Файл: азастан республикасы ылым жне жоары білім министрлігі ОРыт ата атындаЫ ызылорда университеті жаратылыстану институты.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 448

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
кальций мен фосфор аз болса, оның дене пропорциясы жасына сай дұрыс болмайды Баланың өсуі мен дамуы оның организміндегі тұқым қуалау қасиеттеріне және сыртқы ортаның жағдайларына байланысты. Организмнің өсу жөне даму қарқыны, жыныстық геморфизм және жеке мүшелер мен мүшелер жүйесінің жетілуі тұқым қуалау қасиеттеріне байланысты. Дегенмен олар сыртқы ортаның жағдайына байланысты ауытқуы да мүмкін. Бірақ егіздерді зерттеу әдісімен табылған мәліметтер бойынша (Никитюк, Мүсағалиева, Савченко, 1990) сыртқы ортаның жағдайлары негізгі тұқым қуалайтын зандылықтардан онша асып кете алмайды, яғни балалар мен жастардың өсуі мен дамуы белгілі биологиялық зандылықта сыртқы ортаның әсеріне байланысты болады» Сондықтан балалардың денсаулығын сақтау, жан-жақты жетілдіруге қажетті жүмыстарды үйымдастырғанда ол зандылықтарды міндетті түрде ескеру керек.

1960-1990 жылдары байқалган балалар мен жастардың өсуі мен дамуының олардың ата-аналарымен салыстырғанда жылдамрақ болуын есу мен дамудың а к с елерациясы деп атайды, яғни қазіргі балалар мен жастардың белгілі бір жас мерзімінде олардың ата-аналарының сол жасындағы денесінен ірі болып, ерте жетілуін айтады. Өсу мен дамудың акселерациясын анықтау үшін баланың немесе жас өспірімнің нактылы бір жас мерзімін алып, оның көрсеткіштерін баланың ата-анасының сол жастағы көрсеткіштерімен немесе сол жерде бұрын өмір сүрген балалардың оңаша көрсеткіштерімен салыстырады. Мысалы, 1979 жылғы Ресейдегі Мәскеулік 12 жасар ер балалардың бойы 1930 жылдағыдан 11 см, салмағы 10 кг артық болған. XX ғасырда өмір сүрген Германиядағы балалар мен жас өспірімдердің белгілі бір жас кезіндегі керсеткіштері XIX ғасырдағылардан анағұрлым артық болған.

Мұндай мәліметтер қазақ балаларының өсуінде де кездеседі. Айталық, 1976 жылғы Алматы қаласының 13 жастағы оқушыларының бойы орта шамамен 152 см, салмағы 44,17 кг, кеуде шеңбері 78,13 см болса (Алиакбарова, 1993,1995), 1950 жылдары ол керсеткіштер 146,6 см; 37,03 кг; 70,67 см (Шәкенов, 1960) болған, ал 1980 жылдары айтарлықтай айырмашылықтың бар екенін керуге болады.

Өсу мен дамудың акселерациясының бірнеше белгілері бар:

1. Жаңа туған нәрестелердің ірі болуы (1970-80 жылдары Алматыда туған нәрестелер 1950-1955 жылдары туған сәбилерден 3-4 см ұзын, 0,4-0,5 кг ауыр); белгілі бір жас мерзімінде балалар мен жастардың денесінің ірі болуы (жоғарыда жазылған 1976 жылғы мөліметті қараңыз); ерте жыныстық жетілу (қазіргі жастарда жыныстық жетілу белгілері 1,5-2 жыл ерте басталып, ерте аяқталады; оның белгілері: мысалы, қыздардың етек кірінің 10-12 жаста басталып, сүт бездерінің ерте жетілуі, жамбас сүйектерінің өсуі);


2.Баланың сүйегі ерте қатады (сүйектің қатуының белгісі:баланың сүт тістері 1-2 жыл ерте шығып, тұрақты тістері ерте пайда болады, мандай еңбегі ерте жабылады.Қазіргі кезде нәрестенің мандай еңбегінің 9-10 айда жабылуы қалыпты жағдай деп есептеледі); жастардың бойының өсуі ерте тоқталады: қалыпты жағдайда жігіттерде 22-24 жаста, қыздарда 20-22 жаста бойының өсуі тоқталса, акселераттарда өсу

2 жылдай бұрын аяқталады (өсуі мен дамуының акселерациясы байқалатын жастарды акселерат деп атайды), Яғни жігіттердің бойы 20-22 жаста, қыздардың бойы 18-20 жаста өсуін тоқтатады. Өсу мен дамудың акселерациясының себептері туралы бірнеше болжамдар бар (генетикалық, гетерозистік, гелиогендік, урбанизациялык, әлеуметтік-экономикалық, т.б.), бірақ олардың әрқайсысы жеке алғанда өсу мен дамудың акселерациясын толық дәлелдей алмайды. Сондықтан 80-90-шы жылдары ұсынылған өсу мен дамудың акселерациясы комплексті (бірнеше) себептерге байланысты пайда болады деген тұжырымдар шындыққа көбірек үйлеседі.

3. Адам жасының кезеңдері. Оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырғанда балалардың жасын белгілі бір топқа бөлуге тура келеді, яғни әртүрлі жастағы балаларды бір топқа қосады. Ол топтардағы балалардың жасын белгілі бір мөлшермен шектеу қажет. Осыған байланысты адам өмірін бірнеше жас кезеңдеріне бөлу қажеттілігі пайда болады.

Өсу жас кезеңдері деп өсу мен дамуыға ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегін айтады.Белгілі бір жас кезеңінде организмнің даму дәрежесі бір деңгейге жетіп, келесі деңгейге дайындалу мерзімі басталады. Осыны ескере отырып 1965 ж адам организмін зерттейтін түрлі ғылымдар өкілдерінің (физиологтар, гигиенистер, дәрігерлер, педагогтер, психологтар, философтар, генетиктер т.б.) қатысуымен Мәскеу қаласында болған дүние жүзілік жас кезеңдерінің шағын жиналысында адамның барлық өмірін 12 кезеңге бөлген:

1.Жаңа туған сәби (алғашқы 10 күн өмірі);

2.Емшектегі сәби (10 күннен 1 жасқа дейін);

3.Алғашқы балалық шақ (1-3 жас);

4.Бірінші балалық шақ (4-7 жас);

5.Екінші балалық шақ (қыздар 8-11 жас, үлдар 8-12 жас);

6.Жеткіншек немесе жасөспірімдер (қыздар 12-15, ұлдар 13-16 жас);

7.Кәмелеттік немесе жігіттік бойжеткендік (қыздар 16-20, жігіттер 17-21 жас);

8.Кемелге келу немесе ересектік мерзімнің 1-ші жартысы (әйелдер 21-35, ерлер 22-35 жас);

9.Ересектік мерзімнің 2-ші жартысы (әйелдер 36-55, ерлер 36-60 жас);

10.Егде жас (әйелдер 55-74, ерлер 60-74 жас);

11.Қариялар немесе кәрілік (әйелдер мен ерлерде бірдей 74-90 жас);

12. Ұзақ өмір сүрушілер (90 жастан әрі қарай).



Бұған қоса, балаларды тәрбиелеу, үйрету жөне оқыту жағдайларын ескеріп педагогтар келесі жас кезеңдерінің топтарын ұсынды:

1.Жаңа туған сәби (1 ай);

2.Емшектегі сәби (1 айдан 1 жасқа дейін);

3.Жас немесе балбөбектер тобы (1 - 4 жас);

4.Мектепке дейінгілер тобы (5-7жас);

5.Мектеп жасындағылар:

6..Бастауыш сыныптағы оқушылар (7-11 жас);

7.Ортаңғы сыныптағы оқушылар (11-14 жас);

8.Жоғарғы сыныптағы оқушылар (14-18 жас).

Жалпы алғанда адамның жасын кезеңдерге бөлу ұсыныстары өте көп. Ғалымдар алға қойған мақсаттарына байланысты белгілі бір көрсеткіштерді негіз етіп, адамның көптеген жас кезеңдерін ұсынды. Олардың кейбіреуі ескіріп, қазіргі жағдайларға сай келмейді, кейбіреулері бір жақты болып, жан-жақты түсінік бермейді. Физиологиялық түрғыдан алғанда үсынылып отырған Мәкеулік 1965 жылғы топтастыру ғылыми негізделген және организмнің ерекшеліктеріне сәйкес деуге болады Әрбір жас кезеңдерінің белгілі бір ерекшеліктері болады. Бір кезеңнен екінші кезеңге ауысу уақытын өзгеру м е з гі л і немесе ауысу мерзімі деп атайдьі (кейбір зерттеушілер ауысу мерзімін мүшелі жас деп ұран құру бірақ оның жас кезеңдері қазақтың мүшелі жасымен сәйкес келмейді, дегенмен белгілері үқсайды). Өзгеру мезгілі әр кезеңде де ауыр, организм көп күш жұмсайтын кез, ол денедегі біртіңдеп жиналған өзгерістерге жаңадан бейімделу уақыты. Сондықтан өзгеру мезгілінде адам организмі біршама әлсіреп, сыртқы ортаның жағдайларының өзгерістерін қиналып өткізеді. Бұл кезде жүрек-қан тамырлары мен жүйке жүйелеріне түсетін салмақ ауыр болады. Өзгеру мезгілін басынан өткізу адамның жасы ұлғайған сайын қиын болады.Жас кезеңдерінің уақыттары әртүрлі шектелген. Ол организмнің биологиялық көрсеткіштеріне негізделген. Дегенмен ұсынылған жас кезеңдерінің әлі де жетіспейтін жерлері бар. Оларды анықтау адам организмі жайындағы зерттеулерді әлі де жалғастырып кеңейтуді талап етеді. Жас кезендерінің уақыт шектері (хронологиясы) болсын, оның жеке функциялық көрсеткіштері болсын әлеуметтік жағдайларға байланысты екенін ұмытпаған жөн. Жас кезеңдерінің ортақ ерекшеліктеріне қоса, әрбір адамның өзінің жеке басының ерекшеліктері болады. Олар адамның денсаулығына, тұрмыс жағдайына және жүйке жүйесінің даму дәрежесіне, қарай әртүрлі болады.

Бақылау сұрақтары:

Өсу мен дамудың көрсеткіштері қандай?

Дамудың түрлері қандай?

3.Баланың өсу қарқыны неше кезеңнен түрады жөне оның қаңдай себептері бар?

4.Өсу мен дамудың акселерациясы деген не?


5.Өсу мен дамудың акселерациясының белгілері қаңдай және оларды қалай анықтайды?

6.1965 жылы Мәскеулік жиналыста адамның жасын қандай кезеңдерге және қандай белгілеріне сүйеніп бөлген?

7.Өзгеру мезгілі деп нені айтады, оның ерекшеліктері қандай


Лекция № 3

Тақырыбы: Жүйке жүйесінің жас ерекшелік физиологиясы.

Жоспары:

1.Жүйке жүйесінің маңызы.

2. Жүйке құрылымдарының морфологиясы. Нейронның құрылысы мен қасиеттері.

3. Жүйкелер мен жүйке талшықтары

4. Жүйке жүйесінің қызметінің негізі - рефлекс.

Лекция мақсаты: Жүйке құрылымдарының морфологиясымен таныстыру.

Лекция мәтіні:

1. Жүйке жүйесінін маңызы. Адамның жүйке жүйесінің маңызын оның қызметіне қарай былай анықтауға болады:

- мүшелерді бір-бірімен байланыстырып, организмнің бір тұтастығын іске асырады;

- денедегі барлық мүшелердің және мүшелер жүйелерінің қызметтерін реттейді;

- организмді сыртқы ортамен байланыстырады;

- сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына организмді бейімдейді;

-денедегі барлық клеткалардың, ұлпалардың, мүшелердің, бүкіл организмнің тіршілігін қамтамасыз етеді.

2. Жүйке жүйесінің құрылысы мен функциялық негізі - жүйке клеткасы немесе нейрон. Орталық жүйке жүйесінде нейрондарды қосымша клеткалар-глиялар қоршаған. Нейрондар мен глиялар Жүйке ұлпасын құрайды. Глиялар жүйке клеткаларының тірегі болып, оны қоректендіреді және электр изоляторы қызметін атқарады. Жаңа туған нәрестенің нейрондарының саны глиялардан анағүрлым көп болады. 20-30 жаста олардың саны бір-бірімен теңеседі де кейін адамның жасы ұлғайған сайын нейрондардың үлесі азайып, глиялардың үлесі көбейеді.

Басқа тірі клеткалар тәрізді оның мембранасы, ядросы, ядрошығы мен органоидтары болады. Нейронның басқа клеткалардан айырмашылығы - денесінің көптеген өсінділері болады және цитоплазмасында нейрофибрилдері бар. Нейронның ала түсті заттарының құрамында рибонуклеин қышқылы (РНК) болады; Оның мөлшері жыныстық жетілуге дейін көбейіп, кейіннен тұрақталады. Қауіпті жағдайларда РНК-ның мөлшері азаяды да ала түсті заттары ыдырап, жоғалып кетеді. Мүндайда нейронның тірлігі жойылады. Нейрофибрилдер ұзын молекулалы белоктардан тұрады. Нейрон ұзақ жұмыс істегенде олар жойылыпта кетуі мүмкін.

Нейронның денесін с о м а деп атайды. Оның пішіні әртүрлі: сопақша, ұршық тәрізді, дөңгелек, домалақ, үш бұрышты, төрт бүрышты, жұлдыз тәрізді..Денесінен ұзынды-қысқалы өсінділері - Жүйке талшықтары шығады.Ұзын талшығын а к с о н (грекше аксон — тірек деген мағынада), қысқа талышқтарын д е н д р и т деп атайды (дендрон - ағаш). Аксонның сыртын қоршаған м и е л и н қабығы бар. Миелин - ақ май тәрізді (липид) заттан түзілген. Ол әрбір 1,5-2 см сайын үзіліп, Ранвье белдеуіне айналады.Аксон арқылы Жүйке клеткасының денесінен басқа нейрондарға, жұмысшы мүшеге Жүйке импульстері тасылады. Мүшелерге келген аксондардың ұшы тармақталып Жүйке ұштарына айналады. Жүйке ұштары қызметіне байланысты екі түрлі болып келеді: сезгіш ұштар рецепторлар және қозғаушы ұштар - эффекто р л ар. Рецепторлар сыртқы және ішкі ортаның қандай да болмасын тітіркендіргішінің әсерін Жүйке импульстеріне қ о з у ғ а айналдырады. Ал эффектор орталық жүйке жүйесінен келген қозуды жұмысшы мүшеге жеткізеді.