Файл: Кбекова Ж. С. Психология негіздері Оу уралы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 983

Скачиваний: 33

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
§5.3 Тұлғаның бағыттылығы. Мінез
Жеке тұлғаның негізгі сипаты оның бағыттылығы болыптабылады. Бағыттылық адам алдына қойған мақсатты анықтайды, сол мақсатты орындауға ұмтылысы тән, түрткілер арқылы адам іс-әрекеттер жасайды, қызығуларды адам іс-әрекетте басшылыққа алады.

Қажеттілік адам тарапынан белгілі бір затқа мұқтаждық, бірнәрсенің жетіспеуі, белгілі бір нәрсеге қанағаттанбау тұрғысындаіске асады, ал жеке тұлғаның белсенділігі қажеттіліктер қанағаттандыруға бағыттылады. Адам қажеттілігі әртүрлі. Еңалдымен адамның өмір сүруін тікелей қамтамасыз ететін табиғи қажеттіліктерді атап өтуге болады: тамаққа, ұйқыға, киімге, суықтан және ыстықтан сақтау құралы ретінде тұрғын үйгеқажеттілік. Адамда табиғи қажеттіліктермен қатар таза адами,рухани немесе әлеуметтік қажеттіліктер болады.

Түрткілер - қажеттіліктің нақты көрінуі. Түрткілер (мотивтер - бұл қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты іс-әрекеткеитермелеу. Түрткілер мақсатты және мақсатсыз болып бөлінеді. Ғылыми психология осы түрткілердің бір-бірімен жеке тұлға дамуының қоғамдық-тарихи жағдайы бір-бірімен байланысты екендігін атап көрсетті.

Адамның танымдық қажеттіліктерінің көрінісі қызығу деп аталады. Қызығу - бұл адамның белгілі бір затқа, құбылысқа немесе іс-әрекетке, жағымды эмоциялық қатынасқа байланыстыбелсенді танымдық бағыттылығы. Қызығулар өзінің мазмұны, ауқымы, тереңдігі, тұрақтылығы және тиімділігі бойыншасипатталады. Жан-жақты, ауқымды және тар қызығулар болып бөлінеді.

Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту үлкен ауқымды және жан-жақты қызығуды қажет етеді. Қызығудың тарлығы адамда бір немесе екі шектеулі және тұйықталған қызығу ғана болады. Терең қызығу нысанды, оның барлық бөліктерін жеткілікті зерттеу қажеттілігі болып табылады. Ол атүсті, жеңіл-желпі қызығуға қарсы бағытталады, адам құбылыстарды атүсті қарастырады, зерттеу нысаның терең пайымдамайды.

Тұрақты қызығулар мен тұрақсыз қызығулар салыстырмалы түрде қысқа мерзімді құбылыстар сипатында және тез пайда болады да, тез сөніп қалады. Тиімді қызығулар дегеніміз адамның өмірі мен қызметіне терең ықпал ететін, белгілі бағытта біржүйелі және мақсатты іс-әрекетке, белсенді және ынталы ізденістер көздерін қанағаттандыруға итермелейтін
қызығуды айтады. Сонымен қатар тура және жанама қызығулар болады. Тура қызығулар білімнің немесе іс-әрекеттің белгілі бір саласында мазмұнымен пайда болады. Жанама қызығулар нысанның мазмұнымен пайда болмайды, болашақ басқа нысанмен, адам қызығуымен байланысты.
Бағыттылық түрлері: қалау, мүдде, идеал, дүниетану, сенім-наным
Қалау - өз қажеттілігін қанағаттандыру үшін жасалынатын жағдай. Қалау - қажеттіліктен туындайтын өзінің мақсат-мүддесіне сәйкес пісіп жетілетін жоспар. Эпикур адамзаттың тілегін 3 түрге бөлген:

1.Табиғи және қажетті қалау (тамақ ішу, жеу, ұйқы, демалыс);

2.Табиғи, қажетсіз (ерекше ас, тән құмарлығы);

3.Табиғи да, қажеттілік те емес (атаққұмарлық, даңққұмарлық).

Алдыңғы екі топта тілекке қажеттілік шексіз болуы мүмкін.

Мүдде. Негізінде мүддесі жоқ адам болмайды. Адам болған соң оның көңілі бір нәрсені тілемей тұрмайды; көңілі тілеуіне қарай бір нәрсе істемей тағы тұрмайды. Көңілінің тілеуі де, ал тілеуінің жолындағы қамалы да адамына қарай түрлі болады. Неғұрлым қайратты болса, соғұрлым мүддесі де зор болады. Ұсақ адамның мүддесі де ұсақ болады.

Мүдде - қоғамдағы әлеуметтік субъектілер іс-әрекетінің, өмір сүру бағдарының негізі, ішкі қозғаушы күші. Мүдде әлеуметтік, табиғи, мәдени қажеттіктер негізінде пайда болады.

Жеке адамның психикасын нұрландыратын қасиеттің бірі -идеал (мұрат). Бұл - адамның өзіне өмірден өнеге іздеуі, біреуді ардақ тұтып, қастерлеуі. Әрбір тарихи кезеңде идеал, үлгіболатын адамдар аз болған жоқ. Қазақ халқының тарихы менмәдени өмірінде идеал, үлгі боларлық кайраткерлер ғылымдаакадемик Қаныш Сатпаев, әдебиет пен өнерде Абай, Мұхтар, Махамбет, Құрманғазы т.б. есімдерін ерекше атауға тұрарлық. Мұрат - адамның алдына қойған ең ардақты, ең асыл мақсат Адам осыған жету үшін қолдан келгеннің бәрін пайдаланады. Өзін тәрбиелеуге кіріседі. Мұрат дүниетаным, айқын сенім, сөз бен істің байланысы бар жерде ғана болады.

Жеке адам психологиясының неге бағытталғанын көрсететін негізгі компоненттердің бірі - адамның дүниетанымы мен сенімі. Дүниетаным - адамның табиғат, қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі. Сенімдер - бұл өздерінің көзқарасына, қағидаларына, дүниетанымына сәйкес итермелейтін жекетұлғаның мақсатты кажеттіліктер жүйесі. Сенімдер түрінде

байқалатын қажеттіліктер мазмұны - бұл қоршаған дүние табиғатпен қоғам туралы білімдер, оларды түсіну. Бұл білімдер ішкі ұйымдасқан көзқарастар жүйесін құрайды, ол адам дүниетанымы болып қарастырылады. Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі. Өйткені бұл екеуі құстың қос қанатындай адамның ең асыл қасиеттері болып табылады. Берік сенім жоқ жерде тыңғылықты дүниетаным да, тұрақты мінез-құлық та болмайды. Сенімі қалыптаспаған адамның шындықтың жай жапсарын дұрыстап айыруға, өмірде өз орнын дұрыс таңдай алуына да шамасы жете бермейді. Сенім жоғалған жерде тіршіліктің мәні де шамалы. Сенім, пікірталас, көзқарас қақтығысында, ынтымаққа кең жол ашылғанда ғана шыңдала түседі. Ол адамға бірден келмейді, сенім өмір көріністерін топшылау, кесіп-пішіп көру, тәжірибе жинақтап соны қорыту арқылы, терең тиянақты білім негізінде қалыптасады. Сенім кісінің еркін білдірген, сезімін қозғаған мақсат-мүддесіне, бағыт-бағдарына айналған білім жүйесі. Мүндай дүниетанымды қалыптастыру үшін адамға бәрінен бұрын білім негіздерін меңгеру қажет.
Тұлға дәмеғойлығы
Адамның өзіндік бағасы оның өзіне қоятын талаптарының деңгейіне байланысты. Талаптар деңгейі (дәмеғойлығы) дегеніміз - адамның ниеттенген өз бағасының құны, яғни алдына қойған мақсаттың қиындық дәрежесіне орай көрінетін «мен» бейнесінің сипаты. Адам алдында тұрған ендігі бір әрекетті қиындық дәрежесіне орай таңдап алу мүмкіндігіне ие болады, өз бағасын көтеріңкі етуге ұмтылады, осыдан екі жағдайдың: бір тараптан жоғары табыстарға жету үшін талап деңгейін жоғарылату, екінші тараптан нәтижесіз қалмау үшін талаптарды жеңілдетудің өзара қайшылығы пайда болады. Адамның өз алдына қоятын талаптың дәлдігі іс-әрекетінің нақтылығына байланысты. Адам табиғаты әдетте өз қадірін белгілі деңгейде сақтап жүру үшін өз алдына қоятын міндеттері мен мақсаттарының тіпті күрделі де, сонымен бірге әбден жеңіл де болмағанын қалайды.

Жеке адам талаптар деңгейінің әрекетшеңдігі мен мазмұндық сипатын жете танумен тұлғаның іс-әрекет, мінез-кылықтарының түрткілерін тереңдей білуге және сол арқылы адамда ұнамды сапалар мен қасиеттерді баулудың жолдарын ашып, оған нәтижелі ықпал жасауға болады.
Мінез
Күнделікті өмірде «мінез» ұғымы әртүрлі мағынада қолданылады. «Мінез» ұғымын айналысқа алғаш енгізген ертедегі грек ғалымы және философы Аристотелдің досы Теофраст болды. «Мінез» гректің сөзі, қазақша «белгі», «бітіс», «ерекшелік» деген мағынада қолданылады.


Әрбір адам кез-келген басқа адамнан өзінің дара психологиялық ерекшелігімен анықталады. Психологияда «мінез» сөзі белгілі мағынада қолданылады. Жалпы немесе кең мағынада адамның мінезі деп даралық анық байқалатын және адамның мінез-кұлқы мен қылығына әсер ететін сапалық өзіндік психологиялық белгілерін айтамыз.

Мінез дегеніміз - адамдардың істеген іс-әрекетіне із қалдыратын өзіндік дара ерекшелігі. Мінез - кең мағыналы ұғым,онда адамның әртүрлі қасиеттері мен сапалары тоғысып жатады.

Мінез - жеке адамның тіршілік жағдайындағы қылығынбейнелейтін тұрақты және мәнді психикалық ерекшеліктері үйлесімі. Мінез өмір, тәрбие үрдісінде қалыптасады, адамның өмір қалпы мен жағдайын көрсетеді. Олардың өзгеруіне байланысты мінез де өзгереді.

Күнделікті өмірде адамды өзімшіл немесе көпшіл, қарапайнемесе қатыгез, ұстамды немесе ұстамсыз, табанды, батыл, қызу қанды, салқын қанды және т.б. деп сипаттайды. Осы
айтылғандардан көретініміз, мінез- жеке түлғаның әртүрлі
психикалық қасиеттерін қамтитын біртұтас құрылым.

Грек философы негізін салған «мінездеме» тек адамның адамгершілік бейнесін суреттеуден тұрады. Осындай мағынада «мінез» терминін ХҮІІ ғасырда Лабрюйер қолданды. Сонымен, «мінез» сөзі о бастан адамның әлеуметтік-адамгершілік келбеін бейнелейді, бұл мағынада темпераментке қарама-қарсы мәнге болады.

ХІХ ғ. мінезді таза психологиялық бағытта интеллектінің, сезімнің және еріктің (А.Бек), сезім мен еріктің (Рибо), тек қана еріктің (П.Ф.Лесгафт) дара ерекшеліктері ретінде қарастырды.

ХХ ғасырда мінезді психиканың жекелеген салаларының ерекшеліктері емес, тұтас тлғаның қасиеті деп түсінді.

Мінез туа біткен қасиет арқылы берілмегенмен, адам табиғи құрылымының ерекшеліктері, ең алдымен жүйке қызметі мінездің көрінуінде, сондай-ақ оның жеке белгілері үрдісіқалыптастыруда байқалады. Жүйке үрдістерінің ұстамдылығы немесе ұстамсыздығы, күші немесе әлсіздігі, қозғалғыштыгы немесе енжарлығы - осының барлығы белгілі дәрежеде адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетіне әсер етеді. Жүйке жүйесінен басқа адам мінезіне ағзаның басқа да белгілерінің әсері ерекше: жүрекқантамырлар, ас қорыту және эндокриндік жүйелер.

Мінездің көрінісі тек қана әрекет пен қылықта аңғарылып қоймайды, сонымен қатар тілде, бет-пішінде жне дене бітімдебайқалады. Мінез жеке тұлғаның сырт келбетінде із қалдырады. Адамның бет-пішіні әртүрлі мінез бітістері жағдайында өзгеріп отырады.

Мінез акцентуациясы
Адамдардың мінездері олардың темпераменті сияқты типтерге бөлінеді, бірақ мінездердің жіктелуінің темперамент типтерінен елеулі айырмашылығы бар. Егер де темперамент қасиеттерінің айқын бірігіп келуі темпераменттің типтері деп аталса, айқын байқалатын мінез бітістері акцентуациялар деп аталады. Бұл ұғым «акцент» - қазақшалағанда бөліп көрсету, атап көрсету мағынасында қолданылады. Бірақ тәжірибеде «акцентуация» ұғымы адамда бір емес, бірнеше әртүрлі бітістердің байқалуын білдіреді.

Мінездік бітіс асқынуы (акцентуация) психологияда -мінездің кейбір бітістерінің қалыптан тыс дамып, тұлға психикасының «әлсіз жерлері» формасында көрініс беруі. Мұндай да адам жалпы тұрақты қасиеттерге ие бола тұра, кейбір әсерлерге өте шәмшіл, шыдамсыз келеді. Асқынба мінез адамы қиын жағдайларда төзімділіктен айрылып, мінез-құлығының ақаулығын жасыра алмайды. Тұлғалық мінез асқынуына тап болған адам қоршаған орта әсерлеріне берілгіш, психикалық күйзеліске көп түседі. Егер жағымсыз әсерлер мінездің «әлсіз жерлеріне» соққы болып тиетіндей жағдай болса, адам қылығы күрт өзгереді, мінездің шектен тыс дамыған бітістері адам билігіне ырық бермей, басқа ұнамды қасиеттердің бәрін жоққа шығарады. Кейбір адамдардың жәй әзіл немесе сын көтермеуі, екіншілердің - орынды, орынсыз тіке, шыншыл болуы - осы мінез бітісі асқынуының айқын мысалы. Мінездің мұндай ұнамсыз жәйттары жасоспірім шақта қарқынды дамып, уақыт өтумен қалыпты күйге түсуі мүмкін, ал адамды қоршаған ұнамсыз жағдайлар басымдау болса, психикалық сырқаттарға тап қылады.

Халық даналығында мінез бітістері туралы небір тамаша ойлар мен тұжырымдамалар айтылған: «Баланы туады екенсіз, мінезін тумайды екенсіз», «Сүтпен кірген мінез, сүйекпен кетеді» (Бұл да бір жақты мақал, табиғи тұрғыдан дұрыс болғанмен, мінездің жағымды жақтарын тәрбиелеуге, қалыптастыруға болады), «Жақсы мінез - жарты ырыс» дейтін халқымыз жұғымдылықтың пайдалы екенін көрсетеді. Талай мінезді асқындырып алып, әлі тыя алмай жүретініміз бар. «Тұрпайы мінез - тағы жат, надандықтың белгісі» деп ұлан атанып қалғандарға құлаққағыс жасау қандай орынды. Әдептілік пен сыпайыгершілікке, биязы мінезге шақырудың бір әдісі мінез өзгерісіне ауысқан жеткіншектің қытығына тимей, жанама ақылайтқан жөн.
Психопатия
Кісі мен мінез құлықтың бұзылуы (немесе «Кемел шақта тұлғамен мінез-құлықтың бұзылуы» - психопатия) психика