Файл: азастан республикасы ылым жне жоары білім министрлігі ОРыт ата атындаЫ ызылорда университеті жаратылыстану институты.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 462

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ішкі секрециялық бездердің өнімдерін гормон (грек. гормо - іске қосамын, қозғаймын) деп атайды. Гормондар жүйке жүйесімен бірге организмнің өсуін, дамуын, организмнің физиологиялық қызметтерін үйлестіруге, зат жөне энергияның алмасуына, мүшелердің қызметін реттеуге қатысады. 1980-2000 жылдары гормондардың молекулалық тетіктерде тұқым қуалау мәліметтерін тасуға және организмнің биологиялық ырғағын анықтауға қатысатыны дәлелденген. Сонымен, гормондар жүйке жүйесімен бірге организмнің қызметтерін реттейді. Қазіргі кезде 40-тан астам гормондар бары белгілі. Олардың көбі жақсы зерттелген және адамдарды емдеуге қолданылады.( Ішкі секрециялық бездерге гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқан серік, айырлы (тимус), бүйрек үсті, үйқы (қарын асты) безінің аралшықтары, жартылай жыныс бездері жатады. Қарын асты және жыныс бездері қос секрециялық бездерге жатады, себебі олар әрі сыртқы,әрі ішкі секрециялық қызмет атқарады. Соңғы кездерде жартылай ішкі секрециялық безге бүйректерді де жатқызып жүр, өйткені оларда қанның қысымын арттыратын ренин және эритропоэтин деген заттар түзіледі. Бұлар бүйректің нефрондарының тамырлы полюстерінде орналасқан юкстагломерулалық аппаратында өндіріледі. Баланың эмбриондық дамуы кезінде кейбір ішкі секрециялық бездер қызмет атқара бастайды да жатырдағы баланың дамып, жетілуіне әсер етеді. Бала туғаннан кейін ол бездердің қызметінің басталуы әр безде әртүрлі болады. Түрлі эндокриндік бездердің қызмет дәрежесі баланың өсуі мен дамуы барысында оның жасына, жынысына, ауа райының жағдайына және басқа мүшелері мен мүшелер жүйесінің қызмет қабілетіне байланысты болады. Организмдегі гормондық тепе-теңдік баланың жоғары жүйке әрекетіне әсер етеді. Себебі денеде эндокриндік жүйенің ықпалынан тыс қалатын ешқандай қызмет жоқ. Дегенмен ішкі секрециялық бездер езінің қызметін жүйке жүйесі арқылы реттейді. Олай болса, организмдегі барлық қызметтерді реттейтін біртүтас жүйкелік-гормондық реттелу бар деп айтуға болады.Соңғы зерттеулер бойынша гормондардың көбі жүйке жүйесіндегі күллі жүйке клеткаларының қызмет жағдайын өзгертетіні мәлім болды. Гормондардың қасиеттері: а)олар өте белсенді, тым азғантай мөлшерде (микрограмм, нанограмм, пикограмм) әсер ете алады; ә) әсері арнайы бағытталған, бір гормон жетіспегенде екінші бездің гормоны немесе басқа бір белсенді химиялық зат оның қызметін атқара алмайды; б) ұлпаларға, мүшелерге өзінің пайда болатын жерінен дистантты, яғни қашық тұрып, алыстан әсер етеді.


Химиялық құрамына қарай олар белок, полипептид, липидтер немесе стероидтарға жатады. Барлық гормондар денедегі зат алмасуына әсер етеді. Олар алдымен қанға сіңгенімен, тек қана клетканың мембранасымен қабысқанда ғана белсенді болады.

Адам организміндегі гормондардың ішінде гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті бездері гормондарының маңызы өте зор. Олар өздері жеке жүйе ретінде қарастырылады. Бұл жүйе организмнің біртұтастығын сақтауға қатысатын физиологиялық қызметтердің негізгі, әрі маңызды реттеушісі. Бұл жағдайда мидың гипоталамус бөлігі жоғары дәрежедегі қыртыс асты ішкі секрецияның реттеушісі болып есептеледі.Оның бұл қызметі гипофиз безінің жұмысына дәм беруші химиялық өнімдер -нейросекр е т т е р д і (грек. нейрон - нерв клеткасы + секрет) өндіру және шығару арқылы орындалады. Гипоталамуста пайда болған нейросекрет гипофизге құйылып, оның басқа бездерге әсерін тудырады. Аралық мида орналасқан гипоталамус барлық ішкі мүшелердің және ішкі секрециялық бездердің қызметін реттейді. Сондықтан ол мидың барлық бөлімдерімен және гипофиз безінің артқы бөлімімен тікелей байланысып жатыр.

Жүйке жүйесінің ішкі секрециялық қызметті реттеуі өткен ғасырдың 50-ші жылдары анықталды. Қазіргі түсініктеме бойынша, нейрондар өздерінің негізгі қызметіне қоса, физиологиялық белсенді заттар - нейросекреттерді -түзейді. Нейросекреттердің түзілуінде гипоталамустың нейрондары маңызды орын алады, ол құрылысы бойынша гипофиз безімен тікелей байланысты. Оның нейросекреттері гипофиз безінің, ал ол арқылы басқа да ішкі секрециялық бездердің қызметін өзгертеді. Гипоталамустың нейросекреттерін рилизинг-гормондар деп атайды. Оларға либериндер мен статиндер жатады. Либериндер гипофиздің троптық гормондарының өндірілуін, ал статиндер - тежелуін реттейді; Осылай гипоталамус бүрын айтылып кеткен қызметтерінен басқа, ішкі секрециялық бездердің де қызметін реттейді

Ішкі секрециялық бездердің қызметі соншама жақсы реттелгенімен олардың қалпына жөне қызметіне түрлі аурулар әсер етеді. Гормондардың өндірілуі нашарлағанда гипосекреция ( грек. Гипо - аз, төмен) және күшейгенде гиперсекреция (грек. гипер - артық, жоғары, шегінен тыс) байқалады. Демек, ішкі секрециялық бездердің қызметінің бүзылуы организмнің тіршілігіне өсер етіп, қауіп төндіреді.

2. Гипофиз және оның гормондарының бала организміне әсері. Гипофиз немесе төменгі ми қосалқысы бас сүйегінің "түрік ері" деп аталатын сүйегінде орналасқан. Ол ортаңгы мимен көрші орналасады жөне онымен екі жақты көптеген байланысы бар. Жаңа туған нәрестенің гипофизінің салмағы 10-15 мг, бірақ 10

жасқа дейін 30 мг-ға дейін оседі де, жас өспірімдерде ересек адамның молшеріндей болады. Ол ересек адамда 50-65 мг, пішіні сопақшалау болады. Гипофиздің көлемі баланың жасына лайық ұлғаяды. Құрылысы жағынан гипофиз 3 бөліктен турады: алдыңгы, ортаңгы және артқы бөліктер.Алдыңғы және ортаңғы бөліктерін аденогипофиз деп, артқы бөлігін нейрогипофиз деп атайды. Гипофиздің бар салмағының 75% алдыңғы, 1-2 % ортаңғы, 18-23 % артқы бөлікке жатады. Гипофиздің мөлшері жүкті әйелде біраз ұлғаяды, ал босанғаннан кейін бұрынғы қалпына келеді. Гистологиялық құрылысы күрделі алдыңғы бөлімі негізінен хромофобты без клеткаларынан, ортаңғы бөлімі — базофильді клеткалардан, артқы бөлімі питуицидтер мен жүйке талшықтарынан тұрады. Жалпы алғанда гипофиздің ортаңғы бөлімі адамда нашар дамыған және оның қызметі әлі күнге дейін толық айқындалған жоқ деуге болады.

Аденогипофизде 22 гормон түзіліп қанға құйылады. Бұлар химиялық құрылысы бойынша троптық гормондар, аса маңыздылары: соматотропин немесе өсу гормоны (СТГ), тиреотропин (ТТГ), адренокортикотропин (АКТГ) және үш түрлі гонадотропиндер (ТТГ) - лютеиндеуші (ЛТГ), лютеотроптық (ЛСГ), фолликулстимулдеуші (ФСГ) жене ортаңғы бөлімінде түзілетін меланотропин (МТГ).

СТГ, яғни өсу гормоны, белоктың алмасуын жөне ұлпалардың өсуін реттейді, май мен көмірсутегінің алмасуына әсер етеді. Өсу гормоны балалардың бойының өсуіне әсер етіп, ересек адамдарда майдың алмасуына ықпал ету арқылы энергияның пайда болуына мүмкіндік тудырады. Соңғы зерттеулерге қарағанда СТГ денедегі майды ыдыратып, организм оны энергия ретінде пайдаланады да, глюкоза қантын жүйке жүйесінің қорегі ретінде сақтайды. Соматотропин гормоны әйелдің сүт безінде сүттің түзілуіне де әсер етеді деген мәліметтер бар. Өсу гормоны ұлпаларға тікелей әсер етпей, медиаторлар арқылы әсер етеді. Бүл гормондардың медиаторының қызметін МТГ адам терісінің түсін жөнге келтіреді. Оның мөлшері көбейсе, дене терісінде сүттей ақ, ал азайса -қоңыр дақтар пайда болады. Егер ол мүлде түзілмесе, адамның барлық денесінің терісі сүттей аппақ болып, күн шалмайды (күнге күймейді). Бүған қоса, меланотропиндер көздің жарық қабылдағыш аппараттарының қызметін күшейтіп, қараңғылыққа бейімделуге және естің қалыптасуына қатысады.

Нейрогипофизде вазопрессин мен окситоцин деп аталатын нейросекреттер белсенді қалыпқа келтіріледі. Химиялық құрамы жағынан бұлар нанопептидтер, яғни аминқышқылдарының 9 қалдығынан құрылған. Бұлар супраоптикалық және паравентрикулярлық ядроларда түзіледі де, аксондар арқылы нейрогипофизге келеді. Нейрогипофиз бұл гормондарды қор етіп етіп сақтайтын орын. Бұл жерде олар белсенді қалыпқа келіп, қанға құйылады және қан арқылы бүкіл денеге тасылады. Вазопрессинді антидиурездік гормон (АДГ) деп те атайды. Ол бүйрек каналшаларында судың қанға қайта сіңуіне әсер етеді. Нейрогипофиздегі бұл гормонның гиперсекрециясыңда қантсыз диабет ауруы пайда болып, тәулігіне бірнеше литр несеп бөлінеді. Оның ықпалынан тегіс мускулатураның және ішектің артерияларының қызметі күшейеді, қанның артериялық қысымы артады.


Окситоцин жатырдың жиырылуын камтамасыз етіп, әйел босанып жатқанда баланың сыртқа шығуына көмектеседі. Сонымен қатар, окситоцин сүт бездерінің альвеолаларының эпителий клеткаларын жиырып, сүттің сүт жолына, одан баланы емізгенде емшектен сүттің шығуын реттейді. Окситоциннің қанға шығуына бала сорғанда емшектің үшын тітіркендіруі арнайы қоздырушы ролін атқарады.

Гипофиз безінің аурулары басқа аурулармен салыстырғанда мектеп жасына дейінгі балалар өмірінде онша маңызды орын ала қоймайды. Дегенмен, келесі ауруларды мысал ретінде келтіруге болады. Айталық, кішкентай балаларда кездесетін жартылай (парциалды) гигантизм немесе жартылай алыптық. Бұл ауруды көп емдеген В, И. Молчанов оны туа пайда болған кемшілікке жатқызады. Жартылай алыптың бүкіл денесі емес, тек қана кейбір мүшелері (саусақтары, бір аяғы, бір қолы) тез өсіп, басқа денесінен ерекшеленеді. Қантсыз диабет ауруында бала шөлдей береді, суды өте көп 10-15 литрге дейін ішеді, жиі дәретке отырады, жүдейді.

Бастауыш сынып оқушыларында гипофиз безінің қызметі ересек адамның безінің қызметіне жуық деуге болады.

3. Эпифиз безінің жас ерекшелігі мен гормондары. Эпифиз немесе домалақ бездің пішіні домалақ, бірақ жалпайған. Ол ортаңғы мидың жоғарғы бөліктерінің арасында орналасқан. Жаңа туған нөрестеде оның үзындығы 3 мм, ені 2,5 мм, қалындығы 2 мм. 4 жасқа дейін эпифиз өсіп, оның көлемі артады. 4 жаста үзындығы 9 мм, ені 6 мм, қалындығы 3 мм болады. Ересек адамда осы көрсеткіштер онша өзгере қоймайды, бірақ салмағы аздап қосылады. Эпифиз 4 жасқа дейін ғана дамығанымен, одан өрі қарай оның клеткалары кішірейіп, қарапайымдалады, ал одан өрі қарай дөнекер ткандері көбейеді. 8 жастан кейін без тығыздалады. Дегенмен, жасөспірімдер мен жігіттерде бойжеткендерде без клеткаларының қызметінің белсенділігінің барлық белгілері орын алып, протоплазмасындағы түйіршіктер дамиды және ядролары бөлінеді. Ересек адамдарда бүл бездің клеткаларының тіршілігі тұрақталады, цитоплазмадағы түйіршіктерінің саны аздап кемиді. Кейбір ғалым-мамандар мұны без ұлпаларының белсенді секреторлық қызмет атқаруының белгісі санайды.

Эпифиздің ішкі қабаты жалпақ эпителий клеткаларымен көмкерілген. Соңғы жылдардығы ғылыми мәліметтер бойынша эпифизде 3 гормон — меланин, гломерулокортикотропин және контргипоталамус-гипофизарлық гормондар өндіріледі.Гипофиздің меланоцитотропин гормоны терінің пигменттік қасиетін реттесе, меланин теріні түссіздендіреді,
демек екеуінің арасыңда қарама-қайшылық бар. Контр гипоталамус-гипофиз гормоны гипофиздің қызметін тежейді, сөйтіп гипофиздегі гонадоптропин гормонының өндірілуін азайтады.

Эпифиздің ертінді тұнбасын денеге еккенде бүйрек үсті безінің аумағы кішірейіп, ондағы аскорбин қышқылы (витамин С) және майлы заттардың мөлшері азаяды, өйткені гломерулокортикотропин гормоны бүйрек үсті безінің қызметін тежейді. Ал бүйрек үсті безінің қызметі күшейгенде эпифиздің қызметі, керісінше, төмендейді. Олай болса, осы екі бездің арасында кері қарым-қатынас бар.

4. Қалқанша безі мен оның гормондарының бала организміне әсері. Адамның қалқанша безі сыңар мүше. Бұл без көмейдің алдында орналасқан екі боліктен және оларды қосып тұрған без сабынан тұрады. Безді қоршаған дәнекер ұлпасы ішіне қарай өтіп, оны бірнеше бөлшекке бөледі. Бөлшектер адамның жасы ұлғайған сайын өсіп, көбейеді. Жаңа туған нәрестенің қалқанша безінің салмағы 1 г, 6 айда 2 г алғашқы жылғы баланың өміріңде без ұлпасы айтарлықтай өсе қоймайды да, салмағы 1 жаста 3 г ғана болады. 3-4 жаста 7 г, 5-6 жаста 10 г болып, 12-15 жаста без клеткалары жылдам өсіп жетіліп, 16-20 жаста 25 г болады. Ал ересек адамда бездің салмағы 35-37 г жыныстық жетілу кезінде, негізінен, бойжеткендердің қалқанша безінің уақытша болады көлемі ұлғаяды, себебі қыздардың жыныс гормондары іске қосылады және аналық бездердің гормондарының циклды өзгерістері туады. Без клеткаларының қанға толуына байланысты мөлшері өзгермелі келеді. Бездің қызметі баланың ұрық кезінде басталады. Қалқанша безінде 3 гормон түзіледі: тироксин, трийодтиронин және кальцитонин бұл гормондар зат алмасуын удетуші, биохимиялық реакцияларды тездетеді. Олар барлық мүшелерге, әсіресе орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Тироксин жүйке жүйесінің қалпын сақтауға күшті әсер еткендіктен оның қандағы мөлшері өзгергенде ең алдымен жүйке жүйесінің қызметі нашарлайды. Жекелеп алғанда тироксин судың алмасуын реттейді, бүйректе судың қанға қайта сіңуіне ықпалын тигізеді, белоктың, майдың, көмірсутегінің алмасуына, организмдегі негізгі зат алмасуына, қан клеткаларының пайда болуына әсер етеді. Тіпті жүректің қызметіне де күшті әсері бар. Бұл гормонның ұрықтың дамуында маңызы тіпті зор. Оның ұлпаларының өсуі мен қызмет атқаруға бейімделуін күшейтеді Қалқанша бездің гормондары организмдегі иммундық қасиеттерге әсер етіп, аллергиялық жағдайдың және инфекцияның дамуына ықпалын тигізеді.

Қалқанша безінің тиреоидты гормондары ұрықтың өсіп