Файл: азастан республикасы ылым жне жоары білім министрлігі ОРыт ата атындаЫ ызылорда университеті жаратылыстану институты.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 470

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бақылау әдісі - сыртқы ортаны танудағы негізгі әдістеме. Бұл әдістеме барлық ғылым салаларында кеңінен пайдаланады. Бірақ оны лабораториялық және табиғи эксперименттен жеке бөліп тастаса, ол бала организміндегі физиологиялық қалыптар мен құбылыстардың негізін аша алмайды. Дегенмен, балалардың миының қызметін зерттеген кезде бұл әдіс басқа зерттеу әдістері мен бірге организмнің жас ерекшеліктерін аныктауға көмектеседі.

Табиғи тәжірибе – мақсаты мен міндеттеріне байланысты ғалым табиғи жағдайдағы тәжірибені адам баласы үшін қалыпты (табиғи) жағдайда қолданады. Айталық, баланың көру қабілетінің өзгеруін тексеру үшін, оның көру талдағышының қызмет ерекшеліктерін мектептегі оқуға дейін және оқуын аяқтаған кезде анықтайды, яғни оқу барысында табиғи жағдайда зерттейді.

Лабораториялық тәжірибеніңтабиғи жағдайдағы тәжірибеден айырмашылығы бар. Мұнда зерттеуші тәжірибені арнайы жасалған жағдайда жүргізеді. Жағдайды өзгерту арқылы ғалым белгілі бір қызмет өзгерістерін тудырады да, оның сан мен сапалық сипатын анықтайды.

Жасқа сай физиология ғылымында лабораториялық тәжірибе әдісінің бірі болып саналатын функциялық ж ү к т е м е немесе с ы н а у әдісі кеңінен тарады. Бұл әдіс бойынша, бала организмінің мүшелерінің қызметін, оған мөлшерленген функциялық жүктеме беру арқылы, оның әсерінің ұзақтығын немесе әсер ету қарқынын өзгерте отырып, түрлі жағдайларда анықтайды. Мұндайда физиологиялық көрсеткіш ретінде сол мүшенің қызметі алынады. Бала организмін зерттейтін физиологиялық тәжірибеде тынысты кідірту, температуралық әсер ету, дененің кеңістіктегі орынын өзгерту т. с. с. функциялық сынаулар қолданылады. Ең көп қолданылатындары молшерленген дене және ой еңбегі. Мысалы, зерттеуші баланың тыныштықтағы қалыпты жағдайында жүрегінің соғу жиілігін анықтайды, содан кейін бала 100 м жер жүгіріп өткен соң оның жүрегінің соғу жиілігін тағы да тексереді. Сөйтіп балаға берілген осы жүктемеге бейімделу сипатын бағалайды. Дене қызметінде жүктемені дәлірек анықтау ретінде эргометрия,яғни эргометр аспабын қолдану арқылы, жүктеменің мөлшерін дәл анықтау әдісін пайдаланады. Оқушының ой еңбегінің сынағы ретінде шектелген уақыт ішінде арифметикалық е с ептішыгару
әдісі қолданылады. Бұл жағдайда зерттелушінің белгілі бір жұмыс қабілеті (айталық, жүрегінің соғу жиілігі) есеп шығаруға дейін, шығарып жатқан кезде және есепті шығарып болғаннан кейін анықталады.

Оқушылардың физиологиялық дамуы пәнінің барлық зерттеу әдістері мен амалдары балалар мен жас өспірімдердің организмінің қызметтерін жынысына, жасына сай топталған бірнеше топ балалардың функциялық ерекшеліктерін орта шамамен зерттеуге бағытталған. (Мысалы, әртүрлі жастағы ер балалар мен қыз балалардың жүрегінің соғу жиілігін анықтау). Бұл әдіс әркімнің жеке басының даму ерекшеліктерін орташа корсеткішпен салыстыру мүмкіндігін береді.

Оқушылардың физиологиялық дамуы пәнінің әдістемесінің бірі телеметрия-радиотехникалық беріліс аспаптары арқылы оқушы организмін оның денесінен қашық жерде түрып анықтау мүмкіндігі. Бұл әдісті қолдану балалар мен жас өспірімдердің организміндегі мүшелердің қызметін табиғи жағдайда (ойын, оқу, еңбекпен шұғылданып жатқан кезде) зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл әдіспен алынған мәліметтер өсіп жатқан жастарды оқыту мен тәрбиелеуде маңызды орын алды.

Қазіргі кезде оқушы организмін зерттегенде күрделі оптикалық, радиотехникалық және электрондық аспаптарды кең қолданады. Бұл аспаптар бір сәтте ондаған түрлі қызметтерді қатарынан өлшеуге мүмкіндік береді.

Балалар мен жастардың өсуін антропометрия(дененің физикалық көрсеткіштерін олшеу әдісі) арқылы анықтайды. Бұл әдісте баланың бойын, кеуде шеңберін үш жағдайда (дем алғанда, дем шығарғаңда және тыныштық кезінде) және баланың басының шеңберін сантиметрлік лентамен, дене салмағын таңертең, үйқысынан түрған соң (бойын жеңілдеткеннен кейін), тамаққа дейін, арнайы медициналық таразымен өлшейді.

Оқушылардың физиологиялық көрсеткіштерінің нәтижелерін электрондық-есеп аспаптарымен және математикалық статистика әдістерімен есептеп шығарады.

Физиологиялық және медициналық әдістерді пайдаланып, мектеп гигиенасы түрлі жағдайлардың (түрлі ғимараттар, жиһаздар, т. б.) бала организміне әсерін анықтап, оған қолайлы жағдай тудыруды көздейді.
Бақылау сұрақтары

  1. Оқушылардың физиологиялық дамуы нені және қалай зерттейді?

  2. Оқушылардың физиологиялық дамуы өзара және басқа пәндермен байланысы қандай?

3. Оқушылардың физиологиялық дамуы қандай зерттеу әдістерін пайдаланады?


Лекция №2



Тақырыбы: Балалар мен жасөспірімдердің өсу мен даму жалпы заңдылықтары

Жоспары:

1.Өсу және даму ұғымы.

2.Өсу мен дамудың заңдылықтары

3.Жас кезеңдері

Лекция мақсаты: Балалар мен жастардың организмінің өсіп дамуын үйрету.

Лекция мәтіні:

1. Балалар мен жастардың организмі үнемі өсіп дамуда болады. Организмдегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп атайды.

Организмнің негізгі үш дене көрсеткіші бар:

1.Бойы - (адамның денесінің ұзындығы),

2.С а л м а ғ ы

3.Кеуде шеңберінің өсуімен қатар организмде даму жүріп жатады.

Д а м у - сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы - деп сан көрсеткіштерінің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекешеленіп белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады. Организмнің дамуы екі түрлі болады: физикалық жоне функциялық дамуы.

Физикалық дамудың көрсеткіштері барлық мүшелерге бірдей: мүшенің ұзындығы, ені, тереңдігі, көлемі, аумағы, салмағы, алып жатқан орыны

Функциялық дамудың көрсеткіштері мүшенің атқаратын қызметіне байланысты әртүрлі. Мысалы, жүректің функциялық дамуын анықтау үшін оның систолалық немесе минуттық көлемін өлшейді.

Адам өмірін негізінен үш кезеңге болуге болады: өсіп даму және жетілу, кемелдену, қартаю. Бұл үшеуінің айырмашылығын дене көрсеткіштерін өлшеп, организмнің даму дәрежесін анықтап және сыртқы ортамен байланысын тексеру арқылы білуге болады.

Кәмелетке келу немесе д амып жетілу дегеніміз ең алдымен жастардың жыныстық жетілуі және өзінің ұрпағын жалғастыру қабілетінің пайда болуы, яғни тұқымын жалғастыруды қамтамасыз ету. Бұған қоса, әлеуметтік қызметтерді атқару, рухани және мәдениет қазыналарын жасау, еңбек ету қабілеттері жатады.

Ж ы н ы с т ы қ ж е т і л у қыздарда 11-12 жаста, ұлдарда 13-14 жаста басталады да жынысына сай бойжеткендерде 16-18 және жігіттерде 18-20 жаста толық жетіледі. Осыған байланысты адам организмінің толық жетілуі, яғни кәмелетке келуі анықталып, кемелденуі басталады.

2. Өсу мен дамудың барлық адамдарға ортақ бірнеше зандылықтары бар:

Өсу мен даму гетерохронды болады, яғни үнемі біркелкі болмайды;

мүшелер мен мүшелер жүйелерінің өсу мен даму қарқыны әртүрлі;

Өсу мен даму баланың жынысына байланысты
;

функциялық мүшелер жүйелері мен мүшелердің қызметтерінің биологиялық беріктігі немесе мықты болуы;

5) Өсу мен дамудың тұқым қуалау қасиеттері мен сыртқы ортаның жағдайларына теуелділігі;

6) Өсу мен дамудың акселерациясы.

Өсу мен даму адам өмірінде бірде жылдамданып, бірде баяуланады.Тіпті бір жылдың ішіндегі бойдың өсуі бірдей емес: бала жазда тез өседі, ал қыста нашар немесе түнде бой көбірек өседі, күндіз аз өседі. Мұны өсу мен дамудың гетерохрондылығы дейді (гетерос - әртүрлі, хронос - уақыт).

Өсу кезінде адам өмірінде үш рет күшейеді:

1.Туғаннан З жасқа дейін.

2.3-7 жас арасында.

3.Жыныстық жетілу кезеңінде.

Сонымен қатар, бала организміндегі жеке мүшелер мен мүшелер жүйесінің өсіп дамуы да гетерохронды түрде өтеді. Баланың алғашқы жылғы өмірінде миы тез өседі: бір жылдың ішінде салмағы 2-2,5 есе артады (жаңа туған бөбекте миының салмағы 360-390 г). 7 жасқа жеткенше оның миы ересек адамның миының 80-90 % шамасында болады. Мұның себебі – баланың сыртқы ортамен байланысы негізінен ми арқылы іске асады, барлық мүшелердің қызметі жүйке жүйесінің, әсіресе, орталық жүйке жүйесінің қызметіне тікелей байланысты. Ал лимфа ұлпаларының өсіп дамуы 10-12 жаста күшейеді, жыныс мүшелерінің өсіп жетілуі 12 жастан әрі қарай болады. Сол сияқты, бір мүшенің өсуі мен қызметінің дамуы да кезектесіп отырады: мүше өскенде қызметі онша дами қоймайды, мүшенің қызметі дамығанда ұзындыққа өсуі баяулайды.

Осыларға байланысты бала организмінің қажеттері үнемі өзгеріп отырады. Мысалы, мидың өсуі күшейгенде организм белокты көбірек қажет етеді. Сөйлеу қабілеті дамитын кезде бала басқа адамдармен қарым-қатынасты көбірек талап етеді, қимыл-қозғалыстары дамитын кезде мазасыз болады, көп қозғалады, көмірсутегісі көп тағамды талғайды.

Бала организмінің түрлі әрекеттерге бейімділігі, оның сыртқы ортаның жағдайларына қарсы тұру қабілеті дамып жатқан функциялық жүйелерге байланысты. Айталық, бала миының оқуға бейімделуі 6-7 жастан басталады. Сондықтан бұл мезгілден ерте оқыту оның басқа мүшелер жүйесіне зиян келтіреді, олардың дамуын төмендетеді.

Организмнің ұлпаларына қажетті оттегін тасу қабілеті де біртіңдеп дамып, 16-17 жаста жетіледі. Сондықтан бала организміне әсер ететін ауыр жұмысты, дене еңбегін, спортпен шұғылдануды ұйымдастырғанда осыны ескерген жөн.

Қорытып айтсақ, бала организмінің еңбектің түрлеріне бейімділігі үнемі бірдей болмайды. Сондықтан оқу, еңбек, спорт жұмыстарын сыртқы ортаның жағдайына сәйкес етіп, өсіп-даму мезгіліне байланысты мөлшерлеген жөн.


Былайша айтқанда, өсу мен дамудың гетерохрондылығын сыртқы ортаның жағдайлары мен бала еңбегін дұрыс мөлшерлеудің ғылыми негізі деп есептеуге болады. Бала организмінің жыныстық айырмашылықтары қыздар мен ер балалардың денесінің өсіп дамуында, олардың қарқынды, жеке мүшелер жүйесінің жетілуінде көзге түседі. Айталық, жыныстық жетілгенге дейін ер баланың антропометрлік көрсеткіштері, әсіресе денесінің ұзындығы қыздардан жоғары болса, жыныстық жетілу басталған кезде, керісінше, қыздардың салмағы, бойы, кеуде шеңбері анағұрлым жоғары болады. 15 жастан әрі қарай ер балалар тез өсіп жетіледі де олардың көрсеткіштері қайтадан қыздардан жоғары келеді. Ересек адамдарда осындай жыныстық айырмашылық сақталады. Яғни барлық балаларға ортақ зандылықтардан басқа өсу мен дамудың баланың жасына байланысты ерекшеліктері байқалады. Жыныстық айырмашылықты оқу-тәрбие, спорт, қара жұмысты ұйымдастырғанды еске алып, жынысына қарай мөлшерлейді. Кейбір спорт түрлерімен қыздарға шұғылдануға болмайды, айталық, ауыр атлетика т. б. олардың болашақ ана екенін естен шығармау керек. Қандай да болмасын мүшелер жүйесінің қызметі өмірдегі кажеттіліктен анағұрлым артық мөлшерде болады. Бұған қоса, көпшілік қызметтердің бірнеше мүшелерде қосарланып орындалуы байқалады (мысалы, зәр шығару, өкпе, бүйрек, тері, ас қорыту жолы арқылы қосарланады; баланың өсуіне қажетті жыныс гормондары жыныс безі мен бүйрек үсті бездерінің қыртыс қабатында түзіледі, т.с.с.). Мұндай ұйымдасу организмге қауырт жағдайларда тірлігін сақтап қалу үшін қажет. Дегенмен балалар мен жас өспірімдердің оқуын, дене еңбегін, спортпен шұғылдануын шектеп отырған жөн. Әйтпесе бала организмі жан-жақты дамымайды. осыған байланысты ғалым гигиенистер оқу-тәрбие жұмыстарының өсіп келе жатқан бала организміне лайықтандырылуы туралы қағида ұсынды. Бұл қағидаға сәйкес оқу, еңбек, спорт жүмыстарын баланың жынысына және жасына лайықтау мөлшерлері көрсетілген.

(Баланың өсуі мен дамуының сыртқы белгісіне оның дене пропорциясының өзгеруі жатады. Дене пропорц и я с ы деп адамның басты, тұла бойы мен аяқтарының ұзындығына қатынасын айтады. Ересек адаммен салыстырғанда жаңа туған сәбидің аяқтары қысқа, тұла бойы мен бастары үлкен болады да, олардың дене пропорциясы: басының ұзындығы 1:4, тұла бойының үзындығы 2:4, аяқтарының ұзындығы 1:4 болады. Мүңдай пропорция 1 жасқа дейін сақталады, ал 1 жастан кейін омыртқа сүйектерінің өсу қарқыны жіліктерінің өсу қарқынынан жылдамырақ болып, дене пропорциясы өзгере бастайды. 2 жастағы баланың дене пропорциясы мынадай болады: 1:5, 2:5, 2:5. Екі жастан әрі қарай жілік сүйектері жылдамырақ өседі де 6 жаста дене пропорциясы 1:6, 2:6, 3:6, яғни баланың аяқтарының ұзындығы тұла бойынан артық бола бастайды. 5-6 жастағы баланың қол-аяқтары ұзарып жалпы ұсқыны өзгереді. 6 жастан әрі қарай тағы да омыртқа сүйектерінің өсу қарқыны күшейеді, соңдықтан 7 жастағы баланың басының ұзындығы 1:7, тұла бойы 3:7, аяқтары 3:7 қатынасында болады, яғни 7-8 жасар баланың аяқтары мен тұла бойының ұзындығы теңеседі. Одан әрі қайтадан жілік сүйектерінің өсу қарқыны үдеп, 12 жаста баланың дене пропорциясы 1:8, 3:8, 4:8 қатынасындай болады. Бұл пропорция дұрыс өсіп жетілген ересек адамның дене пропорциясы болып қала береді. Яғни ересек адамда аяқтарының ұзындығы жалпы бойының жартысына тең болғанда, оны сымбатты адам деуге болады. Дегенмен мұндай жақсы пропорция барлық адамда кездесе бермейді, себебі оған сыртқы ортаның түрлі жағдайлары әсер етеді. Айталық, баланың бас сүйегі жылдам өсіп келе жатқанда бала ауырып қалса немесе жілік сүйектері тез өсетін кезде баланың тамағының құрамында сүйектің өсуіне қажетті