Файл: азастан Республикасыны білім жне ылым министрлігі шж Талдыоран жоары медициналы колледжі мкк тжірибелік сабаТЫ дістемелік деуі пнмодуль бойынша Мейіргер ісіні негіздері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 97

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» МКК

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУІ

Пән/модуль бойынша_ _«Мейіргер ісінің негіздері»__________________

(оқу жоспары бойынша атауы)

Мамандық___0302000 «Мейіргер ісі»___________________________________

(шифрмен атауы)

Біліктілік_______0302043 «Жалпы практика мейіргері»___________________

(шифрмен атауы)
Құрастырушы: Сағындықова ЖА__________________________________________

(фамилиясы, аты-жөні)


Курс

Семестр

Тақырыбы

II

IV

Көктамырдан қан алу техникасы.Көктамыр ішілік тамшылы жүйені жинау техникасы.Тамыр ішіне тамшылап құюдың техникасы. Венозды катетрлармен жұмыс істеу ережелері.



№ 4 ЦӘК отырысында қаралды.

Хаттама №_____________2021 ж.

4 ЦӘК төрайымы:Кадирова ГА ______

/қолы/



Тақырыбы: Көктамырдан қан алу техникасы.Көктамыр ішілік тамшылы жүйені жинау техникасы.Тамыр ішіне тамшылап құюдың техникасы. Венозды катетрлармен жұмыс істеу ережелері.
Сабақтың мақсаты: Көктамырдан қан алу техникасы, к өктамыр ішілік тамшылы жүйені жинау техникасы.Тамыр ішіне тамшылап құюдың техникасы. Венозды катетрлармен жұмыс істеу ережелерін жүргізе білу
Сабақтың міндеттері: Қанды биохимиялық зерттеуге алудағы медбикенің рөлін

-Қанды зерттеуге көрсеткіштерін

-Көктамыр пункциясын қою орындары және көктамыр типтерін

-Қан алуға медбике мен пациентті көктамыр қанын түрлі зерттеулеріне: (биохимиялық, серологиялық, иммунологиялық, гемостаз, гематологиялық, ПЦР, ИФА гормондарына) дайындауын

Көктамырдан қан алуға бағыттама жазу ережелері және анализ қорытындыларымен жұмыс істеуін Көктамырдан қан алу кезіңде пайда болатын асқынулар және оларды алдын алуын

-Қанды зертханаға тасмалдау ережелерін

-Көктамырішілік тамшылы құюдын көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштерін

-Көктамырішілік құюдын түрлерін

-Тамшылатып енгізу үшін қолданылатын дәрілік заттар, оларға қойылатын талаптарын


-Инфузия өткізудің жұмысын ұйымдастыруын

-Көктамырішілік құюға медбике мен пациентті дайындауын

-Көктамырішілік тамшылы құюдын техникасын

-Дәрілік ерітінділерді еңгізу жылдамдығы және температурасын

- Емшараны және пациент жағдайын қадағалауын

-Егуден кейін болатын асқынулар. Алдын алу және емін.

-Көктамыр катетерлерін қою көрсеткіштерін

- Мейіргерді және пациентті орталық көктамыр және перифериялық катетерлерін қоюға дайындауын

-Перифериялық катетерді қою техникасын

-Көктамыр катетерлері арқылы дәрілік заттарды еңгізу және қан алу техникасын

-Көктамыр катетерлеріне күтім жасау ережелерін жасай білу.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Оқыту әдістері:(шағын топтар, пікірталастар, ситуациялық есептер, жұппен жұмыс, презентация, кейс-стади және т.б.)
Әдебиет: СҚ Мұратбекова «Мейіргер ісі негіздері»

Бақылау:(сұрақтар, тестер, есептер және т.б.)
Сабақтың барысы



Сабақтың барысының атауы

Тәжірибе сабақ

6 сағ

1

Ұйымдастыру кезеңі

5 мин

2

Үйтапсырмасынтексеру




3

Сабақ тақырыбы бойынша негізгі білімді жаңарту

15 мин

4

Жаңатақырыптытүсіндіру




5

Практикалық жұмыстарды, манипуляцияларды, зертханалық жұмыстарды орындау техникасын түсіндіру және көрсету

45 мин

7

Жаңатақырыптыбекіту




8

Тәжірибелік іс-әрекетке арналған әдістемелік нұсқаулар

10 мин

9

Тәжірибелік жұмысты орындау және нәтижелерін көрсету

180 мин

10

Сабақты қорытындылау, рефлексия

10 мин

11

Үй тапсырмасы

5 мин




Қорытынды

270 мин



Тақырып бойынша ақпаратпен танысыңыз:
АҚПАРАТ БЛОГЫ

Жоспар:

Тақырып : «Көктамырдан қан алу техникасы.Көктамыр ішілік тамшылы жүйені жинау техникасы.Тамыр ішіне тамшылап құюдың техникасы»
Көк тамырға инъекция жасағанда қауіпсіздік техникасының ережелері.

Көк тамырға егудің алдында дәрілерді еріту керек. Оның концентрациясын азайту үшін және 1 минутта 1 мл-ден ақырын енгізу. Дәрі қанға тез түсіп, ағзаға тез әсерін тигізеді. Тамырға дәріні ерітпей енгізуден өмірге қауіпті асқынулар болуы мүмкін: жүректің, тыныс алудың тоқталуы, анафилактикалық шок. Соңғы асқыну-дәрілерді ағзаға енгізуден пайда болған қауіпті аллергиялық реакциясы болып табылады. Еріту үшін 20-40% глюкоза ерітіндісін қолданады. Алдымен шприцке дәріні, сосын еріткішті сорып алу, дәріні жақсы еріту үшін: осы ережені сақтау өте қажет.

Осылай жүрек гликозидтерін: строфантин, коргликон енгізеді.

Көк тамыр ішіне 10% кальций хлоридін өте тиянақты енгізу керек.

Оны алдымен физ.ерітіндімен 1:1 ерітіп, қатаң түрде көк тамырдың ішіне енгізеді. Енгізер кезінде ине тамырдан шығып кетпеуін қадағалайды (ол үшін поршеньді өзіне қарай тартады). 10% кальций хлориді тері астына түскенде некрозға дейінгі ұлпалар қатты тітіркенеді.

Егер осы дәрі қателесіп тері астына енгізілгенде, енгізуді тоқтатып, егу жасаған жері мен жан-жағына 0,25% немесе 0,5% новокаин ерітіндісін енгізу керек.

Осы жағдайда 3 мақсатқа жетуге тырысамыз:

  1. Тері астына түскен дәрінің концентрациясын азайту.

  2. Ауырсынуды басу.

  3. Қабыну болмас үшін новокаин ерітіндісін қолданады. Егер емделушіге новокаин ерітіндісі де тітіркендіру әсерін тигізе, онда дәрінің концентрациясын азайту үшін 0,9% натрий хлорид 50-80 ерітіндісін егу жасаған жеріне және жан-жағына енгізеді.

Көк тамырдың ішіне ауа және май (ауа эмболиясы, май эмболиясы) түскен жағдайда болатын асқынулар адамның өміріне өте қауіпті болады.

Назар аударыңыз! Май ерітінділерді және суспензияларды көк тамырдың ішіне енгізуге болмайды!

Инені тамыр ішіне енгізер алдында шприцтің ішінен ауаны тиянақтап шығару керек: шприцтің ішінде кішкентай көпіршіктер қалып қою мүмкіндігінен дәріні көк тамырдың ішіне түгелімен жібермей, шприцтің ішіне 1-2 мм қалдыру керек.

Трансфузияны өткізгенде көк тамырдың ішіне тамшылау жүйесінен ауа түсу қауіпі бар. Оның ішінде бірде-бір ауа көпіршігі қалып қоймау үшін жүйені тиянақтап ерітіндіге толтыру керек. Жүйені көк тамырға жалғастырғанда «ағынға-ағын» принципін сақтау керек.


Көк тамырға егулерді көбінесе, жедел көмек жасағанда қолданады. Көк тамырға енгізгенде ең тиімді әсер тигізетін дәрілерді және тек қана көк тамырға енгізуге болатын (кальций хлорид 10%) дәрілерді егеді.

Көк тамырға егу үшін сиымдылығы 10-20 мл, инесінің ұзындығы 40 мм, диаметрі 0,8 мм шприцтерді қолданады.Инъекция салатын анатомиялық жерлер: Шынтақтың ішкі аймағындағы көк тамырға,қолдың сыртқы бетіндегі көк тамырға,бұғана астындағы көк тамырға/катетер арқылы/.

Назар аударыңыз! Тамшылау жүйесінен көк тамырдың ішіне ауа кіріп кету қауіпі бар. Жүйенің ішінде ауа көпіршіктері қалмауы үшін жүйені ерітіндімен тиянақты түрде толтыру керек. Жүйені көк тамырға жалғастырғанда «ағынға-ағын» принципін сақтау керек.

Көк тамырға құюлар.

Ерітніділерді ағызып және тамшылап енгізуге болады. Ағызуды емделушінің қан мөлшерін тез толтыру үшін қолданады (көп мөлшерде қан жоғалтқанда, өткір қан тамырының жетіспеушілігінде). Ағызу арқылы 500 мл дейін енгізеді.

Тамшылап енгізу-ерітіндіні ақырын көп мөлшерде ағзаның қарсылық дәрежесін тез көтеру үшін немесе ағзада жиналған улы заттарды шығару үшін бір тәуліктің ішінде 100 мл-ден бірнеше литрге дейін енгізуге мүмкіндік береді.

Көк тамырға тамшылап енгізудің көрсеткіштері:

  1. Ағзаның сусыздануы.

  2. Интоксикация.

  3. Бауыр, бүйрек, қант диабеті аурулары кезінде болатын комалық жағдайлар.

  4. Коллапс, шок.

  5. Күйіктер.

  6. Миокард инфарктісі.

Келесі ерітінділерді жиі құяды:

  1. Қан және қанды ауыстыратын ерітінділер.

  2. Натрий хлорид изотониялық ерітіндісі.

  3. 5-10% глюкоза ерітіндісі.

  4. 2-4% сода ерітіндісі және т.б.

Емделушілер тамшылатып енгізу тәсілін ағызып енгізуден гөрі жеңіл көтереді. Енгізілген ерітінді ақырын сорылып, ағзада көбірек қалады, артериялық қысымын онша өзгертпейді де, жүректің жұмысын ауырлатпайды.

Тамшылатып енгізу тәсілі тері асты, көк тамыр мен артерия ішінде болады. Енгізу үшін бір рет қолданатын система /жүйе/ қолданады. Олар пластмассадан жасалған, зауытта залалсыздандырылған қапшықтың ішіне салынып, қолдану мерзімі көрсетіліп шығарылады. Улы заттары жоқ, апирогендік пластмасса қолданылады.

Жүйені егу жасауға әзірлеу алдында ерітіндінің атын, мөлшерін, қолдану мерзімін, сыртқы түсі өзгерген жоқтығын тексеру керек. Қағазында жазуы анық емес немесе қағазы болмаған жағдайда, ондай ерітіндіні қолдануға болмайды.


Системаны егу бөлмесінде құрастырады, енгізуді егу бөлмеде немесе жиі палатының ішінде жасайды. Емделуші ыңғайлы жату керек, қолын жастықтың үстіне қоюға болады, себебі бұл іс-әрекет көп уақытты қажет етеді. Ерітіндіні енгізгенде бүкіл система жұмысының дұрыстығын тексеру керек. Ерітінді көк тамырға бармай тері астына кеткенде-ісіну пайда болады,системаның түтігі бүгіліп қалғанда немесе ине тромбпен бітелгенде ерітіндінің құйылуы тоқталады. Сондай жағдайларда түтікшені түзеп немесе жүйені ағытып көк тамырды басқа инемен тесу керек.

Тамшылау енгізген кезде емделушіге тағы да дәрілерді енгізу тағайындалса, онда оларды жүйедегі бір ғана резеңке- «егу жасайтын узел» арқылы жасайды. Түтікті алдымен спиртпен өңдейді. Иненің жуандығының диаметрі 1-2 мл аспауы керек.
Сұйықтықты көк тамырға тамшылатып енгізу үшін бір рет қолданылатын жүйені құрастыру.
Мақсаты: көк тамырға тамшылатып құю, көп мөлшердегі сұйықтықты ақырын тамшылатып енгізу (тәулігіне бірнеше литрға дейін, қанды, қан препараттарын және қан ауыстырғыш ерітінділерді құю).

Қолдану көрсетілімдері: айналымда жүрген қан көлемін қайта қалпына келтіру, парентеральді тамақтандыру, улануды жою.

Дайындаңыз:залалсыздандырылған: сұйықтықты, тамшылатып енгізуге арналған бір рет қолданылатын жүйені, флакондағы дәрілік ерітіндіні, флаконның этикеткасына науқастың аты-жөні, палатасының номері жазбаларын, мақта шариктерін, қолғапты, дем пердесін, қайшыларды, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, тамшылатуға арналған штативті (тіректі), тері антисептигін, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, жабысқыш пластырьды.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, тері антисептигімен қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз.

  2. Дәрілік ерітіндіні тамшылатып енгізу үшін бір рет қолданылатын жүйені даярлаңыз (сакталу мерзімін және ораудың саңылаусыздығын тексеріңіз).

  3. Дәрілік ерітіндісі бар флаконды даярлаңыз (дәрілік ерітіндінің атын, мөлшерін, сақталу мерзімін және сыртқы түрін тексеріңіз, дәрігердің ем тағайындайтын парағымен салыстырыңыз). Этикеткасына науқастың аты-жөнін, палатаны көрсетіңіз.

  4. Флаконның металды қалпағының ортаңғы бөлігін пинцетпен алыңыз.

  5. Тері антисептигіне суландырған мақта шариктерімен флаконның резеңке тығынын 2 рет тазартыңыз.

  6. Бір рет қолданылатын жүйенің пакетін қайшының көмегімен ашыңыз, ораудан жүйені шығарыңыз.

  7. Жүйенің бұрандалы қысқышын жабыңыз.

  8. Жүйенің қысқа шетіндегі инені алып, қалпағын шешіп, оны флаконның резеңке тығынына тірелгенше енгізіңіз. Тамызғыштағы ауа кіргізгішті ашыңыз (егер де ауа кіргізгіші болса, оны флаконның тығынына тірелгенше енгізіңіз), оның бос шетін флаконға бекітіңіз.

  9. Флаконды түбінен төңкеріп жоғары қаратып, сол қолмен жүйенің бос шетін ұстап, штативке бекітіңіз.

  10. Тамызғышты ақырын қысып, жартыкөлеміне дейін дәрілікерітіндімен толтырыңыз.

  11. Бұрандалы қысқышты ашып, жүйеден ауаны толық шығарғанша жәнеинъекция жасайтын инеден тамшы көрінгенше жүйенің ұзын түтігінерітіндімен ақырын толтырыңыз.

  12. Бұрандалы қысқышты жауып, инъекция жасайтын инеге қалпақтыкигізіңіз.

  13. Жүйенің ұзын түтігінде ауа көпіршігінің жоқтығын тексеріңіз.

  14. Тері антисептигімен суландырған мақта шариктерін, салфеткаларды, ұзындығы 4-5 см сопақ жіңішке (1см) 2 жабысқыш пластырьді салыңыз.