Файл: Кеуде уысыны рентгенографиясы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 498

Скачиваний: 7

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Шашыраңды склероз

Науқас 36 жаста. Ұстамалар пайда болады, басы бұрылып және көзі солға ауытқып басталады, содан кейін сол аяқ және қолда клоникалық ұстамалар. Есі анық. Ұстама 2—3 мин-ға созылады. Кейін нашар көреді, «көз алдында тұман пайда болады», сол жақ қол-аяғы әлсіреген. Емханаға түсер алдында жүуі қиындаған. Жұмысына, жанұясына қызығушылдығы жоғалған, өзінің ауруына алаңдамайды. Қарау кезінде: қарашықтары кеңейген, конвергенцияға және жарыққа реакциясы солғын. Көздің қозғалысы шектелмеген, бірақ солға көздің көруі тұрақсыз. Сол жақ айқын мұрын-ерін қатпары тегістелген. Сол жақты гемипарез. Сіңір рефлекстері сол жақта оң жаққа қарағанда жоғары. Сол жақ Бабинск және Россолимо симптомы оң. Сол жақта жұлып-алу рефлексі оң. Сол жақ саусағы дірілдеген. Сол жақ қолда алақан-иекасты рефлексі. Екі жақтан Керниг симптомы оң. Ангиография: Ортаңғы ми артериясы және алдыңғыми артериясы маңдай – полюсті тармағы төменгі жақта дислокация. Клиникалық диагноз:

оң жақ маңдай бөлігі ісігі

Науқас стационарға 2 сағат бұрын басталған қарқынды бас ауруы шағымымен жеткізілді. АҚ – 190/100, тежелген. Сол жақты мұрын ерін қатпарының тегістелуі. Гемипарез, сол аяқтаманың б.е гипертонусы, жоғарғы сіңірлік және сол аяғында патологиялық рефлекстер болуы.Болжам диагноз:

Оң ортаңғы милық артерия бассейнінде ишемиялық инсульт

32 жастағы науқаста гипофиздің ісіктері бар, ол көру жүйесінің қысылуын тудырады. Көру хиазмасының қысылуы кезінде қандай симптом белгіленеді?

гетеронимды гемианопсия

Науқас 38 жаста, инженер, ауруханаға зейіні және есте сақтау қабілетінің бірден төмендеуі, «ой-санасынан айырылу», «күшпен ойлану», кейін есінің жоғалтуына және 3-4 минутқа созылатын тырысу ұстамаларға (әйелінің айтуы бойынша) шағымдарымен келіп түсті. 2 жыл бұрын басмиына жарақат және соққы алғаннан кейін, соңғы 4 ай бойы осындай симптомдар байқаған. Неврологиялық статусында минималды шашыранды неврологиялық симптоматика. Диагностикалау ұстанымы:

электроэнцефалография

Науқас 24 жаста. Күзде Ресейге туысқандарына барды (орман, тайга). Келгеннен соң, бірнеше күннен кейін бас ауруы, лоқсу, құсу пайда болды. Дене температусының 39° дейін көтерілуі, қалтырау, мойын аймағындағы ауырсыну байқалған. ЖРВИ деп ойлаған, өз бетімен емделген. Бірақ жағдайы нашарлаған, соңғы 2-3 күнде қолдары мен мойын бұлшықетінде әлсіздік пайда болды. Неврологиялық статус: мойын және қол бұлшықеттерінде енжар парез. Болжамды диагноз:

кенелік энцефалит


7 жастағы бала бас ауруына, қызба мен құсу шағымдарымен вирустық менингитке күдікті жұқпалы ауруханаға жеткізілді. Люмбальды пункция нәтижелері бойынша серозды вирустық менингиттің басты белгісін көрсетіңіз:

ликвордың лимфоцитарлық цитозы

Науқас Н. 20 жаста. Басының қатты ауырсынуына, жарықтан қорқуға, дене қызуының 39-40 С градусқа дейін жоғарлауына, жүрек айну, құсуға шағымданады. Неврологиялық статус: психомоторлы қозу, шүйде бұлшықеттерінің құрысуы, Керниг, Брудзинский симптомары оң. Диагностика ұстанымы:

диагностикалық люмбальді пункция

Ер кісі 62 жас, созылмалы іріңді отитпен аурады, келесі өршу фонында қатты бас ауырсынуы, бас айналу, фото және фонофобия , оң менингиальды симптомдар. Ликвор анализінде: бұлдыр, 800 мл цитоз, нейтрофилдер басым, белок 0,66 г/л. Алғашқы диагноз:

екіншілік отогенді іріңді менингит

54 жастағы ер адам жедел жәрдем шақырды, кенттен оң көзінің көруі бұзылды, сол жақ аяқ-қолының әлсіздігі мен жансыздануы пайда болды. Жедел жәрдем келгенше (20 минут кейін), шағымдары жойылды. Объективті қарау барысында: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, екі көзінің де көруі қалыпты. Неврологиялық статуста: терең рефлекстер S>=D, басқа неврологиялық симптом анықталмаған. Болжамды диагноз:

Транзиторлыишемиялық атака

Ер кісі, 57 жаста, бас ауырсынуы, құсу, оң жақ аяқ-қолындағы ұю және әлсіздігі, сөйлеудің бұзылысы шағымымен, күндіз АҚ 220/120 мм.сын. бағ. жоғарлауы кезінде яғни бірден дамыған. Объективті: кідірген, шүйде бұлшықетінің ширығуы 3 көлденең саусаққа тең. Оң жақ мұрын-ерін қатпары тегістелген, тілі оң жаққа ауытқыған. Оң жақта тонус және рефлекстері жоғарлаған. Оң қол-аяғында барлық сезімталдық түрі төмендеген. Бас ми КТ - ошақ жоғары тығыздалған, ми қарыншалары кеңейген. Болжамды диагноз:

паренхиматозды- субарахноидальды қан құйылуы

Жедел жәрдем көлігімен 35 жастағы науқас ауруханаға жеткізілді. Анамнезден жоғарғы АҚ фонында кенеттен пайда болған құсу, психомоторлық үгіт, сабырсыз мінез-құлық болды. Объективті: жағдайы ауыр, беті гиперемияланған, менингеальды симптомдар оң, парез жоқ. Алдын ала диагноз:

Субарахниялық қан кету

Науқас 27 жаста. Жарты жыл бұрын жалпы эпилептикалық ұстамалар пайда болған, басында сирек, енді айына 3—4 рет. Кейбір ұстамаларда иістің — «күйген иіс» тәрізді алдануы болған. Бас ауырсынуына шағымданған. Соңғы уақытта нашар көретін болған, көз алдында қосарлануы, сонымен қатар аяқ және қолында әлсіздік байқалған.Оң жақ көз қабақтың птозы. Қарашықтары дөңгеленген, оң жаңы солға қарағанда кеңейген. Оң жақ көздің сыртқы қитарлануы, оның қозғалысының жоғары және төмен шектелуі. Сол жақ мұрын –ерін қатпары тегістелген. Сол қолының ыңғайсыздығы. Онда бұлшықет күші төмендеген. Жүру кезінде және Ромберг симптомын зерттеу кезінде әлсін солға ауытқиды. Сіңір рефлекстері — сол жақта жоғарлаған. Сол табанының клонусы. Сол жақтан Бабинск және Оппенгейм симптомы оң.. Бас миы компьютерлі томографияда: қарынша жүйесі оңнан солға ығысқан, орталық солжақ бүйір қарынша бөлімі төменен және сырттан қысылған. Ангиограммада оң жақ орта ми артериясының жоғары ығысуы және оң ұйқы артериясының медиальды сифонының жоғары жылжуы анықталады . Клиникалық диагноз:



оң жақ самай аймағының ісігі

Метро станциясында, 20-жастағы жас жігіт бірден өзін жаман сезінген, басын ұстап және құлаған. Жедел жәрдем келген кезде дәрігер науқастың есінен айырылғанын және менингеальды симптомы оң екендігін анықтаған. Жас жігіттің қызы, ол алдында ешқашан аурымаған және дені сау болғанын айтады. Диагностикалау ұстанымы:

люмбальды пункция, бас ми МРТ

18-жастағы жас бала жедел респираторлы вирустық инфекция (ЖРВИ) ауруын басынан өткергеннен соң тобық табанды буындардың шаншуын сезінген. Екі күн ағымында табан бүгілгіштігінде әлсіздік, ал аптаның соңында оған жүру қиынға соқты. Зәр шығаруы және дефекация бұзылған жоқ. Бір аптада әлсіздік үдеп және қажет жағдайда өкпеге жасанды вентиляция жасалды. Көз алмасының қозғалысы сақталған кезінде тетраплегия дамыды. Ликворда ақуыз құрамының жоғарлауы (10 г/л жоғары) қалыпты цитоз кезінде, эритроцитозсыз.

Гийена-Барре синдромы;

10 жасар С. Есімді науқас. Таңертең сағат 10 шамасында ауырып қалған. Алғашында бас ауру, тоңу болып, күндіз құсу қосылған. Кешке қарай жоғары дене температурасы фонында естің бұзылуы болып жағдайы күрт төмендеген, қайта құсу болған. Қарау кезінде: есі сопор дәрежесінде. Дене температурасы 39,5°. Тері жамылғысы ылғалды, беті гиперемирленген. Сан терісінде геморрагиялық бөрітпе. Спонтанды горизонтальды нистагм, сыртқа қараған қилилық. Шайнау бұлшықеттері тризмі. Сіңірлік рефлекстер оң жақта басым. Екі жақта да патологиялық Бабинский, Оппенгейм рефлекстері. Шүйде бұлшықеттері ригидтілігі – 4 көлденең саусақ, Керниг симптомы 90°, екі жақ та да оң. Люмбальды пункция: ликвор жоғары қысыммен ағады, тұнық емес, белок- 2,6 гр/л, цитозды анықтау мүмкін емес (нейтрофилдер 98%), қант – 1,7 ммол/л, хлор – 183,3 ммолль/л. Нативті препаратта диплококк анықталды. Клиникалық диагноз:

менингококкты инфекция, іріңдіменингоэнцефалит

Ауыр көтерген соң 40 жасар ер адамда белінде сан мен балтырдың артқы бетіне иррадациямен қатты ауырсыну пайда болды, ауырсыну сол жақ табанның бас бармағына дейін жетеді. Қарау кезінде: бел аймағының бұлшықеттерінің кернеуі, 1 саусақтың жазатындарының әлсіздігі. Аяқтағы рефлекстері сақталған, симметриялы. Лассег симптомы сол жақ 40 градусқа оң. Диогностикалау әдісі:

Омыртқаның бел-құйымшақтық бөлімінің МРТ-сы

Науқас К. 38 жаста 24маусым аурудың 4-ші тәулігінде аудандық ауруханаға тікұшақпен жеткізілген. Ауру тарихынан көшірмеде көрсетілген: шопан болып жұмыс істейді, жедел ауырған. Ауру қалтыраумен басталған, дене қызуы 39°дейін көтерілген, бас ауырсынуы, құсу, есеңгіреген есті, сандырақтау. Үшінші тәулігінде қолында қимыылдың бұзылысы анықталған, тыныстың тұрақты бұзылысы пайда болған. Қарау кезінде: есі делириозды, қозушылдық, елестер. Дене қызуы 38°. Қарашық аздап тарылған. Дизартрия, жұтыну кезінде шашалады. Қолда қозғалыстың жедел тежелуі. Иық белдеуінде бұлшықет тонусы төмендеген. Сіңір рефлекстері қолда шақырылмайды, тізе және ахилл рефлекстері жанданған. Екі жақтан Бабинск патологиялық рефлекс анықталады. Шүйде бұлшықетінің ширығуы 2 көлденең саусақпен тең, Керниг симптомы 90°бұрышпен. Люмбальды пункция : ликвор мөлдір, түссіз, атқылап ағады; ақуыз — 1,32 гр\л, цитоз — 200 (лимфоциттер — 93%), қант — 4,44 моль/л, хлор — 211,5 ммоль/л. Болжамды диагноз


кенелік энцефалит (менингоэнцефалитикалық түрі)

42 жастағы ер адамда кеуде клеткасының сол жақ бөлігінде қатты белдемелік ауырсыну пайда болды, ЭКГ зерттеу мен қанның биохимиялық анализінде жүрек патологиясы анықталмады. Екі күннен кейін, кеуде клеткасының сол жақ бөлігінде, емізікше деңгейінде, ауырсыну аймағында көпіршік тәрізді бөртпе пайда болды. Невролог осы аймақтың гипестезиясын анықтады. Болжамды диагноз:

Герпестік ганглионит

Студент 18 жас, бірден құлап түсті, тонико клоникалық ұстамалар байқалды, ерікіз зәрдің шығару. Қарау кезінде: есі жоқ, аузынан аздап қан араласқан сілекей бөлінеді. Ұстамалар 2 мин кейін тоқтады, науқас ұйықтағаннан соң. Анасының сөзі бойынша: наркотикалық заттар мен алкоголь қабылдамайды, бас жарақаты мен нейроинфекциялар баснынан кешпеген. Балалық шағында бірнеше секундқа созлатын есінің жоғалтуы мен бір позада қатып қалуы байқалған. Науқастың әпкесі балалық шағынан эпилепсиямен ауырады.Болжамды диагноз:

идиопатиялық эпилепсия

Науқас 24 жаста, менструалды цикл бұзылуына шағымданады, науқас гинекологта біріншілік бедеулікпен емделеді. Қандағы пролактин жоғарылаған. Науқасқа невропатолог консультациясына жолдама берілді. Неврологиялық статусы өзгеріссіз. Болжамды диагноз:

гипофиз аденомасы

18-жастағы жас өспірім жедел респираторлы вирусты инфекцияны (ЖРВИ) өткергеннен кейін балтыр-табан буынында соққылауды сезінген. Екі күн бойы табан бүгу кезінде әлсіздігі дамыған, ал соңғы аптада жүруі қиындаған. Зәр шығаруы және дефекация бұзылысы жоқ. На протяжении апта бойы әлсіздік күшейген және өкпенің жасанды вентиляциясы дамыған. Көз алмасының қозғалысы сақталуымен тетраплегия дамыған. Болжамды диагноз: Гийена-Барре полирадикуломиелоневропатиясы. Диагностикалау ұстанымы:

бас ми МРТ, жұлын ми сұйықтығын талдау

Қызы 78 жасар анасын неврологтың қарауына әкелді. Анасы шағым айтпайды, бірақ қызы, соңғы жылы анасының күнделікті үйдегі қарапайым жұмысты орындауын қойғанын, біраз күн бұрын плитадағы газды сөндіруді ұмытып кеткенін, ал кеше үйден шығып кеткенін және 2 сағаттан кейін көрші көшеден табылғанын айтты. Қызының айтуы бойынша, есінің нашарлауы 5-6жылдан бері, ол өмірге деген қызығушылығын жоғалтқан.Қарау барысында, дәрігер естің айқын бұзылуын анықтады, псевдобульбарлы синдром белгілері және тепе-теңдіктің жеңіл бұзылысы. Болжамды диагноз:

Қантамырлық деменция

Науқас 31 жаста, эпилепсияға байланыста невропатологтың Д-есебінде тұрады, тұрақты түрде эпилепсияға қарсы препараттар қабылдайды. МРт нәтижесіне сүйенсек, бас миының зақымдану ошағы шүйде аймағында орналасқан. Аталған науқаста құрысу ұстамаларынан бұрын байқалуы мүмкін:


көрулік галлюцинациялар

Науқас 49жаста, жедел жәрдем бригадасымен қабылдау бөліміне сол жақ қол-аяқтың жансыздануы мен әлсіздікке шағымданып жеткізілді. Невропатолог қарауы нәтижесінде сол жақтық гиперрефлексия, мұрын-ауыз қатпарының тегістелуі, сол жақ қол-аяқ бұлшықеттерінің күші 3,0-ге дейін төмендегені байқалды. Жүйке жүйесінің қай құрылымы зақымданған?

бас миының оң жақ жартышары

Еркек 38 жаста, бас ауруымен,салмақ жоғалтуына,жалпы әлсіздікке,шаршауына шағымданып клиникаға түсті. Неврологиялық статусы: сходящееся косоглазие, диплопия, шұйде бұлшықетінің тартылуы. Анамнезінде: бір жыл бұрын өкпе туберкулезін басынан өткізген. Диагностикалық принципі:

Люмбальді пункция

Науқас 36 жаста , жұмыста құлап , арқа және шүйде аймағының жаншылуын алған. Екі күннен кейін невропатолог дәрігерге келіп, «оң жақ аяғының астындағы жерді сезбейтініне»шағымданады. Қарау барысында оң жақ аяқта терең сезімталдықтың өткізгіш типі бойынша бұзылысы анықталған. Бұл жүйке жүйесінің қай бұзылыс симптомына жатады:

жұлынның

72 жастағы еркек комада. Температурасы жоғарылаған. Түскенге дейін науқаста генерализденген тонико- клоникалық тырысу болған. Бір аптада түскенге дейін ұйқышылдық,жөтел және құсу болған. Ішімдік пен дәрілік улану анықталмаған. Болжамды диагноз: туберкулезді менингит. Этиологиялық емдеу принципі: