ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 215
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
- Өңдеу әдіснің бірыңғайлығы
- Қолданылатын құрал-жабдық пен технологиялық аспаптың бірегейлігі қажет
- Материалдың технологиялық қасиеті мен өңдеу тәртібі бірыңғай болу қажет
- Бұйым орындау уақытында, модельдердің бір-бірінен айырмашылығы аз болуы қажет. Аз қуатты ағында 15%, орта қуат ағында 7%, үлкенде 3% аспау керек.
- Дайындалатын модель саны көп болмау керек. Әрбір жеке модель шығарылатын өнім әртүрлі болады. Ретті ассортиментті ағындарда модельді ауыстырған кезде параметрлерін қайта есептейді және әрбір модельге бөлек- бөлек есептелінеді. Ал орташа өңдеу қиындығынан модельдерді бірыңғай есептейді. Ағын тактін,адам саны берілсе, келесі формуламен анықтайды:
tср= Тср/Кр
қуаты берілсе
tср = R/M
Ретті ассортиментті ағындарда дайындайтын модельдің өңдеу уақытында айырмашылық құрал және осы модельдер бойынша шығарылатын өнім бірыңғай болғанда қолданылады.
Егер модельдерді дайындаудағы өңдеу уақыт айырмашылығы 10% жоғары болса және модельдердің аралығында шығарылатын өнім әртүрлі болса әр бір модельге бөлек-бөлек есеп жүргізіледі. Әр модель тактін, қуатын ауысымда шығарылатын өнім санын, келісім шарт есептеу қажет.
Циклды жіберу әдісінде, белгілі ырғақтағы конвейерлі ағында қолданылса келесі талаптрды сақтау керек:
∑Мі≤ 4 тен аспау керек
С= ∑Мі≤ 4
- Бірден дайындалатын модель саны көп болмау қажет және өзара тең немесе еселенген болу керек.
- Біріңғай құрал- жабдықпен технологиялық аснастка құрылғыларын қолдану қажет
-
Материалдың құрамы мен өңдеу тәртібі модельдер үшін мүмкінінше бірыңғай болу керек. Яғни түр түсі ұқсас болса цикл аралығында жіп алмастыру т. б. жұмыстар болмайды. -
Әртүрлі қиындықтағы, өңдеу уақытындағы модельдерді дайындауда өңдеу бірізділігі мен түйіндерде айырмашылық 15% аспау қажет.
Барлық есеп циклды жіберуде орташа көрсеткішпен есептелінеді:
Тср = ( ТА + ТБ + ТВ) / С
tср = Тср/Кр немесе tср = R/M
Циклды такт, сек.келесі формуламен анықталады:
tц = tср С
Ұйымдасқан операция бойынша орташа өңдеу уақыты келесі формуламен анықталады:
tср = (åtрА +åtрБ+åtрВ)/ С
Орташа өңдеу уақыты әр ұйымдасқан операцияға анықталады.Олөңдеу бағасын шығарылатын өнім санын және ағынның технологиялық схемасындағы басқа көрсеткіштерді есептеуде қажет. Конвейерлі қатаң ырғақты ағында модель циклды жіберсе негізгі және қосымша келісім шарт уақыты есептеледі.
åtрА +åtрБ+åtрВ = (0,95÷ 1,05)•t• С •Кр;
åtрА, åtрБ, åtрВ- модель бойынша операция орындауға жұмсалатын уақыт жиынтығы.
tср- ағын орташа такті
С - цикл үйлесімділігі
Циклды жіберілетін ағында еселенген операция қолданылмайды. Еселенген операция қолдануда конвейер ұясы жұмысшы орнынан шығып кетеді.
/∑ tр А /./∑ tр В /.../∑ tр ni / ≤tмакс. загр
Операция орындаудың максимальді ұзақтығынан аспау қажет, яғни циклға кіретін әрбір модельде максимальді рұқсат етілген уақытқа тең және аз болуы қажет.
t макс.загр. ≤ [ (Lз / l) t] - t о.ф.
Сондықтан бұл ағындарда операция ұйымдастыруда бар модель өңдеуін қосудың қажеті жоқ, яғни өңдеу уақытына сай келген модельдердің операцияларын ғана ұйымдастырады.
Циклды будамен жіберілетін ағын ұйымдастыруда бар есеп такт, қуат, баға және т.б. көрсеткіштер орташа уақытпен жүргізіледі. Технологиялық схема құрастырғанда негізгі келісім шарт уақыты есептеленеді.
åtрА +åtрБ+åtрВ = (0,90 ÷ 1,15) •t• С • Кр
Еркін ырғақтыағындарда операция ұйымдастыру уақытын орташа такт бойынша орындайды, бұйым саны көп болмағанда.
Аралас жіберілетін ағын, дайындайтын модель саны өте көп болған жағдайдабарлық типтерінде қолданылады. Қойылатын талаптар ретті ассортиментті жіберу мен циклды жіберу әдісіне сай орындалады. Кейбір модельдерді ағында дайындауда өңдеу уақыт аралығында айырмашылық аз болғандықтан бір топқа біріктіріп және ретті ассортиментті жіберілетін ағын талабына сай ұйымдастырылады. Қалған бір топ модель аралығында өңдеу айырмашылығы жоғары болса оларды ағынға циклды жіберу талабына сай ұйымдастырады. Модельді топтарға операция бойынша ұйымдастырады өте көп өзгеріс болмау керек. Яғни бір топта дайындайтын модельдердің операция бірізділігінің мазмұны біріңғай болып және технологиялық біріңғайлық коэффиценті максимальді мәнде көрсету керек. Модельдерді топқа бөлген соң топтарының аралығындағы бір сағатта шығарылатын бұйым т. б. есептейді.
Келісім шарт уақыты ұйымдастырылған операцияға циклды такт бойынша есептелінеді.
Технологиялық ағынды ұйымдастырудың негізгі типтері
АТА кез келген ассортиментті дайындауда, әсіресе дайындау секциясында қолданады. Түйін мен бөлшектерді өңдеу бар уақытта бірден және будамен жүргізіледі. Монтаж секциясында АТА қолданғанда, мандандырылған топтарға кейбір түйіндерді жинау бойынша бөлінеді. Бірақ бұл түйінді өңдеу реттілікпен жүргізіледі. АТА ұйымдастыруда келесі шарттар орындалады:
1. Ағын қуаты үлкен болғанда, жұмыс орны мамандырылған жоғары жылдамдықтағы арнайы машиналарды қолдану керек. Жұмыс орнын мамандандыруды қамтамасыз ету үшін, жұмыс орны аралығында жартылай фабрикатты қайтару рұқсат етіледі.
2. Модельдің технологиялық бірыңғайлығы. Модельді өңдеу уақыт айырмашылығы 5-7% үлкен болмау қажет.
3. Ағын бойына кей бөлшектер мен түйіндерді өңдеу бойынша мамандандырылған топтарға бөлу керек. Топ саны ассортименттің түрі мен ағын қуатына байланысты.
4. Модельді өңдеу әдістері мен жабдықтарында жұмыс тәртібі бірыңғай болу керек. Дайындау секциясында операция ұйымдастыруда монтаж секциясындағы жұмыстың максимальды тұрақтылығын қамтамасыз ету қажет.
5. Ретті ассортиментті будамен жіберілетін модельдерде өңдеу уақыты 5-7% аз болу керек.
6. Тасымалдау құрылғылары стационарлық және еденде жылжитын қол арба, арба, каретка қыстырғыш т.б. болу қажет.
7. Бөлшектерді дайындау секциясын кейін комплектеу, жартылай фабрикат сапасын бақылау, жартылай фабрикат жұмыс орнын тасымалдау және жіберу сияқты қосымша операция енгізу керек.
АТА прогрессивті ағын формаларының бірі. Онда:
-
Бұйым дайындаудың уақытын қысқарту, қосымша жұмыстарды қысқарту, жұмыс орнын мамандандыру арқылы және жабдықты максимальды пайдалану арқылы жетістікке жетеді. -
Жұмыс уақытын тиімді пайдалану арқылы, жұмысшының жеке еңбек өнімділігін арттыруға, бір жұмысшы жұмысқа шықпағаны оның орнын алмастыру мүмкіндігіне ие болады. -
Бөлшектерді өңдеу сапасын жоғарылатуға жұмыс орнын мамандандыру жәнежұмыс орнын тиімді ұйымдастыру арқылы жетістікке жетеді. -
Өңдеудің кей бөлімінде автоматтандыру және механикаландыру жұмысынқолданады. -
Кез-келген конфигурациядағы өндіріс ауданын толық пайдаланады.
АТА ағын кемшіліктері:
-
Жұмыс ырғағын ағында ұйымдастыру қиындығы;
- Жұмыс орнын жоспарлауда, еселенген операция көптігінен қиындық әкеледі;
-
Аяқталмаған өнім қорының көбеюі.
Конвейерлі еркін ырғақты ағын
КЕЫА- да тасымалдау құрылысы тұйықталған
жолмен жартылай фабрикатта, коробкада жіберу айналмалы ағын деп аталады. Ерекшелігі жұмыс орнына коробканы адрестеп будамен жібереді. Яғни конвейер таспасының қозғалысы горизонтальды не вертикальды тұйықталған болады. Айналмалы ағында жартылай фабрикатты коробкаға ұйымдастырған операция нөмері көрсетілген карточкамен және есептелген тәртіппен жіберіледі.
Конвейер белгілі ырғақ интервалында, ағын тактіне тең және коробкадағы бұйым санына көбейтілген. Әр жұмысшы орнына үш коробка жобаланады, операция аралығында қор жиналады. Айналмалы ағынды аз қуатты ағынды аз сериялы бұйым дайындауда және модель аралығындағы өңдеу уақыты айырмашашылығы аз болғанда ұсынылады. Айналмалы ағын жартылай фабрикатты тасымалдау арқылы жұмысшылардың еңбек өнімділігін арттыруға үлкен үлес қосады. Модель ауысқанда технологиялық процесс бойынша жұмыс орнын қайта жайластыруды талап етілмейді. Жаңа модель жіберуде жіберілетін уақытты қысқартады.
Адрестелген коробканың көмегімен жұмыс орнын мамандандыру яғни жұмыс орнына коробканы қайта жіберу мүмкіндігіне ие болады. Киімнің біріне адрестелген коробка жүйенің автоматтандырылмағаны бұйым өңдеу уақытын көбейтеді.
Коробкалытасымалдаушы лентада-конвейер горизонтальды және вертикальді тұйықталған болады. Конвейерлі автоматты адрестелген коробкалы лента әртүрлі модификацияда құрылады. Мысалы джуки фирмасының вертикальді тұйықталған конвейері тек қана автоматты адрестелген емес санымен қатар екінші төменгі конвейер лентасында өңделген жартылай фабрикатты тасымалдайтын коробкаға арналған құрылғылар орн/ң.
Аспалы конвейерлі ағын қолданғанда жартылай фабрикалар қыстырылған кареткамен тасымалданады. Шалбар т. б. бұйымдарды монтаж секциясында дайындауда қолданылады. Ағынды ұйымдастыруда өңдеудің технологиялық реттілігін қатаң сақтау қажет. Жіберу қыстырылған күйінде будамен орындалады. Бұл ағындарда операцияны ұйымдастыруды монтаж және тасымалдау жұмыстарының уақытын қысқартады. Конвейерлі еркін ырғақты ағын жұмыс орнын мамандандыруға және жабдықты толық пайдалануға, жұмыстың жеке еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл ағындарда модельдің көп санын дайындауға жағдай жасалынады. Яғни жинау жүйесінде айырмашылығы үлкен болған жағдайда.
Кейінгі кездерде аспалы конвейермен жартылай фабрикатты ілінген күйінде тасымалдау кеңінен қолданылады. Ілінген жартылай фабрикатты әртүрлі қысқыштарда белгілі бір полуфабрикат санымен тасымалдайды. Мысалы: сандт фирмасы «Каллен» конвейерінде алынатын қыстырғышта (5- 6) шалбардың алдыңғы бөлігінің 20 бөлшегі қыстырылады.
Тігін цехтарында аспалы конвейерлі құрылғыда жартылай фабрикат тасымалдау үшін қыстырғыштарды бағыттауға автоматты басқару жүйесі технологиялық процесс желісінің барлығында ұйымдастырылуы қажет. Осы мақсатта аспалы конвейерлерді сигналды құрылғы микропроцессорлер жабдықтайды. Мысалы: «Жиссе отамасьон» фирмасын (Франция) жисе процесс құрылғысы қолданады. Онда жұмысшының есептелген жеке уақытына сәйкес тасымалдайды. Осы фирманың «Жиссе пилот» құрылғысы аспалы конвейерде жартылай фабрикатты тасымалдауды автоматты түрде басқарады. Аспалы конвейердің қолданатын басқа түрлеріне «Дюркопп» фирмасының «Дататрон жүйесі» жартылай фабрикатты аспалы түрде тасымалдайды.
Бір ілгішке бұйымның барлық бөлшегі қыстырылады. Компьютер ілгішті белгілі жұмыс орындарына бағыттап отырады. Операция орындалғаннан соң осы жұмысшы орнынан ілгіш келесі жұмысшы орнына автоматты түрде қозғалады және тағы басқа, яғни бұйым дайындалғанша осы операция қайталанады.
Қатаң ырғақты конвейерлі ағын қазіргі кезде өте аз қолданылады. Негізінде үлкен көлемді сырт киімдерді дайындауда монтаж секциясында және ассортиметі өзгермейтін ағындарда қолданылады. Жұмыс ырғағын қамтамасыз ету үшін технологиялық өңдеу реттілігін қатаң сақтайды және негізгі талаппен қосымша келісім шарт талаптарын орындайды.
Жаңа ағын фирмасын ұйымдастырудың бірі тасымалдау роботтарын өндірісте қолдану жүйесі жұмысшы орындарында жартылай фабрикатты тасымалдайды. Робот бір жұмысшы орнынан екіншісіне бункердегі өңделген жартылай фабрикат будасын ала отырып қозғалады және келесі жұмысшы орнына осы буданы ары қарай өңдеуге тасымалдайды.
Робот қозғалысы алдын ала берілген бағдарламамен қатаң орындалады. Яғни әпбір жұмысшы орнынан бункерден жартылай фабрикатты алу уақыты және келесі өңдеуге жартылай фабрикатты жұмыс орындағы жұмысшы бункеріне тапсыру уақыты есептелген. Бір робот 12- 16 жұмысшы орнына қызмет етеді.
! Түйінді сөздер: ретті ассортименті жіберу, циклды жіберу, конвейер таспасы, технологиялық процесс, адрестелген коробка жүйесі, автоматтандырылған.
? Бақылау сұрақтары
1. Көп үлгілі ағында модельді жіберу әдістерін айтыңыз ?
2. Ретті ассортименті жіберу қандай этаптардан тұрады ?
3. Ағында бұйымды циклды жіберу әдісіінің ерекшелігін атап айтыңыз ?
4. Аралас жіберілетін ағынды ұйымдастыру және негізгі келісім шартын атап айтыңыз ?
Дәріс 7. Бастапқы мәліметтерді талдау және ағын типін, жіберу әдісін таңдау, ағынның негізгі көрсеткіштерін есептеу