Файл: Кбекова Ж. С. Психология негіздері Оу уралы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 976

Скачиваний: 33

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
§2.6 Танымдық психикалық процестердің бұзылуы
Сезім мен түйсіктің бұзылулары

Науқастың психологиялық жағдайының алғашқы кезеңдерінің бірі - олардың сезім танымын зерттеу болып табылады. Ең алдымен түйсіктің патологиялық сараптама барысында сезімділікке көп мән береді. Ол кейде төмендеп, кейде жоғары көтеріліп тұруы мүмкін. Сезімталдықтың алғашқы сатысы психикалық гиперестезияда байқалады.

Гиперестезия - сезу мүшелерінің тітіркендіргіштерге аса жоғары түрде сезімталдығы. Бұл үрдіс әртүрлі соматикалық ауруларда болады.

Гипестезия - тітіркендірулерді төменгі түрде қабылдау (сезімталдықтың нашарлауы, әлсіреуі). Бұл жағдайда адам уколға не шыбынға селт етпейді, қоршаған орта бұлыңғырланып, жарық қасиетін жояды. Дыбыстар анық естілмей түстер түсін жойып, бәрі сұр сияқты көрінеді.

Анестезия - сезімталдықтың жоғалуы, наркоз заттарын килданғанда не кейбір психикалық жағдайларда болады.

Сенестопатия - бұл бұлшық еттерде, тері астында болатын ұшімсыз сезімдер.

Синестезия - сезім қабылдауының негіздері бір уақытта бірнеше анализаторлардың жауабын беретін, бір анализаторға бағытталған сыртқы тітіркендіргіштің болуымен сипатталады.

Синестезия дарынды музыканттарда, ақын, суретшілерде көп кездседі.

Парестезия - патологиялық сезім (дененің әр жерінде шаншу, қызып ашу, түршігу, ұю, құмырсқа жүргендей жыбырлау сияқты кенеттен пайда болатын әртүрлі сезім). Қан тамырларын нервтер арқылы реттеуі бұзылғанда болады.
Қабылдаудың бұзылуы

Қабылдаудың патологиясы, яғни бұзылу қабылдаудың субъективті бейнесі мен қабылданған образдың теңесуінің белгілі бір себептермен бұзылуынан бастау алады және әртүрлі психикалық процестердің бұзылуы барысында өтіп жатады. Қабылдаудың бұзылуы әртүрлі оны психологтар ғана емес, психиатрлар да зерттейді. Л.Р.Лурия негізін салған нейропсихологияның орыс мектебіндеми қабығының әртүрлі кабынуы кезіндегі кабылдаудың бұзылуы зерттелген. Бұл агнозия тудырады.

Агнозия дегеніміз - заттарды тану мен дыбыстарды естудің қиындығы (заттарды танымау).

Иллюзия - бар объектіні басқаша қабылдау. Шындық құбылыстардың адамға қате өзгертіліп қабылданатын бұзылудың түрі, мәселен қасық өз көлемінен үлкен көрінеді. Иллюзияның аффектифті немесе аффектогенді, вербалды және
пароэйдоликалық түрлері бар. Физикалық және физиологиялық иллюзиялар қалыпты жағдайда барлық адамдарға тән.Ашуланғандағы иллюзиялар кездейсоқ және әр адамда әртүрлі болады.

Галлюцинация жалған қабылдаулар, шындықта жоқзаттарды бейнелеуі. Галлюцинация сезім мүшелеріне байланысты мынандай түрлерге бөлінеді: есту, зейіндік, дәм, иіс,сезу. Психикалық ауруларда, улануларда, нашақорлықта,алкоголизмде кездеседі. Галлюцинацияда ауру адам жоқ жыланды көріп, ысылын естиді және оның денеге тигенін сезеді.

Галлюцинацияның ең маңызды түрлері:

  • жалған галлюцинация;

  • нағыз галлюцинация.

Дереализация - ауру адамға қоршаған ортаның өзгертіліп,бұрмаланып қабылдануы. Оның үстіне ауруға сол зат қалай өзгергенін анықтау қиынға соғады. Сондықтан олар былай дейді: «айнала тірі емес сияқты» немесе «мен түсімде жүрген сияқтымын».

Деперсонализация - науқас өз денесін танымайды, артық қол,аяқ болуына немесе олардың ұзын, қысқа болуына шағымданады.
Жадының (ес) бұзылулары

Ес бұзылуының байқалуы әртүрлі. Осы мақсатпен ес патологиясының басты түріне жіктейміз.

Дисмнезия. Оған гипермнезия, гипомнезия, амнезияжатады. Енді осылардың әрқайсысына жеке - жеке тоқталсақ:

Гипермнезия - жадының күшеюі, ақпаратты есте сақтаудыңәлсіздігімен үйлесетін күшейтілген еске түсіру. Гипермнезиясыбар ауруларда бұрынұмытылып кеткен нәрселер есіне түседі.

Гипомнезия жадының әлсіреуі, есте сақтау қабілетінің бұзулуы кезінде байқалады. Ауру тек жарқын, анық және маңызды сәттерді ғана еске түсіре алады. Гипомнезияның ең жеңіл сатысы - санды, күнді, есімдерді есте сақтау қабілетінің төмендігі.

Амнезия - жадының жоғалуы, бұл оқиғалардың, жағдайлар менфактілердің толығымен естен шығып кетуі. Амнезияның төмендегідей түрлері бар:

Кертартпалық амнезия - аурудың күшейген кезіндегі болған оқиғалардың естен шығуы. Мысалы, улану немесе бастан зақым болганда. Кертартпалық амнезияның созылу мерзімі (апта, ай кейде бірнеше минут) әртүрлі.

Антероградты амнезия - оқиғаның толық және бір бәлігінің пхикалық ауру жағдайынан кейін естен шығуы. Мұның да уақыт мерзімі әрқалай болып келеді.



Фиксационды амнезия - есте сақтау қабілетінің жоғалуы. Сол уақыттағы оқиғаны ғана жазып алып, кейін қайтадан ұмытып, естен шығару. Осындай бұзылуы бар адамдар өзінің кереуетінің қайда екенін, дәрігерінің атын ұмытып қалады.

Прогрессивті амнезия- Рибол заңдылығына байланысты естің ыдырауы: алдымен кеш сақталған оқиғалар мен фактілер естен шығады, ал ерте сақталғандары соңыңан жойылады. Бұдан басқа аффектогенді және психогенді амнезия кездеседі. Бұл жағымсыз аффектінің әсерінен оқиғаларды есте сақтай алмағанда байқалады.

Парамнезия - жадының патологиялық бұзылуы, естің қате, құбылмалы түрде болуы. Адам белгілі жердегі оқиғаны есте сақтауы мүмкін, бірақ оның уақытын сақтай алмайды. Тек психикалық ауруларда кездеседі. Оның екі түрі бар:

Конфабуляция - науқас өмірінде болған, бірақ ұмытылған кейбір оқиғаларды өтірік оқиғалармен толтырады, өзі соған сенеді.

Псевдореминисценция - науқас өмірінде болған оқиғалардың уақытын шатастырады.
Зейіннің (назар) бұзылулары

Зейіннің бұзылулары қарттарда, жүйке және психикалық ауруларда жиі кездеседі. Зейіннің негізгі қасиеттері өзгереді. Көбінесе науқастар назардың қиын шоғырлануына шағымданады.Зейінсіздік деп назар тұрақтылығының бұзылуын айтамыз.

Оның 3 түрі бар.

1түрі балаларда кездеседі. Зейін еріксіз оңай аударылуымен сипатталады.

2 түрі қарттарда кездеседі. Зейін әлсіз интинсивтігімен сипатталады.

3түрі ғалымдарда кездеседі. Қиын назар аударылуымен сипатталады. Ойлардың терең концентрациясында бір ғана жаңалық пайда болады деп айтуға болады.
Ойлаудың бұзылуы

Ойлаудың бұзылуы психикалық ауруларда жиі кездесетін аурудың түрі. Аурудың диагнозын қояр кезде психиатр ойлаудың бұзылуының түрлерін басшылыққа алады. Патология симптомдары әр қилы болып келеді. Ойлаудың бұзылуыформасы мен мазмұнына қарай жіктейді. Ойлаудың бұзылын
формасына темптің бұзылуы жатады. Ауруда көп ойлар болғанымен, оны айта алмайды, үлгермейді. Адам миында эр түрлі ойлардың тууы соншалықты, тіпті ортақ магынаны түсінбей қалуы да осыған қатысты.>

Патологиялық түсініктер: жабысқақ, қалыптан тыс құнды ойлар және сандырақ ойлар ретінде болады. Жабысқақ ойлар ауырған адамның санасын жайлап, ол сын көзімен қарап күресіп, тырысқанымен бұл ойдан құтыла алмайтын жағдайға келеді.

Қалыптан тыс құнды ойлар - негізінде шындығы бар ойлар,
бірак та оларға қалыптан тыс мән беру.

Ойлаудың мағыналық жақтан бұзылуына қалыптасқан жоғары бағалы сандырақтау ойлары жатады. Қалыптасқан жағдайдаоларда қорқынышты ойлар, күмәнданулар орын алады.

Бұл ойлардан ауру адам құтыла алмайды. Бірақ ондай ой сау адамдарда да кездесе береді.

Аталмыш ойлар маңызды сұрақтардан тұрады. Мәселен, неге адамның екі аяғы, иттің төрт аяғы бар. Бұл адамның еркімен болатын әрекет.

Қалыптасқан ой формасы: мысалы, көшеде не көрінсе соны санай беру - терезелерді, баспалдақтарды санау.

Күмәндану - бұл да сенімсіздіктен болатын қалыптасқан ойдың түрі. Ауру адам өз ойына күмәнданады. Мәселен, үйіне қайта оралып, терезе жабылды ма жоқ па, есік жабылды ма жоқ па деп тексеріп көру үшін қайта- қайта барады. Өзінің әрекетінің біткеніне күмәнді оймен қарайды.

Қорқыныш - фобия деп аталады. Фобия рационалды таным патологиясын зерттеу кезінде қарастырылады.

Нозофобия - адамның өлуіне алып келетін қорқыныш түрі. Олімнен қорыққаннан туатын ой - танатофобия деп аталады. Ал социофобия - қарым-қатынас арқылы туатын қорқыныш болса, лалофобия - сахнаға көпшілік алдына шығудан қорқыныш.

Сандырақ ойлар - ойлаудың ең сапалы бұзылуларының бірі. Бұл шындыққа жанасымсыз ой тұжырымдау мен ойлау. Сандырақ психикалық аурудың басты белгісі ретіндегі психоздың формальды белгісі болып табылады. Адамның кәдімгі қателесуінің сандырақтан айырмашылығы мынада:

  1. Ол әрқашан аурудан пайда болады, бұл аурудың симптомы.

  2. Адам өзінің түсінігінің, ойының қате екенін анық біледі.

  3. Сандырақ ешқандай сендіруге, коррекцияға берілмейді.

  4. Ауру адам үшін сандырақ өте маңызды рөл ойнайды. Ол адамның мінезіне әсер етеді. Сандырақтап тұрған ауру адамды ешқандай фактілік дәлелдеулермен де көндіре алмаймыз.

Клиникалық ереже бойынша ойларды төрт үлкен топқа бөлугеболады:

  1. Қудалау сандырағы

  2. Ұлылықсандырағы

  3. Озін-өзі кемсіту сандырағы

  4. Аралас сандырақ

Қудалау сандырағы - аурудың соңынан біреудің аңдып жүргенімен сипатталатын сандырақ түрі. Қудалау сандырағы байқалған ауру адам басқаларды көзін қысып, күліп өзіне шақырады. Мұндай науқастар қоғамдық ортада жүрмейді. Оларәрқашан өзінен - өзі күліп қарайды. Немесе түсініксіз сөздерайтып күле береді.


Ұлылық сандырағы - өзін-өзі жоғары бағалаумен сипатталатын сандырақ. Мысалы: жаңалық ашу, ұлылық байлық,махаббат сандырағы.

Махаббат сандырақ. Өзіне өзгенің қатты ғашық болғанын сену. Мәселен, мұндай адамдар ғашығымен кездесуге асығы тұрады. Оның мінезін, ойын, қандай екенін үнемі бақылай жүреді. Ендігі бір ұлылық сандырағының түрінде адам әліболмаған құбылысты салтанатты түрде болды, өтті деп есептейді.

Өзін-өзі кемсіту сандырағы. (Депрессивті сандырақ) өзін-өзі кемсіту, өзін кінәлау, өзін-өзі күнәhар ету формасында болады. Кінәлі болмаса да өзін айыптайтын ауруы бар адамдар өзінің істегенімен, тек өзінің ғана емес өзгенің де өмірін күл талқан еттім деп ойлайды. Ол үшін олар қандай болсын жазаға дайынмын дейді. Әдетте бұл сандырақ психоз ауруына жақын.

Ипохондрикалық сандырақ - СПИД, сифилис, рак ауруларына байланысты адамның ішкі жан дүниесінің күйзелуі.

Бір адамда бір немесе кейде бірнеше сандырақтар кездесе береді. Мысалы, бір мезетте ұлылық пен қудалау сандырағының болуы. Сондай-ақ, бір сандырақтан екінші сандыраққа ауысу процесі болады. Ол сандырақ транформациясы деп аталады.

Конформды сандырақ - ұқсас сандырақтардың екі жақын ауру адамдарда кездесуі. (Мысалы анасы мен қызы).
Интеллекттің бұзылуы

Олигофренияда интеллект пен ойлау қабілеттілігінің бұзылубайқалады. Олигофрения деп жүктілік кезінде, туа біткен немесеерте балалық шақтағы әртүрлі жұқпалы аурулардың жарақаттардың, интоксикацияның әсерінен пайда болатын естің азаюын айтады. Олиго - аз, френиус - ақыл- ой деген мағынаны білдіреді.

Көбінесе олигофренияның пайда болуына ата-ананың есірткігеалкогольді ішімдіктерге құмарлығы себеп болып жатады.

Олигофренияның 3 сатысы байқалады:

  1. дебилдық

  2. имбецилдық

  3. идиоттық

1. Дебилдық - олигофренияның ең жеңіл сатысы. Балаларда кейбір қабілеттіктер, мысалы механикалық жаттау, есептеу жақсы дамыған. Олар мектепте бастапқы кезде сау балалармен бірге оқиды, бірақ жасы үлкейе келе ақылы аздығы күшейе береді, сондықтан ондай балаларды арнайы мектептерде оқытады.

2. Имбецилдік - олигофренияның орташа сатысы. Науқас онға дейін ғана санайды, аз сөйлейді, сөздік қоры аз, ойлау қабілеті төмен болады. Қарапайым жұмыстарды атқарады және өзіне қызмет жасай ала мұндай науқастар тек қана арнайы мектептерде оқиды.

З.Идиоттық немесе идиотияолигофренияның