ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 986
Скачиваний: 33
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
жасында музыка аспаптарында ойнап, 4 жасында музыкалық шығармаларды орындаған, ал 12 жасында опера жазған.
Нышандар - тек қабілеттіліктерді қалыптастыру шарттарының бірі. Егер табиғаттың берген нышаны, ғажайып дарындылық туралы мысал келтіретін болсақ, 1951 жылы Америкада кибернетиканың атасы, ұлы математик Ноберт Винердің ғүмырнамалық деректерінің I томы жарық көрді, кітап «Бұрынғы вундеркинд» деп аталды. «Вундеркинд» - неміс сөзі, wunder -ғажайып, kind - бала деген екі сөзінен құралған. Одан оның өмірінің таңғажайып деректерін көруге болады: 9 жасындакішкентай Норберт ерекше дарындылық байқатып, 8 жылдықмектепке бармай, орта мектепке оқуға түсті. 12 жасында университет студенті, 14 жасында бакалавр ғылыми дәрежесін, ал 18 жасында ол Гарвард университетінің филологияғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алып шығады.
Қабілеттіліктердің негізгі көрсеткіштерінің бірі - ертеберілуімен қатар кеш те беріледі. Жас кезінде қабілеттіліктің байқалмауын болашақта дамыту мүмкін емес деген түсініктумайды. Ерекше қабілеттіліктер мен таланттың өте кеш берілуі туралы көптеген мысалдар келтіруге болады.
Көрнекті жазушы В.Шишков мысалы, еңбектерін 40 жасында жариялай бастады. Белгілі шығармасы «Угрюм-реканы» 60 жасында жазды. «Емельян Пугачев» кітабын 72 жасында аяқтады. Мысалы, Симбирск губерниясының алыста орналасқанселосында дүниеге келген Е.И.Гусева жасы 40-қа келгендесауатын ашқан. Одан кейін жұмысшы факультетіне оқуға түсіп, өзінің баласымен бірге жоғары оқу орнын бітірген, кейін ғылым кандидаты, ал 73 жасында докторлық диссертациясын ойдағыдай қорғады.
Темперамент
Табиғатта екі бірдей адамды, жеке тұлғаны кездестіру қиын. Әрбір адамның жеке тұлға ретінде даралық ерекшеліктері қайталанбайды. Адамдар бір-біріне ұқсас болып келуі мүмкін. Адамдардың даралық-психологиялық ерекшеліктері әртүрлі болады.
Осындай тұрақты және адамға туғаннан берілетінпсихологиялық қасиеттер темпераменттің қасиеті болып табылады. Демек, темпераменттің қасиеттеріне ең алдымен туа
біткен және даралық-өзіндік психикалық қасиеттер жатады. Тіпті ерте кезден бастап темпераменттің төрт түрін кездестіре аламыз:сангвиникалық, флегматикалық,холерикалықжәне меланхоликалық.
Темперамент дегеніміз психикалық үрдістер мен мінез қүлықтың жүру қарқынын анықтайтын адамның дара ерекшеліктері. Темпераменттің қасиеттерін мінез-құлық
қасиеттерімен немесе қабілеттіліктерімен шатастыруға болмайды.
Темпераментті анықтайтын төмендегідей негізгі қасиеттерді атап өткен жөн:
Темперамент адамның іс-әрекетінде, мінез-құлқында және қылықтарында аңғарылады және сыртқы пішінінен байқалады. Сыртқы тұрақты белгілері бойынша темпераменттің кейбір қасиеттері туралы айтуға болады.
Темпераменттің қасиеттері адамның психикалық іс-әрекетінің динамикалық жағын анықтайтын табиғи қасиеттер болып табылады. Басқаша айтқанда, психикалық іс-әрекеттің іске асу сипаты темпераментке байланысты, атап айтқанда:
Дегенмен осының барлығы темпераментті толық сипаттау үшін әлі де жеткіліксіз, себебі психикалық іс-әрекеттің динамикасы басқа жағдайларға байланысты. Кез-келген адамда өмірінде кездесетін қуанышты оқиға жан дүниесі мен тән дүниесін, күш-жігерін арттыра түседі, ал керісінше қайғылы жағдай оның көңіл-күйінің түсуіне себепші болады.
Темпераменттің қасиеті адамның басқа психикалық ерекшеліктерімен салыстырғанда ерекше тұрақты және әруақытта да болады.
Темпераментті Гиппократ бойынша жіктеу және
И.П.Павловбойынша темперамент түрлерінің физиологиялық мәні
Темперамент туралы ілім ерте кезде пайда болған. Ертедегі грек медицинасының көрнекті өкілі Гиппократ (б.з.д. Ү ғ) пен оның шәкірттерінің айтуынша, адам ағзасының жағдайы негізінен адам ағзасында болатын шырындардың немесе сұйық заттардың (қан, шырын, өт) сандық арақатынасына байланысты, Осы сұйық заттардың араласу пропорциясы грекше «красис» деп
аталады. Рим дәрігерлері жүздеген жылдар кейін жұмыс істегенбұл ұғымды латынша temperamentumдеп аталады, кейін келіп «темперамент» термині шықты.
Гиппократ темпераментті адамның анатомиялық-физиологиялық және психологиялық даралық ерекшеліктері деп түсіндірді.
Темпераменттің табиғатын ғылыми тұрғыдан И.П.Павлов жүйке жүйесінің негізгі қасиеттері туралы ілімінде түсіндіріп берді.
И.П.Павлов жүйке жүйесінің үш түрлі негізгі қасиеттерін бөліп көрсетті:
1. қозу және тежелу үрдісінің күші. Ол жүйке клеткаларының жұмыс істеу қабілетіне байланысты;
2. жүйке жүйесінің тепе-теңдігі, демек қозу күшінің тежелу күшіне сәйкес келу дәрежесі;
3.жүйке жүйелерінің қозгалғыштығы, демек қозудың тежелуге ауысу жылдамдығы және керісінше. Бұл барлық қасиеттер жалпы жүйке жүйесі ретінде бір ғана биологиялық қызметті атқарады, өз уақытында ағзаны қоршаған ортамен тепе-теңдікте ұстайды.
И.П.Павлов жүйке жүйесінің 4 негізгі түрін ажыратты:
1.күшті, ұстамсыз(қозудын күші басым болуы);
2.күшті, ұстамды, қозғалғыш;
3.күшті, ұстамды, сылбыр;
4.әлсіз.
Жүйке үрдістерінің күштерін белгілері бойынша И.П.Павлов күшті және әлсіз жүйке жүйелеріне бөлді. Күшті жүйке жүйелерінің окілдерін ол өз кезегімен күшті ұстамды және күшті үстамсыз деп ажыратты. Күшті ұстамдылар шапшаң және баяу болып бөлінеді.
Әлсіз тип. Жүйке жүйесі әлсіз типтің өкілдері күшті, ұзақ мерзімді және шоғырланған тітіркендіргіштерге төтеп бере алмайды. Қозу мен тежелу үрдістері әлсіз болып табылады. Күшті тітіркендіргіштердін әсерімен шартты рефлекстерді алу кешігеді. Сонымен катар тітіркендіргіштердің әсерімен жоғары сезгіштік байқалады.
Күшті, ұстамды тип. Күшті жүйке жүйесімен ерекшелене отырып, ол негізгі жүйке үрдістерінің ұстамсыздығымен- қозу үрдісінің тежелу үрдісінен басым болуымен сипатталады.
Күшті, үстамды, козғалғыш тип. Қозу және тежелу үрдістері күшті және ұстамды, бірақ олардың жылдамдығы, қозгалғыштығы, жүйке үрдістерінің шапшаң өзгеріп отыруы жүйке байланыстарының жылдам ұйымдасуына және тұрақсыздығына алып келеді.
Күшті, ұстамды, сылбыр тип. Күшті және ұстамды жүйке үрдістері аз қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Бұл типтің өкілдері сырт қарағанда салмақты, орнықты, қиын коздырғыш тип.
И.П.Павлов темпераментке былай деп анықтама бере «Темперамент әрбір жеке адамның жалпы сипаттамас болып табылады, оның жүйке жүйесінің негізгі сипаттамас әрбір индивидтің барлық іс-әрекетіне белгі қалдырады».
Темперамент сипаттамалары, тұлға түрлері
Темпераменттің түрлеріне тоқталып, әрқайсысы психологиялық сипаттама беретін болсақ:
Сангвиник темпераментінің өкілдері қозғалғыш, сергек, қызыққыш келеді. Сангвиниктер негізінен көңілді тип.Эмоциялық көңіл-күйі тұрақсыз, өзгеріп отырады, сезімге тезберіледі. Олардың сезімдері күшті, терең емес. Шапшаң ашуланып, тез арада күйіп - пісіп қалады. Ашуы тез басылады,кек сақтамайды, тез ұмытып кетеді, сәтсіздіктерді тез жеңе біледі,ұжымда беделді. Ұжым мүшелерімен жақсы қарым-қатынастаболады, адамдармен тез арада тіл табыса біледі.
Сангвиник типіндегі адамдар тез пайда болатын күшті, бірақ тұрақсыз эмоциялық қозуымен ерекшеленеді. Ондай балаларәртүрлі іске тез кіріседі, бірақ әр нәрсенің басын бастап, аяқсыз қалдырады, істі аяғына дейін жеткізе алмайды, тез арада суып қалады, олар бір бағыттағы ұзақ, табандылықты қажет ететін іс-әрекетке бейім емес. Олардың ренжуі де, жылауы да тез, күлуіді оңай. Сезімі тез өзгеріп отырады.
Холерик темпераментінің өкілдері тез пайда болатын күш және тұрақты эмоциялық қозуымен ерекшеленеді. Холериктердіңсезімі бет-пішінінен, дене қимылынан, сөйлеген сөзінен анықбайқалады. Холериктер куйіп-пісу, тез қозғалады, әруақытта даіс-әрекетке бейім келеді. Оларда психикалық үрдістер тез,жылдам жүріп жатады. Холериктер іс-әрекетке жылдам, қызыға, құлшына кіріседі. Бұл типтегі балалар өте белсенді. Холерикалы типтегі қозу тежелуден басым келеді. Олар жігерлі, қызу қанды,кейде артық кетіп қалады, кейде ашуға, сезімге тез беріледы. ¥жымда эмоциялық ұстамсыздық аңғартады және осыныңнегізінде ұжымда кейбір жайсыз ахуал қалыптасады.
Холериктердің жағымды жақтары - белсенділігі, іскерлігі, іс-әрекетке тез енетіндігі. Жағымсыз тұстары – ұстамсыздығы, дөрекілігі, ұшқалақтығы, ашуға тез берілгіштігі. Бұл типтегі балалар белсенді. Олар іске тез кіріседі және оны аяғына дейін жеткізеді. Олардың біреуге ренжіп қалуы да тез. Ашуланған
адамына кекті ұзақ сақтайды, көпке дейін ұмытпайды.
Флегматик темпераменті өкілдері жай пайда болатын, қысқа мерзімді эмоциялық қозумен ерекшеленеді. Флегматиктің сезімі сырттай әлсіз аңғарылады. Бұл типтегі адамдардың қуануы да, қайғыруы да қиын. Флегматик типтегі балалар сабырлы, салмақты, мінез-құлқы әруақытта да бір күйде тұрады. Флегматиктердің психикалық үрдістері жай, бірсарынды жүреді. Бұлар өте ұстамды, салмақты, іс-әрекетке баяу. Істеген ісін сапалы, тындырымды орындайды. Бұл типтегі балалар сабақты жақсы оқиды, іс-әрекетте орнықты, табандылық аңғартады.
Адамдармен қарым-қатынаста флегматик әруақытта да орнықты, салмақты, адамдармен ретімен араласады, көңіл-күйі тұрақты. Олар әркез жанжалдан басын ала қашады. Кейбір қолайсыз жағдайларда флегматиктерде сабырлық, енжарлық, жалқаулық сияқты жағымсыз қасиеттер қалыптасуы мүмкін.
Меланхолик темпераментінің өкілдері жай, тұрақты эмоциялық қозумен ерекшеленеді. Меланхоликтер тұрақты, ұзақ көңіл-күйге бейім тұрады, бірақ олардың сезімі сырттай әлсіз аңғарылады. Меланхоликалық типтегі адамдар қозғалыста, іс-әрекетте баяу. Меланхолик іс-әрекетке бірден кірісе алмайды, ырғалып-жырғалып барып кіріседі, егер іске кірісе қалса, аяғына дейін жеткізеді. Бұл типтегі балалар жай іс-әрекетке енеді, оларды И.П..Павлов ынжық тип деп атайды. Бұл типтегі балалар тез шаршайды, эмоциялық көңіл-күйі жай пайда болады, бірақ тереңдігімен, ерекше күшімен және ұзақтығымен ерекшеленеді. Меланхоликтердің жаны тез жараланғыш, көңіліне ауыр алғандарын ешуақытта ұмытпайды, кекті ұзақ сақтайды.
Бұл типтегі балалар көбіне тұйық келеді, ұжыммен және адамдармен, әсіресе таныс емес, жаңа адамдармен қарым-қатынас жасауы қиын. Олар қоғамдық жұмыстарға қатыспайды, ондай балалар өзімен-өзі болғанды жақсы көреді. Сондықтан белгілі қолайлы жағдайларда, дұрыс ұйымдастырылған оқу-тәрбие жұмысында меланхоликтерге ерекше назар аударған жөн. Оларға мұғалімдердің тарапынан ерекше көңіл бөлініп, жағдай жасалса, олардың бойындағы құнды қасиеттерді дамытуға болады.

-
адамның психикалық іс-әрекеті мен мінез-құлықтың жалпы белсенділігі әрекет етуге ұмтылудың әртүрлі деңгейінде, қоршаған дүниені меңгеру және өзгерту, әртүрлі іс-әрекетте өзін көрсете білуде анғарылады. -
қозғалыс немесе моторлы белсенділік және тілдік-қозғалыс аппаратының белсенділік жағдайын көрсетеді. Адамның бұлшык ет қозғалысы мен тілінің шапшаңдығында, күшінде, жылдамдығында аңғарылады, оның сыртқы қозғалысында, сөзшеңдігінде байқалады. -
эмоциялық белсенділігі эмоциялық көңіл-күйінде, эмоциялық қозгалғыштығында т.б. көрінеді.
Темперамент адамның іс-әрекетінде, мінез-құлқында және қылықтарында аңғарылады және сыртқы пішінінен байқалады. Сыртқы тұрақты белгілері бойынша темпераменттің кейбір қасиеттері туралы айтуға болады.
Темпераменттің қасиеттері адамның психикалық іс-әрекетінің динамикалық жағын анықтайтын табиғи қасиеттер болып табылады. Басқаша айтқанда, психикалық іс-әрекеттің іске асу сипаты темпераментке байланысты, атап айтқанда:
-
психикалық үрдістердің пайда болу жылдамдығы мен оның тұрақтылығы (мысалы, қабылдау жылдамдығы, ойдың ұшқырлығы, зейіннің шоғырлану ұзақтығы); -
психикалық үрдістердің қарқындылығы (мысалы, эмоцияның күші, еріктің белсенділігі); -
психикалық іс-әрекеттің белгілі бір нысандарға бағыттылығы (адамның жаңа адамдармен қарым-қатынаста болуға ұмтылуы, адамның өзіне-өзі, өз идеалдары мен образдарына бағытталуы).