Файл: Кбекова Ж. С. Психология негіздері Оу уралы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 977

Скачиваний: 33

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Тұлғаның қалыптасуының жасқа байланысты сатылары: сәби, ерте балалық шақ, мектепке дейінгі, ерте мектеп жасы, жасөспірім, ерте кезеңгі жастық шақ
Жеке тұлға адамның қоғамдық, тарихи нақтылы жағдайында,оны оқыту мен тәрбиелеуде қалыптасады. Психология тарихын бүл мэселені шешуде екі бағыт қалыптасты: биогенетикалықжәне социогенетикалық.

Биогенетикалық бағытта жеке тұлғаның дамуы биологиялы тұқым қуалау факторымен анықталады.

Сондықтан да жеке тұлғаның дамуы спонтандық (өз еркімен) сипатта болады. Биогенетиктердің айтуынша адам табиғатынан эмоциялық реакция жүруінің кейбір ерекшеліктеріне бейімділік аңғартып қана қоймайды, сонымен қатар оларға белгілі түрткіле;
жиынтығына бейімдік береді. Адамдарда табиғатынан психикалық іс-әрекетінің түрлері бағдарламаланып қана қоймайды, сонымен қатар оның мазмұны, психикалық даму кезеңдері және оның пайда болу тәртібі алдын ала анықталады. Биогенетикалық көзқарас бойынша жеке тұлғаны өзініңбелсенділігінен айырылған биологиялық факторлардың әрекететуінің жемісі ретінде қарастырады.

Социогенетикалық көзқарас бойынша жеке тұлғаның дамуықоршаған әлеуметтік ортаның тікелей ықпалының нәтижесіретінде қарастырылады. Социогенетиктер биогенетиктер сияқтыдаму үстіндегі адамның өзіндік белсенділігін жоққа шығарады, оған селқос рөл беріледі, тек қоршаған ортаға бейімдеушілік қызметін ескереді.

Сонымен, биогенетикалық және социогенетикалық тұжырымдамаларды да жеке тұлғаның даму заңдылықтарын түсіндіруге негіз етіп алуға болмайды. Биогенетикалық бағыт та, социогенетикалық бағыт та психикалық дамудың қозғаушыкүштерін анықтауға қабілетті емес.

Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика мен психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және оның қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Балалардың өсіп-жетілуінің бір сатысынан екіншісіне көшуі кездейсоқ емес. Әр жастағы кезеңге тән психологиялық ерекшеліктердің ұштасуын жиі байқауға болады.

Сана-сезімнің, дене күш-қуатының дамуы адамдардың жас ерекшеліктеріне байланысты. Баланың жасы өскен сайын бойлары өсіп, денелері тұлғаланып, ақыл-саналары дамып, білімдері тереңдей бастайды. Балалардың жас ерекшелігін есепке
алу оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі. Қоғамда атқаратын рөлі, белгілі құқығы бар адамды жеке адам деп түсінеміз. Ал, қалыптасу дегеніміз - адамның жеке басының дамуы мен тәрбиесінің нәтижесінде жетілуі, саналы өмір сүруге дайын болуы. Балалар психикасының дамуын кезеңдерін ғылыми тұрғыдан топтастыру. Баланың ақыл-ойының өріс алуы тек білімге тәуелді емес.

Жасты ғылыми тұрғыдан тиісті кезеңдерге бөлу, сол кезеңге тән баланың есеюіне әсер ететін себептер: үлкендердің балаға қоятын талабы мен баланың өзбеттілік ұмтылуының арасындағы қайшылық "дағдарыс" жиі кездеседі. Психологиялық тұрғыдан осы процестерді зерттеп жасөспірімдер жасын мына кезеңдерге бөледі:

Туғаннан 1 жасқа дейін - нәресте (сәби) жасы. Бұл кезең әр нәрсені сезуден және қозғалудан (еңбектеу т.б.) тұрады.

1-ден 3-ке дейін ерте балалық шақ. Бұл кезде баланың тілі шығып, әсіресе тілдің лексикасы мен грамматикалық ережелерін меңгере бастайды.

3-тен 7-ге дейін мектепке дейінгі жас. Баланың қимыл-қозғалысы ойын үстінде қалыптасып қалған. Тіл қабілеті жөнінен өріс алады.

7-ден 11-ге дейін - ерте мектеп жасы. Бұл жаста баланың сөйлеу қабілеті үлкен дәрежеге жетеді, нақты бейне ойы күрделі болып дамиды.

11-16 дейін орта сыныптағылар, яғни жеткіншек жасы. Оқытудың ықпалынан бұл жаста баланың ой-өрісі мен қиялкеңінен өріс алады. Бұл жастарда балалар биологиялық (жыныст.б.) жағынан үлкен өзгерістерге үшырайтындықтан, осы жас кезеңі ерекше сипатталынады. Жеткіншек - балалық кез бен ересек жасының көзқарасы болып есептеледі.

16-18 дейін аға сыныптар, яғни ересектер жасы (ерте кезеңгі жастық шақ). Жастың бұл кезеңін кейбір зерттеушілер 19- 20 жасқа дейін апарады. Себебі 16-ға толғандар ересек болғанымен, бұлардың балаға да ұқсас жастары бар. Сондықтан ересек бала мен үлкендердің аралығында кездеседі. Бірақ ересек жаста "балалық" қасиеттер бірте-бірте азая бастайды.

Жасты тиісті кезеңдерге бөлудің бұл келтірілген сипаттамасы ілгеріде қамтылған қазақ елінде жастарды тиісті кезеңдерге бөлуіне қарағанда баланың есеюі көпке дейін созылып отыр. Бұл екі арадағы есеюдің алшақтығы әр дәуірдегі әлеуметтік ортаның әртүрлі болғанынан.

Жасты кезеңдерге бөлудің келтірілген осы жолы үнемі

өзгерілмейтін нәрсе емес. Заманның өзгеруіне, соның ішіндеәлеуметтік ортасының жағдайына сай жастарды топтастырудаазды-көпті өзгерістер болып отырады.

Қазіргі педагогика мен психология ғылымдары балалар менжеткіншектердің дамуындағы биологиялық фактордың рөлінайрықша көрсетеді. Мектеп жасындағы балалар менжасөспірімдердің өсіп-жетілуін мынадай кезеңдерге бөлуқабылданды:

  1. төменгі сынып шағындағы кезең (7 жастан 11 жасқа дейін);

  2. негізгі мектеп шағындағы жеткіншектік кезең (12 жастан 15 жасқа дейін);

  3. орта мектеп шағындағы жасөспірімдік кезең (15 жастан 18 жасқа дейін).

Соңғы жылдары жас кезеңдерінің сызбасына жаңа туғанбаладан бастап жасөспірімдік шаққа дейін өзгерістер кірді. Олардың сатылары:

  1. Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін);

2. Нәрестелік шақ (бір-екі айдан бір жылға дейін);

3. Ерте сәбилік шақ (бір жастан үш жасқа дейін);

4. Мектепке дейінгі балалық шақ (төрт жастан 7 жасқа дейін);

5. Бастауыш мектеп жасы (7 жастан 11,12 жасқа дейін);

6. Жеткіншек шақ (11, 12 жастан 14, 15 жасқа дейін);

7. Жасөспірім шақ (14,5 жарым жастан 17 жасқа дейін).

Тәрбие мен оқыту осы жас сатыларына сәйкес жүргізілуі керек.

Өйткені, адам жасының табиғи негізі - жас сатылары немесе биологиялық жетілу сатылары болып саналады.

Мектепке дейінгі балалық шақта, жас баланың 4 пен 7 жасының аралығындағы өзіне тән ерекшеліктері, оның айналасындағы болып жатқан қүұбылыстарды жіті аңғарып, көргені мен сезінгендерін зердесіне хаттай жазып ала қоятын зеректігін ала бетен ескерген жөн. Әрдайым қозғалыс үстінде жетіле дамыған балалардың денесі мен салмағы да бір қалыпты мөлшерді сақтап есіп отырады.

4-5 жасар балалардың салыстырмалы ойлай алатын қабілеттері ерекшелене түседі. Санамақтарды әжептәуір игеріп, аз және көп сандарды, айды, күн, жыл мезгілдерін айыра алатын халге жетеді. Бұл жастағылардың ойыны, әрбірәэрекеттері мазмүнға айналып, белгілі бір мақсаттарды орындауға үұмтылыс жасайды. Бұл жастағы балалар топ-топ болып, өзара бірігіп ойнағанды жақсы кереді. Балабақшаның өмірге қанат қақтырар жеткіншектері — 6 жастан етіп 7-ге толған балалар екені әркімге де аян. Баланың мектепке 7 жасында баруы негізінен биологиялық және физиологиялық заңдылықтарды басшылыққа алудан деп түсінген жөн. Дендері сау боп дүниеге келген балалар қашан да алғыр да зерек үғымталдығымен ерекшеленеді. Олар айналасындағы құбылыстарды тез байқап қабылдауға да бейімді. Жете түсінген құбылыстарын өмір бойы ұмытпайтындықтары да белгілі.


Бастауыш мектеп жасындағы баланың психологиялық ерекшіліктері баланың бұрынғы дамуында жинақталып, оны өз кезегімен дамудың келесі сатысына көшуге дайындап отырады.

Бастауыш мектеп мұғалімі сынып оқушыларының ерекшеліктерін зерттей отырып, сол ерекшеліктерді мектепке дейінгі шағында қалыптасқан ерекшеліктерден бөөлек алып қарай алмайды.

Жеткіншек шақ. Жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен орта мектептің Ү-УІІІ сыныбына сәйкес келеді де, 11-12 жастан 14-15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Жеткіншектік кезеңнің бала дамуындағы ерекше орны оның "етпелі", "бетбұрыс", "қиын", "сыналатын" кезең деген атауларында бейнеленген. Бұл - ең тынымсыз, ең қиын, ең қызба жас. Жеткіншектің жеке басыдамуының аса маңызды факторы - оның өзінің ауқым әлеуметтік белсенділігі, ол белгілі бір үлгілер мен игіліктердіигеруге, үлкендермен, жолдастарымен қарым-қатынас орнатуғабағытталады. Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы адамныңжеке басының моральдық, әлеуметтік негіздерін қолданып,қалыптасуының жалпы бағытының белгіленуі. Бұл кезеңдегі дамудағы биологиялық және әлеуметтік жағдайлардың рөлі туралы теориялық талас жарты ғасырдан астам уақыттан бері болып келеді.

Жеткіншектік шақ - болашақ туралы балалық армандардың орнына өзінің мүмкіндіктері мен өмір жағдайларын ескерге отырып, ол туралы ойлану басталатын, өз ниеті, іс-әрекетін жүзеге асыруға ұмтылатын кезең екендігін үнемі қаперде ұстауымыз қажет.

Сананың дамуы баланың өз бетімен тәуелсіз талаптанутудырады. Олар үйде, мектепте еңбек процесіне араласады, күнделікті өмірді бақылайды, ой-өрісі кеңиді. Бұл жастағы бала намысқой болып келеді, үлкендердің бақылауын, әкімшілік шараларды ұнатпайды. Үлкендерді озбырлық жасайды деп ойлайды. Кейде түсініспеушілік осындайдан да туады. Үлкендерге байланып олардың мінезінен шындықты байқауға тырысуы үлкендер мен балалар арасында түсініспеушілік туғызады. Үлкендердің ойланбай асығыс шешім қабылдауы балаға зиян келтіруі мүмкін. Бұл жастағы балалар өнегелі адамдардың істерімен масаттанады. Әдебиет жеткіншекке азаматтардың қарым-қатынасының мәнін, сезімдерін ашып, өз сенімдерінің дұрыстығына жауап іздеуге үйретеді. Саз әуені - адам сезімінің әміршісі, толқу үстіндегі адамға түсінікті, сондықтан сазға баса көңіл бөлу жеткіншектің тәрбиесіне
көмектеседі.

Осы жаста адамның мінез-құлқы және басқа да жеке басының негіздері қалыптасады. Міне, осы кезеңде жеткіншектермен жасалатын тәрбие жұмысында кемшіліктер айқын көрінебастайды. Соңғы кездері жеткіншектер тәртібінің төмендеген байқауға болады: а) ата-анамен келіспеушілік жағдайда болу;ә) мектептегі қиындық пен сәтсіздік; б) тәртібі қиын құрбы - достарымен байланыс орнату.

Отбасы жағдайы, ата-ананың кәсібі, материалдық жағдайы, білім деңгейі жеткіншектің өмірдегі жолын айқындайды. Ата-ананың саналы, мақсатты тәрбиесі бала өмірінде үлкен рөл атқарады. Отбасындағы жақсы қарым-қатынасты жоғалту, мектептегі сәтсіздік, келеңсіз топтағы құрбыларымен жақындық әр түрлі жолдарға итермелейді. Отбасы, мектеп, құрбы-қүрдастар тобы - барлық жеткіншектердің нағыз табиғи ортасы, ең маңызды қоғамдық фактор.

Жасөспірім шақ (15-17 жас)

Жасөспірімдік кезеңнің көптеген теориялары бар. Жасөспірімдік шақ бала мен ересектік шақтың аралығы, баланың ересектерге тәуелділігімен сипатталады, ересектер баланың өмірлік іс-әрекетін мазмұны мен бағытын белгілейді.

Жасөспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері - мамандық таңдау, еңбек пен қоғамдық-саяси қызметке даярлану, некелесуге, өз отбасын құруға әзірлену. Өзара байланысты бұл міндеттердің жүзеге асырылуы белгілі бір уақытты талап етеді.

Адамның жалпы ақыл-ой қабілеті 15-16 жасқа қарай қалыптасып болады. Сондықтан оның бала кездегідей шапшаң өсуі байқалмайды, алайда ол одан әрі жетіле береді. Жасөспірімдік шақ - жеке адамның толысуы мен қалыптасуының аяқталатын кезеңі. Жыныстық толысуға байланысты өз ағзасы мен сырт келбетіндегі үлкен өзгерістер, өмірлік іс-әрекеттің күрделенуі байқалады. Сондықтан жасөспірімдік шақ ымырасыз келеді. Жасөспірімге өзін көрсетуге ұмтылу, өзін жан-жақты ашуға құштарлық тән.

Бұл кезеңде сезім, достық қарым-қатынастар дамиды. Мысалы: ғашықтық, өзара сенім, қайырымдылық, бірін-бірі сыйлау, көмек көрсету, іс-әрекеттерін бірігіп орындау, жолдасының кемшілігін айтып, жоюға көмектесу.

Біз 16-18 жастың арасын ерте кезеңгі жастықшақ деп атасақ та осылар қазіргі кезде үлкендермен салыстырғанда, түгелдей тең келеді деуге болмайды. Себебі ересек деп отырғанымыз жеткіншектен едәуір басым келгенімен, әлі де бала мен үлкендердің екі арасында. Тіпті студент жасындағылардың көбі қазір де ата-анасының мойнында. Сондықтан, біз тек