай бастайды. Балада ересектердің назарына, олардың құптауына жоғары құштарлық пайда болады. Сондай-ақ назардың жоғары болғанының салдарынан баланың өзін өзі бағалауы тым артып, ол ары қарай әлеуметтік өзара әрекеттесу жағдайында расталмайды. Балаға қарым-қатынастың бұлай өзгеруін дұрыс бағалай алмайды және жаңа жағдайға агрессиямен немесе апатиямен, бірнәрсені жасаудан бастарту немесе невротикалық реакциялармен жауап береді.
− басымдық гиперпротекция, ата-анасы балаға көп күш пен уақытты жұмсағанымен оған көптеген шектеулер мен тыйымдар қояды. Нәтижесінде баланың бағыныштылық, тәуелділік, дербестіктің болмауы сияқты тұлғалық қасиеттері дамиды;
− эмоционалдық шеттету ата-анасы баланың тағдырына немқұрайлы қарағанда болады. Немқұрайлық немесе антипатия үнемі тікелей қатыгездік түрінде болмайды, бірақ ол балада эмоционалдық жетілмеушілік пен агрессияны туындатып психикасына зиянды әсер етеді. Бала мен ата-ана арасындағы махаббат, өз қадірін сезіну сияқты құндылықтарға ата-анасының немқұрайлы қарауы баланың жекелігін, мінезінің өзіндік ерекшеліктерін қабылдамауын күшейте түседі. Бұндай ата-аналар өз баласының жетілмегендігінен ұялып, адамдардан жасырады, баламен бірге қоғамдық орындарға бармайды. Ол бала дамуының қайтадан тежелуі мен бұзылуына соқтырады және бала мен қоғам арасында еңсерілмейтін алшақтық пайда болады;
− ата-ананың жоғары моральды жауапкершілігі баланың эмоционалды қажеттіліктеріне назар аудармай, балаға жоғары талаптар қоюда көрініс табады. Баланың жетілмегендігін қабылдамай, ата-анасы оның кемістіктерін байқамай, мүмкіндіктерін асыра бағалайды. Бұндай жағдай балада невротикалық, үрейлі-күмәнданғыш күйлердің пайда болуына әкеледі;
− гипопротекция (гипоқамқорлық) бала өз бетімен қалып, ата-анасы онымен қызықпаған, қадағаламаған жағдайда болады. ата-анасы баланың
28
қажеттіліктерін, ең алдымен көңіл бөлуге, жетекшілік, қорғаудағы мұқтаждығын дұрыс бағалай алмайды. Осылайша, гипоқамқорлық жағдайында тәрбиеленіп жатқан балаға отбасы тарапынан уақытында көмек пен қолдау көрсетілмегендіктен, оның қоршаған ортамен өзара әрекеттестігі бұрмаланады. Ал бұндай жағдай дамуында бұзылыстары бар балаларда дамудың одан сайын артта қалып, сәйкес емес реакциялардың туындауына әкеліп соқтырады. Соған қарамастан ата-аналар балаларының барлық қиындықтарын мектеп шешу керек деп ойлайды.
Мектепте жұмыс істейтін қызметкерлердің пікірінше, мүмкіндігі шектеулі (оның ішінде зерде дамуында бұзылыстары бар) балаларды тәрбиелейтін отбасылардың көбісінде белгілі бір сипаттамалар бар [7]:
− ата-аналар жүйке-психикалық және дене жүктемесін, шаршау, күш түсу, үрей мен бала болашағына қатысты сенімсіздікті сезінеді;
− бала дамуының нәтижесі, мінез-құлқы ата-аналары күткендей болмағандықтан, олар ашушаңдық, күйініш, қанағатсыздықты сезінеді;
− отбасы ішіндегі қарым-қатынастар (ерлі зайыптылар, басқа балалар арасындағы қарым-қатынас) бұзылалады және өзгереді;
− отбасыдан тыс қызметтер (таныстар қатарының шектелуі, үйреншікті өмір салтының өзгеруі, бір отбасы мүшесінің жұмыстан шығуға мәжбүр болуы) бұзылуының салдарынан отбасының әлеуметтік мәртебесі төмендейді;
− дамуында бұзылыстары бар баланы, оны тәрбиелеу мен емдеудегі отбасының күш-жігерін теріс бағалайтын қоғамдық пікір отбасылық ахуалға «залалды» әсер етеді.
Сол мезетте ата-аналар өз балаларының дамуына арналған қолайлы жағдайлар жасау үшін көп күш жұмсайды. Дегенмен, көбінесе олардың нәтижелі оқыту әдістері туралы білімі аз, кейде тіпті өз баласының психологиялық-физиологиялық жағдайын түсінбейді, оған қалай көмектесерін, ересек өмірге қалай дайындайтынын білмейді. Сондықтан педагог баланы оқытумен қатар, оның ата-аналарын да түзету тәсілдеріне үйретеді, даму ерекшеліктері туралы айтады, өз оқушысының аз да болса жетістіктеріне назарын аударады. Психологиялық жарақаттық жағдайларды болдырмау үшін ата-аналарға өте әдепті және ұқыпты қарап, өз тарапынан отбасыдағы татулықты нығайтуға тырысу керек. Осындай «жылы» қарым-қатынас отбасындағы қалыпты психологиялық ахуалға ықпал етеді. Ал ата-аналардың хал-жағдайындағы кез келген ауытқушылықтар міндетті түрде баланың мінез-құлқынан көрініс табады.
Тәжірибеде жұмыс істейтіндер үйде оқыту мен тәрбиелеу процесіне қосылу үшін баланың ата-анасы мен туыстарына дефектолог, логопед, ЕДШ нұсқаушысы мен психологтың білікті консультациясы талап етіледі деп санайды. Логопед тыныс алуды, ұсақ моториканы, артикуляциялық аппаратты дамытуға ойын жаттығуларын көрсетеді; ЕДШ нұсқаушысы буындарды қалай дамыту, бұлшықеттерді нығайту керектігін, дұрыс отыру, тұру, ата-аналар үйде қолдана алатын емдік уқалау жасау мен бейінді дене шынықтыру тәсілдерін үйретеді. Мысалы, ата-аналарды ерін мен тілді өзіндік уқалау техникасымен
29
таныстырған логопед сөйлеу тілін меңгеруде баланың жетістіктері, көбінесе, оның туғандарының білім беру процесіне қаншалықты қосылғанына, мектеп командасының толыққанды мүшесі ретінде сезінгеніне байланысты деп есептейді. Маман тек дыбыстарды қояды, ал оны үнемі бекіту керек. Егер анасы шыдамдылық танытып үйде сабақтарды бекітуге уақыт тапса, демалыстан оқуға шыққан бала өз үйренгенін ұмытпайды және педагогқа бәрін басынан бастаудың қажеті жоқ болады.
Ата-аналардың психологиялық-педагогикалық біліктілігін арттыру мақсатында ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу сұрақтары бойынша ата-аналар үшін тақырыптық лекторийлерді өткізу ұсынылады. Мысалы, олар: «Салауатты өмір салтын қалыптастыруда ата-ананың рөлі», «Отбасындағы өзара қарым-қатынас және баланың адамгершілік тәрбиесі», «үйде оқытылатын баланы оқыту мен тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі», «Баланың тілін дамыту және бос уақытын ұйымдастыру», «Бала өмірінің қауіпсіздік негіздері» және т.с.с.
1.5 Үйде оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері
Ғалымдар, әлеуметтік педагогтар, балалар психологы, балаларды үйде оқытатын пән мұғалімдері баланың ұзақ уақыт бойы үйде оқытылуы оның қоғамнан шеттетілуіне, депривациясына, баланың патологиялық тұйықталуына, басқа адамдармен сөйлесуден қашу мен қорқуға алып келеді деп пайымдайды [10,11].
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру оларда тұлға аралық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастырудағы қиындықтармен, ондай қарым-қатынастың аз нәтижелілігімен, сәйкес емес өзін өзі бағалаумен байланысты үнемі табысты болмайды. Егер бала үйде оқытылатын болса , құрдастар ортасынан айырылған балада әлеуметтік маңызды білім, іскерлік, қасиеттерді игеру үшін қолайлы жағдайлар азырақ болады . Үйде оқытылатын балалармен жұмыс жасайтын жалпы білім беру мектебінің мұғалім педагогтарының айтуы бойынша «… біз үйде оқыту формасындағы мүгедек балаларда танымдық қажеттілік қаншалықты жоғары, олар үшін кейде, аптасына бір рет болса да сынып, сабақ жағдайында болу қаншалықты маңызды екенін, оны қаншалықты бағалайтынын көреміз. Алдында балаларға деген қызығушылығы бар ересек адам болып, басқа балалармен оқу жағдайының өзінде үлкен терапиялық әлеует бар ...» [10]. Үйде оқитын балалардың ата -аналары да педагогтардың пікіріне қосылып отыр. Олар сабақтарды тек қана үйде өткізген жағдайда, балаларда әлеуметтік мүгедектікті қоздыру сияқты кері салдары болады деп алаңдаушылық білдіруде. Ата-аналардың айтуынша «мектеп бізге бәрін береді: сөйлесу дағдыларын, тәртіп, ереже, міндеттер нормаларын және т.с.с. Біз үйде оқитын мүгедек балалардың ата-аналары кейде болса да мектепке баруға рұқсат беруін сұраймыз!!!». Р. Валленберг атындағы арнайы педагогика мен психология институты (Санкт-Петербург) ғалымдарының сал ауруы бар балалар мен жасөспірімдерді үйде қашықтықтан оқытуда өзіне және
30
айналадағыларға қарым-қатынасын зерттеу қоршаған адамдармен қажетті және жеткілікті мөлшерде қарым-қатынасқа түскен балаларда мектепке және сыныпқа жағымды көзқарасы басым болатынын көрсетті. 4-кестеде «Сөйлемді аяқта» әдісі бойынша эмпирикалық зерттеудің нәтижелері берілген [11]:
4-кесте. Пікірдің мысалдары.Негізгі (НТ 1) және бақылау (БТ 1) топтарындағы бастауыш мектеп жасындағы балалардың «Құрдастарға қарым-қатынас» және «Мұғалімдер мен мектепке қарым-қатынас» шкаласы
Зерттелетін | | | | НТ1 | | | | | | | БТ1 | | | | ||||||
топтар | | | | | | | | | | | | | | | | | ||||
| | | | Бастауыш сынып | оқушыларының пікірі | | | | ||||||||||||
| Мектептегі балалар арасында | Менімен ойнайтын балалар кейде | | |||||||||||||||||
Құрдастарға | және | | хорда | | боламыз. | қонаққа | келеді. | Ауруханада, | | |||||||||||
Санаториядағы | | | балалар | санаторияда | балалар | арасында | | |||||||||||||
қарым-қатынас | арасында | | боламыз. | | Мен | боламыз. | | | | | | | ||||||||
| ойнайтын | | балалар | мейірімді. | Мен | ойнайтын | балалар | нашар | | |||||||||||
| Мен ойнайтын | балалар да | сөйлейді, олармен қиын. Менің | | ||||||||||||||||
| менімен | | | қашықтан | | оқиды. | достарым | | менімен | | бірге | | ||||||||
| Менің | | достарым | | маған | болғылары келмейді, түсінбейді. | | |||||||||||||
| телефонмен жиі хабарласады. | Мен | мектепке қайтып | барғанда | | |||||||||||||||
| Менің | | | достарым | | мені | менің достарым болады. | | | | ||||||||||
| мектепте жиі күтеді. Анаммен | | | | | | | | | |||||||||||
| балалар | | | арасында | | сирек | | | | | | | | | ||||||
| боламыз. | | | | | | | | | | | | | | | |||||
| | | | | | | | | ||||||||||||
| Менің | | | мұғалімім | | мені | Менің мұғалімім маған жиі келмей | | ||||||||||||
| мақтайды. | Мектеп | болмаса | қалады. Мұғалімім мейірімді, | | |||||||||||||||
| мен оқу мен санауды үйрене | бағалар | үшін | ешкім | | көңілін | | |||||||||||||
| алмайтын едім. Мен мектепті | түсірмегенін | қалайды. | | Менің | | ||||||||||||||
Мұғалімдер мен | ойлағанда, | сонда | | барғым | мұғалімім мені үйде оқытады. | | ||||||||||||||
мектепке қарым- | келеді. | | | Мектеп | | туралы | Мектеп | болмаса | маған | ешкім | | |||||||||
қатынас | ойлаған | кезде, | тезірек | сонда | келмейтін еді. Егер мектеп | | ||||||||||||||
| барғым | | | келеді. | | Мектеп | болмаса, мен қуанатын едім. | | ||||||||||||
| туралы | | | ойлағанда | | менің | Мектеп туралы ойласам, онда | | ||||||||||||
| досым келе ма немесе тағы да | баруға қорқамын. Мектеп туралы | | |||||||||||||||||
| ауырып | | | қала | | ма | деп | ойлаған кезде, онда не істейтінін | | |||||||||||
| уайымдаймын. | | | | Менің | білмеймін. Мектеп туралы ойлаған | | |||||||||||||
| мұғалімім | | мені | | | жақсы | кезде, онда көп әр түрлі балалар | | ||||||||||||
| оқытады. | | Мұғалімім | | менің | бар екенін білемін. | | | | |||||||||||
| басқа | балалармен | | сабаққа | | | | | | | | | ||||||||
| барғанымды қалайды. | | | | | | | | | | | |||||||||
| | | | | | | | | | | | | | | | |
Бұндай мысалдар көп, «... Полина анасы Анастасиямен үйде оқытылып жатқанына бес жыл болды . 12 жастағы қыз жүру арбасымен қозғалады және сүйемелдеуді қажет етеді. Бірақ ол көшеде, аулада, қонақта құрдастармен сөйлесетін мүмкіндікті жібермеуге тырысады. Сондықтан тезірек сауығып мектепке баруды армандайтыны сөзсіз...» [8].
Қарағанды қаласы ТҚАЗ балаларға арналған облыстық мектеп-интернат директорының орынбасары Наукенова Қарлығаның айтуынша, құрдастарымен
31
қарым-қатынас бала өмірінің өте маңызды бөлігі. Сөйлесу, достық, өзара көмек және коммуникацияның басқа да түрлері сияқты бала өміріндегі негізгі дүниелерді мектептен басқа қай жерде тани алады? Үйде оқитын балаларда бұл мүмкіндік жоқ болғандықтан, кейде мамандар оларды сыныптағы сабақтарға қатыстырады. Бұл кезде ата-аналар өз балаларын қолдайтын тұлғалар және тьюторлар ретінде жүреді. Мектеп те баланы оқуға ынталандырады. Себебі, өз жетістігін құрдастарының жетістігімен салыстыру мүмкіндігінен айырылғандықтан бала жетістікке деген ұмтылысын жоғалтады [8] .
Баланың жалпы дамуында әлеуметтік бейімделудің маңызын ескере отырып, үйде оқытылатын балалар мен олардың ата-аналарын қатыстырып әр түрлі іс-шараларды өткізу ұсынылады.
Осылайша, үйде оқыту мәселесі бойынша шетелдік және отандық ғылыми зерттеулерді, денсаулық сақтау мен білім, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді талдау, сондай-ақ үйде оқытылатын білім алушылары бар жалпы білім беретін және арнайы мектептердің педагогикалық ұжымының тәжірибесін зерделеу үйде оқытуды ұйымдастыру бойынша бірқатар әдістемелік ұсынымдарды бөлуге мүмкіндік берді.
1.6 Үйде оқытуды ұйымдастыру бойынша жалпы әдістемелік ұсынымдар
Жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша үйде оқытуды тиімді және сапалы ұйымдастыру үшін ұсынылады:
-
үйде оқыту процесін ұйымдастыруды нормативті құжаттармен, сондай-ақ жергілікті қолдану үшін әзірлеу мен енгізуді қарастыратын ішкі актілермен қолдау. Кеңінен қолданылатын ішкі актілер:
− үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру туралы ереже; − үйде оқытудың жеке оқу жұмыс жоспары; − жеке оқу жұмыс бағдарламалары; − жеке оқыту кестесі;
−жеке оқытудың үлгерім журналы және басқалары.
-
үйде оқыту бойынша мектеп командасының әрбір мүшесінің, оның ішінде ұйым басшысы мен оның орынбасарлары, мектептің психологиялық-педагогикалық консилиум төрағасы мен мүшелері, пән мұғалімдері, әлеуметтік және арнайы педагогтар, педагог-психолог, мектеп ата-аналары комитетінің өкілі мен басқа да жұмыскерлердің қызметін нақты айқындау; -
білім алушыларды үйде оқытатын пән мұғалімдері мен педагогтардың әдістемелік бірлестігін құру. Педагогтардың әдістемелік бірлестігі үйде оқыту бойынша оқу-әдістемелік жұмысты үйлестіріп қана қоймай, сондай-ақ үйде оқытудың жеке оқу жұмыс жоспарлар мен бағдарламаларды әзірлеуде және талқылауда, үйде оқытылатын білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін есепке ала отырып оқу бағадарламаларын жекелендіру,
Смотрите также файлы
- Итоговый проект по литературе Мир пушкинской лирики в исследованиях В. А. Грехнёва Автор работы.docx
- Отчет по лабораторной работе 10 определение модуля упругости (модуля юнга) по деформации изгиба.docx
- Реферат по дисциплине Психология Влияние речи родителей на развитие речи детей раннего возраста.docx