Файл: 1 сабаа апаратты блок тынысалу.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 243

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
нейтрофил эластазасы болады, ол өкпеде бұзылған, ескі жасушаларды және бактерияларды жоюға көмектеседі. Бірақ бұл фермент арнайылықты емес және ол өкпе тіндеріне шабуыл жасауы мүмкін. Сондықтан альфа-1 антитрипсин (ААТ), бұл ферментті бұза отырып, өкпені осы ферменттің әсерінен қорғайды. . Сонымен, ААТ өкненің дұрыс жұмыс істеуін жақсартады. Егер ААТ жетіспеушілігі байқалса, онда өкпе тіндері нейтрофилдер эластазаларының әсеріне ұшырайды да, эмфиземаға әкеледі. ААТның жетіспеушілігі осы нәруыз генінің мутациясымен байланысты, сол уақытта глутамин қышқылы 264 орнында валинге алмасады немесе глутамин қышқылы 342 орнында лизинге алмасады. Бұл ААТ ның теріс зарядты мөлшерінің төмендеуіне әкеледі. Эмфиземаны емдеу ААТның бұзылуымен немесе оның жоғалуымен байланысты. Демалыс сайын дені сау адамның қан плазмасынан алынған ААТ, аурудың коктамырына егіледі. Бірақ мұндай емдеу эмфиземаның бастапқы даму сатысында ғана эффект береді. ААТ ны көктамыр арқылы жіберуден басқа, ингаляцияның көмегін пайдалануға және де рекомбинантты ААТны қолдануға болады. Қосымша антиоксиданттарды тағайындайды. Патогенездің ең маңыздысы шылым тарту, сондықтан эмфиземаны емдеген кезде шылым тартуды қою керек.

Өкпе ұстап қалу, метаболизм, синтез, сақтау және табиғаты липидтік БАЗ - простагландиндерді секрециялайтын маңызды рөлдерді атқарады. Простагландиндер олар БАЗ, циклооксигеназды жолмен көпқанықпаған бос май қышқылдарының тотығу нәтижесінде түзіледі. Простагландиндерге тән құрылыс - 20 көміртек атомдарынан тұратын тізбек, тізбек ортасында 5 көміртек атомдарынан түзілген цикл бар, қос байланыстары және оксо-топтары да бар. 9 суретте өкпеде синтезделетін простагландиндер мен заттардың құрылыстары және соның негізінде жататын – простан қышқылының құрылысы берілген.

Простагландиндер барлық ағзалар мен тіндерде болады, бірақ простагландиндердің жоғары концентрациясы тек өкпеге ғана тән. Тынысалу тіндерінің жолында F2 және E2 простагландиндер түзіледі (простагландин молекуласындағы қос байланыстар санмен көрсетіледі), оның біріншісі өкпе тіндерінде синтезделеді және бронх бұлшық еттерінің жиырылуын тудыруға қабілетті, ал екіншісі – бронхта болады, бірақ , ол брохты керісінше босаң– сытады. Өкпеде PgF2нің концентрациясы PgE2нің концентрациясына қарағанда 10-20 есе жоғары болады. Бронхта кері заңдылықтар орындалады– PgE
2 концентрациясы PgF2. концентрациясына қарағанда 3есе жоғары болады.



9 сурет. Өкпеде синтезделетін және метаболизмденетін

простагландиндер мен простан қышқылдарының құрылыстары

PgA гипотензивті және натрийуретикалық эффектілер көрсетеді, ол өкпеде болмайды. ПГF2 нің синтезінің қарқынды жүруі, ал ПГE2 нің концентрациясының төмендеуі бронхиальды астманың әртүрлі формаларының дамуын туғызады. Бұл простагландиндер деңгейлерінің өзгерістері адамдарда қабыну(пневмония) және бронхит ауруларын туғызатыны тіркелген.

Простагландиндердің биосинтезінде негізгі рөлді эндоплазматикалық ретикулум мембранасының ферменті простагландинсинтетаза атқарады. Простагландиндердің синтезі гистаминмен, брадикининмен және серотонинмен белсендіріледі. Қабынуға қарсы қолданылатын дәрілік заттар , мысалы, аспиоин простагландиндердің синтезін тежейді, осыдан простагландиндер қабыну процестерінің алдыңғы заттары деген тұжырым жасауға болады.

Простагландиндер қанға түскеннен кейін қанайналымында онша көп уақытта болмайды, олар тез басқа органдарға сіңіріліп кетеді. PgF2ά нің қанайналымындағы жартылай периоды 1-5 минуттан артық болмайды. Өкпе, басқа органдарға қарағанда, простагландиндерді қанағымынан өте жақсы сіңіріп алады. Оқшауланған өкпе тәжірибесінде PgE немесе PgF нің 85-95% өкпеде бір перфузиялық сұйықтықтың айналымында ақ жұтылады және метаболизмге ұшырайды. Простагландиндердің өкпедегі активсізденуінде негізгі реакция, оның тізбегіндегі 15 орындағы көміртекке гидроксил тобын енгізуде, сол уақытта ол 90% биологиялық белсенділігін жоғалтады. Реакция простагландиндегидрогеназа ферментімен катализденеді. Өкпедегі дегидрогеназаның активтілігі өте жоғары болады, ол тек бүйрек пен көкбауырға ғана алғы орынды бере алады. Дегидрогеназаның PgF ке қарағанда PgE ге ынтықтығы жоғары болады, ол PgF тің PgE ге қарағанда өкпеде көп мөлшерде болуынан деп қаралуы мүмкін.

Простагландиндер өте жоғары биологиялық эффектілерге ие болады, және де әртүрлі тіндерде бір простагландіннің өзінің көрсету эффектілері әртүрлі болады (3 кесте). Эффектілерінің әртүрліліктері простагландиннің қандай рецепторлармен байланысуымен анықталады.

3 кесте. Кейбір простагландиндердің биологиялық эффектілері



Простагландиндер

Простагландин-дердің рецептор- лары

Биологиялық әсерлері

PgI2

IP

Вазодилятация(қантамырлары тегіс бұлшық еттерінің босаңсуы)

Тромбоциттердің агрегациясын тежеу

Бронходилятация

PgE2

EP1

Асқазан – ішек жолдары тегіс бұлшық еттерінің жиырылуы

Бронхоконстрикция

EP2

Вазодилятация

Бронходилятация

Асқазан – ішек жолдары тегіс бұлшық еттерінің босаңсуы

EP3

Асқазанда HCl секрециясын тежеу

Асқазан сөлінің секрециясының артуы

Асқазан – ішек жолдары тегіс бұлшық еттерінің жиырылуы

Жатырдың жиырылуы

Липолиздің тежелуі

Агонистер мен тромб түзу әсерлеріне жауап түрінде тромбоцитердің агрегация- лануының артуы

Нейромедиаторлардың әсер етулерінің артуы

Сипатталмаған рецептор

Пирогенді эффект

Ауырсыну эффектісі

PgF2α

FP

Бронхоконстрикция

Жатырдың жиырылуы

Негізінен өкпеге E және F простагландиндері әсер етеді, және де PgE2 бронхтың тегіс бұлшық еттерінің және өкпе қантамырларының босаңсуына, ал PgF2άкерісінше олардың жиырылуына әсер етеді. Өкпенің простагландиндердің метаболизміндегі маңызды рөлі, простагландиндерді өкпе ауруларын емдеуге қолдануға болады деген болжам жасауға мүмкіндік береді. Жекешелей алғанда, PgE ні енгізу арқылы бронхиальды астманы басуға болады деген ұсыныс ойға қонымды келеді. Көрсетілген мақсатқа простагландиндерді ингаляциялық әдіске қолдану , оларды егуге қарағанда өте тиімді болып келеді.

Өкпенің антикоагуляциялық рөлі

Қанның ұюына және ұюына қарсы қызмет атқаратын простаноидтар -дан басқа , өкпеде гепарин де түзілуі мүмкін. Сондықтан гемостаз жүйесін- дегі өкпенің рөлі туралы айту, өте маңызды мәселенің біріне жатады.


Тромбтың тек бұзылған жерде құрылуы қамтамасыз етіледі

  • бұзылмаған эндотелийде тромбиннің тромбомодулинмен байланысуы,

  • протеин С жүйесінің активтенуі,

  • бұзылмаған эндотелиоциттерде антитромбин III пен TFPIдің секрециясы,

  • бұзылмаған эндотелиде гепариннің болуы,

  • ұйыған фибрин, тромбин мен Xaфакторын байланыстырады да ұйыту реакциясын шоғырландырады,

  • кейінірек, фибринолиздің белсенуінен кейін, фибрин ыдырауындағы өнімдер тромбоциттердің агрегациясы мен фибрин-мономерлердің өздігінен жинақталуын тежейді



Тін факторы жолындағы ингибитор (tissue factor pathway inhibitor, TFPI) эндотелиалды жасушалармен, тромбоциттермен, моноциттермен, фибробластармен, тегіс бұлшықет жасушаларымен және кардиомиоциттермен синтезделеді.

Нәруыздың негізгі қызметі – VIIа факторын тін факторымен және Xa факторымен байланыстарын тежеу. TFPI дің кофакторы протеин S болады.


Тін факторы жолындағы ингибитордың әсері

C және S протеиндері


Коагуляцияланған жерінен шыға, тромбин бұзылмаған эндотелий мембранасындағы тромбомодулин нәруызымен әрекеттеседі. Әрекеттесу кезінде тромбин прокоагулянттық белсенділігін жоғалтады, яғни фибринді түзу мен XIII факторын белсендіру қабілетін, оның орнына антикоагулянтті қасиетке ие болады(тромбиндік парадокс). Тромбин-тромбомодулин комплексі антикоагулянттық протеин С ны белсендіреді .

Протеин С жүйесі сериндік протеазаны құрамына енгізеді, оның кофакторы протеин S және протеин С ға мембрандық рецептор (EPCR, endothelial cell protein C receptor)болады. С мен S протеиндер бауырда К витаминінің қатысымен синтезделеді.

Протеин S тің қызметтері:

  • TFPIдің кофакторы, ол тіндік (ф.VIla-TF) фактор комплексін тежейді және соның салдарынан X факторды белсендіреді,

  • С протеиннің кофакторы.


Антикоагулянттық С протеин жүйесі

Белсенді протеин C ның (APC ) атқаратын қызметтері, ол:

  • PAI-1ді активсіздендіреді (плазминоген активаторының ингибиторы),

  • Vа және VIIIа факторларының ингибиторы, TFPI мен S протеиннің бірігіп әсер еткеннен кейін ғана ( олардың Xa және IXa мен байланыстары жойылды) ингибирлеуге жолы ашылады .

 
  Тромбомодулин мен протеин С ның қан ұюындағы рөлдері


Антитромбин III


Антитромбин III бауырда синтезделеді, оны белсендіруші кофактор ролін гепарин атқарады. Оның негізгі қызметі тромбин (I1a ф.) мен Xa факторын активсіздендіру , IXa, XIa, XIIа факторларына , калликреинге, TF-VIIа комплексіне әлде қайда әсері төмен болады.