ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 1043
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Desopimonum – дезопимон (А):0,025 таб. тамақпен бірге қабылдау қажет. Бұл екі препарат та фенаминге қарағанда әлсіз, бірақ жанама әсері аз байқалады.
Mazindol – мазиндол (А):0,001 таб. түрінде шығарылады, тамақ үстінде қабылдау керек. Мазиндол – фенаминге қарағанда белсенділігі жоғары, бірақ дәріге тәуелділік аз байқалады. Dexfenfluramin – дексфенфлурамин (А):0,015 және 0,06 капс. шығарылады. Артериялық қан қысымын жоғарылатпайды және тыныштандыратын әсері бар.
Барлық анорексигенді препараттар тек дәрігердің рецепті бойынша босатылып, қадағалауында болуы қажет.
-
Құстыратын және құсыққа қарсы дәрілер
Құстар бұл – күрделі рефлекторлы акт, оның жүзеге асуына бұлшық еттер (асқазанның, ас ішектің, кеуде, құрсақ қуысы) қатысады. Сопақша мидың торлы құрылдымында құсу орталығы болады.
-
Құстыратын дәрілердің қолданылуы шектеулі. Асқазанды улы заттардан тазалау үшін адсорбенттермен, іш жүргізетін тұзды ерітінділермен шаю тиімді және қауіпсіз болып табылады. Сонда да құстыратын дәрілердің кең ауқымы бар: Тікелей әсер ететің дәрілерге (құсу орталығын қоздырады): апоморфин, морфин, оймақгүл препараттары, ісікке қарсы дәрілер жатады. Құсу орталығын рефлекторлы қоздыратын (асқазанның шырышты қабықшасының рецепторын қоздыратын) дәрілерге: термопсис және ипекакуана препараттары, мыс сульфаты және мырыш сульфаты жатады.
Тәжірибеде құстыратын дәрі ретінде тек апоморфин қолданылады. Бұдан басқа маскүнемдікті емдеу кезінде этил спиртіне теріс шартты рефлекс тудыру үшін қолданылады.
Apomorphini hydrochloridum – апоморфин гидрохлориді (А): 1% - 1 мл еріт. амп. шығарылады, 0,2 – 0,5 мл т/а енгізіледі. Апоморфин гидрохлориді құсу орталығының триггерлі зонасын қоздырады. Апоморфинді күшті қышқылдар және сілтілермен күю кезінде, асқазан мен ұлтабардың ойық жарасында, өкпе, жүрек ауруларында, жүрек ауруларының ауыр түрінде қолдануға болмайды. Рефлекторлы әсерлі құстыратын дәрілерге сонымен қатар ауыр металл тұздары: мырыш сульфаты және мыс сульфаты жатады.
2.Құсыққа қарсы дәрілерге құсудың шығу тегіне байланысты әр түрлі фармакологиялық топтағы дәрілер қолданылады. Көптеген ауруларда (асқазанның және ұлтабардың ойық жарасында, гастритте, токсикозда, вестибулярлы аппараттың бұзылуында) құстыру арқылы науқастың жағдайын жақсартуға болады. Оларға: нейролептиктер (этаперазин, трифтазин, галоперидол және т.б) бұлар құсу орталығының триггерлі зонасының рецепторын тежеп, сәулемен емдеу, қатерлі ісіктердің химиотерапиясында, хирургиялық операцияларда және жүктіліктің токсикозында қолданылады.
Метоклопрамид (церукал, реглан) - әсер ету механизмі нейролептиктерге ұқсас, сонымен қатар асқазан мен ұлтабардың ойық жарасында, метеоризмде белгіленеді. Қолданғанда ұйқышылдық, құлақ шуылдауы, ауыз қуысының құрғауы және паркинсонизм байқалуы мүмкін. Әсері жағынан метоклопрамидке бромоприд ұқсас келеді.
Metoclopramidum – метоклопрамид 0,01 таб. түрінде шығарылып, 1 таб. күніне 3-4 рет үстінде; 1% - 2мл еріт. амп. шығарылып, тәулігіне 1-3 рет б/е, қ/т енгізіледі.
Тиэтилперазин (торекан) – триггелі зонаның рецепторынан басқа құсу орталығын тежеп, этиологиясы әртүрлі құсуда, сонымен қатар вестибулярлы және координация бұзылыстарында қолданылады. Нейролептиктерден айырмашылығы жанама әсері аз байқалып, ауыз қуысының құрғауы, ұйқышылдық, гипотензия, ұсақ қолданғанда паркинсонизм байқалуы мүмкін.
Thiethylperazinum – тиэтилперазин (Б): 0,0065 таб. (драже) 1 таб.(дражеден) тәулігіне 2 – 3 рет; 0,0065 супп. түрінде; 0,65% - 1мл еріт. амп. б/е енгізіледі.
М-холиноблокаторлар (Аэрон) және антигистаминді дәрілер (димедрол, дипразин) – құсу орталығын тежеп, теңіз және әуе ауруларында қолданылады.
Жергілікті анестетиктер (анестезин, новокаин) – гастрит пен жара ауруларындағы асқазан шырышының тітіркендіруіне қозумен байланысты құсықта әсері күшті.
Трописетрон (навобан) және ондансетрон (зофран) –химиотерапиялық ісіктен туатын құсықта қолданылады.
-
Асқазан бездерінің секрециясы бұзылуында қолданылатын дәрілер
а. Асқазан безі секрециясының төмендеуінде қолданылатын дәрілер.
Диагностикалық мақсатта гастрин, гистамин, экстракты заттар тағайындалады. Егер асқазанның секрециясының төмендеуінің себебі асқазан бұзылыстарынан пайда болса, онда аталған заттар асқазан сөлінің бөлінуін жоғарылатады. Асқазанның шырышты қабығы органикалық зақымдалса онда өзгерістер болмайды. Аталған жағдайда ұтымды диагностикалық дәрі – гастрин болып табылады. Ол асқазанның антральды бөлігінде құралады. Содан соң қанға сіңеді де, асқазанның фундальды бөлігінің бездеріне әсер етіп, олардың секрециясын күшейтеді. Ол тұз қышқылы мен пепсиногеннің бөлініп шығуын ұлғайтады. Медициналық тәжірибеде 5 аминқышқылдардың қалдығынан тұратын гастриннің синтетикалық препараты пентагастрин қолданылады. Гистамин асқазан бездерінің гистаминдік Н2 – рецепторларын қуаттандыра отырып, асқазан сөлінің мөлшері мен оның қышқылдығын жоғарылатады. Әсер ету спектрі кең. Жанама әсері жағынан АҚ төмендеп, капилярлардың өткізгіштігін, бронхтардың, ішектің бұлшық еттерінің тонусын жоғарылатады. Ол Н1 рецепторларын қоздыруымен байланысты, сондықтан осы аталған әсерлерді басу үшін гистаминдік Н1 рецепторлардың блокаторлары (димедрол, дипразин және т.б) тағайындалады.
Асқазан сөлінің секрециясын жоғарлататын емдік дәрілерге көмір қышқылды сулар жатады. Асқазан безінің жеткіліксіздік жағдайларында орынбасу терапиясының дәрілері қолданылады. Бұл мақсатпен табиғи немесе жасанды сөлі, пепсин және сұйытылған тұз қышқылы тағайындалады.
Succus gastricus naturalis-табиғи асқазан шырыны: 100мл фл –1-2 ас қасықтан тамақ үстінде қабылдау керек.
Pepsinum-пепсин (шошқа асқазанының шырышты қабаиынан алынган фермент); ұнтақ; 0,2-0,5 ұнтақ түрінде қолданылады; Ацидин пепсин (Acidin-pepsinum) таблеткасымен алмастыруға болады. 0,025 және 0,5 таб тамақ үстінде 1 немесе 2 стакан суда ерітіп қабылдау қажет.
Acidum hydrochloricum dilutum- сұйытылған тұз қышқылы (Б) 10-15 тамшыдан 1-2стакан сумен қабылдау керек.
Сонымен қатар орынбасу терапия ретінде пепсидил (450мл фл-шошқа асқазан шырышты қабықшасынан алынған препарат) және Абомин (0,2таб-бұзау мен қозының асқазанының шырышты қабықшасынан алынған) қолданылады.
б. Асқазан безі секрециясының жоғарлауында қолданылатын дәрілер.
Асқазан сөлінің секрециясы жоғарлауы, оның қышқылдылығының жоғарлауына және гепарацидті гастрит пайда болуына алып келеді, ол жағдайда тұз қышқылының көбеюі, асқазанның шырышты өабығының тітіркенуі және қыжылдауы байқалады. Қышқылды пепсиндік факторлардың агрессиясы артуы кезінде, асқазанның шырышты қабығының қорғаныш қасиетінің төмендеуінен асқазан мен ұлтабардың жарасынан ойық жаралар пайда болады. Асқазан сөлінің қышқылдылығы жоғарлауында келесі топ препараттары қолданылады.
1 Антацидті дәрілер бұл дәрілер асқазан сөлінң артық қышқылдығын төмендету үшін қолданыладыолар асқазан сөлінің тұз қышқылымен химиялық реакцияға түсіп,оны бейтараптайды. Тез әсерлі анацидті дәрілерге натрий гидрокорбонаты, магний тотығы, магний трисиликаты, алюминий гидрототығымен тұндырылған кальций карбонаты жатады.
Ал қиыстырылған препараттарына; Альмагель, Алмагель А, Фосфалюгель, Маалокс, Мегалак, Гелюсиллак, Викалин, Викаир, Протаб, Тальцид, Тисацид, Ренни, Гастал, Гастралюгель жатады. б.
Асқазан және ұлтабардың ойық жараларында, рефлюкс – эзофагитте қолданылады.
Тұндырылған кальций карбонаты көмір қышқылдың түзілуіне алып келеді. Әсері тез басталады. Артық мөлшерде қолданғанда гиперкальйиемия және жүйкелі алкалоз шақырылуы мүмкін.
Қиыстырылған препараттары тиімді және асқынулары аз байқалады.
Антацидтер асқазан мен ішекте көптеген препараттардың сіңірілуін өзгертеді, тетрациклинді, дигитоксинді, ацетиосалицил қышқылын өзіне байланыстырады, сондықтан барлық дәрілерді антацидті дәрілерден 2-3 сағ. кейін қабылдаған жөн.
-
Асқазандағы HCl секрециясын төмендететін дәрілер
а)H2-гистаминоблокаторлар: циметитин(гистодол, нейтронорм,примамет), ранитин (зантак,зоран, ранисан). Әсер ету механизмі: асқазанның шырышты қабатының H2-гистаминді рецепторларын тежеп, негізгі түнгі секрецияларды басып, асқазан сөлінің бөлінуін қамтамасыз етеді. Таблетка мен ерітінді түрінде асқазан мен ұлтабардың жарасында,эзофагитте, дуодинитте қолданылады. Жанама әсері: диспепсия, тері бөртпелері, бас пен бұлшықетаурулары, бас айналу, лейкопния, ал циметидинде депрессиялық жағдайлар байқалуы мүмкін. Низатидин және роксатидинде бұл белгі байқалмайды. H2-
3.гастропротекторлар. бұл препараттар асқазанның шырышты қабықшасын химиялық және физикалық факторлардан,яғни оған тигізетін зақымдаулардан қорғап, кемістігін жазкға жағдай жасайды. Олар: висмут препараттары; Де-нол(коллоидты висмут субцитраты), антацидті және бүркеуіш әсер көрсетеді. Шырышты қабатты тітіркенуден сақтау үшін, зақымдалған жара бетінде төзімді албуминаттар түзіп, HELICOBACTER pylori қоздырғышына бактерецидті әсер көрсетеді. 0.12 таб кунине 4рет тамактан 30мин бұрын және ұйықтар алдында, ойық жара ауруларын кешенді емдеу үшін 4-8 апта бойына белгіленеді.
Алюминий сукральфаты (Вентер таб) цитопротекторлық әсері бар.
Простагландиндер: мизопростол (цитотек, сайтотек) - простагландин Е1-н синтетикалык аналогы, стероидты емес кабынуга карсы дарилердин ульцерогенді әсерін алдын алу үшін тиімді.
Карбеноксолон (биогастрон, дуогастрон)- ми тамырының препараты, қабынуға қарсы және минералокортикоидты белсенділігі бар. Асқазан шырышының зақымдаушы фактьорларға тұтқырлығын жоғарлатып және оның қорғаныш қызметін күшейтеді, шырышты қабатты қанмен қамтамасыз етілуін күшейтіп, көбінесе дәрілік заттардың әсерінен пайда болған ойық жараларды емдеу мақсатында қолданылады.
-
Репаранттар бұл препараттар асқазан мен ұлтабар жараларының жазылу барысын күшейтіп, регенерацияны қуаттандырады. (тек гастроэнтерологияда емес сонымен катар медицинанын барлык салаларында қолданылады.): анаболитикалық стероидтар (феноболин, ретоболил) және метоболикалық процесті қуатттандыратын дәрілер (метиурация, пентоксил, калий оротаты, АТФ препараттары, этаден): биогенді күшейткіш препараттары (солкосерил, алоэ сығындысы, калонхоэ шырыны, апилак, прополис және т.б); шырғанақ (облепиха) пен раушан (шиповник) майлары, гастрофарм және т.б жатады.