Файл: Гастроэнтерология 1 уровень.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 1354

Скачиваний: 8

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
9/л. Нәжісті жасырын қанға тексеру анализі теріс.

Қандай аурумен салыстырмалы диагностика жүргізу керек?
*Перитонит

*Жедел панкреатит

*Жедел холецистит

*+Жедел аппендицит

*Шап жарығының түсуі
#47

*!65 жастағы әйел орталық аудандық ауруханаға жедел жәрдеммен жедел ішек инфекциясы диагнозымен жеткізілді. 2 күн бұрын жедел ауырған. Шағымдары: жүрек айну, 3 рет құсу, 2 рет сұйық нәжіс, ентігу, эпигастрий аймағында ауырсыну сезімінің болуы, АҚ 90/50 мм.с.бб. пульс 105 минутына.

Қандай аурумен салыстырмалы диагностика жүргізу керек?
*Перитонит

*+Миокард инфаркты

*Жедел панкретит

*Жедел холецистит

*Жедел аппендицит
#48

*!Әйел адам 40 жаста, терапевтке ауруының 1-ші күні қаралды. Ауруы қонаққа барғаннан кейін 1 тәуліктен кейін басталды; эпигастрий, кіндік аймағындағы ауру сезімі, құсу 4-5 рет, кіші дәреті 7-8 рет күніне мазалаған. Түскен кезде: дене температурасы – 38С. Іші жұмсақ, пальпация кезінде эпигастрий және оң жақ мықын аймағындағы ауру сезім анықталады. Ішек спазмы жоқ. АҚҚ -110/60 мм с.б., пульс – 90 рет/мин. Үлкен дәреті сұйық, жасыл түсті, жағымсыз иісті, шырыш қосылған.

Қандай диагноз ең ықтимал?
*Тырысқақ

*+Сальмонеллез

*Жедел дизентерия

*Жедел гастоэнтероколит

*Тағамдақ токсикоинфекция
#49

*!Ер кісі 26 жаста ауруының 2-ші күні терапевтке қаралды. Қонақта болғаннан кейін 8 сағаттан соң жедел ауырды; эпигастрий, кіндік аймағында ауру сезімі мазалап, 6-8 рет құсқан, 10 рет іші өткен.Түскен кезде: дене қызуы - 38С. Іші жұмсақ, эпигастрий және оң жақ мықын аймағында ауру сезімі анықталған. Ішек спазмы жоқ. АҚҚ -80/50 мм с.б., пульс – 100 рет/мин. Үлкен дәреті сұйық, жасыл түсті, жағымсыз иісті, шырыш қосылған. Ауруханаға жатқызылған.

Қандай клиникалық көрсеткіштерге сәйкес (№194 қаулы бойынша) осы науқасты ауруханаға жатқызуға жолдама берген?
*Ұзаққа созылған диарея

*Құсумен диарея

*Қарт адамдардағы диарея

*+Ауыр сусызданумен өтетін диарея

*Диарея және қант диабеті
#50

!Ер кісі 20 жаста, жатақханада турады. Анамнезінде асқазанның ойық жарасы болған. Асханада тамақтанып болғаннан кейін 6 сағат өткенде жедел ауырды; эпигастрий, кіндік аймағында ауру сезімі мазалап, 3-4 рет құсқан, іші өткен. Түскен кезде: дене қызуы - 38,8С. Іші жұмсақ, эпигастрий және оң жақ мықын аймағында ауру сезімі анықталады. Ішек спазмы жоқ. АҚҚ - 90/60 мм с.б. Пульс-100 рет/мин. Үлкен дәреті сұйық, жасыл түсті, жағымсыз иісті, шырыш қосылған.

Қандай эпидемиялық көрсеткіш бойынша (№194 қаулыға сай) науқасты госпитализациялауға болады?

*Студент

*Асханада тамақтану

*+Жатақханада тұру

*Жас

*Асқазанның ойық жарасы
#51

*!Ер адам, 30 жаста ауруының екінші күні емханаға қаралды. Шикі қуырылған жұмыртқаны жегеннен бір тәуліктен кейін жедел ауырды. Шағымдары; эпигастрий, кіндік аймағында ауру сезімі, жүрек айну, 6-8 рет құсу, тәулігіне 15 ретке дейін іш өту. Түскен кезде; температура - 38С. Пальпация кезінде эпигастрий және оң жақ шап аймағындағы ауру сезімі анықталады. Ішек спазмы жоқ. АҚҚ - 100/70 мм с.б., пульсі – 100 рет/мин. Үлкен дәреті көп мөлшерде, сулы, жасыл түсті, жағымсыз иісті.

Осы жағдайға сальмонеллездің қай клиникалық формасы сәйкес келеді?
*Сүзек тәрізді

*Гастриттік

*Септикомиемиялық

*+Гастроэнтериттік

*Гастроэнтероколиттік
#52

*!25 жастағы әйел адам, ауырғаннан бастап 2-ші күні жұқпалы аурулар ауруханасында қабылдау бөлімінде қаралды. Шағымдары: ішінің толғақ тәрізді ауыру сезімі, бастың ауыруы, 20 ретке дейін іштің өтуі, тенезмдер, дефекацияға жалған шақырулар байқалған. Қарап тексергенде: дене қызуы 39,0оС, АҚ-100/70 мм.рт.ст. Пульс-110 рет/мин. Іштің сол жақ мықын аймағында ауру сезімі, сигма тәрізді ішектің спазмы анықталады. Үлкен дәреті: нәжіссіз, шырыш қан жолақтарымен. ЖҚА: эр.-4,0х1012 /л, НЬ -145 г/л, лейк.-11,4x109 /л, э - 1, п - 2, с - 75, л - 18, м - 5. СӨЖ – 17 мм/сағ.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
*Тырысқақ

*Сальмонеллез

*+Жедел шигеллез

  • Тағамдық токсикоинфекциялар

  • Іш сүзегі


#53

*!Студент, 18 жаста, жатақханада тұрады, жедел ауырған, дене қызуы 39оС дейін көтерілген, қалтырау байқалып, басы ауырған, әлсіздік дамыған, іші бүріп ауырып, 1 рет құсқан, тәулігіне 15 рет іші өткен. Іші жұмсақ, сол жақ мықын аймағында ауру сезімі байқалады. Нәжісі сұйық, аз мөлшерлі, шырыш пен қан араласқан.

Қай диагноз ең ықтимал?
*Амебиаз

*+Жедел шигеллез

*Сальмонеллез

*Тағамдық токсикоинфекция

*Созылмалы гастроэнтерит, өршу
#54

*!27 жастағы әйел адам жедел ауырған: жүрек айнуы, қайталамалы құсу, кіндік айналысындағы ауру сезімі пайда болған. Аурудың үшінші күні дене қызуы – 38,50С-қа дейін жоғарылап, әлсіздік қосылған. Тексергенде: ішінің сол жақ мықын аймағында ауру сезімі, жиырылған ауру сезімді сигма ішек анықталады. Нәжісі аз мөлшерлі, шырышты.

Қай диагноз Ең ықтимал болып табылады?
*Сальмонеллез, жайылмалы түрі, септикалық вариант

*+Жедел дизентерия, гастроэнтероколиттік түрі

*Жедел шигеллез, колиттік түрі



*Тағамдық токсикоинфекция

*Эшерихиоз, дизентерия тәрізді түрі
#55

*!Ер адам, 30 жаста, ауруханаға дене қызуының жоғарылауына, тәбетінің төмендеуіне, құсуға, жүрек айнуына шағымданып түсті. 10 күн бойы ауырады. Ауру басталғанынан бір аптадан соң тері мен склерасының сарғаюын байқаған. Баласы баратын бала бақшада сарғаюмен ауырған балалар болған. Объективті: жағдайы орташа аурлықта, тері мен шырышты қабаттары сарғайған. Іші оң жақ қабырға астында сезімтал. Бауыры 1,0 см. Нәжісі түссіз, зәрі қоңыр түсті. Анализінде: АЛТ-650 ммоль/л, жалпы билирубин - 65.0 ммоль/л, тікелей - 48.0 ммоль/л.

Қай лабораторлы көрсеткіш диагнозды дәлелдейді?
*HbsAg

*аnti-HbeAg

*+anti-HAV IgM

*anti-HAV IgG

*anti-HDV IgM
#56

*!Әйел адам, 45 жаста, ауруының 2-ші күні ауруханаға түсті. Нашар қуырылған тауық етін вокзалда сатып алып жегеннен бір тәуліктен кейін жедел ауырды. Шағымдары: эпигастрий, кіндік аймағында ауру сезімі, жүрек айну, 3-4 рет құсу, тәулігіне 10-15 ретке дейін іш өту. Түскен кезде: температура - 36,5С. Пальпация кезінде эпигастрий және оң жақ мықын аймағындағы ауру сезімі анықталады. Ішектерде спазм жоқ. АҚҚ -60/40 мм с.б. бой.,пульсі-106рет/мин. Зәр мөлшері азайған. Үлкен дәреті жайылған, шырышпен,қоңыр- жасыл түсті, жағымсыз иісті.

Қандай асқыну дамыған?
*ТҚШҰ- синдромы

*Ішектен қан кету

*+Инфекционды-токсикалық шок

*Жедел бауыр жетіспеушілігі

*Жедел бүйрек жетіспеушілігі
#57

*!Ер адам 23 жаста, Үндістанда екі апта сапарда болып, тамыз айында келді. Келесі күні жиі құсумен және жиі сулы сұйық нәжіспен жедел ауырып бастаған. Дене қызуы – 36,6 С. Әлсіздік, аяқ-қолдарының құрысулары пайда болып, даусы қарлыққан. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Тері жабындылары бозғылт, құрғақ, акроцианоз. Бет әлпеті үшкірленген. Жүрек тондары бәсеңдеген, АҚ – 90\60 мм с.б. Іші ішке қарай тартылған. Кіші дәреті болмаған.

Қай диагноз ең ықтимал?
*+Тырысқақ

*Ботулизм

*Иерсиниоз

*Сальмонеллез

*Тағамдық токсикоинфекция
#58

*!Әйел адам 40 жаста, ауруының 4ші күні қабылдау бөліміне келесі шағымдармен түсті: ауызының құрғауына, заттардың екі еселенуіне және көруінің нашарлауына, жутынудың қиындауына, шашалуына шағымданады. 3 күн бұрын қонақта болып салат, кәуап, консервіленген қызанақ жеген. Келесі күні әлсіздік, ауызының құрғауы, эпигастрии аймағында ауырсыну, 2 рет құсу болған. Көз алдында “тор”, заттың екі еселенуі, жұтудың қиындауы, даусының қарлығуы пайда болғанын байқаған. Қарау кезінде: есі анық, екі қабақта птоз, мидриаз. Сұйық тағамды жұтуы қиындаған, тамағында жайсыздық сезінеді.


Қай диагноз ең ықтимал?
*+Ботулизм

*Қантты диабет

*Тағамдық токсикоинфекция

*Артерильді гипертензия. Криз

*Бас ми қанайналымының жедел бұзылысы
#59

*!25 жастағы әйел адам, ауырғаннан бастап 2-ші күні ауруханаға қаралды. Шағымдары: ішінің толғақ тәрізді ауыру сезімі, бастың ауыруы, 10 ретке дейін іштің өтуі, Тенезмдер, дефекацияға жалған шақырулар байқалған. Қарап тексергенде: температурасы 36,0оС, АҚ-100/70мм.рт.ст.Пульс-110 рет/мин Ішті пальпация жасағанда: сол жақ мықын аймағында ауру сезім, сигма тәрізді ішектің спазмы ауыруы.Үлкен дәреті: нәжіссіз, шырыш қан жолақтарымен. ЖҚА эр.-4,0х1012 /л, НЬ -147 г/л, лейк.-11,4x109/л, э- 1, п - 2, с - 75, л - 18, м - 5. СӨЖ - 15мм/с

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
*Тырысқақ

*Сальмонеллез

*+Жедел дизентирия

*Тағамдық токсикоинфекция

*Жедер гастроэнтероколит
#60

*!Әйел 18жаста. Емханаға эпигастрии аймағындағы ауру сезімімен, көп реттік құсу, жиі үлкен дәретке бару, аяқ –қолдарындағы ұстамаларға шағымданып келген. Анамнезінен: барахолкада асханадан тамақтанған соң 6 сағаттан кейін жедел ауырған. Қараған кезде температура- 37,5С, терісі боз, көздері шүңірейген. Іші кепкен, пальпацияда ішіндегі ауру сезімі анықталады. Ішектерде спазм жоқ. АҚҚ 80̸ 40мм с.б.бой., пульсі 120 рет/мин. Кіші дәреті болмаған. Үлкен дәреті сұйық, көп, түсі «ет жуындысындай».

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
*Амебиаз

*Сальмонеллез

*Жедел дизентерия

*+Тағамдық токсикоинфекция

*Жедел гастроэнтероколит
#61

*!Әйел 40 жаста. Емханаға эпигастрии аймағындағы ауру сезімімен, көп реттік құсу, жиі үлкен дәретке бару, аяқ –қолдарындағы ұстамаларға шағымданып келген. Анамнезінен: жедел ауырған етпен самса жегеннен кейін 1 тәуліктен соң ауырған. Қараған кезде температура- 38,5С, терісі боз, Іші кепкен, пальпация кезінде эпигастрия аймағында және іштің оң жағында ауру сезімі анықталады. Ішектерде спазм жоқ. АҚҚ 90/60мм с.б.бой., пульсі 120 рет/мин. Кіші дәреті болмаған. Үлкен дәреті сұйық, көп, түсі «ет жуындысындай».

Осы инфекцияға ҚЖА қандай өзгерістер тән?
*Гастрит

*Колит

*Энтерколит

*+Гастроэнтерит

*Гастроэнтероколит
#62

*!Әйел адам 18 жаста емханаға эпигастрии аймағындағы ауру сезімімен, көп реттік құсу, жиі үлкен дәретке бару-5 ретке дейін.Анамнезінен: базар асханасынан түскі ас ішкенен 4 сағаттан кейін жедел ауырған Қараған кезде температура- 37,5С, терісі боз. Іші кеппеген, пальпацияда эпигастрий аймағында ауру сезімі анықталады. Ішектерде спазм жоқ. АҚҚ 90/60мм с.б.бой., пульсі 100 рет/мин. Кіші дәреті болмаған. Үлкен дәреті сулы, патологиялық қоспалар жоқ.


Осы инфекцияға ҚЖА қандай өзгерістер тән?
*+Гастрит

*Колит

*Энтерколит

*Гастроэнтерит

*Гастроэнтероколит
#63

*!Ер адам 30 жаста емханаға эпигастрии аймағындағы ауру сезімімен, көп реттік құсу, жиі үлкен дәретке бару-5 ретке дейін.Анамнезінен: асханадан түскі ас ішкенен 4 сағаттан кейін жедел ауырған (котлетаның жағымсыз дәмі сезілді ) Қараған кезде температура- 37,5С, терісі боз. Іші кеппеген, пальпацияда эпигастрий аймағында ауру сезімі анықталады. Ішектерде спазм жоқ. АҚҚ 90/60мм с.б.бой., пульсі 100 рет/мин. Кіші дәреті болмаған. Үлкен дәреті сулы, патологиялық қоспалар жоқ.

Қай диагноз ең ықтимал?
*Іш сүзегі

*Сальмонеллез

*Жедел дизентерия

*+Тағамдық токсикоинфекция

*Жедел гастроэнтероколит
#64

*!16 жастағы жас жігіт. Емханаға іш аймағындағы ауру сезіміне, жиі үлкен дәретке бару-15 ретке дейін.Анамнезінен: 2 күненен кейін донер, тауық гриль жегеннен жедел ауырған, лоқсу,көп реттік құсу.Қараған кезде температура- 38,5С. Іші кеппеген, пальпацияда эпигастрий аймағында, ішек жолымен ауру сезімі анықталады. Сигма тәрізді ішектің спазмасы пальпацияланады. АҚҚ 100/70мм с.б.бой., пульсі 120 рет/мин. Кіші дәреті аз. Үлкен дәреті сұйық, шырышпен, қан жолақтары бар.

Осы инфекцияда асқазан ішек жүйесіндегі зақымдану синдромы ең тән:
*Гастрит

*Колит

*Энтероколит

*Гастроэнтерит

*+Гастроэнтероколит
#65

*!45 жастағы ер адам, жұқпалы аурулар ауруханасында 10 күн бойы «Іш сүзегі» диагнозымен ем қабылдап жатыр. Ауруханаға ауруының 8-ші күні түсті. Диагноз қаннан S. typhi дақылының анықталуымен дәлелденді. Науқас ципрофлоксацин 1,0/тәул. қабылдап жатыр. Барлық күндері дене қызу 38,2-38,5ºС-қа дейін жоғарылаған, бүгін дене қызуы қалыпты. Қарап тексергенде: есі анық, бірақ тежелген. Тері жабындылары бозғылт, ылғалды. Пульсі 102 рет/мин. ҚҚ-90/60 мм с.б. Екі рет қара түсті сұйық нәжіс болған.

Науқаста қандай асқыну дамыған?
*ТШҚҰ-синдромы

*Гиповолемиялық шок

*+Ішектен қан кету

*Инфекциялық-токсикалық шок

*Іш сүзегі жарасының перфорациясы
#66