Файл: азастан Республикасыны білім жне ылым министрлігі шж Талдыоран жоары медициналы колледжі мкк тжірибелік сабаТЫ дістемелік деуі пнмодуль бойынша Мейіргер ісіні негіздері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 101

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


 Полиглюкинді тамшылап енгізу үшін тамшылау жүйесін құрастыру.

Анафилактикалық шок кезіндегі көмек Көрсетпелері: аллергеннің ағзаға енуін тоқтату, өмірлік маңызды мүшелердің қызметін қалпына келтіру.

Міндетті шарттар: тәулік бойы пациентті бақылау (рецидив қаупі);

Мейірбикелік көмек жоспары:

1. Пациент жағдайының ауырлығын бағалау және дәрігерді шақыруды қамтамасыз ету.

2. Аллергеннің енуін тоқтату (инені күре тамырда қалдыру, егер аллерген күре тамырға егілген болса).

3. Науқасты жатқызу және тілді фиксациялау: басын бір шетке бұру, төменгі жақты алдына тартып, тіс протездерін алып тастау, төсектің аяқ жағын көтеру.

4. Дәрігердің тағайындауы бойынша: 0,5мл 1% адреналин ерітіндісін 5 мл физ.ерітіндісімен күре тамырға жіберу.

5. Иньекция орнына мұзды қою

6. Таза ауамен қамтамасыз ету. Ылғалды оттегі беру

7. Қажет заттарды құрал-саймандарды дайындау: - күре тамырға егу үшін жүйені, шприцтерді; - өкпенің жасанды вентиляциясы аппаратын, кеңірдек интубациясына қажет заттарды; -дәрілік препараттарды.

8. Дәрігердің тағайындауы бойынша: - тері астына 0,5-1мл 0,1% адреналин ерітіндісін аллерген енгізген жерге егу және тамшылап жіберу.

9. Кортикостероидтарды парентеральды жіберу: 30-60 мг (150 мл-ге дейін) преднизалон немесе 150-300мг гидрокортизон 10-15 мл 5% глюкоза ерітіндісімен қоса.

10. Антигистаминдер (десенсибилизациялаушы) заттарды егу; 1% супрастин 2,0-4,0 мл; 0,25 % пипольфен 2,0-4,0 мл; 1% димедрол 2,0-5мл парентеральды

11. Көрсетпелеріне қарай тағайындалады:   жүрек гликозидтері: строфантин 0,05%-0,5 мл 10 мл физиологиялық ерітіндімен қоса күре тамырға; 0,06 %-1мл коргликон 10мл физиологиялық ерітіндімен күре тамырға өте жай; зәр айдайтын дәрілер: лазикс (фуросемид) 40-60 мл күре тамырға

12. 2,4% эуфиллин 10,0 күре тамырға 10 мл физиологиялық ерітіндімен қоса

13. Кордиамин 2,0; кофеин 2,0

14. Реанимациялық шараларды жүргізу (жүректің жабық массажы, жасанды дем алдыру)

15. Жандандыру бөлімшесіне жатқызылады.
Тақырып : «Венозды катетрлармен жұмыс істеу ережелері»
Пункция орнын таңдау.

Катетерлеу орнын таңдаған кезде пациенттің таңдауын, пункция орнынын қолайлығын, тамырдың катетерлеуге жарамдылығын ескеру керек.

Пункция жасауға ынғайлы вена тамырды таңдаған кезде ескеру керек:

- Жақсы көрінетін тамыр

- Дененің доминанты емес бөлігі (оңқайлардың сол қолын, солақайлардың оң қолын таңдау)

- Алдымен дистальды тамырларды таңдау

- Жұмсық және қолға эластикалы сезілетін тамыр

- Ота жасайтын жерге қарама қарсы жағындағы

- Көлемі үлкен тамырлар

- Конюля ұзындығына сәйкес келетіндей тамыр бөлігі

- ПВК қоюға қолдың сыртқы тамырлары немесе білектің ішкі бетіндегі тамырлар ынғайлы.
Катетерлеуге жарамайтын вена тамырлары:

Аяқ тамырлары (қан ағымының баяу болғандықтан тромбтың пайда болу қауіпі жоғары)

Бүгілетін аймақтар тамырлары (буын аймақтары)

Артерия тамырларына жақын орналасқан вена тамырлары (артерия қабырғаларының зақымдануы)

Бұрын қатетер салынған вена тамырлары

Шынтақтың ортанғы тамыры ( оны екі жағдайдағана қолдануға болады қан алған кезде және жедел көмек көрсету кезінде, егерде басқа тамырлар нашар болса)

Алақан тамырлары

Ота жасаған немесе химиотерапия жүргізген қолы

Жарақатталған қолының тамырлары

Нашар көрінетін беткедей тамырлар

Нәзік склерозды тамырлар

Лимфоаденопатия аймақтары

Қабынған және жарақатталған аймақтарының тамырлары

Терең орналасқан тамырлар
Катетерді келесі критериялар бойынша таңдайды:

Тамырдың көлеміне қарай

Ерітіндінің қую жылдамдығына

Енгізетін ерітіндінің қасиеттеріне

Канюля тамырды толық бекітпеуі керек

Катетерді таңдаудың басты принципі: ен ірі перифириялық тамырға қажетті жылдамдықпен ерітіндіні енгізуді қамтамасыз ететін өлшемі кіші катетерді таңдау.

Барлық ПВК порталған ( қосымша инъекция порты бар) және портталмаған (портсыз) болып бөлінеді.Портталған ПВК қосымша пункция жасамай препараттарды енгізу үшін қосымша инъекциялық порты бар.Көктамыр инфузиясын ұзбей дәрілерді енгізу мүмкіндігі бар.

Оның құрылысында келесі негізгі элементтер болады: катетер, өткізгіш ине, тығынды , қорғаныш қақпақ.Иненің көмегімен тамыр тесіледіде сонымен қатар катетер енгізіледі.тығындымен катетер бекітіледі(инфузия жүргізілмегенде ифекциядан қорғайды), тесер алдында инемен катетердіқорғаныш қақпақ қорғайды .Тамырға катетрдің жеңіл енуі үшін катетердің үшы конус тәрізді.

ПВК «қанаттары» болу мүмкін, бұл катетерді бекіту үшін ғана емес, катетердің бекітілген артқы жағын теріге тигізбей бактериальды ластанудан сақтайды


Катетердің түріне жіне өлшеміне қарай таңдау


Түсі

Өлшемі

ПВК өткізгіштік жылдамдығы

Қолданылуы


Қызғылт сары

14G 
(2,0 х 45 мм)

270 мл/мин.

Көп көлемде сүйықтықтарды немесе қан

препараттарын қую.

Сүр         

16G 
(1,7 х 45 мм)

180 мл/мин.

Көп көлемде сүйықтықтарды немесе қан

препараттарын қую.

Ақ

17G 
(1,4 х 45 мм)

125 мл/мин.

Көп көлемде сүйықтықтарды немесе қан

препараттарын қую.

Жасыл

18G 
(1,2 х 32-45 мм)

80 мл/мин.

Пациенттерге жоспар бойынша қан препаратарын

(эритроцитарлы масса) қую үшін


Ашық қызыл

20G 
(1,0 х 32 мм)

54 мл/мин.

Ұзақ көктамыр ішілік терапия жүргізетін пациенттерге

(тәулігіне 2-3 литр )

Көк

22G 
(0,8 х 25 мм)

31 мл/мин.

Ұзақ көктамыр ішілік терапия жүргізетін пациенттерге

педиатрия, онкология.

Сары

24G 
(0,7 х 19 мм)

13 мл/мин.

Онкология, педиатрия, жіңішке склерозды веналарға


Күлгін көк

26G 
(0,6 х 19 мм)

12 мл/мин.

Онкология, педиатрия, жіңішке склерозды веналарға




Перифириялық катетерді қою алгоритмы

Мақсаты: тамырішілік дәрілерді енгізу


Көрсеткіштері: инфузиялық терапия жүргізу

Дайындаңыз:Залалсызданған лоток,қалдық жинайтын лоток ,гепаринді ерітінді 10 мл (1:100), залалсызданған мақта домалақтары мен салфеткалар,лейкопластырь,тері антисептигі,әртүрлі көлемдегі перифериялық көктамыр катетерлері,қосушы түтікше,жгут,залалсызданған қолғап,қайшы, бинт,3% сутегі тотығы

Іс әрекет алгоритмы:

1. Қолыңызды өңдеңіз

2. Стандарты катетерді жинаңыз ( бірнеше көлемдегі катетерлерді)

3.Қапшықтын бүтіндігін және сақтау мерзімін тексеріңіз

4.Алдыңызда катетерді енгізетін пациент екенін тексеріңіз

5.Пациентке ынғайлы қалып алуға көмектесіңіз, жарықты қамтамасыз етіңіз

6. Жүргізілетін процедура туралы пациентке түсіндіріңіз, сенімді жағдай жасаңыз, сұрақ қоюға мүмкіндік беріңіз, пациентпен катетерді қоятын жерді анықтаңыз.

7. Қолданған құралдарды утилизациялау үшін арналған контейнерді ынғайлы орналастырыңыз

8. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз

9. Катетер енгізетін жерден 10-15 см жоғары жгутты байлаңыз

11. Вена тамырларына қан жақсы толу үшін пациенттің қолын ашып жұмуын сұраңыз

12. Сипап тесетін тамырды анықтап алыңыз

13. Жгутты шешіп алыңыз

14. Катетердің ен жіңішкесін таңдап алыңыз (тамырдың көлеміне, ерітіндіні жіберу жылдамдығына, көктамыр ішілік терапия жүргізу кестесіне, енгізетін ерітіндінің сүйықтығына қарап)

15.Қолыңызды антисептикпен қайта өңдеп, қолғап киіңіз

16. Таңдаған жерден 10-15 см жоғары жгут байлаңыз

17. Катетер енгізетін орынды тері антисептигімен екі қайтара 30-60 секунд арасында өңдеңіз, кепсін (тамырды қайта сипамаңыз)

18. Катетер енгізетін орыннан төмен тамырды саусақпен басып ұстаңыз

19. Таңдаған катетерді алып, ынғайлы (көлденен немесе ұзынан) ұстаңызда, қапшығын алыңыз, тастамай бос қолыңыздың саусақ арасына үстаңыз.

20. ПВК инесінің кесіндісі жоғары қарап түрғанын тексеріңіз

21. Инедегі катетерді теріге 15 градуста үстап индикаторда қан көрінгенше енгізіңіз

22. Индикаторда қан көрінгенде иненің енгізуін тоқтату керек

23. Стилет-инені бекітіп үстап, канюляны асықпай иненің үшына қарай итеріңіз (стилет- ине катетерден толық алынбайды)

24. Жгутты шешіп алыңыз.Ескерту!Инені қайта катетерге итеріп енгізбеңіз

25. Қан кетуді азайту үшін тамырды жоғарыдан басып, инені катетерден толық шығарып алыңыз

26.Инені қауіпсіз ережесін сақтай отырып утилизациялаңыз

27.Егерде инені катетерден толық шығарып алғаннан кейін катетер тамырдан шығып кетсе, оны толығымен шығарып алыңыз. Көзбен бақылап отырып ПВК қайта құрастырып (катетерді инеге кигізіп) процедураны қайталаңыз.


28. Катетер дұрыс орнатылған кезде қапшықтағы тығындыны алып катетердің тесігін бекітіңіз немесе гепаринды ерітіндіні порт арқылы жіберіп немесе инфузиялық системаны жалғаңыз.

29. Катетерді теріге бекітіңіз

30. Емдеу мекеменің нұсқау бойынша катетер қою процедурасын тіркеңізде, қолданған құралдарды сан.эпид. талаптарына сәйкес утилизациялаңыз.