ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 960
Скачиваний: 33
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
тарихында бұл ілімді «дуализм» (duali- гректің сөзі, қазақшалағанда «екіжақты» деген мағына береді). Философияда бұл бағыт объективті идеализм деген атпен дамыды.
§2. Когнитивтік, бихевериоральдық және гуманистік психология
Моделдеу құралдары арқылы танымдық іс-әрекетті зерттеу саласында - когнитивтік психология, гуманистік психология,ми туралы ғылымдардың шеңберінде адам санасын зерттеу -нейрофизиология, нейроморфология және нейропсихологияғылымдары қалыптасты. Адам туралы психогенетика ғылымы кеңінен тарай бастады.
Қазіргі кезде кең таралған ғылыми бағыт - когнитивтік психология. Бұл бағыт 60-жылдары АҚШ-та пайда болды. Ол негізінен бихевиоризмге, танымдық дамуды жоққа шығаруға қарсы бағытталды. Когнитивтік психологияның белгілі өкілдеріне Дж.Брунер, Д.Норман, Л.Фестингер, Ф.Хайдер, У.Найсер, П.Лиднсей, Г.Саймон жатады.
Бүгінгі таңда бұл бағыттың бірнеше нұсқалары қалыптасты. Кеңінен тараған бағыттарының бірі - есептеу нұсқасы. Онда ішкі когнитивтік үлгі мен тану үрдісінің белсенділігінің рөлі ерекше атап өтіледі. Бұл бағыттың шығуы ақпараттық қатынастардың ықпалымен байланысты.
Когнитивтік психологияның негізгі зерттеу саласы таным үрдістері - ес, тіл мен сөйлеудің психологиялық негіздері, қабылдау, есептерді шешу, ойлау, зейін, қиял жэне когнитивтік даму.
Осыдан XX ғ. екінші он жылдығында психологияның тағы бір бағытты пайда болып, оның өкілдері психологияның жаңа пәнін жариялады: ол психика да емес, сана да емес, ол сырттай бақыланатын, негізінен адам қозғалысының жиынтығы - мінез-құлық (поведение) еді. Бұл бағыт «бихевиоризм» (ағылш. behaviour-қылық) деп аталып, психология пәні жөніндегі түсініктер дамуының үшінші кезеңін қалады. Бихевиоризмнің ірге тасын қалаушы Дж.Уотсон психологияның міндетін қоршаған ортаға бейімделуші тіршілік иесінің қылық-әрекетін зерттеу деп білді.
Бихевиористердің мақсаты - психологияны мінез-құлықты басқаруға қабілетті білімнің саласына айналдыру. Д.Уотсонның түсіндіруінше, бихевериоризмнің түпкі мақсаты - адам мінез-құлқын түсіндіру. Бұл үшін 3 жағдай жеткілікті деп есептеді: Мінез-құлықтың өзін суреттеу, ағзаға әсер ететін ішкі, сыртқы дене стимулдарын және оған жауап беретін мінез-құлық реакциясын байланыстыратын заңдарды тану. Адам жануарлардан тек мінез-құлық реакцияларының күрделілігімен, оларға жауап беретін стимулдардың әртүрлілігімен ерекшеленеді. Бихевиористердің дәлелдеуінше, негізгі ғылыми ұғымдар болып табылатын
стимул - сыртқы ортадан келетін тітіркендіргіш, реакция-тітіркендіргішке ағзаның жауабы және стимул мен реакцияның байланысы - ассоциация.
Когнитивтік психология сияқты келесі ірі бағыттардың бірі -гуманистік психология.Ол бихевиоризмге және психоталдау теорияларына қарсы бағытталған еді. Гуманистік психологияның негізін салушылардың басты мақсаты адам мәселесін түсіндіруде бихевиоризм мен фрейдизмнің кемшіліктерін түзеу және бірден-бір дұрыс, өмірлік психологияны таңдау болып табылады. Гуманистік бағыттың белгілі өкілдерінің бірі Абрахим Маслоу болды. А.Маслоу адам іс-әрекетінің, мінез-құлқыңың қайнар көзі адамның үздіксіз өзін-өзі тануға, өзін-өзі анықтауға ұмтылуы деп түсіндірді, өзін-өзі айқындауға қажеттілік әртүрлі қызметті қамтиды: бұл гуманистік қажеттілік, демек адамға жақсылық істеуге ұмтылу. XX ғ. екінші жартысында психологияға бірден-бір күшті әсер еткен ғылыми-техникалық революция. Қазір психологияда жан-жақты математикалық, ақпарат теориясыныңәдістері колданыла бастады, сонымен катар электрондық есептеу техникасы, компьютерлендіру жүйесі кең өріс алды. Психология биология және медицина салаларынан соңғы жаңалықтарды белсенді қабылдап отырды. Қазір психологияның тәжірибеге бағытталған салалары алдыңғы шепке шыга бастады. Психолог ғалымдармен бірге тәжірибелік психологтар пайда болды. Олар білім беру, өндіріс пен мекемелер, әскер мен медицина салаларында жұмыс істейді. Онда өздерінің психологиялық қызметін көрсетуде.
§3. Психология салалары
Психологиялық білімдердің даму ерекшеліктері психологияның басқа ғылымдарға тәуелді байланысынан ғана емес, көп жағдайда олар қоғамдық тәжірибенің өрістеп жатқан қажеттерімен белгіленеді. Егер психология алғашқы уақытта теориялық тарапы басымдау, дүниетанымдық пән болса, қазіргі кезде ол өзінің танымдық қызметін сақтай отырып, өндірістегі, мемлекеттік басқарудағы, білім беру жүйесіндегі, денсаулық, заң мекемелеріндегі, мәдениеттегі, спорттағы және т.б. кәсіби тәжірибелік іс-эрекеттің бір саласына айналуда.
Сонымен, осы заман психологиясы көп тармақты білімдер жүйесі ретінде танылып, әртүрлі еңбек тәжірибесімен байланысуда. Әдетте, психология салаларын жіктеудің негізгі принципі - психиканың іс-әрекетте
даму принципі. Сондықтан, көбінесе психология салаларын топтастыру негізіне адамдардың әртүрлі еңбектік әрекеттері алынады. Осыған орай психология келесі салаларға бөлінеді.
Еңбек психологиясы адамның қоғамдық өнімге бағытталған әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми үйымдастырудың психол огиялық тараптарын зерттеумен бірге психология ғылымының дербес салаларына айналған білімдерге жіктеледі. Олардың ішінде: инженерлік психология, әуе психологиясы, ғарыштық психология және т.б. бар. Инженерлік психология негізінен адам мен машинаның қызметін бөлу және үйлесім проблемаларын шешетін автоматтандырылған жүйелерді басқарушы оператордың қызметін зерттейді; әуе психологиясы ұшуды үйрету мен ұшуды орындау үрдісінде адамның іс-әрекетін психологиялық тұрғыдан зерттейді; космос психологиясы ағзаға шамадан тыс психологиялық ауыртпалық түсетін ауасыз жагдайдағы адам іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін зерттейді.
Педагогикалық психологияның қызметі– адамдыоқыту ментәрбислеудің психологиялықзаңдылықтарын ашу. Педагогикалық психологияның бөлімдеріне немесе салаларына мыналар жатады: оқыту психологиясы (дидактикалық психология негіздерін зерттейді); тәрбие психологиясы (мектептегі тәрбие жұмысының психологиялық негіздерін зерттейді); ұстаз психологиясы (мұғалім мен шәкірттер арасындағы қарым-қатынастардың, мұғалімге қойылатын талаптардың психологиялық мәселелерін зерттейді).
Медиңиналық психология дәрігер қызметінің және ауру мінез-құлқының психологиялық мәселелерін зерттейді. Ол нейропсихологияға, психофармакологияға, психотерапияға, психопрофилактика мен психогигиенаға бөлінеді.
Нейропсихология - психикалық қүбылыстардыңфизиологиялық ми құрылымдарымен арақатынасын зерттейді.
Психофармакология - дәрі-дәрмек заттардың адамның іс-әрекетіне әсерін зерттейді.
ІІсихотерапия - ауруды емдеу үшін психикалық әсер ету тәсілдерін қолдануды зерттейді.
ІІсихопрофилактика мен психогигиена - адамдардың денсаулығын қамтамасыз ету үшін шаралар жүйесін талдауды зерттеу болып табылады.
Арнаулы психология - бірнеше бөлімдерге белінеді: патопсихология, олигофренопсихология, сурдопсихология, тифлопсихология.
Патопсихология
- адамдардың дұрыс психикалық іс-әрекетінің бұзылуының әр түрлі түрін зерттейді.
Олигофренопсихология - мидың туғаннан болатын ақауына байланысты психикалық дамудың патологиялық сипатын зерттейді.
Сурдопсихология - есту сезімінің бұзылуына байланысты психологиялық ерекшеліктерді зерттейді.
Тифлопсихология - көру сезімінің бұзылуына байланысты психологиялық ерекшеліктерді зерттейді.
Заң психологиясы заң жүйесін іске асырумен байланыстыпсихологиялық мәселелерді қарастырады. Ол сот психологиясы,криминалды психология, пенитенциарлық немесе еңбекпен түзеупсихологиясы. Сот психологиясы тергеу үрдісіне:қатысушылардың мінез-құлқыныңпсихологиялықерекшеліктерін зерттеумен айналысады; криминалды психология деп мінез-құлықтың психологиялық мәселелерін және қылмыскер тұлғасын қалыптастыру мен қылмыстың себептерін анықтайтын саласын айтады; еңбекпен түзеу психологиясы еңбекпен түзеу колониясында ұсталғандардың психологиясы, сендіру жәнекөндіру әдістері арқылы тәрбиенің психологиялық мәселелеріменайналысады
Әскери психология адамның соғыс жағдайындағы қылық-әрекетін, қолбасшы мен оның билігіндегі сарбаз арасындағы қарым-қатынастың психологиялық тараптарын, әскерді рухтандырушы үгіт-насихат психологиясының әдістерін және әскери техниканы басқарудың психологиялық мәселелерін
зерттейді.
Аталған топ қатарына спорт, сауда, ғылым мен өнердің шығармашылық психологиясы да кіреді.
Психология тармақтарын топтастыру негізіне дамудың психологиялық қырлары да алынуы мүмкін. Бұл жағдайда психологияның даму принципі іске асады. Осыған байланысты психология келесі салаларға бөлінеді: Жас сатыларының психологиясы жеке адамның әртүрлі психикалық процестері мен психикалық қасиеттерінің онтогенезін (жеке даму) зерттейді де келесі салаларды өз ішіне қамтиды: балалар психологиясы, жасөспірімдер психологиясы, ересек адамдар психологиясы мен кәрілік психологиясы (геронтология).
Салыстырмалы психология - психикалық өмірдіңфилогенетикалық (біртұтас даму) формаларын зерттейді.
Әлеуметтік психология деген атпен психологияның көптеген салалары бірігеді. Әлеуметтік психология адамдардың әртүрлі ұйымдасқан ресми немесе ұйымдаспаған бейресми топтарда көрініс беретін психикалық болмысын зерттеумен шұғылданады.
Жалпы психология барлық психология салаларының ішінде айрықша орынды иеленетінін атап өткен жөн. Бұл тараудың негізгі міндеті - психологияның әдіс мәселелері мен тарихын, психикалық құбылыстардың пайда болуының, дамуының және болмыстың жалпыланған заңдылықтарын ғылыми нақтылау. Сонымен бірге жалпы психология танымдық және тәжірибелік іс-әрекетті де зерттейді. Жалпы психология зерттеулерінің нәтижесі - психология ғылымының барша салалары мен белімдерінің іргетасы қызметін атқарады.
§4. Психологиядагы зерттеулердің тәсілдері
Диагностика (гректің екі сөзінен құралған, біріншісі «диа» -қазақшалағанда «айқын», «анық» деген мағынаны білдіреді, екіншісі гректің «гнозис» - білім деген мағынада қолданылады. Диагностика - зерттелетін объекті немесе үрдіс туралы алдын-ала ақпарат алудың жалпы тәсілі. Жеке тұлғаның психологиялық даму саласында диагностиканың, мәні медицинадағы ауру сипаты туралы дұрыс қойылған диагноздың мәнімен бірдей: егер оның белгілері, шығу себептері уақытында және дұрыс анықталған болса, емдеу нәтижесі оң болатындығына сенім мол.
Байқау әдісі дегеніміз әртүрлі табиғи жағдайда жеке тұлғаның ісәрекеті мен қылықтарын қабылдаудың негізінде мақсатты зерттеу. Бақылау табиғи жағдайда жүргізіледі.
Эксперимент әдісі. Эксперимент жасауда зерттеуші өзіне қажетті жан қуаттарының көлденеңнен кез болуын күтіп тұрмай, сол процестің тууына өзі жағдай жасайды.
Зертханалық эксперимент арнайы ұйымдастырылып, кұралдар мен аспаптарды қолдану арқылы жүргізіледі.
Табиғи эксперименттің зертханалық эксцерименттен өзгешелігі адамның күнделікті іс-әрекетінің мазмұны сақталады, зерттелетін құбылысты міндетті түрде іске асыруға жағдайлар жасалады.
Тест - ағылшын сөзі, қазақшалағанда «байқау» немесе «сынақ» деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді психологиялық зерттеулер тәжірибесіне өткен ғасырдың аяғында америка ғалымы Дж.Кэттел енгізді. Сұхбаттасу әдісі.