Файл: Кбекова Ж. С. Психология негіздері Оу уралы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 987

Скачиваний: 33

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Vтарау. Тұлғаның психологиялық құрылымы

§5.1 Тұлға және жеке бас даралық

§5.2 Қабілет пен табиғи нышандар және темперамент

§5.3 Тұлғаның бағыттылығы. Мінез

§5.4 Іс-әрекеттің құрылымдық компоненттері: қажеттік, әуежділік, мақсат, әрекет,

операциялар

§5.5 Тұлғаның қалыптасуы және дамуы

§5.6 «Мен - концепция», оның құрамдас бөліктері жәнефункциялары

§5.7 Тұлғаның қорғаныс механизмдері туралы үғым
Психологиядағы тұлға ұғымы
Адам - бұл бір жағынан биологиялық құбылыс, қоршаған дүниені тануға және оны белсенді өзгертуге қабілетті, саналы тіршілік иесі. Жоғары ұйымдасқан тіршілік иесі ретінде адамға денесімен тік жүру, дүниені тану және өзгерту құралы ретінде қолдың дамуы, ми сияқты ерекше дамыған дене ерекшеліктері тән.

Екінші жағынан адам - қоғамдық құбылыс. Бұл оның негізгі сипаты, себебі қоғамдық өмір мен қоғамдық қатынастар, ұжымдық еңбек адамның биологиялық дене құрылымын өзгертіп және өзіне бағындырды. Психология және философия ғылымдары адам туралы айтқанда «жеке тұлға» ұғымымен түсіндіреді.

Жеке тұлға адамға қарағанда тар мағынада қолданылады. Жеке тұлға - бұл сол адам, бірақ тек қана қоғамдық, әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда зерттеушілер оның биологиялық, табиғи жағын ескермей, адамды қоғамдық қатынастардың нәтижесі, қоғамдық дамудың белсенді қайраткері ретінде қарастырады.

Психологияда «адам» және «жеке тұлға» ұғымдарымен қатар «даралық» ұғымы да қолданылады. Даралық дегеніміз жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерінің қайталанбас қиысуы түрінде байқалатын нақты өзгешілігі.

Жеке тұлға тек тарих, философия, әлеуметтану, этика, эстетика, психология, педагогика және т.б. сондай сияқты қоғамдық ғылымдардың зерттеу нысаны болып табылады.

Жеке адам - қоғамдық дамудың қайраткері, қоғамда белгілі жағдайда тұратын саналы индивид және ол белгілі қоғамдық рөлді атқарады.

Жеке тұлғаның 3 ерекшеліктерін атап өткен жөн:

Біріншіден, жеке тұлға қасиеттерінің тұрақтылығы. Жеке тұлғаның психикалық көріністерінің

өзгермелілігіне қарамастан, оның психикалық келбетінің салыстырмалы тұрақтылығы анық байқалады.

Екіншіден, бұл-жеке тұлғаның бірлігі, жеке тұлғаның психикалық үрдістерінің, психикалық қалыптың және

психикалық қасиеттердің тығыз байланысы мен өзара тәуелділігі.
Жеке тұлға біртұтас бірлікті білдіреді, әрбір қасиет басқалармен тығыз байланысты. Мысалы, табандылық мақсатқа жету ептілігі ретінде қиындықтар мен кедергілерді жеңе отырып, жоғар
моралдық сезімдермен, дамыған ұжымдық сезімдермен бірлікте ғана жағымды мәнге ие болады. Сондықтан да жеке тұлға «жеке бөліктерге» бөлініп қалыптаспайды, әруақытта да жеке тұлға
тұтас, бірлікте қалыптасады, тәрбиеленеді.

Үшіншіден, бұл жеке тұлғаның белсенділігі, қоршаған дүние өзгертуге, түрлендіруге бағытталған көптеген және жан-жақты іс-әрекетте бейнеленеді.

Психологияның басқа ғылымдардан ерекшелігі жеке тұлғаны рухани бейнесін, оның қылықтары мен мінез-құлқын, яғни жекетұлғаның қалыптасуы мен даму үрдісін зерттейді.
Тұлға құрылымы

Кез-келген құбылыс сияқты жеке тұлғаның психикалық өмірі белгілі құрылымнан тұрады. Адамның дара психологиялықерекшеліктеріне байланысты және жеке тұлғаның өзіне тәнқұрылымының бірінші бөлігі оның бағыттылығын сипаттайды.Бағыттылық әртүрлі қасиеттердің өзара байланысты қажеттікте мен қызығулардың, идеялар мен тәжірибелік ұстанымдардың жүйесін қамтиды.

Жеке тұлға психологиялық құрылымының екінші бөлігі жеке тұлғаның мүмкіншілігін айқындайды және белгілі бір іс-әрекетт нәтижелі қамтамасыз ету үшін қабілеттіктерді қамтиды. Қабілеттіктер өзара байланысты және бір-бірімен өзара әрекет етеді. Тәртіп бойынша қабілеттіктердің бірі үстемдік жасап, жетекшілік етеді, басқалары оған бағынады. Мысалы, А.С.Пушкинде ақындық өнер үстемдік етті, бірақ ол өзін тарихшы және талантты суретші ретінде де таныта білді. Қабілеттіктердің арақатынасының сипатына бағыттылықтың кұрылымы әсер етеді. Өз кезегімен қабілеттіктерді даралау жеке тұлғаның шындыққа қатынасының таңдамалығына әсер етеді.

Жеке тұлғаның құрылымының үшінші бөлігі мінез болып табылады немесе әлеуметтік ортадағы адамның мінез-құлық стилі. Мінез күрделі синтетикалық құрылым, ол адамның рухани өмірінде мазмұн мен түр бірлігінде аңғарылады. Мінез жеке тұлганы тұтас көрсете алмағанымен, оның қасиеттерінің, бағыттылығы мен ерік-жігерінің, интеллектуалдық және эмоциялық сапаларының, темпераментте байқалатын типологиялық ерекшеліктерінің күрделі жүйесін білдіреді.

Төртінші бөлігі басқару жүйесі болып табылады, ол көп жағдайда «мен» деген ұғымды білдіреді. «Мен» - жеке тұлғаның
өзіндік сапа құрылымы, ол өзін-өзі реттеп отыруды іске асырады: іс-әрекетті күшейту немесе бәсеңдету, өзін-өзі бақылау және іс-әрекет пен қылықты басқару, іс-әрекетті жоспарлап отыру. Сонымен өзін-өзі басқарудың жеке тұлғаның мақсатты ұйымдасқан өмірі мен қызметінде ерекше маңызы зор.

Жеке тұлғаның ұйымдасқан бағыттылығы қабылдаудың және оған байланысты эмоциялық реакцияның таңдауына әкеледі.

Демек, жеке тұлғаның құрылымы өте күрделі, жан-жақты және сан-қырлы. Оның барлық компоненттері өзара байланысты және өзара тәуелді. Жеке тұлғаның дамуымен оның құрылымы да өзгеріп отырады. Сонымен қатар әрбір жеке тұлғаның құрылымы салыстырмалы түрде тұрақты. Әрбір адам тұрақтылық пен өзгермеліктің бірлігі, тек қана сондай құрылым адамға өзімен өзі болуға, икемділік көрсетуге, өмір салтын сол жағдайларға сай жүргізуге көмектеседі.
§5.2 Қабілет пен табиғи нышандар және темперамент
Бір немесе бірнеше іс-әрекеттің түрін ойдағыдай орындаудың шарты болып табылатын жеке тұлғаның дара психологиялық қасиетін қабілеттіліктер деп айтамыз.

Кабілеттіліктер әруақытта да белгілі бір іс-әрекетті орындау тұрғысынан қарастырылады. Кез-келген қабілеттілік белгілі бір істі орындауға бағытталады: оқу пәндеріне, еңбектің түрлеріне қабілеттілік аңғартады. Мысалы, музыканттың қабілеттілігі текжақсы музыкалық есту кабілетімен шектеліп қоймайды. Бір ғана-құрастырушылық қиялдың болуы қабілетті инжинер-конструкторболу мүмкіншілігін қамтамасыз ете алмайды. Кез-келген іс-әрекетті ойдағыдай орындау қабілеттіктердің қиысып келуінебайланысты. Мұғалімге оқу материалын қызықты түсіндіру үшінұйымдастырушылық қабілеттілік, педагогикалық тәлім жәнекөптеген басқа да қабілеттіліктер қажет. Қабілеттіліктер жалпыжәне арнаулы болып бөлінеді. Мысалы, ойдың сапасы неме естің сапасы сияқты психикалық қасиеттер көптеген іс-әрекетте кеңінен қолданылады.

Жалпы қабілеттіліктерге жеке тұлғаның қасиеті ретінде бақылағыштық жатады. Сонымен қатар жалпы қабілеттілік байқалған адамдар әртүрлі іс-әрекетпен ойдағыдай айналыса
алады. Мәселен, қабілеттілікті менгерген мектеп оқушылары көп жағдайда барлық пәндерден жақсы оқиды. Арнаулы қабілеттілік қандай да белгілі бір іс-әрекетті ойдағыдай орындауға мүмкіншілік жасайды. Математикалық, техникалық, әдеби, музыкалық, бейнелеу өнері саласында және тағы басқа қабілеттілік қалыптасу мүмкін. Қабілеттіктердің бұл екі негізтүрінен басқа үшінші түрін -
практикалық іс-әрекетіке қабілеттілікті ерекше атауға болады. Бұл түріне құрастырушылық - техникалық, ұйымдастырушылық педагогикалық қабілеттіліктер жатады.

Қабілеттің дамуында табиғи, биологиялық факторлардың рөліқандай? Көптеген шет ел ғалымдары адам қабілеттілігі тұқымарқылы берілетін, туа біткен қасиет деген көзқарасты жақтайды.Олардың дәлелдеуінше, қабілеттіліктің түрі және оның деңгейі туғаннан берілетіндігі алдын-ала анықталған. Ғылыми психология бұл қате көзқарасты сынай отырып, қабілеттіңдамуының табиғи алғышарттары ретінде табиғи, биологиялы факторлардың белгілі дәрежедегі рөлін мойындайды, жоққашығармайды. Осындай қабілеттіктер дамуының табиғи алғышарттары нышан деп аталады.

Демек туа біткен анатомиялық-физиологиялық ерекшелік, тек нышандар болып табылады, олар қабілеттіліктер дамуының негізіне жатады, қабілеттіліктердің өздері әруақытта да дамудың нэтижесі.

Нышандар - мидың, жүйке жүйесінің, анализаторлардың кейбір туа біткен анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері. Нышандар қабілеттіліктің табиғи алғышарттары болып табылады және оның қалыптасуы мен даму үрдісіне әсер етеді. Нышанның болуы қабілеттіліктің қалыптасуына ерекше қолайлы жағдай жасайды, оның дамуын жеңілдетеді. Нышандарға туа біткен көру және есту анализаторларының кейбір ерекшеліктері жатады. Жүйке жүйесінің типологиялық қасиеттері нышанның қызметі ретінде қатысады, оған уақытша жүйке байланыстарының құрылу ерекшеліктері, оның беріктігі шоғырланған зейіннің күші, жүйке жүйесінің шыдамдылығы, ақыл-ой қабілеттілігі байланысты. Нышандар - бұл тек қабілеттіктерді қалыптастыру шарттарының бірі. Егер табиғаттың берген нышанын әрі қарай дамытпаса, оған қолайлы жағдайлар жасалмаса, ол сөніп қалуы мүмкін.

Мысалы, шәкірттерде ерте байқалатын типологиялық ерекшеліктер нышандар немесе алғашқы табиғи қасиеттер болып табылады. Типологиялық ерекшеліктердің жан-жақты мәні зор. Олар қабілеттіктер мен мінездің табиғи алғышарттарын құрайды. Жалпы типтердің ерекшеліктері қабілеттіліктерді ұйымдастыруға әсер етеді.

Қабілеттілік адамға ерте де, кеш те берілуі мүмкін. Атақты
композиторлар Н.А.Римский-Корсаковтың музыкалықдарындылығы 2 жасында, М.И.Глинка мен С.Прокофьев қабілеттері 7 жаста, әйгілі суретшілер И.Е.Репин мен В.А.Серовтың қабілеттілігі 3 жаста байқалған. В.Моцарт 3