ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 211
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
! Түйінді сөздер:қатаң ырғақты ағын, еркін ырғақты, аралас жартылай фабрикат, робот,конвейерліағын, конвейерсіз ағын.
? Бақылау сұрақтары
1 Ағындағы жұмысты ұйымдастыру формасына қарай түрлерін атап айтыңыз?
2. Ағында жартылай фабрикатты тасымалдау әдісіне қарай атап
айтыңыз?
3. Конвейерліағындардың технологиялық сипаттамасын атап айтыңыз ?
4. Ағындағы жұмысты ұйымдастыру формасын таңдағанда қандай факторларға негізделеді ?
Дәріс 4. Тігін цехындағы технологиялық ағындардың классификациясы
Мақсаты: Тігін цехындағы технологиялық ағындардың классификациясын үйрену.
Сұрақтар тізімі: 1.Ағынның қуаты бойынша сипаттамасы
2. Ағында дайындалатын моделі бойынша сипаттамасы
3. Үлгіні жіберу әдісі бойынша ағын сипаттамасы
4. Ауысымына байланысты ағын сипаттамасы
Қолданылған әдебиеттер:
-
Мокеева Н.С., Жилисбаева Р. О. Проектирование швейных предприятий - Алматы: LEM, 2019. - 304 с. -
Кучарбаева К.Ж. Тігін кәсіпорындарын жобалау негіздері. ҚР Жоғарғы оқу орындарының қауымдастығы - 2015. - Алматы -188 б. -
Воронкова, Т.Ю. Проектирование швейных предприятий. Технологические процессы пошива одежды на предприятиях сервиса. - M. : ФОРУМ:ИНФРА-М, 2019. - 128 с.
Ағын қуаты бір ауысымда шығарылатын өнім санымен анықталады немесе жұмысшы санымен, жұмысшы орнымен анықталады және тігін цехының ағындары қуатына байланысты үш түрге бөлінеді.
-
аз қуатты ағын; -
орташа қуатты ағын; -
үлкен қуатты ағын.
Ағын қуаты қолданылатын техника деңгейіне байланысты жіктеледі.
Аз қуатты ағында дайын бұйымның өңделу қиындығы төмен және орындалатын операция реттілігі, технологиялық өңдеу бірізділігі өте аз болғандықтан белгілі бір бөлімде толығымен дайындалады. Аз қуатты ағындар тігін бұйымдарын дайындауда кеңінен қолданылады. Мұндай ағындарда аз жұмысшылар санына технологиялық схемадағы еңбек бөлінісі ұйымдастырылады, оның келесі кемшіліктері кездеседі:
- мамандандырылған операцияларды орындай алмайды;
- технологиялық схемада комплектовка орындауда ережелер бұзылады;
- ағынның механикаландыру коэффициентері төмен көрсеткіштерді береді;
- техникалық-экономикалық көрсеткіштері төмендейді.
Орташа қуатты ағын еңбектің жоғарғы көрсеткіштерін, жоғарғы жылдамдықтағы және арнайы машиналарды тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді. Бұл ағындар, аз қуатты ағындар көрсеткішімен салыстырғанда, жоғары техникалық-экономикалық көрсеткіштерді береді, бұйымның жеткілікті ассортименттерін шығаруға мүмкіндік береді.
Үлкен қуатты ағындар жартылай автоматтандырылған және автоматты жабдықтарды қолдану негізінде ағындағы еңбек өнімділігі жоғары болады, кәсіпорын қуаты қолданылған жабдықтардың өнімділігіне сай ұйымдастырылады және техникалық-экономикалық көрсеткіштері жоғарғы деңгейде болады. Жаңа технологиялық апаратпен өңдеу негізінде бөлшек қиықтары мен түйіндерін дайындауға оңтайлы әдістері қолданылады, әрбір жұмысшының жұмыс орнынына мамандандыру деңгейі дәйектеледі және бұйымды дайындау сапасы көтеріледі.
Ағынның құрылымы мамандандырылған секция, топ және бөлімдеріне қарай екі түрге бөлінеді:
-
секциялы; -
секциясыз.
Аз қуатты ағындарда дайындалатын бұйымдар өңделу қиындығы төмен және орындалатын операция реттілігі өте аз болғандықтан белгілі бір бөлімінде, секцияда бұйымды толығымен дайындалады. Яғни технологиялық үдеріс секцияға бөлінбейді, бұндай ағындар секциясыздеп аталады.
Орташа және үлкен қуатты ағындарда, кей жағдайда аз қуатты ағындарда бұйымды дайындаудың үдерісі мамандалған технологиялық бөлімдер немесе секцияларға бөлінеді. Бұл ағындар тігін кәсіпорындарында кең тараған, технологиялық мамандандыру қағидалары негізінде ұйымдастырылған. Тігін цехында дайындау және жинау секцияларына, ылғалды жылумен өңдеу (ЫЖӨ) мен бұйымды соңғы әрлеу секцияларына бөлінеді. Секциялы ағынның артықшылығы шығарылған өнім сапасы жоғарылайды, еңбек өнімділігі артады. Себебі әрбір жұмысшы орны мамандандырылған, ағынды бір қалыпты ырғақты жұмыспен қамтамасыздандырады және секция аралық қорлары есептелінеді.
Әрбір секцияда әртүрлі вариантта жұмыс орнын жайластырады. Жартылай фабрикаттардың жылжу бағытына қарай жұмыс орнын жайластыруды ағын желісі деп атайды. Агрегатты топталған ағында (АТА) жұмыс орнын топтастырып жайластыру қолданылады.
Модель немесе бірден дайындалатын бұйым санына қарай ағын сипаттамасы. Бұл көрсеткіш бойынша ағындар бір бұйым түрін шығаруға немесе бір модельге ұзақ уақыт аралығында өндіру арқылы маманданады. Көп үлгілі ағындарда бір уақытта бірнеше бұйым түріне, яғни көп модельді, көп түржинақты бұйымды өңдеуге маманданады. Тігін кәсіпорнындағы ағындар дайындалатын моделіне қарай келесі түрлерге бөлінеді:
-
бір үлгілі; -
көп үлгілі; -
көп үлгілі секциялы; -
көп түржинақты.
Дайындалатын бұйым санына қарай ағындар төмендегідей сипатталады:
- аз мамандандырылған, яғни бір бұйымды немесе бір үлгі шығаруға маманданады, бір бұйым түрі технологиялық үдерісте ұзақ уақыт бойы өңделеді;
- көп үлгілі, яғни бір ауысымда бұйым түрлерінің бірнеше үлгілерін параллель дайындайды;
- көп түржинақты, яғни бір ауысымда бірнеше бұйым түржинақтарын бірден дайындайды;
Бөлшектерді технологиялық үдеріске жіберу әдісіне қарай ағын екі түрге бөлінеді:
-
орталықтанған жіберу; -
орталықсыз жіберу.
Бірінші жағдайда, бұйымның барлық бөлшегінің комплектісі бір орталықтан жіберіледі. Орталықтанған жіберуде бөлшектер даралап не будамен жіберіледі. Екінші түрінде, кейбір түйін мен бөлшектер өңделген операция реттілігімен бір операциядан екінші жұмыс орнына жіберіледі. Орталықсызда тек будамен жіберіледі.
Даралап жіберу қатаң ырғақты конвейерлі ағында қолданылады және бұйым жиналған күйінде операциядан операцияға жіберілетін ағындарда, мысалы жинау және әрлеу секцияларында қолданылады. Бөлшектерді даралап жіберуде аяқталмаған өндіріс қоры азаяды. Ағындағы операция реттілігі бұйымды өңдеу ерекшелігімен нақты ұйымдастырылып, операциядан жартылай фабрикаттарды екіншісі жұмыс орнына тасымалдауда жұмыс ырғағын қамтамасыздандыру керек.
Будамен жіберу көбіне дайындау секциясында қолданылады. Бұл жүйеде жұмысшылар қосымша жұмыс уақытын қысқартуға мүмкіндік алады. Жұмысшының жұмыс орнына мамандандыруды және жеке уақытында еңбек өнімділігін жоғарылатуды қамтамасыз етеді. Бірақ будамен жібергенде аяқталмаған өндіріс қоры көбейеді және операция реттілігінде жұмыс ырғағын әрбір жұмысшы қадағалауды талап етеді.
Бір үлгілі аз мамандандырылған ағында үлгіні ретті жіберу қолданылады. Тігін кәсіпорындарында көп үлгілі және көп түржинақты ағындарда бұйымды технологиялық үдеріске жіберудің үш әдісі бар:
-
циклді жіберу; -
ретті ассортиментті жіберу; -
аралас жіберу.
Циклді жіберу әдісінде бұйым ағынға цикл бойынша жіберіледі. Мысалы, А,Б,В үш үлгілі ағында модельді дайындауда А,Б,В; А,Б,В; А,Б,В және т.б. немесе А,А,Б,В; А,А,Б,В; А,А,Б,В схемасында және тағы басқа циклде жіберіледі. Бірінші жағдайда циклде А,Б,В үлгісінде бұйым жіберу бірдей мөлшерде, екінші жағдайдағы модельді жіберуде А үлгісі шығарылатын жалпы бұйымның 50%-ын; Б,В үлгілері 25%-ын құрайды. Циклді жіберу әдісінде шығарылатын модельдердің қатынасы еселенген болу керек. Циклді жіберу әдісінде жартылай фабрикаттарды даралап жіберу, қатаң ырғақты конвейерлі ағында қолданылады. Конвейерсіз ағындарда циклді жіберу әдісінде жартылай фабрикаттарды будамен жіберу қолданылады, оны циклді-будамен жіберу деп атайды.
Ретті ассортиментті жіберуде (РАЖ) бұйым ағынға белгілі бір уақыт аралығында рет-ретімен жіберіледі. Ағын бір немесе бірнеше ауысымда бір бұйымнан немесе модельден екінші модельге алмастырылып маманданады. Үш үлгілі ағында ретті ассортиментті жіберуде А моделі RА уақытында жіберіледі, Б моделі RБ уақытында және В моделі RВ уақытында жіберіледі. Мұнда:
(RА+ RБ+ RВ)* n=Rn
мұндағы: R – ауысым ұзақтығы [сек];
n – ауысым саны.
Ретті ассортиментті жіберуде бұйымнан немесе модельді жіберу қатынасы әртүрлі болады, оны ағынның мамандандыру деңгейіне қарай таңдайды.
Көп үлгілерді ағынға жіберуде, яғни бұйымның кейбір түйіндері мен бөлшектерін өңдеу уақыттары әртүрлі болғанда аралас жіберу қолданылады. Бұл жағдайда барлық үлгілерді топ-топқа екі-үш модельден бөледі. Топ аралығында бұйымды циклді әдіспен, ал топтарда модельді жіберу ретті ассортиментпен орындалады.Аралас жіберу келесі схемада орындалады: бір уақыт аралығында R1 бірінші топтағы киім модельдерін дайындайды, екінші топтағы модельді R11 уақытта өңдеу қолданылады және уақыт аралығында бұйымды әр топқа бөліп ағынға жібереді.
Ауысымына байланысты алынатын және алынбайтын өнімді ағынға бөлінеді. Алынатын ағында жұмысшылар белгілі бір бұйым түрін немесе үлгі шығаруға маманданады. Ауысым соңында барлық бұйым бөлшектерін, әртүрлі өңдеу сатысындағы жартылай фабрикатты ағынның технологиялық үдерісінен алып, келесі жұмыс күніне дейін сақтауға сөрелерге жайластырады. Бұйым бөлшектері алынатын ағынның келесі кемшіліктері бар:
-
жұмысты дайындау және аяқтау уақыттарына 2-3% жұмыс уақытын жартылай фабрикатты алмастыруға жұмсайды; -
ағында аяқталмаған өнім саны мен қоры 2 есеге көбейеді; -
әрбір ауысымның жартылай фабрикатын сақтауға қосымша өндіріс ауданы талап етіледі; -
ағында гигиеналық, эксплуатациялық, өрт сөндіру қауіпсіздік шаралары төмендейді.
Өнім алынбайтын ағындар үздіксіз жұмыс уақытымен ерекшеленеді, яғни өңделген бұйым бөлшектері бірінші ауысымнан келесі ауысымда жалғастырылады. Бір ауысымнан жіберілген өнім екінші ауысымда өңделіп шығарылады. Тігін кәсіпорындарындаөнім алынбайтын ағындарда ұйымдастыру қолданылады, яғни өндірісте еңбек өнімділігі жоғарылайды және аяқталмаған өнім саны қысқарады, өндіріс ауданын тиімді пайдаланады.
Ағын типтері – қолданылған техника мен технология деңгейін анықтайтын, ұйымдастыру формасы мен құрылымын, жартылай фабрикатты тасымалдауда транспорттық құрылғыларын, қуатын, бір мезгілде тігілетін модель санын, бұйымды технологиялық үдеріске жіберу әдісін, ауысымын, бөлшектерді жіберу тәсілін және тағы басқа көрсеткіштерін сипаттайтын кешенді анықтама. Тігін өндірісінде қазіргі кездегі ағындар секциялы, барлық секциялар өзара шығарылатын өнімдердің қуаты бойынша қатаң түрде келісіледі. Секцияларда ұйымдастыру формасы, құрылымы, тасымалдау құрылғылары, жартылай фабрикатты жіберу тәсілі, қуаты, бір мезгілде тігілетін модель саны, бұйымды жіберу әдісі әртүрлі болуы мүмкін. Әрбір секция белгі бір ағын типінде ұйымдастырылуы мүмкін.
Қазіргі кезде тігін кәсіпорындарында келесі ағын типтері қолданылады.
-
Агрегатты ағында бір бағыттағы немесе иректелген жартылай фабрикатты тасымалдау әдісі қолданылады, бөлшектер технологиялық үдеріске даралап немесе будамен жіберіледі. Ағын еркін ырғақты формада ұйымдастырылады, үлгі ретті ассортименті жіберіледі, негізінде өңдеу қиындығы төмен және тұрақты бұйымдар дайындалатын аз қуатты ағын. Ең қарапайым және ағында технологиялық үдерісті ұйымдастыру формасының тиімділігі төмен болады. -
Конвейерлі қатаң ырғақты ағында бұйымдар даралап циклді, ретті ассортиментті немесе аралас әдістерде жіберіледі, жартылай фабрикат бір бағытта тасымалданады, орташа және өте сирек үлкен қуатты ағындарда қолданылады. Жинау және әрлеу секцияларында өңдеу қиындығы қиын және көлемі үлкен тұрақты ассортименттер дайындалатын ағындарда кеңінен қолданылады. -
Конвейерлі еркін ырғақты ДОО тәртібінде жұмыс істейтін ағын, бұйымды ретті-ассортиментті немесе циклді жіберу әдісінде жіберіледі, жартылай фабрикатты бір бағыттағы немесе айналмалы қыстырғышты-кареткалы, жәшікті конвейерде будамен тасымалданады. ДОО тәртібінде жұмыс істейтін әртүрлі қыстырғышты конвейерлі ағын жартылай фабрикат бір бағытта тасымалданатын үлкен қуатты ағынның жинау секциясында шалбар, жейде, куртка және басқа осындай бұйымдарды дайындауда қолданылады. Айналмалы жәшікті конвейерлі ДОО тәртібінде жұмыс істейтін ағында көйлек, жейде және басқа осындай бұйымдарды аз сериямен дайындағанда, жартылай фабрикаттарды тасымалдауда қолданылады. -
Агрегатты-топталған ағын белгілі бір түйіндерді немесе бөлшектерді өңдеуде маманданған топта дайындаумен ерекшеленеді. Жұмыс орны топтастырылып орналастырылады және бір бөлшекті өңдеуге ғана маманданады, бұйымдарды технологиялық үдеріске ретті будамен, ретті-ассортиментті немесе циклді жіберу әдісінде жібереді, еркін ырғақты және жартылай фабрикатты топ аралығында әртүрлі тасымалдау құрылғылары көмегімен тасымалдайды. Аз көлемді тұрақты түржинақтар дайындайтын орташа және үлкен қуатты ағындарда, сырт киімдерді дайыдауда және үлгі көп өзгеретін ағындардың дайындау секциясында қолданылады.