Файл: азастан республикасы ылым жне жоары білім министрлігі ОРыт ата атындаЫ ызылорда университеті жаратылыстану институты.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 453

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
болады. Сонымен қатар, ауаның құамындағы аз кездесетін газдар (гелий, аргон, ксенон, неон және криптон)да қысым күшейгенде әер етеді.

Тыныс алудың дамуына дене еңбегінің әсері және гигиеналық талаптар. Тыныс алу мүшелерінің бәрінің физиологиялық көрсеткіштеріне дене еңбегі мен спорт әсер етеді. Мысалы: Өкпенің тіршілік сыйымдылығы: штангистерде - 4 л, футболистсрде - 4,2 л, боксерлерде -4,8л, қайықшыларда - 5,5 л. Тыныс алу жиілігі: спортсмендерде миөтіне - 6-8 рет, ал жаттықпаған адамдарда -14-20 рет. Спортпен шұғылданатын адамдардың тынысы терең болады, бұл организмнің үнемді қызмет етуінің белгісі. Мысалы, терең дем шығарғанда олардың сыртқа айдалған ауасының құрамындағы көмір қышқыл газы 2 есе кем болады. Мұндай терең дем алу жүрекке "массаж" жасайды да, оның қоректенуін және физиологиялық қалпын жақсартады. Тыныс алу мүшелерін жаттықтыру, шынықтыру балалар мен жастардың тыныс мүшелері арқылы пайда болатын ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады. Олай болса, дене шынықтыру мен спорт денсаулықты сақтауға қажетті жағдайлардың бірі.

Бақылау сұрақтар:

1.Организмде газ алмасу жүйесі.

2.Өкпе құрылысы.

3.Тыныс алудың ішкі және сыртқы түрлері.

4.Өкпедегі ауа алмасу.

5.Жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары.
Лекция №13

Тақырыбы: Ас қорыту жүйесінің жасерекшеліктері



13.1.Ас қорыту жүйесі мүшелерінің құрылысы мен қызметі

13.2.Ауыз қуысындағы ас қорыту. Сілекей бездері
13.3 Тістер. Тістің алмасуы.

Лекция мақсаты: Ас қорыту оргындарының құрылысы, қызметі мен таныстыру.

Лекция мәтіні:

1.Ауыз қуысы, ондағы мүшелер жұтқыншақ, өңеш, асқазан, жіңішке ішек, ток ішек, бауыр, ұйқы безі, асқорыту мүшелері болып табылады. Бұл мүшелердің атқаратын қызыметі: асты шайнау, қорыту, ұсақтану, сору, сіңіру. Ас қорыту мүшесі бас, мойын, көкірек, құрсақ, жанбас бөліктері жатады. Адамның бас және мойын бөлігінде ауыз қуысы, жұтқыншақ өңештің біраз бөлігі орналасқан, ал қалған бөлігі көкірек бөлігіндегі өңештің негізгі бөлігі, ол құрсақта асқазан, ұлтабар, құрсақ қуысында ас ішек, бауыр, ұйқы безі, ол жамбас қуысында тік ішек орналасады.

Ауыз қуысы - ас қорыту жолының алғашқы бөлігі. Ауыз (грекше stoma) осындай стомотология деген ұғым білдіреді. Ауыз қуысының қабырғалары сүйекті және бұлшық еттерінен құралған. Ауыз қуысының жоғарғы жағын таңдай, төменгі жағын тіл және жақ сүйек бұлшық еттері, екі бүйірінен ұрт бұлшықеттері, алдыңғы жағынан ауыз қуысының саңылауын жабатын ерін, ол арт жағынан жұтқыншақ қуысы немесе тамақ тесігі шектейді.


Ерін – шеңберлі ауыз бұлшық еттері ол астыңғы және үсті ерін болып бөлінеді. Қан тамыры өте жиі және беткі бөліктерін. Анық көрінетіндіктен ерін қызарып тұрады.

Ұрт- сырт жағы терімен, іш жағынан сір қабатпен қаптаулыц боллады. Бұлардың аралығында ұрт бұлшық еттері орналасқан тері мен ұрт бұлшық еттер аралығында май заттары жиналады.

Таңдай – алдыңғы бөлігі қатты, ол артқы бөлігі жұмсақ болып келеді.

Қатты таңдай – бас сүйектегі таңдай сүйек. Қатты таңдай қалың, тығыз, сір қабатпен қапталып, сүйек қабығына тұтасып кетеді.

Жұмсақ таңдай – бұлшық еттер негізінде түзіліп оны сір қабатпен қаптайды. Жұмсақ таңдайдың ротаңғы бөлігінде салбырап көрінетін “кішкене тіл” және артқы жағында “таңдай пердесі” болады. Адам жұтынған кезде жұмсақ таңдайдың бұлшық еттері жиырылып таңдай процесі жоғары көтеріледі де жұтқыншаққа жабысып, жұтқыншақ пен мұрын жұтқыншақ арасын бөледі. Бұл тамақ жентегі ауы қуысыныцң өңешке қарай өтеді.

Тіл – қимылдап тұратын бұлшық етті мүше. Тіл шайнаған кезде тамақты қозғап дәм сезу немесе сөйлеу қызыметін атқарады. Тіл де 3 бөлікке бөлінеді.

1.Артқы бөлігі көмейге бекінген – тілдің түбірі.

2.Ортаңғы бөлігі – денесі.

3.Алдыңғы бөлігі – тілдің ұшы және жоғарғы бетінің тілді үсті деп атайды.

Тілдің үстіңгі бетін майда бүрлер немесе емізектер қаптайды. Емізектер тілдің үстінде және екі бүйірінде өте көп. Емізектер 4 түрге бөлінеді.

А) жіп тәрізді – бұл тілдің алдыңғы бөлігінде орналасқан.

ә) Саңырау құлақ тәрізді - тілдің жиегінде орналасқан.

Б) Буылдық тәрізді- тіл бөлігінің аралығында орналасқан.

В)жапырақ тәрізді – тілдің айнала жиегінде орналасқан. Бұлардың 3 –і дәм сезу, жіп тәрізді - жалпы сезу қызыметін атқарады.

2. Сілекей бездер – майда және ірі бездер болып бөлінеді. Ірі бездердің өзі 3 түрге бөлінеді.

1.Тіл асты сілекей безі –ауыз қуысы түбірінде, тілдің астында жатады. Оның салыстырмалы 5 гр, сілекей жолдары тілдің астына және тілдің асты қатпарына майда тесіктер арқылы ашылады.

2.Алқым сілекей безі немесе жақ асты безі - майының жоғарғы ьбөлігінде жақ асты шұңқырында, жақ тіл асты бұлшық еттерін қоршай орналасады. Салмағы 15 гр без.

3.Шықшыт сілекей безі – ең ірі бездің салмағы 30гр пішіні үшбұрыш. Бұл құлақ қалқанының алдында тері астында, ұртқа қарай созылып жатады, ол шайнау бұлшық еттерінің біраз бөлігін жауып тұрады. Бездің сыртынан қатты шандыр қаптайды, ұзындығы 5-6 см.

Ауыз қуысындағы үлкенді кішілі бездер қызметі барынша 3 топқа бөлінеді:



1.Сір бездері (шықшыт) – сұйықтық бөледі.

2.Сілекей безі (таңдай тіл арты) таза сілекей бөледі.

3.Аралас безі (ерін, ұрт, азу, тіл алды, тіл асты, жақ асты) аралас сұйықтықтар бөледі.

Нәрестенің ауыз қуысы кішкентай, оның кіре берісі иек арқылы ғана бөлінеді. Нәрестенің еріні қалың болады, оның ішкі кілегей қабатында өзіне сорылып жабыстыра алатын емізік шіріні орналасады. Сондықтан нәрестенің аузынан анасының емшегі оңай шыға қоймайды. Нәрестеде таңдайы анық көрінеді ал 1 жаста шықырынан шығып тұрады да 16 жасқа келгенде толық жетіледі.Нәрестелерде тілі қысқа, жалпақ, қалың, баяу қозғалады.Сондықтан тілі аузына толық тұрады. Нәрестенің ему кезеңінде сүт тістері жарып шығады.Нәрестенің сілекей бездері нашар жетіледі. 4-айдан кейін ғана тез өсіп екі жасқа жеткенше ұзағынан көлденеңіне қарай шығады.

3. Тіс –ауыз қуысындағы үстінгі және астыңғы жақ сүйектеріндегі тіс ұяларында орналасады.Тістің даму кезі 7-аптадан бастап эпителий және дәнекер ұлпаларынан пайда болады. Тістің сүйектен айырмашылығы тіс тозған сайын бірнеше рет ауысады. Тіс сүйек тәрізді бұлшықетпен жалғаспайды тіс ұясына қазықша қадалып, қимылсыз орналасады. Тістің атқаратын қызметі тістеп, үзіп алу, қырқу, жырту, шайнау, кеміру сондай-ақ сөз сөйлеугеде қатысады. Тістер сүт тісі және тұрақты тіс болып екіге бөлінеді.

Тұрақты тіс 32 болады,оның жоғарғы жақ сүйекте16, төменгі жақ сүйекте16 тіс орналасады. Тіс қатарында аттарына қарай 8-тіс олардың 2-і күрек, 2-сүйір, 2-ші кіші азу, 3-ші үлкен азу тіс деп аталады.

Оның формуласы сынадай болады:

Жалпы алғанда 8-күрек тіс, 4-сүйір тіс, 8-кіші азу тіс, 12-үлкен азу тіс барлығы 32 азу тіс.

Үлкен азу тістің 3-сін “ақыл тіс ” дейді.Ол тістердің ең соңында 12-26 жас аралығында шығады. Кей –кейде ақыл тістер мүлде шықпай қалады. Бұл кезде адам тістерінің біртіндеп азайып бара жатқанын аңғартады. Бала тіссіз туады. 6-айға толғанда тіс жара бастайды ал екі жасқа толғанда толық жетіледі.

Сүт тістер- бірінші шықққан 26 тісті сүт тістер деп атайды. Оның 2-күрек тіс, 1-сүйір тіс, 2-азу тіс болады.Бұл жерде кіші азу тіс және ақыл тістердің жоқтығын байқаймыз.Себебі, 6жастан-13 жас аралығында сүт тістері біртіндеп түсіп, орнына тұрақты тістері өсіп шығады.

Бақылау сұрақтар?

1.Тоқ ішектің қабыну аурулары.

2.Тітіркендірілген тоқ ішектің синдромы.

3.Тік ішектің обыры (раг)

4.Ас қорыту жолының аурулары.

5.Тік ішектің алдыңғы резекциясы.

6.Ішектің өткізгіштік қасиеттерінің бұзылуы.


7.Асқазан және он екі елі ішек аурулары.

8.Ас қорыту жолының соңғы бөлімі.

9.Бауыр, ұйқы безі және өт қуығы.

10.Асқазан мен ащы ішек.

11.Ауыз. жұтқыншақ және өңеш.

12.Ас қорыту үрдісі. Тағамның ыдырауы.
Лекция №14

Тақырыбы: Сыртқа шығару органдарының жас ерекшеліктері. Бүйрек қызметтері.

Жоспары:

1.Зәр шығару жүйесі.

2. Бүйректің құрылысы мен қызметтері.

Лекция мақсаты: Сыртқа шығару органдары туралы білім беру

Лекция мәтіні:

1.Зат алмасуының қалдықтарын денеден шығарудың маңызы. Зат алмасуы нәтижесінде тамақпен организмге келген күрделі органикалық және минерал қосындылар ыдырайды. Олардың тіршілікке қажетті заттары ішек-қарын мен бауырдан қанға өтіп, бойға сіңеді, ал зат алмасуынан пайда болған қажетсіз қалдық заттары клеткадан, ұлпалардан, денеден шығарылады. Көмірсуының қос тотығы мен су буы өкпе арқылы тыныс алу мүшелерінің жолдарымен сыртқа шығады. Органикалық, минералдық күрделі қосындылардың ыдырауының соңғы бөлшектері, аралық өнімдері, қорытылмай, бойға сіңбей қалған керексіз заттар, мысалы, крахмал, мочевина, фосфор қышқылы, кейбір тұздар, зиянды микроорганизмдердің токсиндері (улы заттары) ішек пен бүйрек арқылы шығарылады. Су мен онда еріген тұздар, сүт қышқылы, хлорлы қосындылар терлегенде термен шығарылады. Демек зат алмасуының ыдырау өнімінің соңғы қалдықтарын, зиянды, улы заттар денеден сыртқа өкпе, ішек, бүйрек, қан тамырлары, тері арқылы шығарып, дене тазартылып, организмнің ішкі ортасының қалыпты тұрақтылығы сақталады. Тіршілік үшін, денсаулық үшін сыртқа шығару мүшелерінің қызметінің маңызы өте зор.

Бүйректің құрылысы және қызметі. Сыртқа шығару мүшелерінің ішінде бүйрек ерекше орын алады. Адамның бүйрегі жүп мүше. Ол бел омыртқаларының екі бүйірінде, қабырғалардан төмен орналасқан. Оң бүйректің орналасуы сол жақ бүйректен сәл жоғарырақ. Екеуінің құрылысы бірдей. Бір бүйректің массасы 120-150 г. Сырты дәнекер ұлпасымен қоршалған. Бүйректі қалың бүйрек майы қаптап тұрады. Бүйрек сыртқы қызғылт қоңыр түсті қ ы р т ы с қабаты және ішкі ортаңғы ақшыл м и л ы қабаты болады. Бүйректің сыртқы жиегі дөңестеу, ішкі жиегі ойыстау келеді. Қан тамырлары, Жүйкетері және несеп ағар түтікшелері бүйрекке ойыс жағынан кіреді. Бүйректің ойыс жағында бүйрек т ү б е г і болады, ол бүйрек тостағаншаларына жалғасады. Бүйректің тостағаншаға жалғасқан үшында бүртіктері болады.


Бүйректің қыртыс қабаты нефрондардан, яғни бүйрек денешіктерінен құралған. Бір бүйректегі нефрондар саны 1-1,2 млн. Олардың әрқайсының сырты Б о у м е н капсуласымен қоршалған. Нефронның ішінде Мальпиги шумақтары деп аталатын түйнектеліп шоғырланған қан тамырлары бар. Капсуланың өзі екі қуыс қабаттан тұрады. Ішкі қабаты Мальпиги шумағын қоршап жатады, ал сыртқы қабаты капсула ө з е г і н е айналады. Қыртыс қабатының бойындағы өзектер а л ғ а ш қ ы и і р і м каналдарына айналады. Олар бүйректің ішкі ми қабатына еніп, иірімдері жазылып, Генле иініне айналады да қайтадан қыртыс қабатына оралып, е к і н ші деңгейлі иірім каналға айналып несеп ж и н а ғ ы ш түтікке жалғасады. Жинағыш түтіктің ұзындығы 22 мм. Екінші деңгейдегі нефрон иірімдері артерия тамырлар шумағымен жанасып, екеуі құрамындағы заттармен алмасады. Мұны юкстагломерулалық комплекс деп атайды.Нефронның алғашқы иірім каналының ұзындығы 12-24 мм, ал екінші деңгейлі иірім каналдардың ұзындығы 5-8 мм. Бүйректің қызметі қан плазмасын зиянды, қажетсіз заттардан тазартудан басталады.

Натрий, калий, кальций иондары сияқты тіршілікке қажетті заттар көп мөлшерде болса, гомеостаз қалыпты деңгейінен өзгере бастайды. Сондықтан олардың концентрациясын бір қалыпта ұстап тұру үшін де бүйректің маңызы зор.

Демек бүйрек электролиттік және қышқыл-сілтілік тепе-теңдікті үйлестіріп, реттеп отырады. Оның бұл қызметі нефрон мембранасының заттарды сұрыптап өткізу қасиетімен байланысты орындалады.

Бүйрек үлпасында р е н и н және эритропоэ т и н ферменттері өндіріледі. Ренин артерия қысымын және қан тамырларындағы қанның мөлшерін реттеуге қатысады. Ал эритропоэтин эритроциттердің өндірілуіне әсер етеді.

Несептің түзілуі және қүрамы. Несеп нефронда түзіледі. Ол екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезенде алғашқы несеп, ал екінші кезеңде соңғы несеп түзіледі. Нефрон капсуласындағы тамырлар шумағыңда қан қысымы жоғары, сондықтан қанның сұйық бөлігі капсула ішіне сүзіледі. Мұның нәтижесінде а л ғ а ш қ ы несеп пайда болады. Алғашқы несептің құрамы қан плазмасымен бірдей, бірақ оның құрамында белок пен қан клеткалары болмайды.

Екінші кезеңде алғашқы несептің құрамындағы су, глюкоза, амин қышқылдары, натрий, калий иондары т. б. организмге қажетті заттар қайтадан қанға кері сіңеді, ал мочевина, несеп қышқылы, сульфаттар сияқты зиянды және тіршілікке қажетсіз заттар Генле иінінен кейінгі екінші деңгейлі иірім каналдарда қалып, нағыз несептің құрамына кіреді. Соңғы несеп нефронның жинағыш жолдарымен ағып, бүйректің бүртіктеріне, одан тостағаншасына, одан бүйрек түбегіне, содан соң үзындығы 30 см-дей несеп ағар арқылы қуыққа барады.