Файл: Кбекова Ж. С. Психология негіздері Оу уралы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 965

Скачиваний: 33

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қабылдауда эмоциялық көңіл-күй ерекше орын алады. Оған ең алдымен сол түйсіктердің сезімдік ырғақтары қабылдауды құрамына кіреді. Оған қабылданатын зат туралы бұрынғы көңіл күйлері және ойларымен байланысты сезімдер жатады. Сондықтан да біз «көңілді» немесе «көңілсіз» пейзаж, «қайгылы шөл дала», «қуанышты», «күлімсіреуді» және т.б. қабылдаймыз. Сезімдер қабылдаудың белсенділігін арттырады. Қабылдау үрдісінде зейін ерекше рөл атқарады, ол қабылдауды белсенділігін арттырады, оның мынадай сапаларын (толықтық дәлдік және анықтылық) дамытады. Зейін сияқты қабылдау даерікті және еріксіз болып бөлінеді.

Еріксіз қабылдау деп алдымызға алдын ала мақсат қоймай, нысанды алдын ала таңдамай іске асатын қабылдауларды айтады.

Ерікті қабылдау деп алдын ала мақсат қойылып, қабылдау нысаны таңдалып іске асатын қабылдауларды айтады.

Белгілі бір саладағы заттарды ерікті түрде жүйелі және ұзақ қабылдауды бақылау деп атайды. Мысалы, біз біраз уақыттың ішінде алма ағаштарының гүлдеуі қалай іске асатындығын бақылайтын болсақ, баланың тілінің дамуын бірнеше жыл бойы бақылауға болады. Адамның бір жүйелі, ұзақ жоспарлы қабылдауларға қабілеттілігін бақылағыштық деп атайды.

Апперцепция - қабылдаудың жеке тұлғаның ерекшеліктеріне,оның өткен тәжірибесіне, мамандығына, қызығуына тәуелділігі. Апперцепция - адам психикасының дүниені қабылдау үрдісі сыртқы әсер етуіне, басынан кешкен тәжірибесіне, біліміне мақсат-мүддесіне, әдет-ғұрпына байланысты болатын адам психикасындағы маңызды қасиеттердің бірі. Бұл адамның сыртқы қабылдау кезіндегі психикалық күйіне де байланысты. Адам қабылдауының құрамына енгізілетін психиканыңмазмұның апперцепция деп атайды.

Қабылдау қоршаған ортаның заттары туралы абсолюттік түрде дүрыс тусінік бере бермейді. Кейде заттарды біз теріс, өзгерген түрінде қабылдаймыз. Осындай теріс, өзгерген түрде қабылдауды иллюзиядеп атайды.

Иллюзиядан галлюцинацияны айыра білуіміз қажет. Иллюзия қабылданатын затты теріс қабылдау, ал галлюцинациялар - бұл жалған қабылдаулар. Галлюцинация - жоқты бардай қабылдау, жалғанқабылдау.

Кеңістік пен уақыт - материя дамуының негізгі түрлері, заттар мен құбылыстар кеңістіктен орын алады да уақытқа байланысты өзгереді. Біз кеңістікті қабылдау туралы айтқанымызда, заттардың кеңістіктегі түрлерін қабылдау туралы, олардың кеңістіктегі көлемін қабылдау және кеңістіктегі қатынастарды қабылдау жөнінде айтқымыз келеді.


Монокулярлық қабылдау (бір көзбен қарау) төмендегіше іске асады. Заттың көз сәулелеріне әсер етуі, бұл заттың бейнеленуі, хрусталик арқылы сынады және көздің торында фотоаппарат сияқты кері бейнелеу пайда болады. Кеңістікті монокулярлық кабылдау толық еместігімен, дәл еместігімен ерекшеленеді.

Көп жағдайда біз заттар мен құбылыстарды екі көздің көмегімен қабылдаймыз. Оны бинокулярлық қабылдау деп атайды. Кеңістіктің тереңдігін ондағы заттардың жағдайын қабылдауда бинокулярлық қабылдаудың маңызы ерекше. Тек екі көзбен көру арқылы ғана тереңдікті дұрыс қабылдауға болады. Көбінесе адамдар бағдарды - беталысты күнге, жұлдызға, айға, ағаштың жапырақтарына, желдің соғуына тағы да сол сияқты заттарға қарай ажырата алады. Кәсібі кеңістікпен байланысты адамдар (малшы, керуенші, жүргізуші т.б.) кеңістікті күндіз де, түнде де, не боранды күнде де дұрыс қабылдай алады. Жақын жерді қараған кезде хрусталик шар тәріздес, ал алыс қашықтыққа қарағанда ол тегіс болады. Осындай көздің өте жақсы көруге бейімделуі аккомодация деп аталады. Көздің аккомодациясы үш өлшемді- қашықтықты, тереңдікті, жер жағдайын қабылдағанда ерекше мәні зор. Екі көздің көмегімен кеңістіктегі қатынастар толық және дәл қабылданады. Мысалы, бинокулярлық үшінші өлшем өте дәл қабылданады. Үшінші өлшемде (қашыктык, тереңдік) бинокулярлық қабылдауда (екі көзбен) көздің конвергенциясының үлкен мәні бар.

Конвергенция - бақыланатын объектінің бейнесі екі көзге бірдей мейлінше жақсы көрінетін алаңға келетіндей етіп көздердің қиысуы.
Елестету және қиялдау


§2.3 Елестету мен қиялдаудың жекеліктері
Қабылдауда болатын сезімдік бейнелердің жасалуынан санада өз алдына ерекшеленген жаңа психикалық құрылым -елестер пайда болады.

Елес - бұл адамның өткен тәжірибесіне негізделіп, болмыс затының санадағы қайта жасалған жалпылай психикалық бейнесі. Елесте заттың барша бітістері мен белгілері тереңдей жарқың, дәлдікпен нақтылай берілмейді. Егер де кейбір елестер біздің іс- әрекетімізбен байланысты келсе, онда алғы шепке нысанның біздің әрекетімізге тікелей қажет, маңызды тараптары шығарылады, қалған тұстары бұлыңғыр күйінде қалады. Елесте қабылдау түрлеріне (көру, есту және т.б.) орай бөлінеді.
Елестердің негізгі ерекшеліктері:

-елестер қабылдаудағыдай көрнекі келеді, бірақ мұндағы бейне күңгірттеу;

-елеске түскен бейнеде заттың бөлшектері мен жеке бітістерін ажыратып болмайды;

-елесте әрдайым жалпыланған бейне (тау елесі, мысалы: ол Алатау не Памир емес, жер бетіндегі барша

тауларға тән белгі - биік шоғыр) сақталады;

-бір зат жөніндегі әр адамның елесі жеке-дара болып келеді. Бұл адамдардың тұлғалық сапа-қасиеттерінің

өзіндік ерекшелігінен болады;

-елес көрнекі-бейнелі бола тұрып, біз үшін қандай да жалпыланған танымдық, білім қызметін

атқаруы мүмкін;

-түйсік және қабылдау үдерістеріне қарағанда елес сатысы анағұрлым жоғары деңгейлі келеді;

-елес ойлау жүйесінің құрамды бөлігі, ой азығы - есте сақталғанды елес күйіне келтіріп алғаннан соң ғана, біз оны жан - жақты талдауға салып, нақтылай бастаймыз.

Тұлға өміріндегі елестің маңызды болуының жарқын дәлелі - бұл адамдардың шығармашылық өнері. Шығармашылық әрекеттің қай түрі болмасын өз бастауын осы елестен алады. Құлақтан қалып, есту түйсігінен айрылған әйгілі Бетховен ән-күй өрнек елестерін өзінің мәуелі шығармашылығының сүйеніші еткен.

Біздің санамызда тек қана бұрын біз қабылданған нысандар туралы елестетулер болуымен қатар, біз қабылдамаған нысандар туралы елестетулер пайда болады. Мысалы, біз солтүстік полюсте болмасақ та ол туралы елестете аламыз, біздің еліміздің өткен тарихының оқиғалары туралы елестетулер болады
, болашақта да болжай білуге мүмкіншіліктеріміз бар. Бұл елестетулер қабылданған заттар туралы елестетулердің негізінде

тәжирибе мен білім негізінде киял арқылы жасалады. Бұл елестетулердің ес елестетулерінен ерекшелігі қиял елестетулері деп аталады. Адамның іс-әрекеті жан-жақты. Ол өзінің еңбегімен табиғатты өзгертеді, табиғатта жоқ заттарды жасайды. Өзендердің бағытын өзгертеді, су-электрстанцияларын салады, күрделі құбылыстарды іске асырады, күрделі машиналар ментұрмыстық заттарды, сонымен қатар жаңа технологияны

өндіріске ендіреді, яғни өмір үшін қажеттінің барлыгы іске асырылады. Егер де іс-әрекетінің нәтижесін анық елестете білмесе, адам осының барлығын істей алмаған болар еді. Сонымен, қиял деп елестетулердің негізінде бұрын-соңды қабылданылмаған заттар мен құбылыстардың жаңа бейнесін жасауын айтамыз. Қиялдың жинақтаушылық іс-әрекетінің қарапайым түрі агглютинация болып табылады. Агглютинаңия деп бірнеше заттардың жекелеген элементтері немесе бөлімдерінің біртұтас бейнеге ұласуы мен бірігуін айтады. Мысалы, халық түсінігінде су перісінің бейнесі әйел мен балықтан және көк балдырлардан жасалуы. Қиял үрдістеріндеестің елестетулерін өңдеу іске асып қана қоймайды, соныменқатар адамның ой-түйіні іске асады, кейбір міндеттер шешіледі.Сондықтан да қиял үрдістерінде ойлау мен сөйлеудің бірлігі үлкен рөл атқарады.

Қиял өзіндік дәрежесіне және оның нәтижесінің ерекшелігінеқарай екі түрге бөлінеді: қайта жасау қиялы және шығармашылық қиял.

Қайта жасау қиялы дегеніміз адамның жаңа заттар мен құбылыстарды сөздік суреттеу немесе шартты бейнелеу (сызу, үлгі) түрінде елестетуі болып табылады.

Шығармашылық қиял дегеніміз - дайын суреттеуге немесе бейнелеуге сүйенбей, шығармашылық қиял үрдісінде жаңа бейнелер жасау.

Қиял ерікті және еріксіз болып бөлінеді:

Еріксіз қиял - алдын-ала мақсат коймай, ерік-жігер жұмсамай іске асатын қиялдың түрі. Бұл жерде бейнелер өздігінен жасалады. Қиялдың еріксіз іс-әрекеті ең алдымен қазіргі сәттеқанағаттанбаған қажеттіліктердің нәтижесінде пайда болады. Мысалы, адам сусыз шөл далада болғанда қатты шөлдейді, ондай жағдайда адамда еріксіз су көздері туралы бейнелер жасалады.

Ерікті қиял алдын ала койылған мақсат бойынша, белгілі бейнені жасау үшін қажетті материалдарды таңдауға күш- жігерді жұмсау арқылы іске асады.

Қиялдың жан-жақтылығы оның іс-әрекетінің кеңінен таралатын салаларының қамтитын шеңберімен анықталады. Оның ішінде, сондай салалар болып табылатын табиғат, оның бүгіні мен болашағы және тарихи омірі, жердің қойнаулары мен жұлдызды а
спан әлемі, техника мен өнер. Адам қиялымен неғұрлым көп саланы қамтыса, соғүрлым оның киялы жан-жақты болады. Қиял көп жағдайда шындық дүниеден жиі алшақтап келеді.

Қиял күшті және әлсіз болады. Қиял арқылы жасалынган бейнелер шындықты қабылдауға қаншалықты жақындауына байланысты қиялдың күші туралы айта аламыз. Кейде қиялдың қызметі сондай күшті байқалады, біз қиялдың нысандарын көргендей , естігендей немесе сезген сияқты боламыз. Осындай жағдайдареалдық шындық пен фантазия бейнелері арасында айырмашылық байқалмайды. Мысалы, Диккенс көзіне жас алып, өз кейіпкерлерінің бастан кешкен қиындықтары мен олімін еді.

Әрбір адам өзінің болашағы туралы міндетті түрде ойлайды, жоспарлайды. Адамның болашақтағы қажеттілік туралы ойлары арман деп аталады. Арман айқын немесе күңгірт болуы мүмкін. Мұның шығармашылық қиялдан ерекшелігі мынада: арман өзіміздің тілеген, келешекке бағытталған қиял процесі. Арман адамды алға ұмтылдыратын, итермелейтін себеп немесе іс-әрекеттің түрткісі болып табылады.

Өмірімен байланысты әсерлі қиял адамды еңбекке шабыттандырады, іс-әрекетке талпындырады. Ешқандай нәтижесіз қиялдаушылық адамды әлсіретеді, шындық дүниені өмірде іске аспайтын түс керумен ауыстырады. Сондықтан да қиялдай отырып, әруақытта да өзінің қиялының бейнесін бақылап отыру керек және күнделікті өмір тынысынан қол үзуге мүмкіншілік бермеу қажет. Арман, қиял күнбе-күн болашақты біздің бүгінгімізбен байланыстырғанда ғана пайдалы болады.
Жады және назар

§2.4 Жадының анықтамасы, жіктелуі мен ерекшеліктеріжәне ұмыту
Біздің түйсіктенген және қабылданған заттармыз бен құбылыстарымыз ізсіз жоғалып кетпейді, бірақ белгілі дәрежедеесте қалдырылады, бекітіледі, есте сақталады және қолайлыжағдайларда немесе қажет болған кезде қайта жаңғыртылады. Сонымен қатар біздің ойымыз, сөйлеуіміз, бастап кешкен сезімдеріміз бен әрекеттеріміз бекітіледі, одан кейін бастан кешкен сезімдеріміз бен әрекеттеріміз қайта жаңғыртылады. Бұләрбір адамға күнделікті тәжірибеден белгілі. Мысалы, мектепте әртүрлі ғылым негіздерінен берілген білімді шәкірттер есте сақтайды және қайта жаңғыртады.

Жеке тұлғаның тәжірибесін есте қалдыру, есте сақтау және кейін есте қайта жаңғыртуын ес деп атаймыз.