ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 556
Скачиваний: 5
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
| | болмайды. Мен тек шындықты айтқанды ұнатамын. т.с.с. | | |
| Оқушылардың өзара қарым- қатынас дағдысын, диалог құрып әңгімелесе білуін дамыту үшін мәтінді сахналау кезінде сөйлемді түсінікті, толық айтуына көңіл бөледі. Негізгі ойдан ауытқымауын қадағалайды. Саралау: Рөлдер: бір тапсырманы орындау барысында оқушылар әртүрлі рөлдерді орындайды. | (Т) «Сахналау»әдісі Оқушылар шағын топтарда мәтін мазмұнына байланысты анасы мен Жамалдың әңгімелесуін сахналайды. | Дескрипторы: оқушылар Жамал мен анасының рөлін сахналайды. ҚБ: «Отшашу»әдісі | Оқулық |
| Мұғалім оқушыларды оқиғаның композициялық құрылымын ажырата білуге бағыттайды. | (Т) «Анықта» айдары Оқушылар топта талқылай отырып, мәтіннің құрылымын анықтайды. Мәтіннен оқиғаның басталуын, оқиғаның ары қарай дамуын, оқиғаның аяқталуын бөліп көрсетеді. Әр бөліміне ат қояды. | Дескрипторы: мәтінді бөлімдерге бөліп, құрылымын анықтайды. | Оқулық |
Дәптермен жұмыс | Мұғалім оқушылардың сауатты, көркем жазуына көңіл бөледі. Сөйлем соңындағы тыныс белгілеріне мән беруін қадағалайды. | (Ө) Жұмбақты көшіріп жазып, шешуін табады. Қатар-қатар тас қойдым, Жирен атты бос қойдым. (тіл) | Дескрипторы: сауатты, көркем жазады. | Оқулық, жұмыс дәптері |
| Бұл жұмбақты шешу барысында оқушыларға адамда қанша тіс болатындығы, олардың астыңғы және үстіңгі жаққа бөлініп орналасатындығы туралы ақпарат береді. | Дәптердегі жұмбақтарды оқып, шешуін жазады.
Көре алмайды өздерін. Шешуі: көз
Қаз-қатар боп шықты. 16-сы асты, 16-сы үсті. Шешуі: тіс 3. Тілден ұшып, құлаққа қонады. Шешуі: сөз | Дескрипторы: жұмбақтың шешімін табады. | Оқулық, жұмыс дәптері |
3. Ойтолғаныс | Мұғалім оқушылардың мәтін кейіпкерінің іс- әрекетін | (Ө) «Қорытындыла» айдары | Дескрипторы: | Оқулық |
| бағалап, өз өмірімен байланыстыра отырып, ойын білдіруіне қолдау көрсетеді. | Оқушылар Жамалдың іс-әрекетіне баға береді, яғни Жамалдың жалқауланып, анасына өтірік айтқан қылығын дұрыс немесе бұрыс деп санайтындығын айтып, себебін түсіндіреді. | кейіпкердің іс-әрекетін бағалап, өзіндік пікір білдіреді. ҚБ: «Отшашу»әдісі | |
Үй тапсырмасы | Мұғалім үй тапсырмасын орындау жолын түсіндіреді. Дереккөзбен жұмыс істеу ережелерін қайталатады. | Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айтуға дайындалу. | | |
№54 сабақ
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: 2-сынып | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Жақсылықты бағала |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 2.2.1.2 шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу 2.2.5.1 мұғалімнің көмегімен көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуы мен аяқталуын анықтау |
Сабақтың мақсаты: | Білімділік: оқушылар мұғалімнің көмегімен мысалдың негізгі ойын, оқиғаның басталуын, дамуын, аяқталуын анықтайды. Мысал бойынша сұрақтарының жауабын шығармадан табады. Дамытушылық: кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттап, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалай алу дағдылары артады. Тәрбиелік: қомағайлық сияқты жағымсыз әдеттен аулақ болу керектігін үйренеді. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
1. Қызығушылығын ояту | Мұғалім ертегі-мысалдарда кейбір жануарлардың қандай сипатымен танылғаны туралы ойлануға ықпал етеді. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады. | (Т) «Оқумен жазуғадаярлық»әдісі – Ертегілер мен мысалдарда бұлкейіпкерлер қалай сипатталады?Оқушылар топтаса отырып, сұраққа жауап береді. Әр жауапты дәлелдермен негіздейді. Мысалы: Түлкі – айлакер. Ертегілерде ол басқаларды алдап, кез келген қиын сәттен жол тауып, сытылып шығады. т.с.с. | Дескрипторы: сұраққа жауап беріп, түйінді ойды анықтайды. | Оқулық |
2. Мағынаны тану | Оқушылардың мәнерлеп оқуына мүмкіндік тудырып, | (Т) «Кезбетілші»әдісі | Дескрипторы: | Оқулық |
| мысалдағы негізгі ойды анықтауына қолдау көрсетеді. Саралау: Топтастыру: қабілеттері біркелкі оқушыларды бөлек топтарға біріктіру. | Балалар «Қасқыр мен тырна» мысалын мәнерлеп оқиды. Алдын ала бір топқа жинақталған белсенді оқушылар бір-бірден әр топқа «кезбе тілші» түрінде барып, басқа топтардағы оқушылармен сұхбаттасады. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап алады. Соңында жинаған мәліметтерін қорытындылап, сынып ұжымына жариялайды. | мысалдағы негізгі ойды анықтап, өз сөзімен айтып жеткізеді. ҚБ: «Ду қолшапалақ»әдісі | |
| Мұғалім оқушылардың өлеңде кездескен «қорқау», «өз басың өзіңе олжа» деген сөздердің мағынасын дұрыс түсінуіне көмектеседі. | (Ұ) «Сөздік жұмысы» айдары қорқау– жыртқыш өз басың өзіңе олжа – аманқалғаныңақуан деген мағынада | | Оқулық |
| Мұғалім оқушыларды кестемен таныстырып, кез келген мәтінде бір оқиға баяндалатындығын түсіндіреді. Оқиғаның басталуы, дамуы, шиеленісуі және аяқталу сәті болатындығын айтып, «Қасқыр мен тырна» мысалын талдатады. | (Т) «Анықтама» айдары Оқушылар кестемен танысып, оқиғаның құрылымы туралы түсінік қалыптастырады. Әрбір әңгімеде бір оқиға баяндалады. Мәтін құрылымы:
Оқушылар мысалдың композициялық құрылымын анықтайды. | Дескрипторы: көркем шығармадағы оқиғаның басталуы, дамуы мен аяқталуы туралы түсінік қалыптастырады. ҚБ: «Отшашу»әдісі | Оқулық |
| Оқушыларды мысалдың үзіндісін дұрыс таба білуге бағыттайды. Оқушыларды кейіпкерлердің әрекеттерін талдауға және оларға баға беруге үйретеді. | (Т) «Ізде» айдары Ақын қасқырдың қиналған сәтін қалай суреттегенін мысалдан тауып, оқып береді. ...Бір күні сол қомағай ҚасекеңніңКөріпті бір сүйекке қақалғанын.Қасекең демі бітіп, қатты сасып,Бұлқынып, бұратылып, жанталасып,Көмеккебіртырнанышақырыпты... | Дескрипторы: кейіпкердің іс-әрекетін бағалайды. ҚБ: «Смайл» әдісі | Оқулық |
| Мұғалім оқушылардың берілген сұраққа ойланып, | (Т) «Ойлануға берілген тапсырма» айдары | Дескрипторы: | Оқулық |
| өз ойын дәлел келтіре отырып негіздеп айтуына қолдау көрсетеді. Өйткені,себебі,сол себепті деген сөздерді қолдануына бағыт береді. | – Қасқырдыңқиындыққаұшырауыныңсебебінеде? Оқушылар сұрақ төңірегінде ойланып, өз ойын топ ішінде айтады. Осы ойға қатысты басқа оқушылардың пікірін тыңдайды. Өз ойын дәлелдейді. | мысал бойынша нақтылау сұрақтарының жауабын шығармадан табады. | | |||
Дәптермен жұмыс | Мұғалім оқушылардың сауатты, көркем жазуына көңіл бөледі. Кейіпкерді сипаттайтын сөздердің мағынасын түсіндіреді. | (Ө) Басты кейіпкердің сипатын көрсететін сөздерді тауып, көшіріп жазады. Мысалы: Қасқыр – қорқау, қомағай, сараң, әділетсіз. | Дескрипторы: сауатты, көркем жазады. | Оқулық, жұмыс дәптері | |||
| Мұғалім оқушылардың ертегі кейіпкерлерін, ертегі атрибуттарын дұрыс анықтай алуы үшін жетелеуші сұрақтар қоюына болады. | Оқушылар дәптерде берілген суреттерді аяқтап салып, бұл қай ертегі екенін айтады. Ертегінің тақырыбын жазады: «Түлкі ментырна». Кейіпкерлерін жазады: түлкіментырна. | Дескрипторы: кейіпкерлерді сипаттайды; суреттерді аяқтап салады. | Жұмыс дәптері | |||
3. Ойтолғаныс | Мұғалім оқушыларды оқылған шығарманың түйінді ойын мақал арқылы бере білуге баулиды. Оқушыларға мақалдың мағынасын өз сөзімен айтқызады. | (Т) «Қорытындыла» айдары Мақалды оқып, қасқыр мен тырнаның қылығына пікірін айтып, олардың іс-әрекеттеріне баға береді. Басыңа іс түссе,Жақсы көмек етеді,Жаманкүліпкетеді. | Дескрипторы: мақалды талдап, пікір айтып, баға береді. ҚБ: «Ду қолшапалақ»әдісі | Оқулық | |||
| Мұғалім оқушылардың мақалда кездескен «басыңа іс түссе» деген сөздің мағынасын дұрыс түсінуіне көмектеседі. | (Ұ) «Сөздік жұмысы» айдары басынаістүсу– қиыншылыққа ұшырау | | | |||
Үй тапсырмасы | (Т) Мына сезімдер мысал мазмұнының қай тұсында байқалғанын анықтап, түсіндіреді. | Дескрипторы: мысалдағы оқиғаның басталуын, дамуы мен аяқталу сәттерін сипаттайды. | | ||||
| | Мысалдың қай тұсы | Қандай сезім тудырды? | ||||
1. Апырым-ай, обал болған екен! | Қасқырдың сүйекке қақалған кезі | Аяныш сезімі | |||||
2. Бәрекелді! Жарайсың! | Тырнаның көмекке келген сәті | Ризашылық сезімі |
| | 3. Ұят болды-ау! | Қасқырдың жақсылықты бағаламай, дөрекілік танытқан кезі | Ұялу сезімі | | | |
№55 сабақ
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: 2-сынып | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Денсаулықты сақтай біл |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 2.2.1.1 мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу 2.1.2.1* шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау, үзіндісін мазмұндау, сахналау |
Сабақтың мақсаты: | Білімділік: оқушылар ертегінің негізгі ойын анықтап, мазмұнын мақалмен байланыстырады. Дамытушылық: мақал мағынасын талдап, тақырыппен байланыстыра білу дағдысы артады. Тәрбиелік: салауатты өмір салтын ұстана білуге үйренеді. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||
1. Қызығушылығын ояту Дәптермен жұмыс | Мұғалім бұл айдарды «Дәрігерменемделуші»ойыны түрінде ұйымдастыруына болады. Жұптағы бір оқушы емделуші болса, екінші оқушы дәрігер рөлінде болады. Сабақтың тақырыбы мен | (Ө) «Оқу мен жазуға даярлық» әдісіЕмделуші рөліндегі оқушы аурудың белгілерін атайды, ал дәрігер рөліндегі оқушы оның қандай ауру екенін анықтайды. | ҚБ: мұғалімнің қолдау сөздері. | Жұмыс дәптері | ||||
| Аурудың атауы | Аурудың белгісі | ||||||
Тісжегі | | |||||||
Тұмау | | |||||||
Тамақ баспасы | | |||||||
| мақсаты хабарланады. | | | |||||
| ||||||||
Мағынаны тану | Мұғалім оқушылардың | (Т) «Түсініпоқу»әдісі | Дескрипторы: | Оқулық | ||||
| мәтіннің әр сөйлеміне мән | Гүлбаршын Әзімбаева аударған «Қоян» | мәтін тақырыбына | | ||||
| беріп, түсініп оқуы үшін, топ | ертегісін іштей оқиды. | сүйеніп, мәтіндегі негізгі | | ||||
| ішінде бөлімдерге бөліп, әр | Оқып, шағын топта талдап болған соң | ойды анықтайды. | | ||||
| бөлімді талдап оқуына | мәтіндегі негізгі ойды анықтайды. | ҚБ: «Дуқолшапалақ» | | ||||
| көмектеседі. | Негізгі ой: әрқашан өзіңе сенімді, батыл бол. | әдісі | |