ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 500
Скачиваний: 7
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
идиопатикалық эпилепсия, (абсанстар).
Науқас 58 жаста. Таңертең аяқ және қол саусақтарының діріліне, тез шаршағыштық, сөзінің бұзылысы, зәр шығаруға жиі шақыртулар, қозғалыстың бастапқы бұзылысына шағымданады. Осындай шағымдары соңғы 3 жылда мазалайды. Анамнезінен психоневрологиялық диспансер есебінде тұратыны, ұзақ уақыт бойы нейролептиктерді қабылдайтыны белгілі. Қарау кезінде: «тиын санау» типі бойынша ұсақжыбырлы діріл, аяғында ұсақжыбырлы діріл, қозғалыс кезінде азаяды, периоральды діріл, үнсіз, монотонды сөзі, бұлшықет тонусы экстрапирамидті типі бойынша жоғарлаған. Болжамды диагноз:
Паркинсон синдромы
Науқас 52 жаста артық салмақпен, гипертониялық ауру, ЖИА, ҚД ІІ типімен зардап шегеді, табанындағы қызуға шағымданады. Қарау кезінде аяқта және қолда терең рефлекстердің төмендеуі анықталды. Аяқтың дистальді бөлігінде гипестезия. Зерттеу кезінде қанда глюкозаның деңгейі жоғарылағаны анықталды. Болжам диагноз:
Диабетикалық полинейропатия
Науқас 68 жаста сол жақ аяқ-қолының ұюына және ыңғайсыздығына шағымданады. Таңертең жедел ауырған, яғни жоғарыда көрсетілген шағымдары пайда болған. АҚ 170/90мм.сын.бағ. Анамнезінде жүректің ишемиялық ауруы, жыбырлы аритмияның тұрақты асқыныс түрімен, 3 жыл бұрын ауқымды трансмуральды инфарктты басынан өткерген. Жалпы қарауда:сол жақта бет және тіласты жүйкенің орталық салдануы, сол жақты гемипарез, бұлшықет күші 3 баллға дейін төмендеген, сол жақта Бабинск симптомы оң. Сол жақтық гемигипестезия. Люмбалды пункцияда: ликвор түссіз, мөлдір, қысымы 160мм.су.бағ., цитозы - 3 лимфоцит, ақуыз – 0,33 мг %. МРТ-да ауырғаннан соң 4 тәулікте оң жақ төбе-самай аймағында жоғарлаған және төмендеген қарқынды белгінің аймағы анықталады. Болжамды диагноз:
мидың оң жақ жарты шарындағы ишемиялық инсульт
Науқас 58 жас, жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілді. Қатты бас ауруына, бас айналу, лоқсу, біп ретті құсу, тілінің жансыздануына, сол жақ аяқ қолының қозғалту функциясының әлсіреуіне, зәрдің ұсталмауына шағымданады. Объективті: АҚ 180/100 мм.сын.бағ, ЖЖЖ 80, ТАЖ 22 рет минутына, тегіс емес гемипарез және гемипигестезия, тілінің солға ығысуы, сол жақтық апраксия, бет және қолдың гиперкинезі, иіс сезудің бұзылуы. Топикалық диагноз:
ортаңғы ми артериясындағы қанайналымның бұзылуы
алдыңғы ми артериясындағы қанайналымның бұзылуы
Науқас К., 20 жаста, жол-көлік оқиғасынан кейін ес-түссіз қабылдау бөліміне жеткізілді. Кома Глазго шкаласы бойынша -7 балл. Сана бұзылуының қандай деңгейіне сәйкес келеді?
кома
58 жастағы әйел, бухгалтер, қант диабетімен ауырады, аяқтарының ауырсынуына шағымданады, түнде күшейетін тоңғақтық пен салқындау сезімі пайда болған, «дене тітіркенуі». Объективті: табан терісі құрғақ, қабыршықтанады, оң жақ табан астында ауырсынбайтын ойық жара бар. Тізе рефлекстері төмендеген, аххил реефлекстері шақырылмайды. Қол-аяқтардың дистальды аймақтарында ауырсыну және температура сезімталдығы төмендеген. Алдын ала диагноз:
Диабеттік полинейропатия
Науқас 28 жас – температурасы 39 С жоғарылауы. 3 аптада айқын әлсіздік, жөтел анықталды. Анамнезінде: досында 3 ай бұрын өкпе туберкулезі анықталған. Алкогольді және дәрілік уланулар болған жоқ. Ликворда: белок- 4,5 г/л, қант- 1,4 ммоль/л, 1 мкл-де лейкоциттер- 150, эритроциттер-3 мкл, қысым 200 мм с.б., сыртқы түрі сүт тәрізді, фибринді қабық түзілді. Клиникалық диагноз:
Туберкулезді менингит
Науқасты тексергенде аяқтарындағы қимылдың болмауы, оларда бұлшықет тонусы жоғарлауы, екі аяқта да патологиялық Бабинский және Росслимо симптомдары оң, құрсақ рефлекстері жойылған, қорғаныс рефлексі, екі жақты табан және тізеүсті клонусы байқалады.Үрпі деңгейінен және төмен ауырсыну және температура сезімталдық бұзылысы,аяқта терең сезімталдық, еріксіз зәр шығару, сегізкөз және табан аймағында ойық бар. Топикалық диагноз:
Th4-Th5 деңгейінде жұлынмидың көлденеңінен толық зақымдалуы
35 жастағы әйел, қол бұлшықеттерінің атрофиясы, сіңірлік рефлекстерінің, бұлшықет күшінің төмендеуі және қол бұлшықеттерінде фибриллярлы дірілдері. Жүрісі өзгерген, жүру кезінде аяғын «сүйрейді». Аяқтарындағы сіңірлік рефлекстерінің жылдам жоғарылауы, Бабинский және Оппенгейм патологиялық рефлестері екі жақтан. Топикалық диагноз:
Зақымдалу мойын жуандауы деңгейінде
Науқас 33 жаста, үй бикесі, бір апта бұрын лабиальді герпесті емдеде ацикловир қабылдаған соң бетінің сол жағында атқылайтын ауырсынудың пайда болуына шағымданады. Триггерлік аймақтардағы ауырсыну мен беттің бір жақ бөлігіндегі гиперестезиялар қай жүйкенің зпқымдануына байланысты?
үшкіл
Науқасты 5 ай бойы үнемі күшейетін бас ауырсынуы, таңертеңгі уақытта күшейетін, соңғы уақытта құсу, екі жақ көзінің көру өткірлігі төмендеуі және жүру кезінде сол жаққа қарай теңселуі қосылған. Бас сүйек жүйкелері жағынан патология анықталмаған. Сол жақ аяқ-қолында тонусы төмендеген, сол қол аяғымен координаторлы сынаманы нашар орындайды (интенционды діріл, байқаусыз құлау). Офтальмолог қарау кезінде екі жақтан көру жүйкесінің көз дискісі іркілуі анықталған. Топикалық диагноз:
оң жақ мишық жарты шары
Науқас К., 25жаста, жедел жәрдеммен жедел медициналық көмек ауруханасының қабылдау бөліміне басының ауырсынуына, оң жақ аяқ-қолындағы әлсіздікке шағымданып келді. Анемнезінен:1 сағат бұрын көшеде белгісіз адамдар соққыға жыққан, басынан соққы алған соң есінен танған, есін жоғалтқан уақыты белгісіз. Объективті қарағанда: есі анық, контактке түседі, тілі оң жаққа қисайған, Барре сынамасында оң жақ қол-аяғы салбыраған, сіңірлік рефлекстері D>S, оң жағынан Бабинский рефлексі. Менингиалды белгілері жоқ. Диагностикалау ұстанымы:
бас миының КТ немесе МРТ-сы
Иық алдының алдыңғы бетінің жарақатынан кейін науқаста бұлшықет атрофиясы алақан тегістелуімен бас саусағының көтерілуі («маймыл білезігі»), 1,2,3 саусақтар алақан беті гиспестезия мен гиперпатиясы және сол аймақтардың күйдіріп ауырсынуы. Топикалық диагноз:
Ортаңғы жүйкенің
Науқас 25 жаста, денсаулығында ешқандай ақау болмағанына қарамастан кенеттен көру өткірлігінің 0-ге дейін төмендеуі, жалпы әлсіздік, тітіркенгіштік, жүру барысында теңселу, «мастың жүрісі» секілді шағымдарымен невропатологқа келген. Аталған шағымдарға сүйене отырып орталық жүйке жүйесінің қай құрылымының зақымдалуынан күдіктенуге болады?
көру жүйкесі, мишық
Науқас 68 жаста, қабылдау бөліміне жұтыну мен фонация бұзылыстарына шағымданып түсті. Невропатологтың қарауы барысында дизартрия, жұмсақ таңдайдың парезі және кеңірдек рефлексінің болмауы анықталды. Парездер жоқ, қол-аяқтың сіңірлік рефлекстері бұзылмаған. Қандай клиникалық синдром сипатталған?
бульбарлы
Ер адам, 87 жаста, таңертең АҚ 220/120 мм.с.б. дейін көтерілгенде, кенеттен пайда болған бас ауыру, құсу, әлсіздік және оң жақ қол-аяғының салданыуы, сөйлеу бұзылыстарына шағымданып түсті. Объективті: тежелген, жағдайы ауыр, менингеальды синдром оң. Оң жақтан мимика бұлшық еттерінің және тілдің орталық парезі, тонус пен рефлекстердің жоғарылауымен оң жақтық гемигипестезия және гемипарез. Диагностика принципі:
Бас миының КТ-сы
72 жастағы ер адам комада. Температурасы көтерілген. Ауруханаға түскенге дейін науқаста генерализирленген тоникоклоникалық ұстама байқалған. Ауруханаға түскенге дейін бір апта бұрын ұйқышылдық және жөтел, құсу болған. Алкогольді және дәрілік улану жоқ. Ликворда: ақуыз- 4,5 г/л,қант-3,4 ммоль/л, лейкоцит150 в 1мкл, эритр-3 мкл, ликворлық қысым 200 мм вод ст.,сыртқы түрі сүт тәріздес, фибриндік пленка түсіп қалған.
Туберкулезді менингит
Ер адам 32 жаста омыртқаның мойындық бөлігіндегі, иыққа, кәрі жілік бойымен оң жақ қолдың үлкен саусаққа берілетін ауырсынуға шағымданды. Қарау барысында иықтың екібасты бұлшық еттің, тенердің әлсіздігі мен гипотрофиясы, оң жақтан бицепс-рефлекстің төмендеуі анықталған. Иықтың кәрі жілік бойында гипостезия бар. Топикалық диагноз:
С6 түбіршек оң жақтан
Науқас қимылдың бөгелуіне, көп сілекей бөлінуіне, сөйлеудің қиындауына (сөздерді баяу айтады), қол саусағындағы тұрақты дірілге шағымданады. Объективті тексергенде: беті амимиялық, басы кішкене алға еңкейген, қол және аяқтың барлық буындарында кішкене бүгілген, белсенді қимылдарды баяу орындайды. Саусақтарында діріл бірқалыпты, аз амплитудалы, «дәрілерді айналдыру» сияқты. Аяқ-қолдарында тонус бірқалыпты жоғарлаған, «тісті дөңгелек» феномені бар. Сіңірлік рефлекстері жанданған, бірқалыпты. Патологиялық рефлекстері жоқ. Сезімталдық бұзылмаған. Майда қадамдармен жүреді. Қимыл үйлесуі жоқ. Топикалық диагноз:
қара зат, әсіресе бозғылт шар зақымдалуы
Науқас А. 50жас, жедел ауырған. Көлік жүргізіп келе қасындағыларға шүйде аймағында «ыстық соққы» сезгенін айтқан. Бірден айқын бас ауру мен жүрек айну басталған. Көлікті тоқтата алып, шықпақшы болған кезде көп реттік құсу пайда болып, есінен танған. Жедел жәрдем бригадасымен қабылдау бөлімшесіне жеткізілген. Қарауда: есі сақталған, есеңгіреу жағдайында. Контактқа өте қиын түседі. Ыңырсиды, бас ауруға, жүрек айнуына шағымданады. Горизонтальді нистагм, коз алмасын шетке жеткізе алмау. Шүйде бұлшықеттерінің 4 көлденең саусақтық регидтілігі. Екі жақты 90 градусты Керниг симтомы, төменгі Брудзинский симптомы, люмбальді пункция: сұйықтық жоғарғы қысыммен шығады, интенсивті, қанмен біркелкі боялған. Болжам диагноз:
Субарахноидальді қан құйылу
Науқас У., 23 жас қол аяқтарының әлсіздігіне, жансыздануына, жүру кезіндегі теңселуге шағымданады. 2 апта бұрын, науқас айтуы бойынша, грипп тәрізді жағдай болған. Қарау барысында аяқ-қоллдарының бұлшықет тонусы төмендеген, қол мен аяқтарының күші 1 баллға дейін төмендеген, барлық сезімталдықтың "шұлық пен қолғап" тәрізді төмендеген, карпорадиальды және ахилл рефлекстері жоқ, қол-аяқтарының тері түсі өзгерген. Ликвор түссіз, мөлдір, цитоз 10 лимфоцит, белок -20 грамм литрге. Болжамды диагноз:
полинейропатия (синдром Гийена-Барре.)
49 жастағы электрик ер адам жедел жәрдем клиникасына түсті. Келіп түскенде: санасы тежелген, ауырсыну тітіркенуіне көз ашады. Неврологиялық статус: шүйде бұлшықеттердің құрысуы, Керниг симптомы оң. Қитарланған қылилық. Оң жақ мұрын-ауыз қатпары тегістелген, тілі оңға ауытқыған. Тонус пен рефлекстер оң жақта жоғары. Ликворда- лимфоцитарлы плеоцитоз. Сіздің алдын ала диагнозыңыз:
менингоэнцефалит
Әйел адам 28 жаста бірнеше күн ішінде жүру барысында тұрақсыздық, қолдағы ыңғайсыздық, компьютерде мәтін басу ыңғайсыз бола бастады. Неврологиялық статус: нистагм, саусақ-мұрын және тізе-табан оң жақтан проба жасағанда интенционды тремор, аяқта спастикалық тип бойынша тонус жоғарылауы, екіжақты бабинский симптомы. Көз түбін қарау барысында: көру нерв дисктерінің самайлық бөліктерінің ағаруы. Алдын ала диагноз: