Файл: Кбекова Ж. С. Психология негіздері Оу уралы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 972

Скачиваний: 33

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ес жұмысының физиологиялық негізгі жүйке жүйесінде жүйке қозуларынан қалатын іздер болып табылады. Бұл іздер өзарабайланысып, жүйке жүйелерінің аяқталуы іске асады.

Естің түрлері

Есті материалды есте қалдыру, есте сақтау және қайтажаңғырту қызметін атқаратын психофизиологиялық үрдіс ретіндеанықтауға болады. Мысалы, кейбір адамдар өте қиын естеқалдырады, бірақ оның орнына қайта жақсы жаңғыртады жәнеесінде қалған материалды есінде ұзақ сақтайды. Бұл адамдарды ұзақ мерзімді есі жақсы дамыған. Кейбір адамдар бар, керісіншетез есте қалдырады, бірақ оның орнына есте қалдырғанын тез ұмытады. Оларда қысқа мерзімді және жедел ес күшті дамыға болады.

Ес формалары мен түрлерін жіктеу үшін бірнеше негіздемелербаршылық. Бұл жағдайда естің жекелеген түрлері үш негіз өлшемдерге сәйкес жіктеледі:

1) іс-әрекетте үстемдік ететін психикалық белсенділіктің сипаты бойынша есті қозғалыс, эмоциялық, бейнелік және сөздік-логикалық ес деп бөледі

2) іс - әрекет мақсаттарының сипаты бойынша ырықсыз және ырықты ес деп бөледі

3) материалды есте қалдыру және есте сақтау ұзақтығы бойынша қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді және жедел ес деп бөледі.

Қозғалыс ес - бұл әртүрлі қозғалыстар мен олардың жүйелерін есте қалдыру, есте сақтау және қайта жаңғырту. Естің басқа түрлеріне қарағанда естің осы түрі адамда анық кездеседі. Кейбір адамдар өзінде қозғалыс есінің барлығын байқамайды. Естің бұл түрінің ерекше мәні зор, қозғалыс есі әртүрлі тәжірибелік және енбекдағдыларын қалыптастыру үшін негіз болып табылады. Жақсы қозғалыс есінің белгілеріне адамның дене жағынан шыныққандығы, еңбекке шеберлігі, «алтын қолдары» жатады.

Эмоциялық ес - бұл бастан кешкен сезімдер есі. Жағымды немесе жағымсыз сезімдер ізсіз жойылып кетпейді, ол белгілі жағдайда есте қалады және қайта жаңғыртылады.

Бейнелі ес - бұл дүниедегі заттар мен құбылыстардың бұрын қабылданылған бейнелерін есте сақтау және қайта жаңғырту. Бейнелік ес көру, есту, сипау сезу, иіс, дәм сезу болып бөлінеді. Көру және есту естері дұрыс дамыған адамдардың бәрінде анық аңғарылады, ал сипай сезу, иіс және дәм естері кәсіби қызметтің әр алуан түрлерімен байланысты (мәселен, тамақ өнеркәсібінің дегустаторларында немесе көру,есту мүшелерінен айырылған адамдарда байқалады.)

Кейбір адамдар өте анық байқалатын бейнелік есті меңгереді.
Мұңдай есті эйдетикалық ес (эйдос-грек сөзі, қазақшалағанда бейне деген мағынаны білдіреді) деп атайды. Сөздік-логикалық ес - ойлауды есте қалдыруда және қайта жаңғыртуда аңғарылатын ес. Сөздік-логикалық естің мазмұны біздің ойымыз болып табылады. Ойлау тілсіз өмір сүрмейді, сондықтан да ес тек қана логикалық делінбей, сөздік логикалық деп аталады.

Іс-әрекеттің мақсатына қарай есті ырықсыз және ырықты деп бөледі. Ырықсыз ес дегеніміз автоматты түрде адам тарапынан ешқандайкүш салмай, алдына арнайы мнемикалық міндет қоймай материалды есте қалдыру мен қайта жаңғыртуды айтады. Материалды есте қалдыру және есте сақтау ұзақтығы бойынша қысқа мерзімді, үзақ мерзімді және жедел ес деп бөлінеді.

Қыска мерзімді ес - материалды белгілі аз кезеңге есте сақтайтын шектеулі ес. Қысқа мерзімді естің ұзақтығы үлкен емес(бірнеше секунд немесе минут), бірақ қазір ғана қабылданған заттар мен қүбылыстарды дәл қайта жаңғырту үшін жеткілікті үрдіс.

Ұзақ мерзімді ес - салыстырмалы түрде қабылданғанматериалды есте сақтаудың ұзақтығымен және беріктігімен сипатталады.Ұзақ мерзімді ес ақпаратты есте сақтаудың ұзақмерзіміне қарай есептеледі.

Жедел есдеп қысқа мерзімді ес пен ұзақ мерзімді естін, аралығындағы (аралық жағдайда) есті айтамыз. Ол алдын алаанықталмаған мерзім бойы материалды есте сақтауға есептелген.

Ес үрдістері

Ес үрдістері бірнеше түрге бөлінеді: Есте қалдыру, есте сақтау, қайта жаңғырту, тану және ұмыту.

Есте қалдыру. Естің іс әрекеті есте қалдырудан басталады. Есте қалдыру басқаша айтқанда бекіту деп аталады. Біз әр уақытта белгілі бір нәрсені есте сақтаймыз, сол сияқтықабылдаймыз және ойлаймыз. «Уақытша жүйелік байланыс, - депжазды И.П.Павлов, - жануарлар дүниесі мен біздің өзімізде іскеасатын әмбебап физиологиялық құбылыс. Ол сонымен қатар психологтар ассоциация деп атайтын психикалық құбылыс...» Есте қалдыру механикалық және мағыналық болып бөлінеді.Механикалық есте қалдыру негізінен есте қалдыратынматериалды бекітудің сыртқы байланыстары мен жекелегенбөлімдерінің арасындағы байланыстарға негізделеді. Механикалық есте қалдырудың негізгі шарты қайталау болыптабылады. Мысалы, егер бірнеше рет қайталаса, олардыңарасында ассоциация қалыптасады, бұл жердегі байланыс (ассоциация) бірінен соң бірін механикалық түрде қайталағандықтан болады.



Механикалық есте қалдыру - бұл материалдың жекелегенбөліктерін олардың арасындағы мағыналық байланысқа сүйенбей, бір ізді есте қалдыру.

Мағыналық есте калдыру - ойлау үрдісімен тікелей байланысты, мағыналық есте қалдыру, материалдық мазмұны түсінуге, оның бөліктерінің арасында болатын логикалық байланыстарды саналы пайымдауға негізделеді. Мағыналық есте қалдыруға комектесетін тәсілдердің бірі- материалды мағыналы топтау. Мағыналық топтау дегеніміз материалды бөліктерге бөлшектеу, әрбір белімдегі басты, маңыздыларын бөліп көрсету. Мағыналық есте қалдырудың негізгі шарты - түсіну. Есте қалдыру ырықты және ырықсыз болуы мүмкін. Ырықсыз естеқалдыру - алдын ала ешқандай мақсат қойылмай, материалды алдын ала таңдап, есте қалдырудың қандай да бір тәсілдерін қолданбай іске асатын есте қалдыруды айтады.

Қайта жаңғырту

Қайта жаңғырту еріксіз және арнайы қайта жаңғырту деп екіге бөлінеді. Еріксіз қайта жаңғыртуда адам алдына мақсат қоймайды. Мұны іс-әрекеттің барысы туғызып отырады, қайта жаңғыртудың осы түрі көбінесе адамның үнемі айналысатын әрекетіменмазмұндас болады. Мысалы, музыкант мелодияларды қалайболса солай жаңғырта береді.

Арнайы қайта жаңғырту мақсат қоюмен, ерік күшін жұмсаумен, арнаулы әдіс- тәсілдер қолданумен жүзеге асады.

Тану--қайта жаңғыртудың қарапайым түрі. Тану бұрын қабылдаған және қайтадан кезіккенде көрінетін ес үрдістері. Тану адамдардың қабылдау саласындағы ерекшеліктеріне қарай түрлі дәрежеде көрінеді. Мысалы, біреу бір нәрсені қиналмай, тез және толық таниды, екінші біреу мұны мүлде тани алмайды, үшінші біреу шала таниды, ал төртінші біреу қате танитын болады. Объектіні дұрыс тану үшін адамдардың көзі төселіп үйренген, өмір тәріжибиесі мол, бақылағыш болуы шарт. Ес процесінде болатын қателіктердің көпшілігі дәл, жетік тани алмаудан, ал дұрыс тани алмаудың өзі алғашқыда зер салып, жөнді қабылдай алмаудан болады.

Қайта жаңғыртудағы бұл қиындықтар сонымен қатар қазіргі сәттеқажеттіні қайта жаңғыртудың мүмкіншілігінің болмауы ұмыту болып табылады. Сондықтан ұмыту- есте сақтауға кері үрдіс емес, қайта жаңғыртуға кері үрдіс. ¥мыту толық болуымүмкін, ондай жағдайда есте сақталған материалды немесе оның бөлігін көп мезгілге дейін қайта жаңғырта алмаймыз. Көпжағдайда ұмыту уақытша болады. Алғаш есте қалдырғанматериалды неғұрлым толық және дұрыс түрде қайта ескетүсіруді р
еминисценция (латын сөзі- reminiscetia-қазақшалағанда еске алу, жаңғырту мағынасында қолданылады) деп атайды. Реминисценция терминін 1907 жылы серб ғалымы В.Урбанчич ұсынған.

І

Зейіннің (назар) түрлері мен сипаттамалары,

зейінсіздік (алаңғасарлық)
Адамның кез-келген іс-әрекеті зейін арқылы іске асып отырады. Барлық іс-әрекеттің негізгі шарты зейін болып табылады.

Назар немесе зейін деп - адам санасының қоршаған ортадағыбелгілі заттар мен құбылыстарға белсенді бағытталуын айтады.Зейін – басқалардыңішінен адамды қоршаған көптеген заттар менқұбылыстарды бөліп көрсету.

Зейін қабылдау, түйсіктер, ес, қиял, ойлау сияқты ерекшепсихикалық үрдіс емес. Зейін басқа психикалық үрдістерде байқалады. Мысалы, біз бір нәрсені қабылдау үшін оған зейін қоямыз, еске сақтау үшін зейін саламыз, зейін салып ойлаймыз, әңгімелесеміз. Сондықтан да зейін кез-келген іс-әрекетіорындаудың шарты болып табылады. Мысалы, қарапайымжұмыс, ағаш жару, жер қазу және компьютерде ең күрделі есептеутехникаларымен жұмыс, ғылыми зерттеу жүмысы зейінсіз іске асуы мүмкін емес. Адамды қоршаған кептеген заттардың ішінен біреуін бөліп, зейін аударады, ал қалғандарына мән бермейді. Міне, осы қасиетінен зейіннің таңдамалы сипатын аңғарамыз. Басқаша айтқанда, зейін психикалық іс-әрекеттің таңдамалы сипатын білдіреді. Оқушының сабақ үстінде әрекетін байқап көрейік, оқушы мұғалімнің айтқанын зейін салып тыңдайды, түсінеді және оның түсіндіргенін есінде сақтайды. Оқушы есепшығарғанда, шығарма жазғанда осы іс-әрекетті қалай зейінқойып орындайтынын аңғару қиын емес.

Физиологиялық тұрғыдан бұл белгілі бір жүйке орталықтары қозғанда, басқа орталықтары тежеледі де И.П.Павловтың негіздеген жүйке үрдістерінің индукциялық заңы бойынша бас миалабының белгілі бір бөлігінде қозу үрдісі пайда болса бас мидың басқа бөліктерінде тежелу үрдісін шақырады. Бас ми алабында ұйымдасқан қозу орталығы басқаларына үстемдік етеді, оныдоминанта деп атайды, ал мидың қалған бөліктері индукция заңы бойынша тежеледі. Сонымен, доминанта деп бір уақытта адам санасына әсер еткен бірнеше тітіркендіргіштің ішінен біреунің басқаларға үстемдік етуін айтады. Академик А.А.Ухтомскийдің зерттеулері бойынша жүйке жүйесіне әсер еткен көптеген тітіркендіргіштердің ішінен біреуінің жеңіп шығып, күшті әсер етуі. Бас ми алабында қозудың бірнеше ортал
ыгы пайда болады. Бұл жағдайда қозудың әрбір орталығы барлық бас мидың алабында жайылу (иррадиация) жағдайында болады. Сондықтан да қозудың жекелеген орталықтарының арасында қайшылық, күрес туындайды. Осы күрестің нәтижесінде осы орталықтардың біреуі жеңіп, үстемдік етеді, академик Ухтомский оны доминанта деп атаған еді.

Зейін түрлеріНегізінен зейін екіге бөлінеді: еріксіз және ерікті. Кейбір психологтар еріксізді бейжай зейін, ал еріктіні белсенді зейін деп атайды.

Еріксіз зейін деп алдымызға мақсат қоймай біздің санамыздан тыс қалыптасқан зейінді айтамыз. Адам өмірінің барлық кездерінде еріксіз зейін тиісінше орын алып отырады. Қызығу - еріксіз зейіннің бұлағы. Өйткені қызықты іске көңіліміз тез ауады. Мысалы, қызықты кітапты оқуға еріксіз зейін жеткілікті. Ал қызықсыз кітапты оқу ерікті зейінді керек етеді.

Ерікті зейін деп алдын ала мақсатты түрде зейін нысанын саналы түрде таңдай отырып, адам

санасының белгілі бір затқа, не құбылысқа бағытталуын айтады. Ерікті зейін мынадай ерекшеліктермен сипатталады:

  1. Қандай болмасын бір әрекеттің талабына сай зейінді бағындыра алу үшін іс-әрекетке тікелей кірісу қажет.

  2. Үйреншікті жұмыс жағдайын жасап алып, алаңдататын нәрселерден бойды аулақтатқан жөн.

3. Орындалатын істің мәнісін, маңызын түсіну үшін білімге шын ықылыспен берілген дұрыс.

4.Түрлі қолайсыз жағдайларда да жүмыс істеуге машықтану. Мысалы, көңілді алаң қылатын бөгде тітіркендіргіштердің (айқай-шу, тарсыл-күрсілдер де) әсеріне берілмей жұмыс істеу керек.

5. Зейінді болуды өзіңе үнемі ескертіп отыру керек.

Зейіннің үйреншікті деп аталатын түрі де бар. Үйреншікі зейін - адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жүмсамай-ақорындалатын зейін. Мысалы, бала оқуға төселсе, бұл оны тұрақты әдетіне айналса, оның зейіні де үйреншікті бола бастайды. Үйреншікті зейін ырықты зейін арқылы дамып қалыптасады.

Зейіннің негізгі қасиеттері

Зейінге бірнеше қасиеттер тән, олардың ішіндегі негізгілеріне:ауыспалылығы, орналасуы, көлемі, күші мен тұрақтылығышоғырлануы жатады.

Зейіннің ауыспалылығы - бұл зейіннің бір нысанадан екіші нысанаға, бір іс-әрекеттің түрінен екінші іс-әрекеттің түріне ауысуы. Мысалы, кітап оқудан шәкірт өз зейінін суреттеркөруге, одан өз ойын айтып беруге көшуі мүмкін. Зейіннің