Файл: азастан республикасы ылым жне жоары білім министрлігі ОРыт ата атындаЫ ызылорда университеті жаратылыстану институты.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 463
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
тиіс. Маман адамдар жастардың психикасын, аурудың даму барысын, белгілерін, зардаптарын жақсы білгендіктен дұрыс түсіндіріп айта алады.
Сонымен, қорыта келгенде, балалар мен жастарға жыныстық тәрбие беру ата-анасы мен мұғалімдердің ғана міндеті емес, бүл ел, халық үшін маңызды жалпы міндет.
Өкінішке орай, мүғалімдер мен ата-аналардың көбі жыныстық тәрбие мәселелерінен "аулақ жүруге" тырысады. Балалар мен жас өспірімдердің көпшілігі өзінің жыныстық дамуы жайындағы "сыпайы" сауалдарына жауапты ересек жолдастары мен достарынан алады, 20% әке-шешесінен, ал 9% ғана мүғалімдер мен тәрбиешілерінен алады деген зерттеу нәтижелері бар. Олай болса, жыныстық тәрбиелеуде мектеп пен ата-аналардың олардың бір-біріне сілтеп, уақытында тәрбие бермеуі жыныстық дамудың физиологиясы және ер азамат пен әйелдің қарым-қатынасы жайында теріс түсініктер туып, жағымсыз әдеттерге дағдылануына себеп болады. Кейіннен жас жүбайлардың көбінің отбасындағы өмірдің кемшіліктері олардың бала кезінен дұрыс бағытталған жыныстық тәрбие алмауынан болуы мүмкін деген болжамдар да таңғаларлық жағдай емес. Сонымен бірге, жыныстық тәрбие мүғалімдер мен тәрбиешілерден, ата-аналардан сыпайылықты, парасаттылықты талап ететін қиын тақырып, өйткені арнайы білімді, педагогикалық және ата-аналық әдептілікті қажет етеді.
Бақылау сұрақтары
3. Нейросекрет деп нені айтады, гормондардан айырмашылығы қандай?
7. Гипофиздің осу гормонының гипер- және гипосекрециясына байланысты баланың өсуінің кемшіліктері.
14.Бүйрек үсті бездерінің милы қабатының гормондары және олардың бала организміне әсері.
15.Бүйрек үсті бездерінің гипо- және гиперсекрециясындағы бала организмінің жағдайы.
16.Баланың ұйқы безінің гормондары. Балалардың қантты диабет ауруы, оның себептері.
17.Аталық бездің дамуы мен қызметі, гормондарының бала организміне әсері.
18.Аналық жыныс безінің дамуы мен қызметі, гормондарының әсері.
19.Ер балалар мен қыз балалардың жыныстық жетілу мерзімі және белгілері.
Лекция №8
Тақырыбы: Тірек- қимыл жүйесі және оның жас ерекшеліктері.
Жоспары:
1.Адам қаңқасы.
2.Қаңқаның қалаптасуы мен олардың иілістері.
3.Бас,аяқ –қол,ми сауыты және бет сүйектерінің дамуы.
Лекция мақсаты: Баланың тірек-қимыл жүйесінің маңызы, құрылысы, қызметі мен танысу.
Лекция мәтіні:
1. Кеңістікте қозғалып жүру, денені тік қалыпта ұстау, теңдікті сақтау қабілеттері адамның сүйек-ет жүйесінің қасиеттері мен қызметіне байланысты. Сүйек-ет жүйесіне, яғни тірек-қимыл аппаратына адамның қаңқасы мен бұлшық еттері жатады.
Қаңқа (скелет) екі жүзден астам сүйектерден тұратын адамның негізгі қатты тұлғасы. Олардың көбі бір-бірімен буын арқылы жалғасып, қозғалмалы келеді, Қаңқаға бұлшық еттер бекітілген. Ет пен сүйек адамның негізгі тірегі және оның қозғалуы, еңбек етуі осы сүйек-ет жүйесінің қызметіне байланысты.Ол жұлынның, мидың және көптеген ішкі мүшелердің сауыты болғандықтан, қорғану қызметін де атқарады, яғни жұмсақ мүшелерді (жүрек, бауыр, өкпе, ішек-қарын, бүйрек т.б) соққыдан және басқа да түрлі жағымсыз әсерлерден қорғайды. Соңғы кезде бұл жүйке зат алмасуына, әсіресе минерал заттарының мөлшерін бір деңгейде сақтауға қатысатыны анықталды. Бұлшық еттердің ұштары сүйекке бекітілген. Олардың көбі екі сүйекке бекігендіктен олардың қозғалысын іске асырады. Әрбір сүйекке екі, тіпті одан да көп еттердің ұштасуы мүмкін.
Еттердің негізгі қызметі — сүйектерді қозғау. Сол арқылы адамның еңбек етуін, күрделі жұмыстарды орындауын қамтамасыз етеді.Адамның қимыл-қозғалысы организмдердің эволюциялық дамуында қалыптасқан, оған тән морфологиялық және функциялық денені тік ұстауға, қимыл-қорғанысқа ет пен сүйектен басқа тірек-қимыл жүйесіне кіретін буындар, сіңірлер, тарамыстар қатысады.
Сонымен, сүйек-ет жүйесі негізінен тірек, қимыл-қозғалыс, қорғаныс, тұздардың алмасуына қатысу арқылы адам организмінде өте маңызды орын алады.
Сүйектің құрылысы мен құрамы. Адам қаңқасының негізі сүйек. Сүйек қан тамырлары мен нервтер өтетін сүйек каналдарының айналасында орналасқан о с т е о н деп аталатын жұқа пластинкалардан тұрады. Сүйектің сыртында сүйек қабы бар. Тек қана буындарда сүйек
қабының орнына шеміршек болады.Остеондардың орналасуына қарай сүйек екі түрлі заттардан тұрады: (тығыз және кемік заттар.)
Тығыз заттар кемік сүйектің сыртын да орналасқан. Олардың қалыңдығы әр сүйекте әртүрлі. Тірек-қимыл қозғалыс қызметтерін атқаратын сүйектердің тығыз заттары көп болады. Мысалы, ұзын сүйектің ортаңғы бөлімі диафизін де (грек- диафизис - жілік сүйектің ортасы).Кемік
сүйекте остеондар айқыш-ұйқыш орналасады да, арасында саңлаулары көрінеді. Олар қысқа, жазық сүйектерде, ұзын сүйектің екі жақ ұшында көп болады (Жілік майының
каналдарында сары түсті, ал кемігінде қызыл түсті май бар. Себебі кемік сүйектерде қан түйірлері эритроциттер, лейкоциттер жене тромбоциттер дамиды. Ересек
кадамның жілік қуыстарындағы май сары түсті келеді.Олар
көбіне май клеткаларынан тұрады.
Сүйек қабы сәл қызғылттау екі қабықтан тұрады: сыртқы және ішкі қабықтар. Сыртқы қабығы тығыз, ішкі қабығы жұмсақ, борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады. Ішкі қабығында сүйектердің өсуін қамтамасыз ететін клеткалар остеобластар болады.
Сүйек қабының қан тамырлары мен нервтері бар. Сүйектің 1/3 бөлігі органикалық және 2/3 бөлігі бейорганикалық заттардан тұрады.
Сүйекті күйдіргенде о с с е и н жанады да, бейорганикалық заттары қалады. Ондай күйдірген сүйекті оп-оңай сындыруға немесе үгуге болады. Сүйекті тұз немесе азот қышқылына салса, бейорганикалық заттары еріп, тек органикалық заттары қалады. Ондай сүйекті оңай майыстыруға болады. Демек, сүйектің жылтырлығы, серпімділігі оның органикалық затқа, ал мықтылығы бейорганикалық затына байланысты.
Сүйектің құрамы атқаратын қызметіне, адамның жасына қарай әртүрлі келеді. Салмақ көп түсетін сүйектерде, мысалы, бел омыртқа, жамбас, аяқ сүйектерінде минерал заттары көбірек болады.
Жас балалардың сүйегінде органикалық заттар, ересек адамда минерал заттары көбірек болады.
2.Қаңқаның құрылысы. Адам қаңқасы бас, тұлға, аяқ-қол сүйектерінен тұрады Т ұ л ғ а сүйектеріне омыртқа жотасы, 12 қос қабыргалар мен кеуде сүйегі жатады.
О м ы р т қ а ж о т а с ы - бүкіл дененің тірегі. Ол бір-бірімен буын арқылы жалғасқан 33-34 омыртқадан тұрады. Омыртқа жотасын беске бөледі: 7мойын, 12 көкірек немесе кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз, 4-5 құйымшақ омыртқалары. Мүның ішінде құйымшақ және сегізкөз омыртқалары бір-бірімен бірігіп кеткен, қалғандары жеке-жеке болады.
Әрбір омыртқаның денесі, доғалары және ө с і н д і л е р і болады. Омыртқаның тығыз жері - денесі. Омыртқалардың доғалары жұлын орналасатын омыртқа жотасының к а н а л ы н (өзегін) құрады. Омыртқаның 7 өсінділері бар: омыртқаның ортаңғы тұсынан басталып артқа қарай өскен 1 арқа өсіндісі, доғаның шетінен басталып жоғары жөне төмен бағытта орналасқан жүп 2 буын өсінділері, екі жанында орналасқан жүп бүйір өсінділері болады. Омыртқалардың жалпы құрылысы ұқсас болғанымен, өзіндік ерекшеліктері де болады.
І-ші мойын омыртқасы -
атлант немесе ауыз омыртқа тікелей бас сүйегімен жалғасады. Оның денесі және арқа өсіндісі болмайды, бір-бірімен бүйір денесі арқылы қосылып жатқан алдыңғы және артқы доғалармен шектескен сақина тәрізді. Ауыз омыртқа шұңқырлау үстіңгі буынымен шүйде сүйекпен, астыңғы тегіс буынымен екінші мойын омыртқамен жалғасады. Мұның омыртқа тесігі басқа омыртқалардан кеңірек болады. ІІ-ші мойын омыртқасының денесінен жоғары қарай бағытталған тісшесі болады. Ол тісшедегі алдыңғы және артқы буын беті арқылы ауыз омыртқамен, астыңғы жағыңдағы буын беті арқылы Ш-ші мойын омыртқасымен жалғасады.
Соңғы УІІ-ші мойын омыртқасының арқа өсіндісі ұзын болады. Көкірек омыртқаларының ерекшелігі — денесінің аддыңғы бүйір бетінде және көлденең өсінділерінде қабырға ойыстары деп аталатын буын беттері. Екі көкірек омыртқаларының жартылай буын ойыстары омыртқа жотасының буын ойыстарына айналады. Ол жерге қабырғаның басы кіреді. І-ші көкірек омыртқасының үстінде толық буын ойысы, астында - жартылай буын ойысы бар. Ал Х-шы омыртқаның үстіңгі жағында да жартылай буын ойысы болады. ХІ-ХІІ-ші омыртқаларда бір-бірден ғана буын ойыстары бар. Ауыртпалық көбірек түсетіндіктен бел омыртқаларының денесі жақсы жетілген және ірі келеді, әсіресе, соңғы У-ші омыртқа көкірек омыртқаларынан анағұрлым ірі болады. Эволюциялық даму кезінде қабырғалар көлденең өсінділерімен бірігіп бітуіне байланысты өсінділері ұзын болады.
Ересек адамның сегізкөз омыртқаларының арасы бірігіп сегізкөз сүйегіне айналады. Оның сыртқы ортасында бірігіп кеткен арқа өсінділерінен пайда болған ортаңғы сегізкөз қыры, оның екі жағынан бірігіп кеткен буын беттерінен пайда болған бүйір қыры, көлденең бүйір өсінділерінен пайда болған бүйір қыры болады. Біріккен омыртқа тесіктерінен пайда болған сегізкөз каналы омыртқа жотасы каналының жалғасы болып есептеледі. Оның алдыңғы және артқы бетінде нервтер мен тамырлар өтетін тесігі болады. Сегізкөздің бүйір жақтарында қүлақша төрізді жамбас сүйегімен жалғасатын буын беті болады. Оның артқы жағының бұдырлы жеріне тарамыстар бекиді. Ер адамның сегізкөз сүйегі әйелдер сүйегінен жіңішке және ұзындау болады. Адамның ІУ-У-ші қүйымшақ омыртқаларының денесі бірігіп құйымшақ сүйегіне айналған. Мүны жануарлардың құйрық омыртқаларының рудименті (қалдығы) деп есептейді. Олардың өсінділері жойылып, денесі ғана қалған. Тек І-ші құйымшақ омыртқасында ғана қалған өте қысқа көлденең өсінділері бар. Омыртқа жотасының өсуі баланың алғашқы 1 жасында жедел жүреді. Жаңа туған нәрестелердің омыртқаларыңца алты сүйектену нүктелерін көруге болады. Олар 1 жасқа таман біріге бастайды. Омыртқалардың эпифизі алғашқы жылы шеміршек күйінде сақталады. Омыртқа аралығындағы буындардың шеміршектері қалың және серпімді келеді. Сондықтан олардың омыртқа жотасы ересектермен салыстырғанда жеңіл қимылдайды.Жаңа

-
Ішкі секрециялық бездерге қандай бездер жатады, олардың сыртқы секрециялық бездерден айырмашылығы неде?
-
Гормон деген не, оның қасиеттері бар ма?
3. Нейросекрет деп нені айтады, гормондардан айырмашылығы қандай?
-
Гипо- және гиперсекреция деген сөздердің мағынасы не? -
Гипофиз безінің қүрылысы, қызметі қаңдай? -
Аденогипофизде қандай гормондар өндіріледі және олардың бала организміне әсері қандай?
7. Гипофиздің осу гормонының гипер- және гипосекрециясына байланысты баланың өсуінің кемшіліктері.
-
Эпифиз безі және оның қызметі. -
Қалқанша безінің гипо- және гиперсекрециясы.
-
Эндемиялы зоб ауруы және оның алдын алу шаралары. -
Қалқансерік бездерінің бала организміне әсері қандай? -
Баланың айырлы безі, оның ішкі және сыртқы секрециялық қызметтерінің маңызы. -
Баланың бүйрек үсті бездерінің қыртысты қабатының өсіп дамуы, оның гормондары, балағаәөсері.
14.Бүйрек үсті бездерінің милы қабатының гормондары және олардың бала организміне әсері.
15.Бүйрек үсті бездерінің гипо- және гиперсекрециясындағы бала организмінің жағдайы.
16.Баланың ұйқы безінің гормондары. Балалардың қантты диабет ауруы, оның себептері.
17.Аталық бездің дамуы мен қызметі, гормондарының бала организміне әсері.
18.Аналық жыныс безінің дамуы мен қызметі, гормондарының әсері.
19.Ер балалар мен қыз балалардың жыныстық жетілу мерзімі және белгілері.
-
Балалар мен жас өспірімдерді жыныстық тәрбиелеуде мүғалімдер, тәрбиешілер мен ата-аналардың рөлі. -
Стресс деген не, оның қандай кезендері бар?
-
Сыртқы ортаның әсерлерінің өзгерісіне организм қалай бейімделеді, бейімделу негіздері қандай? -
Бала организмінің бейімделу ерекшелігі қандай?