Файл: азастан Республикасыны білім жне ылым министрлігі шж Талдыоран жоары медициналы колледжі мкк тжірибелік сабаТЫ дістемелік деуі пнмодуль бойынша Мейіргер ісіні негіздері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 100

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ескерту: Кейбір системаларда ауа кіруге арналған тесік тұп-тура тамызғыштың үстінде болады. Бұл жағдайда тек тесікті жабатын бітеуішті ашады.



Сұйықтықты көк тамырға тамшылап енгізуді орындау.

Мақсаты: көк тамырға тамшылатып құю, көп мөлшердегі сұйықтықты ақырын тамшылатып енгізу (тәулігіне бірнеше литрға дейін, қанды, қан препараттарын және қан ауыстырғыш ерітінділерді құю).

Қолдану көрсетілімдері: айналымда жүрген қан көлемін қайта қалпына келтіру, парентеральді тамақтандыру, улануды жою.

Енгізілетін жерлері: шынтақ бүгілісіндегі ішкі беткі көк тамыр, білектің, қолдың, аяқтың беткейлік веналары..

Асқынулар: сепсис (микробтардың қанға тарап кетуі), ауа эмболиясы (қан тамырдың эмболиямен тығындалуы), гематома (қанды ісік), тромбофлебит (көк тамырдың тромбозы және қабынуы), флебит (көк тамырдың қабынуы), АҚТҚ, вирустік гепатит (бауырдың қабынуы), анафилактикалық шок, инфильтрат (тін бөлігінің қатаюы).

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын системаны, мақта шариктерін, салфеткаларды, лотокты, қолғапты, масканы, екі кішкене ұзындығы 4-5 см жіңішке жабысқыш пластырьды, клеенкалы жастықшаны, резеңке бұрауды (венозды манжетаны), штативті, науқастың аты-жөні, палатаның № көрсетілген дәрілік ерітіндісі бар флаконды, анафилактикалық шокқа арналған жиынтықты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа жайлы қалып алуға көмектесіңіз (емшара науқастың арқасымен жатқан қалпында жүргізіледі), науқасқа қуықты және ішекті босатуын ұсыныңыз.

  2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. Тері антисептигіне суландырған мақта шариктерімен қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз.

  3. Тағайындалған дәрілік ерітіндіні алып, дәрігердің ем тағайындайтын парағымен тексеріңіз, флаконның атын, дозасын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, сыртқы түріне, бүтіндігіне көңіл аударыңыз. Флаконды ашқан күнін белгілеңіз.

  4. Науқастың шынтақ астына клеенкалы жастықшаны салыңыз.

  5. Иықтың ортаңғы 1/3 бөлігіне салфетканың немесе ішкі киімнің үстінен бұрауды байлаңыз. Көк тамырды тесетін жерін қараңыз.

  6. Тамыр соғуын тексеріңіз. Науқастан бірнеше рет жұдырығын қысуын және жазуын сұраңыз, бұл көк тамырдың қанмен жақсы толуы үшін, сосын жұдырығын қатты қысып тұруын сұраңыз.

  7. Көк тамырды саусақпен басып, сезіңіз..

  8. Қолғапты тері антисептигіменөңдеңіз

  9. Көк тамырды тесетін жерді, алдымен үлкен көлемді, сосын тұп-тура инъекция жасайтын жерді тері антисептигіне суландырған мақта шариктерімен тізбектілікпен тазартыңыз, үшінші мақта шаригін сол қолдың IV-V саусақ аралығына алыңыз.

  10. Жүйедегі инъекциялық иненің қалпағын алып, ерітіндіні тамшылатып жіберіңіз, көк тамырды сол қолдың І саусағымен басыңыз.

  11. Тері астына инені 300 бұрышпен, теріге қатарластыра енгізіңіз. Оның еңкейту бұрышын азайтыңыз.

  12. Инені көк тамыр бойымен итеріп, оның 1/3 ұзындығына көк тамырға енгізіңіз. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен инъекцияға арналған түйіндегі резеңке түтікті қысыңыз.

  13. Ине көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз; иненің канюлясы және жүйенің резеңке түтігі аралығындағы инъекциялық түйінде қан көрінеді.


14.Сол қолмен бұрауды (манжетаны) босатыңыз, науқастан жұдырығын жазуын сұраңыз.

  1. Ине тамырда екеніне қайтадан көзіңізді жеткізіңіз.

  2. Жүйенің қысқышын ашыңыз.

  3. Тамшының таму жылдамдылығын қысқышпен реттеңіз (минутына 50-60 тамшы). Бірнеше минуттай дәрілік ерітіндінің енуін бақылаңыз, қарап шығыныз, тері астына ерітіндінің түспеуін. Науқастың жағдайын бағалаңыз.

  4. Түтіктің бір бөлігіне және инеге лейкопластырьды жапсырыңыз, көк тамырдың тесілген жерін салфеткамен жабыңыз.

  5. Енгізу жылдамдылығы тұрақты болуын қадағалаңыз.

  6. Дәрілік ерітіндіні құйып жатқан уақытта, науқастың көңіл-күйін және хал-жағдайын бақылаңыз.

  7. Емшара біткен соң жүйедегі қысқышты жабыңыз, көк тамырдан инені шығарып алыңыз, тері антисептигіне суландырған 3-ші мақта шаригін 3-5 минутқа басыңыз. Науқастың қолын шынтақ буынында бірнеше минут қан ағу тоқтағанға дейін бүгіңіз.

  8. Жүйені және инені, қалпағын кигізбей қолданылған мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  9. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.


Ескерту:

  • қосымша дәрілік ерітіндіні енгізу жүйедегі инъекцияға арналған түйін арқылы шприцпен жүргізіледі. Инъекция жасар алдында резеңке түтік тері антисептигімен суландырған мақта шаригімен сүртіледі, тесетін жерден жоғарыда резеңке түтік қан тоқтататын қысқышпен қыстырылады, флаконда енгізілген дәрілік заттың аты көрсетіледі

  • тамызғыш босамағанынша флакондарды ауыстыру жасалады. Ол үшін қысқышты жабады, жаңа флаконның тығынын алдын ала антисептикпен тазартып, жүйенің қысқа шетіндегі инені тірелгенше енгізеді, сосын ұзын түтіктің инесін енгізеді. Тамызғыштағы ауа кіргізгішті ашыңыз, егер де ауа кіргізетін болса, оны флаконның тығынына тірелгенше енгізіңіз.

  • енгізіліп жатқан уақытта бүкіл жүйенің жұмысын қадағалаңыз; салфетка ерітіндімен суланбаған ба? Енгізіліп жатқан аймақта инфильтрат немесе ісіну пайда болған жоқ па? Ерітіндінің ағымы тоқталған жоқ па?

  • науқастың хал-жағдайын бақылаңыз, сұраңыз, дәріні енгізген жерінде ауырсынуды, бас айналуды, лоқсуды сезе ме? Егер де науқас ауырсынуды сезінсе немесе инъекция жасаған жерде ісікті көрсеңіз, онда қысқышты жауып және инені шығару қажет.



Зерттеуге көк тамырдан қан алу.

Зерттеу үшін егу жасайтын мейірбике міндетті түрде қолқаптарды киіп, көк тамырдан қан алады. Формалық элементтерді аздап жарақаттау үшін қанды таза құрғақ пробиркаға өз ағуымен алады.

Егер зерттеуді ЖИТС немесе RW (мерез) анықтау үшін өткізгенде, онда қанды алу үшін шприцпен инені қолданады. Шприцке қанды сорып алып, залалсыздандырылған пробирканың ішіне абайлап құяды.
Вакуумды жүйе көмегімен веналық қанды алу.

Қан алатын вакуумды жүйе – бұл қауіпсіз жүйемен қанды алу, тасымалдау және қанның сапалы анализінің үлгісі.

Вакутайнер – венадан қанды алуға арналған толық жабылған вакуумдалған пластикалық бір рет қолданылатын жүйе.

Ол 3 компоненттен тұрады:

  1. Қауіпсіз қақпағы бар екі жақтық ине.

  2. Бір реттік ұстағыш

  3. Белгіленген вакуумды көлемі бар залалсыздандырылған (пробирка) түтік.

Артықшылығы: қауіпсіздік, тиімділікті, үлгісінің бүтіндігінің кепілдігі және зерттеуді қайта жасау, ең аз гемолиз, микроұйынды қан, үлгіні алу аралығының уақыты және оның химиялық қосымша заттектермен жанасуы әр уақытта, қан мен химиялық қосымша заттектер көлемінің қатынасы тура, бұраудың әсері минимальды, үлгісі залалды.


Мақсаты: диагностикалық.

Қолдану көрсетілімдері: науқасты зерттеу. Асқынулар: гематома (қанісік), тромбофлебит (венаның және қабынуы), сепсис (микробтардың қанға тарап кетуі).

Қан алатын жерлері: шынтақ бүгілісінің, білектің, қолдың беткейлік веналары.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: қауіпсіз қақпағы бар екі жақтық инені, бір реттік ұстағышты, вакуумды түтіктерді, мақта шариктерін, қолғапты, лотокты, тері антисептигін, бұрауды (венозды манжетаны), клеенкалы жастықшаны, масканы, алжапқышты, қорғаныш көзәйнекті немесе экранды, түтіктерді тасымалдауға арналған контейнерді, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. Науқастан таңертең тамақ қабылдамағанын анықтаңыз.

  2. Лабораторияға жолдама жазыңыз.

  3. Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуына көмектесіңіз.

  4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. Оларды тері антисептигімен суландырылған мақта шариктерімен өңдеңіз.

  5. Масканы, қолғапты, қорғаныш көзілдірікті, алжапқышты киіңіз.

  6. Қанды алуға арналған жүйені алыңыз.

  7. Ораудың саңылаусыздығын, қан алатын негізгі компоненттердің сақталу мерзімін тексеріңіз.

  8. Орауды (қорапшаны) ашыңыз. (стандартты қараңыз).

  9. Инені алып, қорғаныш қалпағын алыңыз (егер де 2 жақтық инені қолданса, онда сұр қорғаныш қақпағын алыңыз).

  10. Ине ұстағышқа инені қондырып, оны тірелгенге дейін бұрап бекітіңіз.

  11. Науқасты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз. Қолдың жоғарғы бөлігін киімнен босатып, қолын төмен қарай түсіріп шынтақ астына клеенкалы жастықшаны салыңыз.

  12. Венозды манжетаны (бұрауды) иықтың ортаңғы 1/3 бөлігіне ішкі киімнің немесе салфетканың үстінен салыңыз.

  13. Кәріжілік артериясындағы тамырды ұстаңыз (тамыр соғуы сақталулы болу керек).

  14. Көк тамырды зерттеңіз. Ең көп толыған көк тамырды табыңыз.

  15. Көк тамырды толтыру үшін, науқастан жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын, сосын оны қысуын сұраңыз.

  16. Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз.

  17. Шынтақ бүгілісі аймағын, инъекция жасайтын жерді тері антисептигіне суландырған 2 мақта шариктерімен тізбектілікпен сүртіп, контейнерге салыңыз. 3-ші мақта шаригін сол қолдың IV және V арасында ұстаңыз.

  18. Оң қолға жүйені алыңыз.

  19. Сол қолдың үлкен саусағымен болжаған тесетін жерден төмен қарай көк тамырды бекітіңіз.

  20. Науқастың қолына байланысты ине мен ұстағышты 150 бұрышпен ұстаңыз, қанағымы бойынша инені 1-1,5 см енгізіңіз.

  21. Сол қолға ине ұстағышты ауыстырып, ал оң қолмен түтікті ине ұстағышқа қондырыңыз, түтік қақпақшасы кіргенге дейін, алға қарай бұрап басыңыз, ол қан ағуды қамтамасыз етіңіз.

  22. Залалды түтікке қан аққан сәтте бұрауды (венозды манжетаны) шешіңіз. Қан шамасы түтікте белгіленген дәрежесіне жеткеніне дейін және қан ағымы тоқталғанша дейін күтіңіз.

  23. Ұстағыштан түтікті алынған қан түрімен шығарып алыңыз.

  24. Түтіктің ішіндегі затты 8-10 рет аударып араластырыңыз, бірақ та шайқамаңыз, сілкімеңіз!.

  25. Басқа да зерттеулерге қанды алу қажет болса да, онда ұстағышқа келесі түтікті қондырыңыз.

  26. Қанды тасымалдауға арналған контейнерге түтікті салыңыз.

  27. Залалсыздандырылған мақта шаригін тамырды тескен жерге қойыңыз, венадан инені және ине ұстағыштан шығарып алыңыз.

  28. Инъекция жасаған жерге залалды мақта шаригін салуын, науқастан шынтақ буынынан қолды сәл бүгіп, 3-5 минутқа ұстауын сұраңыз.

  29. Түтіктерге белгілер салыңыз.

  30. Қанды зерттеуге алатын журналға берілген мәліметті тіркеп, контейнердегі вакуумды түтіктегі қанды жолдамасымен лабораторияға апарыңыз.

  31. Қорғаныш заттарды шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  32. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.



Ескерту: түтікті ұстағышқа түтік қақпақшасы кіргенге дейін енгізу – қанның ағуын қамтамасыз етеді, ине резеңкілі мембрананы және түтік қақпақшасының тығынын теседі. Жасалған вакуум теңелту жасамағанша, қан түтікке өтеді. Қанның ақпауы - венаны өтіп кетіп тесу көрсеткіші. Бұл жағдайда түтікке қан тұспегенше инені (шығармай) тарту қажет.

  • Ине ұстағыштан түтікті алғанда резеңке мембрана түпкі қалыпқа келеді, ине бойынша қан ағымы жабылады. Дәрігердің тағайындағанына байланысты әртүрлі түтіктерді қолдану қажет.





Биохимиялық зерттеуге көк тамырдан қан алу.
Мақсаты: диагностикалық

Қолдану көрсетілімдері: науқасты зерттеу.

Асқынулар: гематома, тромбофлебит, сепсис, вирустік гепатит, АҚТҚ.

Қан алатын жерлері: шынтақ бүгілісінің, білектің, қолдың беткейлік веналары.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: 10-20 мл көлеміндегі бір рет қолданылатын шприцті, лотокты, мақта шариктерін, салфеткаларды, тері антисептигін, масканы, қолғапты, штативтегі пробиркаларды, су өтпейтін тығындарымен резеңке бұрауды, клеенкалы жастықшаны, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз. Науқастан таңертең тамақ қабылдамағаның анықтаңыз.

  2. Лабораторияға жолдама жазып, пробирканы нөмірлеңіз.

  3. Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуына көмектесіңіз.

  4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. Оларды тері антисептигімен өңдеңіз (стандартты қараңыз).

  5. Масканы, қолғапты, қорғаныш көзілдірікті, алжапқышты киіңіз.

  6. Бір рет қолданылатын шприцті құрастырыңыз (стандартты қараңыз).

  7. Науқастың шынтақ астына клеенкалы жастықшаны салыңыз.

  8. Резеңке бұрауды иықтың ортанғы 1/3 бөлігіне салфетканың немесе іш киімінің үстінен салыңыз.

  9. Бұрауды былай байлаңыз: оның бос ұштары жоғары қарай бағытталған болады, ал ілгегі төмен.

  10. Кәріжілік артериясындағы тамырын ұстаңыз (тамыр соғуы сақталу керек).

  11. Көк тамырды зерттеңіз. Ең көп толған көк тамырды табыңыз.

  12. Көк тамырды толтыру үшін науқастан жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын, сосын оны қысуын сұраңыз.

  13. Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз.

  14. Тері антисептигіне суландырған екі мақта шариктерімен шынтақ бүгілісі аймағын, инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тазартыңыз, оларды контейнерге салыңыз. 3-ші мақта шаригін сол қолдың ІV және V саусақтар арасында ұстаңыз.

  15. Оң қолыңызға шприцті алыңыз: ІІ саусақ - иненің канюлясында, ал ІІІ, ІV саусақтармен цилиндрді жоғарыдан орап алыңыз, І саусақты төмен ұстаңыз.

  16. Сол қолдың үлкен саусағымен болжаған тесетін жерден төмен көк тамырды бекітіңіз.

  17. Инеден қалпағын алып, әдеттегідей көк тамырды тесіңіз (науқастың жұдырығы қысылған).

  18. Поршенді өзіңізге қарай тартыңыз, ине көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз.

  19. Сол қолмен ақырын поршенді өзіңізге қарай тарта отырып, 5-7 мл қанды шприцке сорып алыңыз.

  20. Резеңке бұрауды шешіңіз, науқас жұдырығын ашуы қажет, жылдам қозғалыспен көк тамырдан инені шығарыңыз.

  21. Тері антисептигіне суландырған мақта шаригін инъекция жасаған жерге 3-5 минутқа салыңыз, науқастан шынтақ буынынан қолды сәл бүгуін сұраңыз.

  22. Шприцтен инені алып, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  23. Шприцтен қанды пробирканың қабырғасына жай қысусыз құйыңыз, оның шашырамауын қадағалаңыз.

  24. Су өтпейтін тығынмен пробирканы жабыңыз.

  25. Қаны бар пробирканы штативпен бірге контейнерге қойыңыз, оны тығыз жабыңыз.

  26. Науқасқа тұруға немесе жайлы қалып алуына көмектесіңіз.

  27. Көк тамырды тескен жерден қан бөлінбегеніне көзіңізді жеткізіңіз. Науқастан мақта шаригін алып, контейнерге салыңыз.

  28. Контейнер мен жолдаманы биохимиялық лабораторияға жіберіңіз.

  29. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  30. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.