ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 212
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
! Түйінді сөздер: ағын қуаты, будамен жіберу, даралап жіберу, циклді жіберу, ретті ассортиментті жіберу, аралас жіберу, алынбайтын өнім, алынатын өнім.
? Бақылау сұрақтары
1. Ағындағы жұмысты ұйымдастыру формасына қарай түрлерін атап айтыңыз?
2. Ағында жартылай фабрикатты тасымалдау әдісіне қарай атап айтыңыз?
3. Ағынның қуаты бойынша түрлерін атап айтыңыз?
4. Үлгіні жіберу әдісіне қарай ағын түрлерін атап айтыңыз?
5. Ауысымына байланысты ағын түрлерін атап айтыңыз?
Дәріс 5.Тігін кәсіпорынның технологиялық есебіндегі бастапқы мәліметтер және жобалау этаптары
Мақсаты: Тігін кәсіпорынның технологиялық есебіндегі бастапқы мәліметтерді және жобалау этаптарын таңдай білу.
Сұрақтар тізімі:1 Технологиялық ағынды жобалау этаптары
2. Тігін цехындағы ағынның технологиялық есебі
Қолданылған әдебиеттер:
-
Мокеева Н.С., Жилисбаева Р. О. Проектирование швейных предприятий - Алматы: LEM, 2019. - 304 с. -
Кучарбаева К.Ж. Тігін кәсіпорындарын жобалау негіздері. ҚР Жоғарғы оқу орындарының қауымдастығы - 2015. - Алматы -188 б. -
Воронкова, Т.Ю. Проектирование швейных предприятий. Технологические процессы пошива одежды на предприятиях сервиса. - M. : ФОРУМ:ИНФРА-М, 2019. - 128 с.
Технологиялық ағынды жобалау келесі этаптардан құралады.
- Қажетті материалдарды таңдау және жобалауға технологиялық тапсырманы таңдау.
- Модель мен материал таңдау.
- Өңдеу әдісі мен жабдықты таңдау, өңдеудің технологиялық бірізділігін құрастыру.
- Қажетті мәлімттерді талдау және ағын типін таңдау.
- Технологиялық ағынның негізгі есебі және жобалау талаптарын анықтау.
- Ағынның технологиялық схемасын құрастыру және оны талдау.
-Ағында жұмыс орнын жоспарлау және цехта ағынды жоспарлау.
- Ағынның технологиялық экономикалық көрсеткішін есептеу.
Тігін ағындарын технологиялық жобалау ассортименті және жаңа жобаланған немесе қолданылған кәсіпорынды қайта жөндеуден өткізгенде, өндіріс талабындағы қуатын талдаудан бастайды. Кәсіпорында алдын-ала есептелген қуат негізіндегі, үлгіні жіберу әдісіне бекітілген өндіріс қуаты есебіндежобаланған ағынның талабын анықтайды. Технологиялық тапсырмаға алдын-ала есептелген тиімділік пен этап бойынша жұмыс жоспары кіреді. Өндірісте негізіде көп үлгілі ағындар қолданылады. Үлгі колДәріс ларын бір ағында таңдау ең жауапты этап, себебі кең ассортиментте бұйым шығаруды қамтамасыз ету және ағын жұмысының тұрақтылығы мен өндіріс тиімділігі осыған тікелей байланысты.
Таңдалған модель жоғарғы немесе біріншіші категория сапасында болуы қажет, өнеркәсіпте қолданылатын күрделілігі орташа модельден кем болмауы тиіс. Бұл кезде мына жағдайлар ескерілуі тиіс.
- Модельдің сән бағытына сай келуі,
- Осы модельге тұтынушылар сұранымы,
-
Модельдің өндіріс жағдайында дайындау мүмкіндігі, -
Модельдің эстетикалық тиімділігі.
Ағында модель таңдау негізіне екі принцип енуі мүмкін.
1. Модельдің конструкциялық біріңғайлығы.
2. Бұйымның технологиялық біріңғайлығы.
Жоғары өнімділіктегі жабдықты қолдану ағынның қуатын жоғарылатады. Яғни бұл бір ағында әртүрлі моделдерді тез өзгерту арқылы дайындауды қамтамассыз етеді.
Өңдеу әдісімен жабдық таңдау технологиялық жобалаудың ең жауапты этапы. Бұйым дайындау сапасының деңгейін және ағынның экономикалық тиімділігін анықтайтын мәлімет береді. Өңдеу әдісін таңдағанда келесі талаптарды есепке алу қажет
- Жетілген өңдеу әдісі мен жинауда жоғары өнімді жабдық пен қазіргі материалдарды қолданудың үздік технологиясын енгізу. Еңбекті механикаландырудың жоғарғы деңгейі, еңбек шығыны мен өңдеу құнын азайту, тігін бұйымдарының сапасын жоғарлату мен тұрақтылығы енеді.
- Киімнің негізгі түйіндерін жинау, әрлеу жүйесінің әмбебаптығы. Яғни бұл жүйеде әртүрлі модельдерді қолданылған бір жабдықта өңдеу мүмкіндігі енеді.
- Таңдалған жабдықтың өнімділігі технологиялық ағын қуатына сәйкестігі кіреді.
- Өңдеу әдісінің ағын типін ұйымдастыру формасына сәйкестігі кіреді.
Өңдеу әдісін таңдау мен қатар технологиялық жабдықты жұмыста қолайлы өңдеу тәртібі және әрбір операцияға аспап-тетіктері таңдайды. Жаңа жоғары өнімділіктегі жабдықты немесе жаңа өңдеу әдісін қолданғанда экономикалық тиімділікті келесі көрсеткішпен анықтайды.
∆Т= Тс- Тп өңдеу уақытын азайту [сек]
Ескі уақыттан жобаланған жаңа уақыт айырмашылығы.
ППТ= ∆Т*100% / Тс- ∆Т еңбек өнімділігін жоғарлату %
Таңдалған өңдеу әдісінде технологиялың өңдеу бірізділігін құрастырылады.
Қажетті мәліметтерді талдау және ағын типін таңдау
Бұл этапта таңдалған ағын қуатының қолайлы көрсеткіштерге сәйкестігін және тиімді қуатын анықтайды. Бұл көрсеткіш негізінде бірден шығарылатын модель саны бойынша тапсырма есебі мен оларды жіберу мен алмастыру бекітілген қолайлы реттілікте модельді жіберу әдісі талданады. Дайындау секциясында топ бойынша ағын құрылымы анықталады. Ағын типі таңдалған соң, базлық модель немесе модель тобы технологиялық ағынды есептеу үшін таңдалады. Технологиялық ағын есебіндеесептелген такт шамасы (
t),ұйымдасқан операцияда есептелген тактіден рұқсат етілген ауытқу уақыты мен есептелген жұмысшы саны немесе ағын қуаты анықталады. Одан кейін ағын жобалаудағы негізгі талап анықталады.
- Ұйымдасқан операция реттілігінде бұйымды өңдеудегі технологиялық бірізділікті сақтау
- Ұйымдасқан операцияның мамандануының біріңғайлылығын, яғни ұйымдасқан операцияға жұмысты біріңғай біріктіру.
- Еңбекті ұйымдастыру қолайлығы жұмыстың біртектілігін болдырмау, операция орындау ыңғайлылығы т.б.
Ағын такті, берілген тапсырмадағы ағын қуатына қарай келесі формуламен анықталады:
t=R/М
мұнда:R- ауысым ұзақтығы;
М- ағын қуаты.
Егер қуаты жұмысшы санымен берілсе келесі формуламен анықтайды:
t =Т/Кр
мұнда: Т-[сек] ауысым ұзақтығы;
Кр- жұмысшы саны.
Ағынның технологиялық есебінде қолданылатын кәсіпорын қуаты бекітілген жұмысшы орны санымен -N немесе цех ауданымен – Sц берілуі мүмкін. Бұл жағдайда ағын такті жұмысшы санымен есептеледі.
Кр= N/ f
мұнда: f- коэффицент бір жұмысшыға орташа қордағы жабдықты есептегенде қанша жұмыс орны сәйкес келеді.
f= 1,05÷ 1,15ассортиментке байланысты жеңіл сырт киім
Егер өндіріс ауданы Sцм2 берілсе, ағындағы жұмысшы саны келесі формуламен анықталады.
Кр= Sц /Sн
мұнда: Sц - цех ауданы
Sн- бір жұмысшыдағы өтпел қосымша жабдық конвейер т. б. есептегендегі аудан мөлшері, м2
Sн- мөлшері бұйым түрі жартылай фабрикатты тасымалдау әдісі, ағынды ұйымдастыру формасы т.б. факторларға байланысты.
Еңбекті бөлуді ұйымдастыруда барлық ұйымдасқан операцияда тактіге сәйкес келетін өңдеу уақытын қамтамасыз ету мүмкін емес. Осы есеппен ұйымдасқан операцияның өңдеу уақытында тактіден рұқсат етілетін ауытқу мөлшері беріледі.Тактіден рұқсат етілетін ауытқу мөлшері технологиялық ағын типіне байланысты.
Қатаң ырғақты конвейерлі ағында –бұл ауытқу ±5% аспау керек.
Еркін ырғақты ағында ±10%, ±15% аспауы қажет. Рұқсат етілген операцияның үйлесім уақыты, ұйымдасқан операцияның ағын такті мен негізгі келісім шарты болып табылады.
Бұл келісім шартты конвейерлі қатаң ырғақты ағын үшін келесі теңдікпен көрсетіледі:
∑tр= (0,95÷ 1,05) •t• Кр;
АТА үшін (еркін ырғақта)
∑tр= (0,9÷ 1,15) •t•Кр
мұнда:∑tр- бөлінбейтін операцияның өңдеу уақытының жиынтығы [сек]
Кр- операциядағы жұмысшы саны.
Конвейерлі қатаң ырғақты ағын үшін такт пен ұйымдасқан операция үшін қосымша келісім шарт уақытын анықтау қажет. Қосымша шарт операцияға жұмыс түріне қарай анықталады. Егер ұйымдасқан операция уақыты конвейердің әрбір ұясының жұмыс орнына келетін уақыттан аз болса, яғни жұмысшы операцияны орындағаннан кейін бұйымды алған ұясына салуға үлгерсе, мұндай жұмыс түрін
араласпаған деп атайды. Бұл тиімді вариант.
Егер ұйымдасқан операцияны орындау уақытында, бұйым алған ұяшық жұмыс орны адымынан шығып кетсе, жұмысшы өңделген бұйымды келесі ұядағы өңделмеген бұйым алып, оның орнына салса, бұндай вариантағы жұмысты араласқан деп атайды.
Конвейерлі ағынды жобаланғанда негізгі келісім шартынан басқа, қосымша келесім шарты келесі теңдеумен есептеледі:
t макс.загр. ≤ [ (Lз / l) t] - t о.ф.
мұнда: t макс.загр.- ұйымдасқан операция уақытына араласпаған жұмыс түріне рұхсат етелетін максималды уақыт не максималды үйлесу уақыты, сек.
Lз – жұмыс орнының адымы, м
l – конвейер ұясының адымы, м
t о.ф. – тактіден нақты рұхсат етілген ауытқу уақыты, шарғы, шөлмек ауыстуруға, үзілген жіпті жалғауға, борды ұштауға және т.б. жұмсалатын уақыт.
Мысалы, машина операциясында әйел пальтосын дайындауда t о.ф. = 27-30 сек, қол жұмысы операциясында t о.ф. = 15 сек қабылдауға болады.
! Түйінді сөздер: конструкциялық біріңғайлығы, технологиялық біріңғайлығы, цех ауданы, тактіден рұқсат етілетін ауытқу, негізгі келісім шарт, қосымша келесім шарт.
? Бақылау сұрақтары
1. Модельді тандау және негіздеу қандай этаптардан тұрады ?
2. Бұйым өңдеу мен жинау қандай этаптардан тұрады?
3. Ағын типін таңдау қандай этаптардан тұрады ?
4. Ағынды ұйымдастыру және негізгі келісім шарт есебіне қойылатын талаптарды атап айтыңыз?
Дәріс 6. Жобаланатын модельді көп үлгілі ағында дайындау технологиясын таңдау және тігін бұйымдарының технологиялық процесі
Мақсаты: Жобаланатын модельді көп үлгілі ағында дайындау технологиясын үйрену және технологиялық процесін таңдай білу.
Дәріс мазмұны: 1.Көп үлгілі ағында бұйымды жіберу әдістері
2. Ағында бұйымды циклды жіберу әдісі
3. Аралас жіберілетін ағын әдісі
Қолданылған әдебиеттер:
-
Мокеева Н.С., Жилисбаева Р. О. Проектирование швейных предприятий - Алматы: LEM, 2019. - 304 с. -
Кучарбаева К.Ж. Тігін кәсіпорындарын жобалау негіздері. ҚР Жоғарғы оқу орындарының қауымдастығы - 2015. - Алматы -188 б. -
Воронкова, Т.Ю. Проектирование швейных предприятий. Технологические процессы пошива одежды на предприятиях сервиса. - M. : ФОРУМ:ИНФРА-М, 2019. - 128 с.
Көп үлгілі ағында модельді жіберудің үш түрі бар:
-
Ретті ассортименті жіберу -
Циклды жіберу -
Аралас жіберу
Ретті ассортиментті жіберу әдісінде өндірісте ең кең тараған түрі және барлық көп үлгілі ағын типтерінде қолданылады. Бұл ағынды ұйымдастыру үшін келесі шарттарды орындау қажет