Файл: азастан республикасы ылым жне жоары білім министрлігі ОРыт ата атындаЫ ызылорда университеті жаратылыстану институты.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 467

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
немесе жыныстық нейтральдық мерзім, яғни инфантильдік (исп. Инфант - бала) шақ деп есептейді. Негізінде, 8-10 жасқа дейін балаларда қосымша жыныс белгілері болмайды. Олардың өсуі мен дамуында жыныстық айырмашылық жоқ.

Ересек ер адамның жыныс безінің салмағы 20-30 г, 8-10 жасқа дейін 0,17 —0,18 г. Ересек әйелдің аналық безінің салмағы 5-8 г, жаңа туған қыз балада 0,2 г, 5- жаста 1 г, 8-10 жаста 1,5 г.

Е р л е р д і ң жыныс бездері - қос мүше. Олардың сырты тығыз дәнекер ұлпалардан тұратын капсуламен қапталған, мүны белоктық қабық деп атайды. Ерлердің жыныс безі немесе аталық безінің артқы жағындағы белоктық қабық қалындап г а й м о р денесіне айналады. Гаймор денесінен бездің ішкі жағына қарай радиальды түрде дәнекер ұлпадан тұратын құрылым безді бірнеше бөлікке бөледі. Мұндай әрбір без бөліктерінде арасы дәнекер ұлпаға толған шәуһет каналшалары болады. Шәуһет каналшалары үзын иірім жөне қысқа тік бөлшектерден тұрады. Иірім каналшада спарматогенез, яғни аталық жыныс клеткасының дамуы өтеді. Сондықтан оның қабырғасында әртүрлі даму кезеңіндегі аталық ұрық клеткалар — сперматозоидтар және оған қоса Сертоли клеткалары орналасқан. Сертоли клеткалары үрық клеткаларын қоректендіреді, аталық ұрық клеткалары дамыған сайын каналшаның саңлауына қарай қозғала отырып, жетілген сперматозоидтар азғантай сұйықпен қоса каналшаның саңлауына жетеді. Ұрық каналшаларының арасында нәзік дәнекер ұлпадан тұратын бөлшектерінде Лейдингтің интерстициялық клеткаларының топтары бар. Осы клеткаларда аталық жыныс гормондары өнеді. Иірім шәуһет каналшалары кішкентай нәрестелерде ұрықтық күйінде қалып, 7-8 жаста ғана қалыптасады.

9 жаста ірі сперматоцидті клеткалар каналшалардың ішінде екі қатар орналасады, ал каналшалардың арасында сперматидті клеткалар орын алады. Каналшалардың құрылысы 14 жаста ғана өзгереді де, каналшалардың арасында алғаш рет пресперматидтер мен сперматидтер пайда бола бастайды. 16-17 жаста жігіттердің каналшаларының арасында сперматоидтар, ал сперматид клеткаларыңда алғашқы тестостерондар өне бастайды.

Ерлердің жыныс бездерінде қосымша қуық түбі безі (простата) мен шәуһет көпіршіктерінің маңызы үлкен. Ересек азаматтың қуық түбі безі жыныстық жетілу мерзімі жақындағанда дами бастайды да, шамамен 17 жаста толық жетіледі. Оның ұзындығы ер азаматта 2,5-4 см, ені 2,5-5 см, қалыңдығы 1,7-2,3 см салмағы 17-28 г шамасында өзгеріп отырады.


Аталық жыныс бездерінде аталық гормондар тобына жататын тестостерон гормоны өнеді. Тестостеронның алмасуы негізінде андростерон және басқа жыныс гормондары түзіледі. Жалпы алғанда аталық гормондар андрогендер тобына жатады. Олар өзінің физиологиялық қызметін атқарғаннан кейін біразы ыдырап, ал қалғаны бауырдың ішінде глюкурон және күкірт қышқылдарымен қосылып өт пен несептің құрамында организмнен сыртқа шығады.

Андрогендер тобындағы гормондар бауырда, бүйректе және бұлшық еттерде белоктың түзілуіне әсер етеді, жоғарғы жүйке әрекетіне ықпалы зор, жоғары жүйке арқылы жыныс қылықтарының қалыптасуына және тежелудің тепе-теңдігіне әсер етеді.

Тестостерон гормоны ер адамның қосымша жыныс белгілерінің пайда болуына, ер балалардың сыртқы жыныс мүшелерінің өсіп жетілуіне, әр адамға лайық сақал-мүрттың, денедегі түктердің, көмейдің дыбыс жарғақтарының өсуіне әсер етеді. Гипофиздің фоллукулстимулдаушы гормонымен бірге тестостерон жыныс бездерінің дамуына әсер етеді. Зат алмасуына қатысып, белоктың синтезделуін реттейді. Сөйтіп денеде калий, фосфор және кальцийдің сақталуына әсер етеді. Осы қызметіне байланысты бүйрек үсті бездерінің андрогендерімен бірге жыныстық жетілу кезінде ер балалардың бұлшық еттерінің күшті дамып, жас өспірімдердің тез өсуіне әсер етеді. Ер балалардың жыныс бездерінің гипер- және гипофункциясына байланысты бірнеше аурулар кездеседі.

Андростеронның гормондық белсенділігі шамалы, тіпті болмайды деуге де болады. Бірақ ол ыдырағанда андростерон - 3,17-дион тестостеронның құрамына кіретін андрогендік гормондардың бір бөлігі болып қалады.

Жыныс бездерінің гормонактивті ісіктері балаларда аз кездеседі. Дегенмен Мәскеу облысының урологиялық ғылыми зерттеу институтынң мәліметіне қарағанда бұл ауру 0,4-1,2 % шамасында байқалады. Оның ішінде балалардың жыныс бездерінің ісіктері мүлдем аз болса да, көбінесе 6 жастағы ер балаларда кездесіп тұрады. Ондай баланың аталық безі үлкейеді, ісік бір жақты болуы да мүмкін, бала тез өсе бастайды, көп мөлшердегі тестостерон эпифиз безінің гормонын тежеп, өсу тоқталады, баланың денесінде қосымша жыныс белгілері пайда болады, оның бойында ересек ер адамның дене сымбаты қалыптасады. Балалардың интерстициялық ісіктері операция жасап сылып алып тастағаннан кейін жазылады. Олардың психикасы өзгереді, тез ашуланады, төбелесқор, айтқанынан қайтпайтын қайратты болатыны тестостеронның жүйке жүйесіне әсерін көрсетеді.



Тестикулярлық гипофункцияның негізінде жас өспірімдер мен ересек ерлерде етектік байқалады. Ондай жастар жыныстық жетілмейді немесе өте нашар жетіледі, қосымша жыныс белгілері пайда болмайды, дауысы жіңішке болады, қатаймайды, сыртқы жыныс мүшесі өспейді, беті ісіктеу болып, денесін май қаптайды, әйелдер пішінді семіру (май клеткалары қоңына, қынына, кеудесіне жиналады) байқалады, дене пропорциясы дұрыс болмайды, яғни аяқ-қолдары ұзын, тұла бойы қысқа болады.

Мектеп жасына дейінгі балаларда бүл ауруды көбінесе анықтау қиын. Ол тек 10-12 жаста жыныстық жетілу кешіккенде ғана білінеді. Жыныс бездерінің гормондары жыныстық жетілуге дейін бала организмі үшін маңызды болғандықтан жыныс бездерінің гипофункциясының аурулары жыныстық жетілуге дейін белгісіз болады. Тек қана мезгілінен бұрын ғана пайда болған жыныстық жетілу, яғни гиперфункциясы ғана байқалады. Ондай гиперфункция тек қана ісікке байланысты туады.

10. Ер және қыз балалардың жыныстық жетілуі.

Эмбрионның үшінші аптасында жыныстық жетілу басталады. Бұл кезде алғашқы жыныстық белгілер пайда болады. 4-5 айдағы ұрықта жыныстық белгілер айқынырақ. Бұл кезден бастап аталық жыныс безінің өсу қарқыны 1 жасқа дейін біркелкі, 1 жастан бастап жыныстық жетілу басталғанша өте баяу дамиды, оның мөлшері де айтарлықтай ұлғаймайды. Ал аналық жыныс безінің өсу қарқыны ұрықтық дамудың 7-9 айында және 1 жасқа дейін күшті болады, сонан соң 7-9 жасқа дейін өсуін күрт баяулатады. Осыған байланысты балалық кезең ер балаларда 9-11, қыз балаларда 7-9 жасқа дейін созылады. Аталған мерзімдерге дейін ер балалар мен қыз балалардың өсуі мен дамуы бірдей болады. Олар бір-бірінен алғашқы жыныстық белгілер мен әр жынысқа тән тұқым қуалайтын психикалық ерекшеліктер бойынша ғана ерекшеленеді.

Бұл кезеңде ер балаларда жыныс безінің ұрық жасайтын түтіктері жіңішке, әлсіз және оның өзі де әлі жіктеле қоймаған эмбриондық эпителий клеткаларының бір қабатынан ғана тұрады. Қыз балаларда аналық жыныс безі эмбриондық кезеңде фолликулалардан тұрады. Олардың өсуі өте баяу. Қабықтанған фолликулалардың саны өте аз, ал Грааф көпіршігі мүлде болмайды. Бұл мезгілде ер және қыз балалардың несебінде андрогендік және эстрогендік гормондар біршамада және аз болады. Бүл гормондар жыныс безінде түзілмей, тек бүйрек үсті безінің қыртыс қабатында өнеді.

Жыныстық жетілу ер балаларда 10-11 жаста, қыз балаларда 9-10 жаста басталады. Осы уақыттан бастап ер балалардың жыныс мүшесі өсе бастайды. Жыныс бездері жетіледі. 12 жастан аса көмекші жыныс белгілері: көмекейі өсіп, дауысы қатаяды. 13-14 жаста ер адамға лайық қаңқа ерекшеліктері пайда болады, сондықтан баланың сымбаты өзгереді, әр адамға тән қасаға түктері пайда болады. 15 жастан аса қолтығында түктер өседі, сақал-мұрты шыға бастайды, сперматогенез басталады, ұйықтап жатқанда шәуһет бөліне бастайды. 18 жастан аса жігіттің жыныстық жетілуі аяқталады. Ер бала біртіндеп ержетіп, жігіт, одан әрі ересек адам болады. Қыз балалардың жыныстық жетілуі ер
балалардан ертерек басталып, 8 жастан-ақ әйел пішіндес қаңқа ерекшеліктері пайда бола бастайды. Жамбас сүйектері өседі де, жамбас қуысы кеңейеді. 10 жасқа жақындағанда емшегі өседі. 13-15 жастан бастап бойы жылдам өсіп, қолтығында, қасағасында әйелдерге тән түктері шығады, етеккір келеді. 16-18 жаста бойжеткеңдер толық жыныстық жетіледі. Бұл өзгерістер қыз баланың организміндегі жыныстық өзгерістердің пайда болуына байланысты.Жыныстық жетілу мерзімі жалпы алғанда балалар мен жастардың тұқым қуалайтын қасиеттеріне, жейтін тамағына, тұрмыс жағдайына, тәрбиесіне, тұратын жерінің ауа райына, ұлттық ерекшеліктеріне т.б. сыртқы ортаның жағдайларына байланысты. Ер және қыз балалардың жыныстық жетілуі бұл кезеңнің көптеген қиындықтарына тағы да біреуін қосады — бұл жыныстық тәрбие мәселесі. Балалар мен жастарды ж ы н ы с т ы қ тәрбиелеудің маңызы зор. Мүңдай тәрбие ерте басталғаны жөн. Дұрыс жыныстық тәрбие алған жастардың дендері сау, еңбек қабілеті жоғары, жасына лайық, болашақта дүрыс жақсы отбасын құратын болады. Жыныстық тәрбие бірнеше бағытта жүреді:

1. Ер бала мен қыз баланың арасындағы жыныс мүшелерінің айырмашылығын дұрыс, мезгілінде түсіндіру мектеп жасына дейін басталады. Шешеге, апа-қарындастарына, сіңлілері мен інілеріне деген көзқарасты қалыптастыру қажет. Оларға сыйлауды, қүрметтеуді үйрету отбасындағы әке-шешенің бір-бірімен дұрыс қарым-қатынаста болуынан басталады. Ер балаларға жұмыстың ауырын, қыз балаларға жеңілін жүктеудің негізін кішкентай балаларға дұрыс түсіндірсе ғана олардың арақатынастары дұрыс қалыптасады, үйлесімді бағытталады. Өйтпесе теріс түсініп, олардың арасында қайшылықтар туып, жалпы жыныстық көзқарастар теріс қалыптасады. Мұнымен қатар, жыныс мүшелерін күтуді, әсіресе кішкентай қыздарға үйрету қажет. Біртіндеп жыныстық жетілу басталғанға дейін жас өспірімдердің жыныстық жетілу белгілерін дұрыс түсіндіре бастаған жөн. Оларда жыныстық қарым-қатынас туралы алғашқы түсінік дұрыс болғанда ғана болашақ отбасы да бақытты, жақсы, үлгілі жанұя болады. Кішкентай балаларда жыныс мүшелерінің кір болуына байланысты қышыма пайда болып, бұл кейіннен 14-15 жастан бастап организмге (жыныстық қатынассыз қолмен нәпсіні қандыру) айналуы мүмкін. Оның алдын алып, болдырмау үшін денесі таза, жыныс мүшесіне қол тигізбей, ішкиімдері кеңірек болып, жыныс мүшесін қыспайтын киім киюін қадағалау керек. Балаларға жыныстық қызықтыру
тудыратын фильмдерді, әңгіме кітаптарды көрсетпеу керек. Балалармен бағытталған жыныстық қарым-қатынас туралы түсініктеме ертерек басталғаны жөн. Баланың бос уақытын текке кетірмей, пайдалы спортқа, еңбекке баулу керек. Тәрбиенің мұндай түрлері балалар бақшасында, отбасында, мектепте жүргізіледі.

2. Бастауыш сыныптарда қыздардың жыныстық жетілуі басталады. Осыған орай қыздардың ер балаларға деген ерекше ынтасы байқалады. Оның үстіне олардың денесінің өсуі күшейіп, өздерімен құрдас ер балалардан ерекшелене бастайды. Соңдықтан бастауыш мектептердегі жыныстық тәрбиенің маңызы өте зор. Қыздарға болашақта көрінетін етеккірдің себептерін, оған байланысты дене тазалығының маңызын алдын ала түсіндіріп, олардың психикасын дайындап, гигиеналық дағдыларын қалыптастыруға ат салысу керек. Бастауыш сынып мұғалімдері қыздардың аналарымен байланыса отырып, жыныстық тәрбиені ұйымдастыруы қажет. Осы бастан-ақ ер балалар мен қыздарға жыныстық айырмашылықтар, жыныс мүшелерінің құрылысы, жыныстық жетілу туралы алғашқы қажетті ұғымдар беріп, бағытты тәрбиені жүргізу керек. Балалардың "сырттан" алатын теріс бұзық ұғымдарының алдын алуы қажет. Мұны жыныс ерекшеліктерінің және оның гигиенасының маңызын түсіндіру арқылы іске асыруға болады. Қыз балалардың етеккірі келгенде, бұл -ата-ана үшін, бойжеткеннің өзі үшін - қуанышты жағдай деп қабылдап, етеккірі келген қыз балаға оның маңызын, болашақ ана бола алатынын, соған байланысты ер балалармен жыныстық қарым-қатынастар туралы ашық сөйлесіп, анасы дұрыс түсінік беруінің маңызы зор. Қыз бала өзінің болашақ ана екенін қорқынышты емес, болашақ отбасы үшін, ел үшін, халық үшін маңызды қуанышты жағдай ретінде түсінуі тиіс. Етеккір қыз үшін ауыртпалық емес, мақтаныш ететін жағдайлардың бірі ретінде болуы маңызды.

3. Жалпы алғанда жас өспірімдерге ретсіз жыныстық қарым-қатынастың жағымсыз жақтарын түсіндіру маңызды. Ерте және ретсіз жыныстық қарым-қатынас адамды ерте қартайтады, түрлі жыныстық аурулар жұқтыруы мүмкін. СПИД, мерез, сөз іспетті жұқпалы аурулардың тек жыныстық қарым-қатынастан туатынын, олардың зардабын түсіндірудің маңызы зор. Жоғары сынып оқушыларына жыныстық қарым-қатынас туралы арнайы әңгімелерді ер жене қыз балалармен жеке-жеке топтастырып өткізу тәрбиеші-мүғалімнің міндеті. Мұндай әңгімелерді арнайы мамандармен кездестіру арқылы өткізсе, жастардың ұғымы дұрыс қалыптасады, ал маман емес адамдар өз ойын айту арқылы дұрыс түсінік бермеуі мүмкін. Сондықтан тәрбиеші мезгіл-мезгіл мамандарды сыныпқа шақырып, жастардың тәрбиесіне қатыстыруы