Файл: 1 сабаа апаратты блок тынысалу.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 240

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Антитромбин III пен гепариннің әсері

Антитромбин III серпин тұқымдастарына жататын (serine proteinase inhibitor) – фермент, протеазаларды ингибирлейді. Бұл антипротеазалардың ерекшеліктері, олар өздеріне әсер ететін ферменттердің активті орталықтарымен байланысып, одан кейін түзілген комплекс жойылады. Сонымен, әрбір серпин өздерінің атқаратын қызметін өмірінде бір ақ рет атқарады.

Гепарин – теріс зарядты, күкірті бар қышқылдық гликозаминогликан, антитромбин III тің катионды бөліктерімен байланысуға қабілетті. Соның нәтижесінде антитромбин III белсенеді және (II, IX, X, XI, XII) факторларын, калликреинді, басқа сериндік протеазалардың белсенділіктерін жоюға қабілетті. 

Қышқылдық- негіздік күйді реттеудегі өкпенің рөлі

Өкпенің ең маңызды қызметтерінің бірі тынысалумен тығыз байланыста болуымен қатар ағзаның қышқылдық- негіздік қүйін (ҚНК) тұрақтандыруға да қатысады. ҚНК ні ағзаның сұйықтық ортасындағы сутек иондары (Н+) мен гидроксил (ОН-) иондарының концентацияларының қатынасы деп түсіндіруге болады

Ортаның тұрақылығына қауіп қайдан келеді? ҚНК жасушалық метаболизм жағдайына, қанның газдарды тасымалдау, сыртқы тынысалу және су-тұз алмасу қызметтеріне тәуелді. Кезкелген осы жүйелердің бұзылуы , әртүрлі дәрежеде ҚНКні өзгертеді. Сонымен қатар, ҚНКнің тұрақтылығына басты қатер туғызатын кәдімгі зат алмасуы болып табылады. Тіндерде көмірсулардың, майлардың және нәруыздардың тотыға ыдырауы өте көп мөлшердегі органикалық және минералды қышқылдарды түзуге әкеледі. Тәулік ішінде ересек адамдарда жүретін зат алмасуы нәтижесінде 20000 мэкв қышқылдар түзіледі. Күшті тұз қышқылына шаққанда, бұл 20л 1М НCl ерітіндісіне немесе 2 л буланып жатқан HClға сәйкес келеді. Осыған қарамастан тіндер мен биологиялық сұйықтықтардың ортасы тұрақты сақталады. Қан мен тіндерде ҚНК ні реттейтін жүйелер, күшті буферлік жүйелер және олар физиологиялық бақылауды да жүргізеді.
Қан мен тін буферлік жүйелері

(ҚНК ді реттейтін физико-химиялық механизмдер):

  1. Бикарбонат буфері: NаНСО3 + Н2СO3

  2. Гемоглобин буфері: КНbО2 + ННb

  3. Фосфат буфері: Nа2НРО4 + NаН2РО4

  4. Нәруыз буфері: NaPt + HPt (Pt –протеин)


Физиологиялық бақылау :

  1. Өкпенің тынысалу қызметі.

  2. Бүйректің сыртқа шығару қызметі.

Буферлік жүйелер ағза сұйықтығына қышқылдық +) және сілтілік (ОН-) өнімдер түскенде биологиялық сұйықтықтардың рНын тұрақтандырады. Буферлік әсер, түскен бос иондарды (Н+ және ОН-) буфердің компоненттерімен байланыстырып, оларды нашар диссоцияцияланатын қышқылдарға немесе суға айналдыру.

рН тың қалыптан басқа жаққа қарай ауытқуын тоқтату үшін буферлік жүйеге 30 секунд жеткілікті, тынысалумен бақылау – 1-3 минут, ал бүйректің жұмысы 10-20 сағатты алады. Бірақ, буферлік жүйелер тек рН тың ауытқуын ғана тоқтата алады, ал ағзада жиналған қышқылдық өнімдерді шығара алмайды. Буферлік жүйелер физиологиялық бақылаусыз ҚНК дің көрсеткішін тұрақты ұстап тұра алмайды. Сондықтан оларға көмекші ретінде өкпе мен бүйрек артық қышқылдық және сілтілік өнімдерді сыртқа шығарады.

Қанда Н+ иондарының концентрациясы артқанда өкпенің вентиляциясы да жиілейді, ағзадан көп мөлшерде СО2 бөлініп шығады, рН шамасы өз қалпына келеді. Егер қанда негіздік заттар көбейсе, онда өкпе вентиляциясы төмендейді, ол ағзада көмір қышқылының бөгелуіне және СО2 нің қысымы мен Н+ иондары концентрациясының жоғарылауына әкеледі (рН төмендейді). Пайда болған рНтың сілтілік ортаға қарай ауытқуы аздап бейтараптанады. Тынысалу жүйесінің бірінші қызметі – (рО2) қысымын оптималды деңгейде ұстап тұру және артериялық қанда көмір қышқылының (рСО2) қысымын да тұрақты ұстау. Бұл қызмет негізгі үш процестермен қамтамасыз етіледі – 1) вентиляциямен; 2) қанағысымен және 3) өкпеде газдардың диффузиясымен. Осы әрбір процестің бұзылуы тынысалу жетіспеушілігіне әкеледі, қалыпты тыныс алуда анықталатын рО2 нің 60мм сын.бағ. төмендеуі және рСО2 нің 60 мм сын.бағ. жоғарылуы.

Өкпемен көмір қышқылының шығуы гемоглобиннің газдарды тасымалдауымен және буферлік қызметімен тығыз байланысты (10 сурет).

10 сурет. ҚНК ді реттеу физиологиялық механизмдері


Өкпеде гемоглобиннің оксигенденуі жүреді, ол оның қышқылдық қасиеттерінің жоғарылауымен ілесе жүреді. Оксигемоглобин

дезоксигемоглобинге қарағанда қышқылдығы жоғары және протондарды жеңіл береді. Сондықтан эритроцитерде көп мөлшерде болатын калий катиондары оксигемоглобиндегі протондарды ығыстырып шығарады да калий тұзын түзеді (КНbО2):
ННb + О2 + К+  КНbО2 + Н+
Бөлінген протондар гидрокарбонат анионымен әрекеттесіп көмір қышқылын түзеді. Эритроциттердегі карбоангидраза ферменті көмір қышқылын су мен көмір қышқыл газына дейін ыдыратады, ал СО2 деммен ауаға шығып кетеді :


карбоангидраза

Н2СО3  Н2О + СО2
Тіндерде оксигемоглобин оттекті береді де дезоксигемоглобинге айналады. Дезоксигемоглобин әлсіз қышқыл, сондықтан протондар калий катиондарын гемоглобин комплексінен ығыстырады:
КНbО2 + Н+ ННb + О2 + К+
Оксигемоглобин мен дезоксигемоглобиннің калий тұздары қосақ қышқылдық- негіздік жұп түзеді, оның бірінші компоненті негіз, ал екіншісі қышқыл болады. Гемоглобин буферінің үлесіне қанның 2/3 буферлік сиымдылығы келеді.

Тіндерде түзілген көмір қышқыл газы эритроциттерге түседі де, онда аздаған мөлшерде гемоглобинмен байланысып, карбогемоглобинді түзеді. Көмір қышқыл газының көп мөлшері карбоангидразаның әсерінен гидраттанып көмір қышқылын түзеді:
Н2О + СО2  Н2СО3  Н+ + НСО3-

карбоангидраза
Көмір қышқылы бірінші сатыда диссоцияцияланады, түзілген гидрокарбонат аниондары қан плазмасына түседі, ондағы натрий катиондарымен байланысады. Сонымен көмір қышқылының көп мөлшері тіндерден өкпеге қан плазмасы арқылы натрий гидрокарбонаты түрінде тасымалданады.
ТестІК ТАПСЫРМАЛАР

Меңгергендікті бақылау

Берілген жауаптардан дұрыс бір жауабын таңдаңыз

  1. Жасушада оттекті негізгі пайдалану жолы

    1. гликолиз

    2. Кребс циклі

    3. Тынысалу тізбегі митохондриясына сутекті тасымалдау

3- жауап

  1. гемоглобинНІҢ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ТУЫНДЫСЫ

  1. оксигемоглобин

  2. карбгемоглобин

  3. дезоксигемоглобин

  4. карбоксигемоглобин

  5. метгемоглобин

4 -жауап

  1. физиологиЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДА ӨКПЕНІҢ НЕГІЗГІ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ СУБСТРАТЫ

  1. май қышқылдары

  2. кетон денелері

  3. глюкоза

  4. амин қышқылдары

  5. лактат


3- жауап

    1. ӨКПЕ МЕТАБОЛИЗМІНЕ ГЛЮКОЗАНЫҢ КӨМІРТЕК АТОМДАРЫ ҚАТЫСАТЫН НЕГІЗГІ ӨНІМ

  1. СО2

  2. лактат

  3. нәруыздар мен нуклеин қышқылдары

  4. полисахаридтер

  5. липидтер

2- жауап

5.сурфактантТЫҢ НЕГІЗГІ ЛИПИДТІК КОМПОНЕНТІ

  1. қанықпаған фосфатидилхолин

  2. дипальмитоилфосфатидилхолин

  3. фосфатидилглицерол

  4. фосфатидилинозит

  5. фосфатидилэтаноламин

2- жауап

  1. ӨКПЕ монооксигеназДЫ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ КОМПОНЕНТІ

  1. глюкуронилтрансфераза

  2. сульфотрансфераза

  3. цитохром Р-450

  4. цитохромоксидаза

  5. НАДФН-арнайылық флавопротеид

3- жауап

  1. 2ά2γ СУББІРЛІКТЕН ТҰРАТЫН ГЛОБИНІ БАР ГЕМОГЛОБИН

  1. HbA1

  2. HbA2

  3. HbF

  4. НbS

3 -жауап

  1. ҚАННЫҢ ЕҢ КҮШТІ буферЛІК ЖҮЙЕСІ

  1. бикарбонатты

  2. фосфатты

  3. гемоглобин

  4. нәруызды

3-жауап

  1. Қанның буферлік Сиымдылығын Көрсететін ҚНК

  1. рН

  2. AB

  3. SB

  4. BE

  5. АИ

4- жауап

  1. альвеолярлы вентиляцияны Бағалайтын Қнк Көрсеткіші

  1. рН

  2. рСО2

  3. АВ

  4. SB

  5. BE

2- жауап

Ұсынылған жауаптардан бірнеше дұрыс жауаптарды таңдаңыз

  1. Өкпенің респираторлық емес Қызметтері

  1. Ксенобиотиктердің метаболизмі

  2. газалмасу

  3. жасушалық иммунитетке қатысуы

  4. ҚНК ні тұрақтандыру

  5. БАЗ синтезі

1, 3, 4, 5 жауаптары


    1. Өкпеде Жүретін Энергияға тәуелді процестер

  1. дипальмитоилфосфатидилхолин синтезі

  2. газалмасу

  3. макрофагтардың фагоцитарлық белсенділіктері

  4. цилиарлы тасымалдау

  5. бронх элементтері бұлшық еттерінің жиырылуы

1, 3, 4, 5 жауаптар

  1. сурфактантТың Қызметтері

  1. Өкпе тіндері созылғыштығының ұзаруы

  2. ателектаздан сақтандыру

  3. иммундық қорғанысқа қатысуы

  4. газалмасу

  5. ксенобиотиктер метаболизмі

1, 2, 3 жауаптары

  1. Өкпемен БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОЙЫЛАТЫН Заттар

  1. ацетилхолин

  2. адреналин

  3. норадреналин

  4. ангиотензин I

  5. гистамин

1, 3 жауаптар

  1. ҚНК Ді реттеуге қатысатын ағзалар


  1. бауыр

  2. бүйрек

  3. өкпе

  4. бұлшық ет

  5. көк бауыр

2, 3 жауаптар

Басқа тіндерге(inside-out) әсер ететін өкпенің метаболиттері

Экстремалды(шұғыл) жағдайларда өкпенің атқаратын қызметтері
Гиперкапния тек қысымды ғана жоғарылатып қоймайды, ол ұйқы кезінде адамның басын да бұрады. Бұл өкпе қызметінің жетіспеуінен болуы мүмкін (өкпенің кейбір ауруларынан), тынысалу депрессиясынан, тынысалудан, СО2 нің концентрациясымен көп демалудан, ұзақ жасанды вентиляцияны пайдаланудан да болады. Бұл процесс жиі респираторлық ацидозбен қоса жүреді, ол көмір қышқылының түзілуімен және одан кейін оның протон мен бикарбонат ионына дейінгі диссоциациясынан туады. Респираторлық ацидозда (рН<7,35) клиникалық белгілер білінеді, мысалы: еріннің көгеруі, пульстың жиілігінің артуы, өкпелік гипертонияны. Респираторлық ацидоз бүйректен протондарды шығару арқылы компенсацияланады.

Метаболикалық ацидоз анаэробты гликолиздің және кетогенездің қарқынды жүруінен пайда болады (лактаттың артуы). Метаболикалық ацидоз шок және реттелмейтін қантты диабетте (кома) де байқалады. Метаболи- калық ацидоздың басқа түрлері протондар бүйректен нашар шығарылғанда, мысалы, бүйрек ауруларында, бикарбонаттардың шығарылуының артуынан, қышқылдармен уланғанда (мысалы, салицилаттармен) білінеді. Егер ацидоз буферлік сиымдылықтан артып кетсе –ол қайтымсыз ауыр жағдайға әкеледі. Метаболикалық реттелмеу респираторлық механизмдердің қарсы әсер көрсетуімен немесе керісінше жүруі мүмкін. Сонымен, ауыр метаболикалық ацидоз Куссмаул тынысалуымен сипатталады – тіршілікке қауіпті белгі.

рО2 нің (гипоксемия) ұзақ төмендеуі гипоксия-индуцибелді фактор (HIF-1α) арқылы эритропоэтиннің шығуын тудырады. Бұл гемоглобиннің түзілуін арттырады және оттектің тасымалдануын жеңілдетеді, мысалы, ағзаның биік таулы жерлерге бейімделуінен.

Өкпенің басқа қызметтері

  1. Ангиотензинді өзгертетін ферменттің синтезі (өкпенің эндотелийнде жүреді). Бұл фермент ангиотензин-I дің ангиотензин-II ге айналуын тездетеді.

  2. Басқа органдармен байланыстыру