Файл: азастан республикасы ылым жне жоары білім министрлігі ОРыт ата атындаЫ ызылорда университеті жаратылыстану институты.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 461
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Көздің шыны тәрізді денесі жарық сыңдырғыш құрылымдарының ішіндегі ең күштісі. Мұнда жеткен жарық сәулелері сынып, торлы қабықтың үстінде фокустық нүктеде жиналады. Егер шыны тәрізді дененің жарық сыңдыру қабілеті тым күшейсе, сәулелер торлы қабыққа жетпей фокусталып, ал нашарласа одан асып жиналады. Мұндай жағдайларда заттың бейнесі бұлдырланып, анық көрінбейді. Шыны тәрізді дене кебе бастаса да, көру қабілеті төмендейді. Оның 1/3 бөлігі жойылса, көздің көру қабілеті жойылады, ал одан аз мөлшері кемісе, көздің камераларының сұйығы арқылы толтырылады. Шыны тәрізді денеде сәулелердің сынуына байланысты заттың бейнесі аударылып көрінеді. Сондықтан да кішкентай бөбектер май шамның отына қызығып, қолын созып ұстағанда ол отты емес, май шамның ұшын ұстайды.
Көздің торлы қабығындағы таяқша және сауытша тәрізді клеткаларда фокустық нүктелерде жинақталған сәулелердің әсерінен олардың ішіндегі ерекше арнайы заттар фотохимиялық реакцияларға түсіп, ыдырай бастайды. Таяқша клеткаларда родопсин, сауытша клеткаларда иодопсин деп аталатын заттар болады.
Жарықты қабылдау. Таяқша клеткалардағы родопсиннің түсі қошқыл, ал сауытша клеткалардағы иодопсиннің түсі күлгін.Жарық сәулелерінің әсерінен родопсин ретген мен опсинге ыдырап, пайда болған заттар жарық толқындарының . ұзыңдығына лайық көру нервінің ұштарында қозу тудырады. Қараңғыда петинен мен опсин қайта қосылып родопсинге айналады.Ретинен А витаминінің туындысы, қараңғыда А витамині ретиненге айналады.Сондықтан бұл витамин организмге жеткіліксіз мөлшерде болғанда ондай адамның ымыртта, қараңғыда көру қабілеті төмендеп жойылады.Мұндай кемшілікті ақшам соқыр немесе соқыр тауық, немесе гемералопия (лат. гемералопия — тауық көз) дейді. Таяқша клеткалар өте әлсіз — 0,01 люкстен кем жарық сәулелерін сезеді.
Ал сауытшалардағы иодопсин сәулелердің әсерінен иодинен мен опсинге ыдырайды. Фотохимиялық реакцияның негізінде пайда болған қозу таяқша және сауытша клеткаларымен байланысқан көру нервінің орталыққа тебетін афференттік үштары арқылы ортаңғы мидағы көру төмпешіктеріне жетіп, одан әрі ми сыңарларының қыртыстарының желке тұсында орналасқан көру орталығына барады. Онда талқыланып, жинақталып,
заттың бейнесі туралы сезім туады. Көру талшьғының торлы қабығындағы рецепторлары афференттік жүйке талшығы арқылы заттың бейнесінен келген сәуленің әсерінен пайда болған қозу импульстерін бір-ақ рет орталыққа жібереді. Содан кейін орталыққа сол заттың өзгерістері туралы ғана мәлімет тасиды, онда пайда болған өзгерістерді немесе заттың бейнесінің жойылуы жөнінде т. б. ақпараттар жіберіледі. Сондықтан затты көру сезімі ең алғаш көзді сол затқа тігіп қарағанда, яғни көз түскенде ғана пайда болады. Көру талдағышының қозғыштығы торлы қабықтағы жарық сезгіш заттардың фотохимиялық реакциясына байланысты фотохимиялық реакцияның пайда болуына байланысты көздің қозғыштығы төмендейд.Мұны жарыққа бейімделу немесе жарық адаптациясы (лат. адаптация — бейімделу, үйрену) дейді. Мысалы, қараңғы жерден жарық бөлмеге кіргенде, алғашқы кезде ештеңе көрінбейді де, сол уақыттан соң бөлмедегі заттар мен отырған адамдар көріне бастайды. Жарық неғұрлым көп болса, солғұрлым көздің қозғыштығы төмен болады. Ал қараңғыда көздің қозғыштығы күшейіп, қараңғыға бейімделеді. Қараңғыда сауытша келеткалардың сезімталдығы 20-50 есе, таяқша клеткалардың - 200-400 есе артады.Жарыққа немесе қараңғыға бейімделу мен көру қабілетінің деңгейі түрлі жағдайға байланысты.Жейтін тамақтың құрамында А витамині аз болғанда, оттегі жетіспегенде, шаршағанда көздің өткірлігі нашарлайды.
Дегенмен жаттықтыру арқылы оны күшейтуге де, бейімделу қабілетін арттыруға да болады. Жалпы алғаңда көз әрбір 25 сек сайын сәл қимылдап тұрады. Егер тез қозғалмаса, онда затты аздан кейін көрмей қалар едік. Сондықтан қозғалмайтын затты көруде көз еттерінің қызметінің маңызы зор.
Көздің заттың түсіне бейімделу қабілетінің де маңызы бар. Заттың түсі, бояуы туралы сезім көру талдағышына ұзындығы әртүрлі жарық толқындары әсер еткенде туады. Көздің жарық толқыңдарын қабылдау қабілеті 390-760 нанометр (нм) шамасында. Олардың әр толқыны ұзындығына байланысты бір түсті сезім тудырады. Мысалы, көк түсті сезім 450-480 нм, күлгін түсті 390-450 нм, қызыл түсті 620-760 нм т. с. с. жарық сәулелерінің толқыңдарының ұзындығына байланысты.
Түсті жарықты қабылдау ілімінің негізін алғаш рет М. В. Ломоносов 1756 ж қалаған. Т. Юнг пен Г. Гельмгольц (1801) мұны әрмен қарай дамытқан.Олардың үш құрамды жарық қабылдау қағидасы бойынша торлы қабықта сауытша тәрізді клеткалар 3 түрлі болады. Оның бірі қызьл түсті жарық толқындарын, екіншісі — жасыл, үшіншісі — күлгін түсті жарық толқындарын сезеді. Бұған қоса, көру нервінің
афференттік талшықтары 3 түрлі болады. Олардың әрқайсысы сол 3 түрлі жарық толқындарының әсерінен пайда болған өзіне тән қозуды тасиды, яғни ол талшықтар сол түсті сауытша клеткаларымен байланысты. Қалыпты жағдайда көзге әртүрлі ұзындықтағы сәулелер әсер еткенде бір мезгілде 2 немесе 3 түрлі сауытша клеткаларда реакция пайда болады және оған қатысатын сауытшалардың саны да әртүрлі болады. Сондықтан осы үш түрлі клеткалар тобы арқылы адам жарықтың көп түрлі түстерін айыра алады. Ал жарық әсер еткеңде заттың түсін нақтылы білу жаттығуға байланысты.
Кейбір адамдар заттың түсін мүлде анықтай алмайды. Мұндай кемшілікті осы аурумен ауырған ағылшын ғалымы химик Дальтонның атымен дальтонизм деп атайды.
Дальтониктер барлық түсті заттарды сұр немесе қоңыр түсте қабылдайды. Бұл кемшілік әрбір 100 азаматтардың 4-5 ер адамында байқалады. Әйелдерде бұл кемшілік өте аз кездеседі, не бары 0,5 % ғана.
3. Дыбыс талдағышының шеткі бөлімі - ішкі құлақта орналасқан. К о р т и м ү ш е с і, өткізгіш бөліміне - д ы б ы с н е р в і, қыртыс бөліміне самай тұсында орналасқан дыбыс есту орталығы жатады. Дыбыс талдағьшыньң ең шеткі бөлімі құлақ үшке бөлінеді: сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ болып.
Дыбыс нервтері сопақша мида бір-бірімен түйісіп, бағытын ауыстырады: оң жақ құлақтан келген дыбыс жүйкесі сол жақ самайға, ал сол жақ құлақтан келген нерв қозуды оң жақ самайға өткізеді. Дыбыс талдағышының қыртыс бөлімі ми қыртысының самай тұсында жатқан сенсорлық (41 аймақ) және ассоциативтік (22, 42 аймақтар) зоналардан тұрады. Сенсорлық зона бұзылғанда толық керең, ал ассоциативтік зонаның 22-аймағы бұзылғанда музыкалық керең, 42-аймақ бұзылғанда сөз кереңдігі пайда болады.
Құлақ күрделі құрылысты мүше. С ы р т қ ы қ ұ л а қ қалқаны мен сыртқы құлақ түтігінен тұрады. Құлақ қалқаны дыбыс толқындарын жинап, сыртқы дыбыс түтігі арқылы дабыл жарғағына жібереді. Дыбыс толқындары екі құлаққа әртүрлі мерзімде жетуіне байланысты құлақ қалқандары дыбыстың бағытын, шыққан орнын анықтайды.
Дабыл жарғағы сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан бөліп тұрады. Ол ішіне қарай ойыңқы құрылысты. Оның қалыңдығы ересек адамда 0,1 мм, кеңістікте 45 градусқа көлбеу орналасқан. Ортаңғы құлақ самай сүйегінің қуысында орналасқан дабыл қуысынан тұрады. Сол қуыста 3 дыбыс сүйектері бар: балғаша, төсше, үзеңгіше. Ортаңғы құлақтың қуысын мұрын-жұтқыншақ қуысымен байланыстыратын Эвстахи түтігі бар. Бұл түтік ауыз,мұрын қуысынан келген ауаны ортаңғы құлақ қуысына өткізіп, дабыл жарғағының екі жағындағы ауаның қысымын теңестіріп тұрады. Балғашаның сабы дабыл жарғағымен ұштасқан. Балғаша төсшемен, ол үзеңгімен буындасқан. Үзеңгішенің табаны ішкі құлақтың сопақша тесігін жауып тұрады. Сопақша тесіктің беті жұқа жарғақпен жабылған.
Дабыл жарғағының ауданы 70 мм2, ал үзеңгішенің ауданы 3,2 мм2, яғни 22 есе кем, сондықтан табиғи физикалық заң бойынша дабыл жарғағынан үзеңгішеге өткенше тербеліс амплитудасының 2,5 есе төмендеуі арқылы сопақша тесікке қысымды сонша есе күшейтеді. Осыған байланысты ортаңғы құлақтан өткенше тербеліс 50-60 есе күшейеді.
Ішкі құлақта екі талдағыштың шеткі бөлімдері орналасқан: біріншісі, вестибулярлық аппарат, бір-біріне перпеңдикуляр орналасқан жартылай айналмалы 3 каналдар мен олардың табалдырығынан тұрады; екіншісі, ұлу сүйегі - есту мүшесі.
Ұлу сүйегі тәрізді құрылым екі жарым есе айналым жасайтын спиральды сүйек түтігі. Оның ішінде екі жарғақ бар: вестибулярлық және негізгі. Бұл жарғақтар ұлу сүйегінің каналын үшке бөледі: жоғарғы, ортаңғы және төменгі. Жоғарғы және төменгі қуыстар перилимфа сұйықтығына толы болып, ұлу сүйегінің үстіңгі жағында кішкентай тесік арқылы бір-бірімен жалғасады. Сол тесік арқылы перилимфа араласып тұрады. Үзеңгіше сопақша тесіктің жарғағын итергенде жоғарғы қуыстағы перилимфа төменгі қуысқа құйылып, ішкі құлақтың дөңгелек тесігінің мембранасы ортаңғы құлаққа қарай ығысады.
Вестибулярлық және негізгі мембраналардың арасында ортаңғы немесе жарғақты канал болады. Оның ішкі қуысы тұйық. Іші эндолимфа сұйығына толы. Құрамы жағынан эндолимфаның перилимфадан айырмашылығы бар эндолимфадағы калий ионы перилимфадағыдан 30 есе артық, ал натрий ионы 20 есе кем.
Негізгі мембрана бір-біріне көлденең орналасқан, әлсіз байланысқан 24 мың дәнекер талшықтардан тұрады. Ұлу сүйегінің түп жағындағы талшықтар қысқа, ұзындығы 0,4 мм, ал жоғарғы жағында ұзындау - 0,5 мм болады. Негізгі мембранада корти мүшесі орналасқан. Ол - дыбыс қабылдаушы негізгі мүше.
Корти мүшесі түкті клеткалардан тұрады. Әрбір түкті клетканың жоғарғы жағыңда ұзындығы 4 микрон 60-70 түктері болады. Негізгі мембрана шайқалғанда оның түктері жабық мембранаға тиіп, тітіркенеді. Рецепторлық клеткалармен жалғасқан дыбыс нерві арқылы қозу қыртыс бөліміндегі дыбыс орталығына барады.
Бақылау сұрақтар
-
Талдағыштар деген не, оларға қандай мүшелер жатады? -
Барлық талдағыштарға ортақ қаңдай бөлімдер бар? -
Талдағыштардың қаңдай ортақ қасиеттері бар? -
Көздің қосымша аппараттарына нелер жатады, олардың жас ерекшеліктері қаңдай? -
Көздің жарық сыңдырғыш аппараттарына не жатады, олар баланың жасына сай қалай өзгереді? -
Көздің торлы қабығының құрылысы мен ондағы таяқша және сауытша клеткалардың қызметі қаңдай? -
Құлақтың жалпы құрылысы мен оның баланың жасына байланысты өзгеруі. -
Ішкі қүлақта қандай талдағыштардың қабылдағыш бөлімдері орналасқан? -
Адам дыбысты қалай қабылдайды және оның бағытын қалай анықтайды?
Лекция №6-7
Тақырыбы: Жасөспірімдер эндокринологиясы
Жоспары:
1.Ішкі секрециялық бездер. Гормондар.Гипоталамо – гипофизикалық жүйе, оның басқа ішкі секрециялық бездер қызметін реттеудегі ролі.
2.Қалқанша, бүйрек үсті, ұйқы, жыныс бездері, олардың организм дамуы,өсуі,жыныстық жетілуі процестеріндегі ролі.
3.Жыныстық жетілу стадиялары, соңғы жыныстық белгілердің дамуы. Жыныстық жетілудің физиологиялық әлеуметтік екендігі туралы.
Лекция мақсаты: Организмдегі барлық безсерді танып білу.
Лекция мәтіні:
1.Организмде бездер көп, барлық бездерді ішкі және сыртқы секрециялық бездер деп екі топқа бөледі. Сыртқы секрециялық (лат. секреция — сөл шығару) бездердің өзектері арқылы олардың өнімдері, яғни секреттері (лат. секрет-без өнімдері) қуыс мүшелерге құйылады (мысалы, ауыз қуысына сілекей безінің өнімі -сілекей )шемесе дененің сыртына шығады (мысалы, тер безінің өнімі - тер дененің сыртына шығады). Сондықтан оларды сыртқы секрециялық немесе экзогендік (грек. экзо - сыртқы, сыртқа гея-тек, болмыс) бездер деп атайды. Бұларға сілекей, қарын, май, тер, ішек және қарын асты бездері, бүйрек, бауыр т.б. жатады. Ал і ш к і секрециялық немесе эндокриндік (грек. эндон - ішкі + крино –бөліп шығару) бездердің өнімі тікелей қанға құйылатын ерекше мүшелер жүйесіне жатады: Олардың өз өнімдерін сыртқа шығаратын өзектері болмайды. Олардың өнімі тікелей қан тамырлары арқылы қанға сіңеді де, қанмен бүкіл денеге тарап, мүшелердің қызметіне әсер етеді. Ішкі секрециялық бездер зат алмасу процесіне қатысады, сөйтіп адам организмінің күллі тірлігіне өз ықпалын тигізеді.