Файл: Методические рекомендации по обучению детей на дому по учебным программам общеобразовательной школы.docx
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 411
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
32
мұғалімдердің тәжірибесін жинақтап таратуда тиімді механизм болып табылады;
-
сабақтарда оқытудың аралас әдістерін қолдану. Сабақтағы білім беру процесін негізгі дидактикалық қағидаларды, оның ішінде бала дамуының қажетті жағдайы ретіндегі оқытудың түзетуге бағыттылығы қағидасын сақтай отырып көрнекі-әрекеттік негізде ұйымдастыру керек. Әр сабақта баланың қабылдауы, сөйлеу тілі мен қарым-қатынасы, ойлау, есте сақтау, эмоциялар, ынта және басқа да психологиялық-физиологиялық дамуына ықпал ететін заттық-тәжірибелік әрекетті ұйымдастыру қажет.
-
оқу материалын бөлшектеп, кезеңмен оқыту және оны талдамалы-синтетикалық жолдармен көрсету, әрбір элементті талдау және біртұтас қабылдауды қамтамасыз ету; оқушылардың бұрын меңгерген практикалық тәжірибесіне сүйену; сақталған шынайы байланыстарды тұрақты пайдалану; себеп-салдарлық байланыстар мен заңдылықтарды анықтауға аса назар аудару; қысқа, әрі қарапайым ережелер мен тұжырымдарды шығаруда бастысын бөле білу; оқу материалын меңгеру мен қайталау үшін практикалық жаттығулардың жеткілікті саны; материалды оқу мен бекітуде заттық-тәжірибелік әрекетті ұйымдастыру; оқытылатын материалды әр түрлі жаттығуларға қосу; көрнекілік материалдарды тиімді пайдалану; өзіндік орындауға арналған күрделілігі әр түрлі жаттығулар мен тапсырмаларды қосу; -
мектеп кітапханасы, мерзімдік басылымдар, лабороториялар мен оқу құрал-жабдықтары сияқты мектептің білім беру қорларына қолжетімділікті қамтамасыз ету;
-
үйдегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды жүйелі түрде бақылау; -
арнайы педагогтар, ата-анасы немесе жақындарының қолдауымен қолайлы оқу-тәрбиелік ортаны жасай отырып оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың әр түрлі жағдайларын үйлестіру мектеп жасындағы оқушылардың танымдық әрекетін белсендіруде сыныптан тыс және үйірмелік жұмыстың рөлі жоғары екендігі белгілі. Сондықтан үйде оқытылатын білім алушыларды сыныптан тыс, үйірмелік және басқа жұмыстарға тарту, мектептегі іс-шараларға қатысудың мүмкіндігі баланың жалпы дамуында, сонымен қоса қоғамда әлеуметтенуінде жағымды динамиканың бастамасы бола алады; -
ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (бұдан әрі - АКТ) заманауи мүмкіндіктерін пайдалану. Көптеген елдерде ұзақ уақыт бойы білім беру ұйымына бара алмайтын мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудың тиімді және қолжетімді түрі қашықтықтан үйде оқыту болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, сонымен қоса смартфондар, программаланатын және механикалық lego- құрылымдардың заманауи мүмкіндіктерін сауатты және мақсатты-практикалық қолдану оқыту процесін, оның ішінде үй жағдайындағы оқуды тек арнайы лабороторияларда мүмкін болатын оқу-зерттеушілік процеске айналдырады. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін оқытудың АКТ-құралдарын қолданудың эргономикалық және денсаулық сақтау нормаларын қатаң қадағалау талап етіледі. Үйде оқытуда АКТ қолдану балаларда өзіндік оқу мен зерттеу жұмысының
33
дағдыларын қалыптастыруға елеулі ықпал етеді. Соңғы жылдары жүргізілген үйде оқытылатын балалардың әлеуметтену мәселесін зерттейтін арнайы ғылыми зерттеулердің нәтижесі қашықтықтан үйде оқытудың дәстүрлі үйде оқытумен салыстырғанда өзіне және айналадағыларға жағымды қарым-қатынасты қалыптастыруда тиімді болатынын көрсетті. Үйде оқытылатын балалар интернет-сайыстарға қатысып, мысалы экологиялық мәселелер бойынша, жеңіп жатқан мысалдар тәжірибеде бар [12]. Мүмкін виртуалды сөйлесу құрдастармен шынайы сөйлесуден кем түсетін шығар, бірақ мүгедек балалардағы әлеуметтік құзыреттерді қиындықсыз дамытуға елеулі ықпал ететіні айғақ;
-
үйде оқытылатын балалардың ата-аналарымен (заңды өкілдермен, жақындармен) мақсатты ағартушылық жұмыс жүргізу. Мектеп педагог-психологы, әлеуметтік педагогы оқыту семинарлары, тренингтер, ата-аналар клубы, ата-аналарға арналған мектеп және басқа да алдын алу, ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыра алады; -
тәжірибені зерделеу, яғни үйде оқытуды жүзеге асыратын басқа білім беру ұйымдарымен тәжірибе алмасу, арнайы білім беру ұйымдарына бару, арнайы педагогтардың тәжірибесін зерделеу. ҚР БҒМ Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығымен ұйымдастырылған ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту бойынша қысқамерзімді курстар, тағылымдамалар да жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің кәсіптік біліктілігін арттыруға ықпал ете алады.
34
2.«Тіл және әдебиет» білім саласының оқу бағдарламалары бойынша балаларды үйде оқыту ерекшеліктері
Түсінік хат
Білім беру іс-әрекетінің негізгі бағыттары:
-
балалардың денсаулығын қорғауға қолдау жасау; -
білім алушылардың салауатты өмір салтының негізін жасау;
-
білім алушылардың психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып жалпы білім беруді қамтамасыз ету ;
4)оқушылардың біліктілігін көтеру.
Білім беру бағдарламасында баланың жеке басы бойынша мақсатты бағыттар:
-
балаға әлеуметтік-педагогикалық қиындықтарды жеңуге көмек беру;
-
дамуы мен тәртібінде орын алған ауытқушылықты түзету; -
баланың жеке басының оң адамгершілік бастамаларына қолдау жасау; -
ұжымда сыныптастарымен әлеуметтік және ұжымдық қарым-қатынасқа бейімдеу;
5)әлеуметтік сауықтыру, ортамен қарым-қатынасын орнату.
Баланың дамуы және жеке тұлға болып қалыптасуы үлкендермен қарым-
қатынаста ғана емес негізгі іс-әрекет процесі білім алу барысында қалыптасады. Балаға арнайы жасалған жағдайда оның дамуына зор мүмкіндіктер туады. Оқу - тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі формасы түзете-дамыту қағидатына сәйкес құрылған сабақ болып табылады. Сабақтың дәстүрлі емес формалары кең қолданылады: рольдік ойындар, кестемен жұмыс, дидактикалық ойындар және өзіндік пәндік-практикалық жұмыстар, тапсырмалар т.б.
Түзету-дамыту жұмыстарын табысты жүзеге асыру үшін:
-
Әр баланың жүрегіне оптимистік болжам бойынша жол таба білу
(балаға сенім арту): Әр балаға барлығын да үйретуге болады. Әрине, ол үшін белгілі бір уақыт және мұғалім тарапынан да оқушы тарапынан да күш-жігер қажет, бірақ педагог әр оқушының нәтижеге жету мүмкіндігіне еш күмән келтірмеуі қажет.
2.Оң нәтижеге «табыстан табысқа» жолы арқылы жетуге болады. Бала өзінің табысын үнемі сезініп отыруы үлкен табыс болып саналады. Бұл баланың мүмкіндік деңгейіне қарай мұғалім ұсынатын тапсырмалар сәйкес келгенде ғана болады. Білім алу процесінде осыны ескерген мұғалім олардың табысты болуына мүмкіндік жасай алады. Оқушы жұмысын бағалау барысында тағы да бір ескеретін жайт баланың қолы жеткен жұмысына назар аударып , содан кейін жұмысты нақты жетілдіру жағына ұсыныстар беру керек.
3.Сабақта тілектестік қарым-қатынас ортасын құру. Оң эмоционалдық жағдайда ғана даму болатыны психологтермен дәлелденген. Бала өз күшіне сенсе және мұғалімнің сөзіндегі оған деген сенімділік жылдам табысқа жеткізеді.
Педагог баланың әрбір берген дұрыс жауабын, шамалы табыстарын мақтауға сараң болмауы қажет.
35
4.Әр оқушының жұмыс жасау қарқыны оның жеке мүмкіндігіне байланысты болады.Егер оқушы үнемі«тез,жылдам,сен тағы соңындақалдың » деген сөздерді ести берсе оқушы жұмысты одан сайын жай жасайды немесе жылдам жасаймын деп сапасыз жасайтын болады. Бәрінен дұрысы "аз болса да жақсы болсын» ұстанымды іске асыру.
6.Әр оқушының алға жылуын қадағалап отыру қажет. Қазіргі уақытта қай «нүктеде» тұр, болашақтағы дамуы қалай болады соны білу қажет. Ол үшін мұғалім оқушының нені өз бетімен, нені мұғалімнің көмегімен орындай алатынын нақты білуі қажет.
7.Білім беруде диагностикалау процесінде шығарылған оқушы дамуының «мықты» жағына сүйеніп отыру қажет.
Жалпы білім беретін бейімделген бағдарлама бойынша денсаулығына байланысты уақытша немесе үнемі білім беру ұйымдарына бара алмайтын білім алушыларды үйде оқыту ерекшеліктеріне арналған оқу бағдарламасы анықтайды:
-
оқу бағдарламасында 5-11 сыныптардағы апталық саны 5-сыныпта – 32 сағат, 6-сыныпта – 33 сағат, 7-сыныпта – 34 сағат, 8-сыныпта – 36 сағат, 9-сыныпта – 38 сағат, 10-сыныпта – 39 сағат, 11-сыныпта – 39 сағат көлеміндегі сағат есебіне сәйкес саралап оқыту қағидатына орай оқу жүктемесін қайтадан бөліп, оқу бағдарламасын жасауға мүмкіндік береді (5-кесте):
5-кесте
Сынып | Сағат саны |
5 -сынып | 16 |
6 -сынып | 16,5 |
7 -сынып | 17 |
8 -сынып | 18 |
9 -сынып | 19 |
-
үйде оқыту барысында мемлекеттік стандартты орындау үшін жекелеген модульдерді, оқу бағдарламасының бөлімдері мен тақырыптарын оқуға бөлінген сағат сандарын азайтып, мектептің мүмкіндігіне қарай , мақсатты түрде білім алушының жеке психофизикалық ерекшеліктері, білім алуға деген сұраныстары мен медициналық көрсеткіштері және дайындық деңгейлері ескеріле отырып білім ұйымдары өздері бекіткен оқу курстары әзірленеді;.
- әрбір оқу пәнінің мазмұнын іске асыру мен оған бөлінген оқу уақытының көлемі қолданыстағы білім мазмұны бойынша жасалған бағдарламаға сәйкес анықталады;
-оқу пәндері көлемі қысқарған, оқуға бейімделген қолданыстағы, қолданыстағы бағдарламаларға сәйкес оқытылады;
-оқу материалын қысқарту оқу пәнінің бағдарламасымен тәртіптеледі;
-
оқу бағдарламасын жүзеге асыру барысында бірізділік жүйесі, сабақтастық принципі сақталып жасалған.
36
Негізгі орта білім беретін үйде оқудың бейімделген бағдарламалары
6-кесте. «Қазақ тілі» пәнінен білім мазмұнын жоспарлау үлгісі, 5-сынып, апталық жүктемесі 0,5 сағат
№ | Бөлімдері | Ұсынылатын базалық білім мазмұны | Сағат саны | |
1 | «Сөздің тура және | Сөздің атауыш мағынасы тура мағына | 1 | |
| ауыспалы мағынасы». | деп аталатындығы. Сөздің тура | | |
| | мағыналары толық мағыналы дербес | | |
| | сөздердің бәріне де қатысты | | |
| | болатындығы. Бірнеше лексикалық | | |
| | мағынасы бар сөздердің алғашқы, | | |
| | бастапқы мағыналары тура мағыналары | | |
| | болса, кейінгі мағыналары ауыспалы | | |
| | мағыналары болып табылатындығы | | |
2 | Сөздердің мағыналық | Омоним сөздердің көп мағыналы | 2 | |
| топтары. | сөздермен ұқсастығы және | | |
| Омонимдер.Синонимдер. | айырмашылығы. Синонимдердің тіл | | |
| Антонимдер. | байлығы мен сөз оралымдылығының | | |
| | көрсеткіші екендігі. Синонимдік қатар, | | |
| | ондағы сөздердің мағыналық, реңктік | | |
| | ерекшеліктері, оларды мақсатқа сай | | |
| | талғап, саралап қолданудың мәні. | | |
| | Антонимдердің жұпталған қарсы | | |
| | мәндес сөздерден тұратындығы. | | |
| | Антонимдердің ойды әсерлі, бейнелі | | |
| | түрде жеткізудің оңтайлы құралы | | |
| | екендігі. | | |
3 | Фразеологизмдер | Тұрақты тіркестердің өзіндік | 2 | |
| (тұрақты тіркестер) | ерекшеліктері: екі не одан да көп | | |
| | сөздерден құралатындығы, бір ғана | | |
| | мағына білдіруі, құрамындағы сөздердің | | |
| | орын тәртібінің тұрақты болуы, даяр | | |
| | қалпында жұмсалып, сөйлемнің бір ғана | | |
| | мүшесі қызметін атқаратындығы | | |
4 | Сөздік қор және сөздік | Тілдің сөз байлығын құрайтын сөздік | 2 | |
| құрам | қор және сөздік құрам жөнінде түсінік. | | |
| | Сөздік құрамның қоғаммен бірге дамып, | | |
| | өзгеріп отыратындығы. Қазақ тілінің | | |
| | сөздік құрамы байырғы сөздер, кірме | | |
| | сөздер, жаңа сөздер, термин сөздер, | | |
| | ауызекі тілге тән қарапайым сөздер | | |
| | және диалектизмдер мен кәсіби | | |
5 | | сөздерден тұратындығы. | | |
Көнерген сөздер мен | Көнерген сөздердің тарихи сөздер және | 1 | | |
| жаңа сөздер. Жаңа | архаизмдер болып бөлінетіндігі. Тарихи | | |
| сөздердің жасалуы. | сөздердің қоғамдық-әлеуметтік | | |
| | атауларға, ал архаизмдердің халықтық | | |
| | салт-дәстүр, әдет-ғұрыптық атауларға | | |
| | қатыстылығы. Жаңа сөздердің тууының | | |
| | себептері. Қоғамның дамуымен бірге | | |
| | енген жаңа ұғымдарға сай жаңа | | |
6 | | сөздердің пайда болуы. | | |
Диалект сөздер. Кәсіби | Диалектінің аймақтық ерекшеліктермен | 2 | | |
| | 37 | | |
Смотрите также файлы
- Итоговый проект по литературе Мир пушкинской лирики в исследованиях В. А. Грехнёва Автор работы.docx
- Отчет по лабораторной работе 10 определение модуля упругости (модуля юнга) по деформации изгиба.docx
- Реферат по дисциплине Психология Влияние речи родителей на развитие речи детей раннего возраста.docx